160
3.39-сурет. Тізімдерді рәсімдеу
тізімді аяқтап, автоматты түрде нөмір қойылуды өшіру үшін, [Enter]
пернесіне екі рет басу қажет.
Тізімді түзету қажеттілігі туындаған жағдайда, тиісті пунктті жоюға
болады, сол кезде нөмірлеу автоматты түрде жаңартылады. Нөмірлеуді
және таңбалаушыларды болдырмау үшін, тізімді белгілеп, мәзірден Жоқ
пәрменін таңдау жеткілікті.
Түспен белгілеу және Қаріптің түсі батырмалары мәтіннің жеке
фрагменттерін түрлі-түсті түстермен белгілеуге мүмкіндік береді. Ол үшін
тиісті батырманы басып, қажетті түсті таңдап және мәтін фрагментін
толтыру қажет.
Кестелермен жұмыс. Кестені қою үшін меңзерді қажетті орынға (бос
жолға дұрыстау) орнату керек. Кестелерді жасаудың бірнеше жолы бар.
1. Кесте мәзіріне кіріп, Кестені қосу командасын таңдау. Пайда
болған
терезеде
көрсеткілердің
көмегімен
жолдар
мен
бағандардың қажетті мәнін орнату (3.40-сурет). Қалған
орнатқыштарын өзгертпеуге болады.
3. 40 сурет. Кесте қою
3. 41 Кесте үлгісі
161
3.2 Кесте
OK батырмасын басқаннан кейін белгілі параметрлері бар кесте пайда
болады (3.2-кесте). Егер болашақта біз жолдар мен бағандардың санын
дұрыс есептемеген болсақ, жаңасын қосуға немесе артығын жоюға болады.
2. Құралдар панелінде Кестені қосу батырмасын басу. Кестенің
қалқымалы үлгісінде (5 бағанға 4 жол) (3.41-сурет) тінтуірдің батырмасын
баспай, керекті фрагментті таңдап, сосын тінтуірдің сол жақ батырмасын
басу. Нәтиже алдыңғы жағдайдағыдай болады.
3. Кестелерді құрудың тағы бір жолы. Кесте мәзірінен Кестені салу
тармағын таңдаймыз. Қарындаш тәріздес меңзермен сыртқы шекараларын
саламыз, содан кейін сызықтар мен бағандарды сызамыз. Кестені пішімдеу
мен рәсімдеу Құралдар панеліндегі Кестелер мен шекаралар көмегімен
жүргізіледі (3.42-сурет).
К е с т е г е д е р е к т е р д і е н г і з у . Кестені құрғаннан кейін деректер
оның ұяшықтарына деректер енгізіледі – бұл сандық мәндер немесе мәтін
болуы мүмкін. Әдетте кестені толтыру жоғарғы сол жақ ұяшықтан
басталады. Содан кейін [Tab] пернесін басу арқылы олар келесі ұяшыққа
жылжиды және т.б. болады. Тінтуірмен басу арқылы немесе меңзерді
басқару үшін көрсеткі пернелерін пайдаланып, бір ұяшықтан екіншісіне
ауысуға болады.
Бірінші жолдағы ұяшықтар, әдетте, бағанының атауын немесе кестенің
үстіңгі деректемесін немесе дәлірек оның басын қамтиды. Алғашқы баған
да әдетте жолдар бүйірлер позициясының атауларын қамтиды. Қарапайым
кестені құру мысалын қарастырайық (3.3-кесте).
Толық кестені толтырып болғаннан кейін олар оны түзетуге кіріседі.
Түзету кестенің фрагментін белгілеуден басталады.
3. 42 Құралдар панеліндегі Кестелер мен шекаралар
162
Тауардың атауы
Құны, руб.
Саны, жұбы
Пималар
100
2
Галоштар
50
3
Көзілдіріктер
30
1
Мұны істеу үшін, меңзерді кестенің қажетті орынына қойып, Кесте
мәзіріне кіріп, тиісті тарауды таңдау қажет: Жолды белгілеу, Бағанды
белгілеу немесе Кестені белгілеу. Сонымен қатар Құралдар панелі Кестені
пайдалануға немесе бағандар мен ұяшықты қолмен таңдауға болады.
