191
3.79-сурет. Қосымшалар арасында деректермен алмасу
Ол үшін экранның жартысына жуығын алатындай бастапқы қосымшаның
(қосымшалар сервері) өлшемін азайту қажет. Содан кейін басқа
қосымшаны (клиенттік қосымшаны) жүктеп және оның терезесін жұмыс
жолының бос бөлігіне орналастыру қажет. Осылайша, монитордың
экранында бір мезгілде екі жұмыс істейтін қосымша болады (3.79-сурет).
Одан кейін, қосымшалардың біреуінде объектіні белгілеп, оны
тінтуірмен шертіп, сол жақ батырмасын ұстап тұрып, оны екінші
қосымшаның қажетті жеріне сүйреп апару жеткілікті.
Осындай операцияны бір қосымшаның басқа құжаттарымен де жасауға
болады. Мысалы, Word бағдарламасындағы мәтіндік редакторында екі
құжатты бірден ашып, мәтіннің фрагменттерін бір құжатынан екіншісіне
сүйреп апаруға болады. Дегенмен, бірнеше қосымшалардың бірлескен
жұмысы ДК ұлғайтылған ресурстарын талап етеді, әсіресе бұл жедел
жадына қатысты.
Бақылау сұрақтары
1. қандай жағдайларда Excel кестелік редакторын пайдаланған жөн? Оның
Word мәтіндік редакторындағы кестелік функциялардан ерекшелігі неде?
192
2. Excel құжатты құру жүйелілігін анықтаңыз.
3. Формулалар жолағының мақсаты қандай?
4. Жұмыс парағының ұяшықтарын нөмірлеу қағидаттарын анықтаңыз.
5. Бағандарды, жолдарды және кестенің ұяшықтарын қосу және жою қалай
жүргізіледі?
6. Сөздер бойынша ауыстыру опциясы не үшін пайдаланылады? Ол қай
жерден қосылады?
7. Кестелерді пішімдеудің негізгі амалдарын атаңыз.
8. Функциялардың шебері қандай жағдайларда пайдаланылады?
9. Excel редакторының Құралдар панелінің құрамы мен мақсатын атаңыз.
10. Стандартты панелінің негізгі аспаптарын атаңыз.
11. Диаграммаларды құрастыру мен түзету қалай жүргізіледі?
12. Пішімдеу панелінің негізгі аспаптарын атаңыз.
13. Біріктіру және ортаға орналастыру батырмасының мақсатын түсіндіріңіз.
14. Кестеде сандық деректердің пішім мен разрядтығы қалай анықталады?
15. Кітаппен жұмыс істеудің негізгі амалдарын атаңыз.
16. Үлкен кестелерді басып шығарудың ерекшеліктері қандай?
17. MS Office әртүрлі қосымшалары арасында деректер алмасудың
технологиясын сипаттаңыз.
3.2.4. Access
деректер қорын басқару жүйесі
Деректер қоры өзімен кесте ретінде құрылымдалған ақпараты
білдіреді. Word немесе Excel бағдарламасында жасалған кестелерден
айырмашылығы, деректер қорының әрбір бағаны (жолы) тек белгілі бір
пішімдегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осылайша, бірінші жолдағы ең
қарапайым телефон анықтамасы абоненттің атын және аты-жөнінің
бірінші әріптерін, ал екіншісі – оның телефон нөмірін сақтайды.
Деректер қорының кестелері деректерді оңай басқаруға мүмкіндік
береді: олармен әртүрлі операцияларды жүргізуге; сұранымдарды
қалыптастыруға; ақпаратты жүйелеу және оны әртүрлі түрлерде шығару;
қажетті деректерді жылдам және тиімді іздеуді жүзеге асыруға.
Деректермен әртүрлі операцияларды құру, сүйемелдеу және іске асыру
үшін деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) қолданылады. Қолданбалы
бағдарламалардың осы санаты мәтіндік, кестелік немесе графикалық
редакторлармен салыстырғанда, ол да пайдалы және танымал. Олардың
көмегімен кітапханалық каталогтарда қажетті ақпаратты іздестіру,
электрондық дүкендерде қажетті тауарларды іздестіру үшін ыңғайлы
жүйелер
жасалады.
