18
Осылайша, кәсіби бағытта оқыту қағидасы, білім берудегі жалпы және
арнайы қатынасты түзейді, тұлғаның ерекше, кәсіби дамуының өзара әсерлесу
диалектикасын анықтайды. Дәл осы жағдай, білім беруге дидактикалық мән
береді.
Қарастырылған еңбектерді талдай келе, жалпы кәсіби бағыттау ұғымына
анықтама берсек: «Кәсіби бағытта оқыту – білім алушының меңгерген білімі,
біліктілігі мен дағдыларын өз кәсібінде, сонымен қатар, өмірдегі практикалық
және теориялық тапсырмаларды шешу үшін қолдана алу қабілеті». Кез – келген
дәрігердің кәсіби біліктілігі – өз ісінде кездесетін мәселелердің жаратылыстану
ғылымдары тұрғысынан мәнін анықтауға қабілетті әрі дайын болуы тиіс және
ол мәселені шешу үшін физика-химиялық аппаратты қолдана алу болып
табылады. Аталған қабілетті дамыту – медициналық жоғары оқу орны
студенттерінде жаратылыстану ғылымдары тұрғысынан ойлау қабілетінің
деңгейіне тәуелді болады.
Ойлау қабілеті – адамның шығармашылық бейнесінің белсенді формасы,
жаңа білімді тудыратын жоғары танымдық процесс болып табылады.
«Жаратылыстану ғылымдары тұрғысынан ойлау дегеніміз, физикалық,
химиялық және биологиялық білімдерінің құрылымдық компоненттерінің
диалектикалық
байланысы негізінде қалыптасып, әрі дамитын ойлау қабілетінің
түрі» [83].
Студентті кәсіби бағыттау: моральдық-этикалық нормалар мен ережелер
негізінде қоршаған ортаға оң қарым-қатынасы; болашақ мамандығына
позитивті қарым-қатынасы, оған тұрақты қызығушылығы; маңызды іс-
әрекеттерді жүзеге асыруға икемділігін білдіреді. Медициналық жоғары оқу
орны студентін кәсіби бағыттау жоғары оқу орнында анықтала бастайтын,
болашақ дәрігер үшін арнайы, моральдық-еріктік қасиеттер, мінезі ескерілуі
тиіс [84]. Студентті кәсіби бағыттаудың негізгі сипаттамасы: дәрігердің еңбегі
өмірдің жоғары мәні ретінде, қоғам игілігі екенін түсінуі, өз абыройын
жоғарылату тәсілі, өзінің кәсіби қабілетін дамыту; дәрігерлік іс-әрекеттің
мақсаты мен қағидаларын мойындау, қоғамдық қажеттіліктердің бірінші
орында болуы; өмірлік және кәсіби шешімдер қабылдағанда жауапкершілікті
сезіну; кәсіби білімдер жиынына ие болу; өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу болып
табылады [85].
Заманауи дәрігердің кәсіби сипаттамасын анықтайтын құжаттарда
мамандардың кәсіби шеберлігін, тұлғалық дамуын, мәдени деңгейін және т.б.
дамытуға жаратылыстану ғылымдары тікелей әсер ететіндігі айтылған, соған
байланысты болашақ мамандардың жаратыстану ғылымын меңгеруіне көп
талап қойылады. Өйткені, болашақ дәрігерлердің дүниетанымы мен ойлауын
жаратылыстану ғылымдары қалыптастырады, сонымен қатар, студенттердің
фундаменталды даярлығының сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Оған қоса,
қоғам мен ғылымның заманауи даму деңгейіне бастапқы рөлге теориялық
білімдермен қоса, жаңа заманауи технологияларды қолдануға негізделген
қолданбалы тапсырмаларды шешу тәсілдеріде алдыңғы орында болып отыр.