Бағандардың енін орнату. Белгілі бір енін орнату үшін: бүкіл кестені
таңдау қажет;
Кесте мәзіріне кіріп, Ұяшықтың биіктігі мен енін тармағын таңдау;
пайда болған терезеде Автоматты түрде таңдау батырмасы бойынша
тінтуірмен шерту. Жолдарды қосу. Жолдарды қосу үшін: жаңасын қосатын
жерде жолдың оң жақ жиегіне меңзерді орнатқан жөн;
[ENTER] пернесін басу.
Бағандарды қосу. Ол үшін: жаңасын қою қажет бағанның алдындағы
бағанды белгілеу; Кесте мәзіріне кіру, Бағандарды қосу тармағын таңдау
қажет. Әдетте жаңа бос баған белгіленгеннің сол жағына қойылады. Егер
оны басқа орынға ауыстыру қажет болса (әдетте белгіленгеннің оң
жағына), онда оны тінтуірмен қажетті орынға апару керек.
Кесте шамамен келесі түрдегідей болады (3.4-кесте):
Жолдар мен бағандарды жою. Жою үшін жолды немесе бағанды
белгілеу қажет. Белгіленгеннен кейін Кестелер мәзірінде Ұяшықтарды
жою немесе Бағандарды жою тармақтарын таңдау.
Ұяшықтарды бөлу. Бұл жағдайда қажетті ұяшық немесе бағанды
белгілеген жөн;
3.4-кесте
Тауардың атауы
Құны, руб.
Саны, жұбы
Сомасы, руб.
Пима
100
2
Галоштар
50
3
Көзілдіріктер
30
1
Қорытынды
163
Кесте мәзіріне кіріп, Ұяшықтарды
бөлу тармағын таңдау;
пайда болған терезеде жаңа бағандар
мен жолдардың қажетті санын көрсету
және ОК басу (3.43-сурет).
Ұяшықтарды біріктіру. Ұяшықтарды
біріктіру үшін қажет:
ұяшықтар немесе бағандарды белгілеу
(тік немесе көлденең);
Кесте мәзіріне кіріп, Ұяшықтарды
біріктіру
тармағын
таңдау
(барлық
белгіленген
ұяшықтар
бір
жерге
жинақталады).
Мәтінді теру кезінде кесте автоматты түрде өзінің өлшемдерін тек
тігінен өзгертеді, бағандардың енін тінтуірдің көмегімен қолмен өзгертуге
болады. Мұны істеу үшін, бағанның оң жақ шетіне тінтуірмен шертіп,
ұяшықты қажетті еніне дейін созу қажет.
Ф о р м у л а л а р д ы п а й д а л а н у . Біздің мысалда әрбір позиция
бойынша тауардың құнын есептеу керек. Бұл үшін әр жолда баға мен тауар
санының мәндерін көбейту қажет. Бұл мысалда оны қолмен немесе
калькулятордың көмегімен жасау оңай. Алайда, егер ұяшықтағы
параметрлердің мәндері көбірек, сонымен қатар бөлшек болса,
формулаларды енгізуді қолдану жақсы.
Кестедегі барлық ұяшықтардың өзінің бірегей мекенжайы бар (3.5-
кесте).
Кестенің жолдары шартты түрде 1, 2, 3 және т.б. сандарымен
нөмірленеді, ал бағандар - А, В, С және т.б. латын әріптерімен. Осылайша,
әрбір ұяшықтың латын әріптерінен және санынан тұратын өзінің мекен-
жайы бар, мысалы, A1, B2 немесе C3. Ешбір жағдайда ұяшықтың мекен-
жайын бірдей жазумен орыс әріптерімен теруге болмайды.
Ұяшықтардың сандық мазмұнымен әртүрлі арифметикалық немесе
логикалық операциялар жүргізуге болады. Ол үшін меңзерді есептеу
нәтижесі орналастырылатын ұяшыққа орналастырып, Кесте мәзіріндегі
Формула тармағын таңдау қажет (3.44-сурет).
3.43-сурет.
Ұяшықтарды бөлу
терезесі
3.5-кесте
А
В
С
1
А1
В1
С1
2
А2
В2
С2
3
А3
В3
С3
3.6-кесте
Белгі
Әрекет
+
қосу
-
азайту
*
көбейту
/
бөлу
Достарыңызбен бөлісу: |