35
олардың өзінің өнімін өткізу нарығы үшін күресі осы жоғары
технологиядағы жылдам технологиялық ілгерілеуді қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта AMD компаниясымен процессорлардың келесі түрі жасап
шығарылады:
Athlon 64 — жоғары өнімділікті компьютерлер үшін. Pentium IV
тікелей бәсекелесі. Тіпті жиілігі де физикалық емес, Pentium IV
баламалысы көрсетіледі. ДК қалыпты пайдаланушы үшін екі процессор да
іс жүзінде тең бағалы;
Sempron — қымбат емес үй және кеңсе компьютерлерінде
қолданылады. Athlon 64 кемітілген нұсқасы болып табылады. Celeron D
Athlon 64 мен Sempron процессорларының тікелей бәсекелестері ұялары
бойынша үйлесімді және өзара алмасатын.
Орталық процессордың негізгі компоненттері ядро, кэш-жады және
шина болып табылады. Процессор ядросы нұсқауларды орындайды.
Нұсқау операндтары регистрлерде сақталады. Регистрлердің өлшемін
процессордың разрядтығы анықтайды. «Ядро» ұғымының
топологиялық та
мағынасы бар – ол процессордың микросұлбасының ортасында
орналастырылған, ал оның шеткері бойымен кэш-жады мен басқа блоктар
орналасады. Процессордың бір сол типі түрлі «ядроларда» тұрғызылуы
мүмкін.
L1 мен L2 кэш-жады (1 және 2 деңгейлері
ағыл. level — «деңгей»)
өзінше буфер болып табылады, ол шапшаң процессор мен салыстырмалы
жай оперативтік жадыны келістіруші, барынша деректерді өңдеу процесін
үдетеді. Кэш 1 әдетте процессор кристалына интегралданған және оның
ажыратылмас бөлігі болып табылады.
Процессордың жүйелік тақшадағы басқа құрылғылармен байланысы,
оның ішінде негізгі жадымен, процессор шинасы арқылы жүзеге
асырылады. Айта кету керек, бұрын негізгі жады да, процессорда бір
шинада орналасқан, ол жүйелік деп аталатын. Қазір процессор өнімділігін
жоғарылату үшін өзінің шинасы бар.
Процессорлардың негізгі параметрлері 2.1-кестеде келтірілген.
Процессордың тактілік жиілігі. Тактілік жиілік — бұл процессордың
негізгі сипаттамасы, ол жалпы алғанда жүйенің өнімділігі мен
мүмкіндіктерін анықтайды. Процессордың әр типі модельдердің толық
сызғышы (топ) түрінде шығарылады, олар түрлі сипаттамаларымен, оның
ішінде тактілік жиіліктерімен ерекшеленеді. Осылайша, Pentium IV
процессоры 2,0-ден 3,8 МГц дейінгі тактілік жиілікті түрлі жетілдіруде
шығарыла алады.
Процессордың тактілік жиілігі екі фактормен анықталады: жүйелік
шина жиілігімен және процессордың ішкі көбейткішімен (ішкі тактілік
жиілік). Бірінші параметр шын мәнінде процессордың өзіне байланысты
емес, ол жүйелік тақшамен, нақтырақ оның чипсетімен анықталады.
Жүйелік тақшалар түрлі жиілікпен шығарыла алады – 256-дан 800 МГц
дейін (2.1-кестені қараңыз).
Техқадам. Процессор көптеген миллион транзисторлардан тұрады.
Оны өзімізге тікбұрышты тор түйіндеріндегі нүктелер түрінде елестетуге
болады -