14
Сурет 1 - Медициналық физиканы жетілдірудің негізгі бағыттары
Жоғары білімді мамандарды іргелі даярлаудың кәсіби бағытта оқыту
мәселесінің мазмұндық және әдістемелік аспектілерін зерттеу үшін
Қазақстандағы және дамыған, іргелес елдердің жоғары кәсіби білім
беружүйесінің даму тәжірибесі мен келешегін, қазіргі күйіне талдау жүргізген
дұрыс.
Заманауи әлемде кәсіби білім берудің жүйесін жетілдіру тенденциясы –
жоғары технологиялардың дамуымен, ақпараттанумен анықталады. Қоғамда
жоғары деңгейлі маманға сұраныстың артуы, кәсіби даярлықтан өткен
тұлғаның қызығушылығын ескеру қажеттілігі, білім беру саласы бойынша
әлемдік қауымдастыққа еліміздің интеграциялау мақсаты – білім беру
процесінің жан-жақты өзгеруін талап етеді. Соған сәйкес, бүгінде жоғары білім
беру жүйесінің құрылымы қайта қарастырылуда, білім берудің
мазмұнын
жаңарту мен өңдеу, оқыту технологиясын жетілдіру жұмыстары алдыңғы
орында.
Жас маманды кәсіби бағытта оқыту мектеп сатысынан бастау алады да,
кейінен жоғары оқу орнында жалғасын табады. Және де тек кәсіби пәндерде
ғана емес, сонымен қатар, міндетті базалық пәндерді өту барысында да кәсіби
бағытта білім алуын дамыту басты мақсатқа айналады.
Болашақ мамандарды даярлаудың сапасын арттыру мақсатында жоғары
оқу орындарының тез арада шешімін табуы керек мәселелердің бірі –
студенттерді жалпы және арнайы оқытудың тиімді қатынасы болып отыр. «Бұл
Медициналық физиканы жетілдірудің негізгі бағыттары
Оқу курсының мазмұнын
анықтау
Кәсіби бағытта оқыту
Оқу материалының
әдіснамалық және
дүниетанымдық аспектілерін
жүзеге асыру
Физикалық материалдарды
топтау, түрлі
деңгейдегі
(клетка-тін-орган-орган жүйесі-
организм)адам организміндегі
процестердің физикалық негізі;
диагностика мен емдеудің
физикалық негізі;
медицинада
қолданылатын диагностикалық
аппараттардың физикалық
негізі.
Студенттерді:
- Зерттелініп отырған ағзаға
түрлі физикалық факторлардың
әсері;
- Нәтижені
жалпылау
мен
салыстыру;
- Диагнозға
қатысты
болжамдық гипотезаны ұсыну,
диагностика
нәтижесімен
салыстыру;
- Физикалық білімді болашақ
мамандығының
түрлі
салаларында қолдана алу.
- Физикалық
зерттеудің
тәсілдері
туралы,
физика
ғылымының
динамикалық
құрылымы туралы тарихи
және әдіснамалық білімді
қолдану;
- Студенттер
үшін
өз
пікірінің
дұрыстығын
дәлелдеуге жағдай жасау.