Медициналық жоғары оқу орнында физиканы кәсіби бағытта оқыту
кезінде студенттерде өзін-өзі жетілдіру қабілеті дамиды [86]. Кәсіби бағыттау
19
тұлға деңгейін құрайтын фактор рөлін орындайды, ол тұлғаның әлеуметтік
және құқықтық құндылығына тәуелді, сонымен қатар, кәсіби сұранысқа ие
болады [87, 88]. Медицина мамандығын ескере отырып, студент-дәрігерді
кәсіби бағыттау тұлғаның интегративті сапасы ретінде анықталады. Яғни, оқу
және кәсіби ынтаның жүйесін, болашақ кәсіби мамандығына, кәсіби мақсатына
және қабілетіне
қызығушылығын, сапасы мен құндылықтарын бейнелейді [89].
Ғылыми әдіснаманың классикалық қағидасы медициналық жоғары оқу
орны студенттеріне физика арқылы толық беріледі. Адам қоршаған ортаны
сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Ал медицинада құбылыс орнына
диагностика кезінде анықталған науқастың ауру сипмтомдары қолданылады.
Оған дәлел ретінде, алдымен физика мен медицинаның байланысы түзілуінің
тарихына шолу жасайық.
Ғылыми әдіс физикадан бастау алып, XVIII ғасырдан бастап медицинада
дамып, 1791 жылы Францияда «Медицина жаратылыстану ғылымдарымен
бірге» деген журнал басылымға шыға бастады. Журналдың негізін қалаушы
А.Ф.Франкуа: «Физиканы меңгермей, медицина маманы бола алмайсың» деген
ұранды ұстанған, яғни ол, әрбір дәрігер танымның ғылыми әдісін меңгеруі тиіс
деген пікірді алға тартты.
Ресейге ғылыми тәсіл кешірек келді де, XIХ ғасырдан бастап физика
медицина мамандықтары үшін базалық пән ретінде енгізілді. XХ ғасырдың 30-
жылдарынан бастап, медициналық университеттердің төменгі курстарында
жалпы физика курсы - жалпы білім беретін блок пәні құрамына кірді.
Медициналық жоғары оқу орнында физика пәнінің жоспарлы оқытылуы ХХ
ғасырдың 30-жылдарында бастау алды. Ол кезеңдегі физиканы оқыту тек
шектеулі әрі медицина саласына байланыссыз сұрақтар төңірегін қарастырумен
шектелді [42, б.55].
Болашақ медицина мамандығын даярлау үшін Мәскеу қаласының 1-
медициналық институтының профессоры С.А. Арцыбышев [89, с. 147] алғаш
жазған оқулығында тек негізгі физикалық заңдылықтарды математика ғылымы
тұрғысынан қарастырды. Ол өз еңбегінде: «Берілген оқулықта медицина
саласындағы сұрақтарды талқылауға аз назар бөлінді. Оның қажеттілігі де
төмен, себебі, студенттерді алғашқы курста кәсіби бағыттау деңгейінің
төмендігі және дәріс беретін оқытушының медицина саласындағы білімі
жеткіліксіз»- делінген [89, с.39]. Әйтсе де медицина мен физиканың байланысы
болды, тірі организмнің барлық деңгейлеріндегі физиологиялық процестердің
негізінде жатқан маңызды физикалық заңдылықтарға, сонымен қатар, ауруды
диагностикалау мен емдеу физикалық қағидаға негізделді.
Жалпы медициналық жоғары оқу орны студенттерін диагностикалауға,
яғни, медициналық аппараттармен жұмыс істеуді кәсіби үйрету - қоғамдық
мағынасы бар тапсырмалардың бірі болып табылады. Аталған мәселені шешу
физика ғылымымен тығыз байланыста болады, себебі, медицина мен физика
ғылымдары арасындағы байланыс ертеден бар екенін жоғарыда атап өттік [46,
с.78].
1950 жылдың ортасына дейін медициналық жоғары оқу орнындағы
физиканы оқыту жағдайы өзгермеді. Сонан соң, Мәскеу мемлекеттік