Қазіргі
уақытта,
деректер
қорын
жалпы
компьютерлендіруге байланысты, қызметтің мүлде әртүрлі салалары
бойынша ақпараттың үлкен көлемі сақталады. Қазіргі заманғы ДҚБЖ
болмаса, көлік жүйесі, салық қызметі, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі
және арнайы қызметтердің жұмысын елестету мүмкін емес.
193
Барлық жаһандық ақпараттық жүйелердің деректер қорында негізделгенін
сенімді түрде айтуға болады.
Windows ортасында ең танымал деректер қорын басқару жүйелерінің
бірі – Microsoft Office пакетінің Access бағдарламасы.
Әртүрлі деңгейдегі деректер қорын әзірлеу үшін бұл күшті бағдарлама,
тіпті аспаптық орта болып табылады. Барлық кеңселік қосымшалар
сияқты, оны бірыңғай интерфейсі және мәзір жүйесі бар, ол оны меңгеруді
айтарлықтай жеңілдетеді. Пайдаланушының қарамағында шеберлер – кез-
келген кестелерді, пішіндер мен есептерді құрастыру және безендіру үшін
арнайы сервистік құралдар ұсынылады. Кез келген уақытта барлық
компоненттер оңай түрлендірілген – жақсартылған, толықтырылған немесе
керісінше, жеңілдетілген болуы мүмкін.
Кесте – деректер қорында деректерді сақтаудың негізгі нысаны. Ол
бағандар мен жолдардан тұрады. Әрбір бағанға белгілі бір атау тіркелген.
Деректер қорының аталған бағанын жол, ал жол – жазба деп аталады.
Деректер қорындағы жолдар мен жазбалардың саны іс жүзінде
ешнәрсемен шектелмеген.
Нысандар – бұл пайдаланушы үшін ыңғайлы нысанда қорға жаңа
деректер енгізуге немесе бар жазбаларды қарап шығуға мүмкіндік беретін
арнайы құрылған аспаптар.
Сұранымдар – бұл деректер қорынан белгілі бір ақпаратты алу үшін
құрылатын мамандандырылған құрылымдар. Сұранымдардың көмегімен
деректерді бірыңғайландыруға, олардың сүзгілеуін, біріктірілуін, іріктеуін
немесе тіпті өзгертілуін жүргізуге болады.
Есептер – сұранымдар бойынша енгізілетін деректерді ұсыну түрін
анықтайды. Деректер ыңғайлы және көрнекті түрде, мысалы, бланк немесе
есеп түрінде мониторға, принтерге немесе басқа басып шығару
құрылғысына шығарылуы мүмкін.
Модульдер – бұл Visual Basic тілінің құралдарымен құрылған
бағдарламалар. Олар Access стандартты құралдарын стандартты
функциялар жинағында жоқ жаңа процедуралармен толықтыруға
мүмкіндік береді. Мұндай модульдер Windows кез келген қосымшалары
үшін құрыла алады.
Макростар — бұл деректер қорымен бірдей операцияларды қайта
орындау қажеттігін жоққа шығаратын макрокомандалардың жиынтығы.
Макростардың арқасында командалар жиынтығын әдетте белгілі бір
пернелер тіркесімі тағайындалған бір операцияға топтауға болады. Word
немесе Excel сияқты басқа кеңселік қосымшаларда макростарды жасау
және пайдалану функциясы бар, бірақ Access ДҚБЖ бұл функциялар басқа
қосымшаларға қарағанда әлдеқайда жиі қолданылады.
Бастапқы терезеде қосымшаны жүктегеннен кейін, ДҚБЖ жұмыс
істеудің үш нұсқасының бірін таңдау ұсынылады: Жаңа деректер қоры,
Шеберлер, Парақтар және деректер қорының жобалары немесе
Деректер қорын ашу (3.80-сурет). Әдепкі қалпы бойынша соңғы нұсқа
ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |