Бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемелерінің оқыту үрдісінде оқу құралы ретінде қолдануға ұсынылады



жүктеу 2,59 Kb.
Pdf просмотр
бет9/110
Дата29.05.2018
өлшемі2,59 Kb.
#18395
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   110

26 
 
 
2.4-сурет. Қорек блогы 
 
бағытта  орнатыла  алады.  Әдетте 
басымдылық  көлденең  орналасуы 
бар қорек блоктарына беріледі. 
Анағұрлым  таратуды  250  және  350 
Вт  қуаты  бар  қорек  блогы  алды. 
Қорек блоктары тік және көлденең 
Қорек  блогының  артқы  қабырғасында  оны  салқындатуға  арналған 
желдеткіш 
(fan) 
орнатылған. 
Әдетте 
қуатты 
серверлер 
үшін 
пайдаланылатын  үлкен  мөлшерлі  жүйелік  блоктар  салқындатудың 
қосымша  желдеткіштері  үшін  бірнеше  орнатқыш  орындарымен 
қамтылады.  
Қорек  блогында  артқы  қабырғада  орналасқан  өзінің  жеке  қосқышы 
бар,  сонымен  бірге  сол  жерде  қорек  бауына  («әке»  сияқты)  арналған 
жалғағыш орналасқан. 
2.1.2. 
Аналық тақша 
Компьютердің  аналық  (жүйелік)  тақтасы  өзімен  негізгі  электрондық 
компоненттер  орналасқан  фольгирленген  шыны  текстолиттің  тегіс  бетін 
көрсетеді  (2.5-сурет).  Осы  элементтердің  байланысы  шыны  текстолиттен 
жасалған  төсемге  салынған  мыс  қақтаманы  алдын-ала  өңдеумен 
орындалады.  Технологиялық  циклде  бірнеше  беттер  қорғаныш  лакпен 
қапталған  көп  қабатты  құрылымда  байланысады.  Кейбір  компьютерлерде 
бір  жүйелік  тақтада  іс  жүзінде  оның  жұмысы  үшін  қажетті  барлық 
элементтер  шоғырлануы  мүмкін  (all-in-one  —  «барлығы  біреуде»). 
Дегенмен  тек  ең  негізгі  компоненттер  орналасқан  жүйелік  тақталар 
кездеседі,  ал  перифериялық  құрылғылары  бар  байланыс  элементтерін 
кеңейтудің  арнайы  жалғағыштарына  қойылатын  жеке  тақталарда 
орналастырады.  Осы  қосымша  тақталарды  кейде  еншілес  немесе  кеңейту 
тақталары  деп  атайды.  Кеңейту  жалғағыштары  бір-бірімен  деректер, 
мекенжайлар  мен  басқарушы  сигналдар  берілісі  жүзеге  асырылатын 
параллель  өткізгіштермен  байланысқан.  Осы  сигналдардың  электрлік, 
уақытша және  логикалық сипаттамалары  жүйелік шинаға стандарт болып 
табылатын  белгілі  бір  хаттамаларға  сәйкес  келеді.  Аналық  тақша  ДҚ 
техникалық  сипаттамалары  мен  құнын  анықтайтын  оның  негізгі 
компоненті  болып  табылады.  Аналық  тақшада  орналасқан  негізгі 
құрылғылар  орталық  процессордың  микросұлбасын  орнатуға  арналған 
ұяшық,  микросұлбалрдың  (чипсеттердің)  негізгі  жинағы,  жүйелік  BIOS, 
перифериялық 


27 
 
 
2.5-сурет. Аналық (жүйелік) тақта 
құрылғылардың  контроллерлері,  сонымен  қатар  қосымша  элементтердің 
жинағы болып табылады. Бұдан басқа, аналық тақшада энергияға тәуелсіз 
жадының  жұмысын  қолдауға  арналған  аккумулятор,  жедел  жады  мен 
қосымша  құрылғылардың  (дыбыстық  тақта,  ішкі  факс-модем  және  басқа) 
тақталарын  (карталарын)  қосуға  арналған  кеңейту  жалғағыштары 
орналасқан.  Жүйелік  блоктың  корпусында  орналасқан  динамика, 
индикаторларды,  басқару  батырмаларын  қосу  үшін  аналық  тақшада 
арнайы  шағын  жалғағыш-ашасы  (connector)  бар.  Жүйенің  кескіндемесін 
өзгерту үшін микро ауыстырып-қосқыштар (jamper) пайдаланылады ()2.6-
сурет.  
Әртүрлі дайындағыш-фирмалар геометриялық мөлшерлерімен, сондай-
ақ оған орнатылған  номенклатура  және  сипаттамаларымен ерекшеленетін 
аналық тақшалардың үлкен түрлерін шығарады (солай бола тұрса да, бұны 
ДК барлық басқа компоненттері туралы айтуға болады).  
Форм-фактор.  Форм-фактор,  немесе  өлшем  тақтаның  негізгі 
физикалық  сипаттамаларын:  оның  пішіні  мен  мөлшерін,  ол  жерде 
орналасқан  әртүрлі  компоненттердің  саны  мен  орналасуын  анықтайды. 
Аналық  тақшаның  бірнеше  стандарттары  немесе  ерекшеліктері  бар. 
Бүгінгі  таңда  дербес  компьютерлерде  төрт  әртүрлі  форм-факторларды 
кездестіруге болады: AT, ATX, LPX және NLX. 
Осы  өлшемдердің  арасында  айтарлықтай  танымал  болған  АТХ  және 
олардың  түрлері:  Mini-ATX,  Micro-ATX  және  Flex-ATX.  АТХ  форм-
факторында  алдыңғы  аналық  тақшалардың  ең  үздік  құрылымдары 
жұмылдырылған. 


28 
 
 
 
2.6-сурет. Аналық тақшаның негізгі құрылғылары: 
1  —  қосымша  қоректі  қосудың  жалғағышы;  2  —  орталық  процессордың 
жалғағышы;  3  —  чипсеттің  солтүстік  көпірі;  4  —  жадының  модульдерін  қосуға 
арналған слоттар; 5 — негізгі қоректі қосудың жалғағышы; 6 — FDD жалғағышы; 
7 — HDD жалғағыштары; 8 — чипсеттің оңтүстік көпірі; 9 — қорек батареясы; 10 
—  корпустың  индикаторлары  мен  батырмаларын  қосудың  жалғағыштары;  11  — 
PCI-құрылғыларының  слоттары;  12  —  CD-ROM  дыбыстық  шығысын  қосудың 
жалғағышы;  13  —  видеокартаға  арналған  AGP  слоты;  14  —  перифериялық 
құрылғылардың порттары 
АТХ  аналық  тақшаларының  геометриялық  мөлшері  12  х  9,6  дюймді,  ал 
Mini-ATX — 11,2 х 8,2 дюймді құрайды. АТХ тақтасында әдетте екі PS/2 
порты бар: біреуі – тінтуірға арналған, басқасы – пернетақтаға арналған – 
және кем дегенде екі USB порты қосымша құрылғыларды қосуға арналған: 
сканер, әртүрлі жинақтағыштар, цифрлық фото- және кинокамералар және 
басқалар. 


29 
 
Орталық 
процессордың 
жалғағышы. 
Қазіргі 
уақытта 
аналық 
тақшаларда 
орталық 
процессор  (ОП)  жалғағышының  екі 
әртүрлі құрылымы пайдаланылады: 
Socket және Slot. Бірінші құрылым  
Socket типті жалғағыш болды –  
орталық процессор оған етпетінен 
жүйелік 
тақтаға 
параллель 
қойылатын (2.7-сурет). Содан  
кейін  Slot  1  –  жаңа  құрылым 
ұсынылған 
болатын. 
Процессор 
жүйелік 
блоктың 
бетіне 
перпендикуляр арнайы слотқа  
қойылатын тікбұрышты картриджға сыйатын. 
Заманауи процессорлар негізінен Socket типті (бұл Pentium III, Pentium 
IV  және  AMD  соңғы  үлгілері)  жалғағыштар  үшін  шығарылады,  дегенмен 
Slot  1  үшін  де  процессорлар  шығарылуын  жалғастырып  жатыр.  Қазіргі 
уақытта пайдалануда жүйелік тақтаға процессорды орнатудың әртүрлі төрт 
типі қарастырылған компьютерлер бар: 
Slot  1  —  сырттай  жадыны  кеңейту  слотын  еске  салады.  Ол, 
әдеттегідей,  қара  түсті,  242  байланысы  бар  және  Pentium  II,  жартылай 
Pentium  III  және  Celeron  типті  процессорлар  арналған.  AMD  фирмасы 
процесстерінің  жартысы  осы  жалғағышты  пайдалану  үшін  есептелген. 
Дегенмен  қазіргі  уақытта  іс  жүзінде  Pentium  III  барлығы  Socket-370 
жалғағышы үшін жасалады; 
Socket-370  негізінен  Celeron  және  Pentium  II  процессорлары  арналған. 
Оның  тақтада  квадрат  болып  орналасқан  370  байланысы  бар.  Сәйкес 
өткізгіштің көмегімен Slot 1 жалғағышы бар аналық тақшаларға Socket-370 
жалғағышы  бар процессорларды орнатуға  болады (бірақ кері емес, себебі 
Socket-370 жалғағышына Slot 1 өткізгіші жоқ); 
2.7-сурет. Орталық процессордың 
жалғағышы 
 
 
 
2.8-сурет. ОП мен чипсеттердің микросұлбалары 


жүктеу 2,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   110




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау