Уалиханова баян сапарбековна



жүктеу 5,12 Kb.
Pdf просмотр
бет3/48
Дата29.05.2018
өлшемі5,12 Kb.
#18239
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48


- кәсіби  іс-әрекетін  дамыту  мақсатында  арнайы  пәндерді  оқу  арқылы 
базалық даярлықтарын қамтамасыз ету;  
-  өзіндік  білім  алу  және  өз  бетінше  жұмыс  істеу  дағдыларын  дамыту 
сияқты негізгі талаптарды қатиды. 
Бұл талаптардың кешенді шешімі болашақ мамандарың физикалық білімі 
мен кәсіби іс-әрекетін нақтылауға мүмкіндік береді. 
Болашақ  маманды  кәсіби  бағытта  дайындау  мәселелері  түрлі  ғылым 
салаларында қарастырылған. Әлеуметтану мен философиядағы кәсіби бағытта 
оқытудың 
феноменін 
зерттеуде 
Г.А.Журавлева, 
С.И.Архангельский, 
О.В.Леднева және т.б. еңбектері құндылықты қарым-қатынас мәселелерін ашып 
көрсеткен [7-9]. 
Психологиялық 
зерттеулерде 
(С.Л.Рубинштейн, 
Б.Г.Ананьев, 
Л.И.Божович,  В.Н.Мясищев  және  т.б.)  [10-13]  тұлғаның  кәсіби  бағытталуын 
қалыптастыру механизмі туралы ашылған.  
Педагогикада  (З.А.Исаева,  Ш.Т.Таубаева,  И.Я.Фастовец,  Ю.К.Бабанский, 
А.М.Новиков,  А.В.Сластенина  және  т.б.)  [14-19]  тұлғаның  интеллектуалдық 
мүмкіндіктерін  дамыту  бойынша  оның  кәсіби  бағытталу  теориясын  жасаған. 
Сонымен  қатар,  болашақ  мамандардың  кәсіби  сапасын  қалыптастыру, 
педагогикалық  іс-әрекеттің  дидактикалық  негізін  анықтауда  қазақстандық 
ғалымдар  –  А.Е.Әбілқасымова,  П.Сейтешов,  Т.С.Садыков,  Г.Қ.Смағұлова, 
С.А.Жолдасбекова,  З.К.Бектурова,  С.С.Маусымбаев  және  т.б.  зерттеулерін 
атауға  болады  [20-26].  Әр  түрлі  болашақ  мамандардың  кәсіби  бағытталуын 
қалыптастыру  бойынша  А.А.  Карибаева,  А.Т.Дуйсебек,  Л.А.Шкутина, 
С.Ж.Піралиев  және  т.б.  еңбектерінде  [27-30]  және  физиканы  және  басқа  да 
жаратылыстану  ғылымдарын  оқыту  әдістемесі  бойынша  Д.В.Бабаев,  А.Ч. 
Омаралиев, Қ.М.Мұқашев, К.С.Шадинова, У.Қ. Тоқбергенова, А.Б.Кенжебеков, 
С.Д.Мұқанова,  Қ.Ә.Жұмағұлова,  Ш.Ш.Қарбаева,  Ж.Т.Қайыңбаев  еңбектерінде 
берілген [31-37,40]. 
Болашақ  дәрігерлердің  кәсіби  бағытын  зерттеуші  ғалымдар  Н.М.Амосов, 
Л.А.Зильбер және т.б. [38-39]. Ал, В.С.Кагерьманьян, Ү.А.Байзак медициналық 
техникадағы  физика  рөлін  анықтап  берді  [41-42];  физиканы  оқыту  барысында 
медицина  мамандығы  студенттерінде  кәсіби  біліктілікті  қалыптастыру 
бойынша 
зерттеулер 
К.А.Адшырин-заде, 
М.А.Пальцев, 
М.В.Носкова, 
Н.Г.Арзуманян,  А.Н.Бирюкова,  Е.А.Рязанова  т.б.  еңбектерінде  кездеседі  [43-
48];  жобалау  және  зерттеу  іс-әрекеттерінің  функциясы,  орны  мен  рөлін 
талдаған  ғалымдар  А.С.Қабылбаева,  А.С.Бычкова,  Е.С.Полат,  Е.А.Румбешта 
т.б.  ғалымдар  талдау  жасаған  [49-52];  А.В.Тарасова,  П.Г.Кравчун  және  т.б. 
ғалымдар дәрігерлерді кәсіби даярлау тұрғысынан зерттеулер жүргізген[53-54]. 
Шет  елдік  ғалымдардан  A.Robert,  Jr.Freitas,
 
O.Classer,  D.Thwaites,  R.Franich, 
C.Hansen, P. Wilson және т.б. [55-58] еңбектерінде наномедицина, медициналық 
мамандықтарға физиканы оқыту ерекешеліктеріне назар аударған. 
Аталған  ғылыми  еңбектер  мен  зерттеулерді  талдай  келе,  бүгінгі  күні 
медициналық  жоғары  оқу  орындарында  физиканы  кәсіби  бағытта  оқытудың 
нақты  дидактикалық  даярлығы  мен  физика  мазмұнын  анықтауға  байланысты, 
болашақ  медициналық  іс-әрекетінің  арнайы  ерекшеліктерін  ескеретін  оқу 



үдерісін  ұйымдастыру  әдістері  мен  тәсілдері  әлі  де  болса  шешімін  табу 
қажеттігіне  көз  жеткіздік.  Оны  біз  медициналық  жоғары  оқу  орны 
студенттеріне  жасалған  сауалнама  сұрақтарынан  анықтадық.  Студенттер 
физика  пәнінің  болашақ  мамандығы  үшін  неге  қажеттігін  айта  алмады.  Ол 
бірінші  курста  оқытылатын  физика  курсының  жоғары  курста  оқытылатын 
арнайы пәндермен байланысының жоқтығын анықтауға мүмкіндік берді. 
Зерттеу  барысында  физиканы  кәсіби  бағытта  оқытуды  жетілдіру  үшін 
физика  пәнінің  мазмұнына  нақты  медициналық  техникалық  құрал-
жабдықтармен  жұмыс  жасау  іс-әрекеттерін  енгізу  және  оны  ары  қарай 
дамытудың тиімді жолдарын іздестіру қажеттігі анықталды. Соған байланысты 
білім  беру  бағдарламаларында  берілген  физикалық  білім  мазмұнын  кеңейтіп, 
толықтырып, жүйелеу қажет. 
Алайда,  бұл  мәселелердің  физика  пәні  бойынша  теориялық  және 
практикалық  тұрғыда  жете  зерделенбеуі  және  медициналық  жоғары  оқу 
орнында физиканы кәсіби бағытта оқытудың әдістемесін жасауда басшылыққа 
алынатын  арнайы  зерттеулердің  болмауы  мен  болашақ  мамандардың  кәсіби 
дайындығын  қалыптастыру  қажеттілігінің  арасында  қарама-қайшылықтар 
туындайды. 
Осы  қайшылықтардың  шешімін  табуда  өзіндік  үлесі  бар  болашақ 
медициналық  жоғары  оқу  орны  мамандарының  кәсіби  дайындығын 
қалыптастыру  мәселесін  теориялық  тұрғыда  зерделеу  біздің  зерттеуіміздің 
өзектілігін айқындайды. 
Зерттеудің мақсаты –медициналық жоғары оқу орнында физиканы кәсіби 
бағытта оқыту әдістемесін теориялық негіздеу. 
Зерттеудің нысаны – медициналық жоғары оқу орнында физиканы оқыту 
үдерісі. 
Зерттеу пәні – медициналық мамандықтар үшін физиканың мазмұны мен 
әдістері. 
Зерттеудің міндеттері 
-  медициналық  жоғары  оқу  орнында  физикалық  білім  беру  мазмұнын 
айқындау; 
 
-  физикалық  білім  берудің  медицинаға  қатысты  маңызды  бөлімдерін 
іріктеу және оны теориялық негіздеу
-  медициналық  бағытта  физиканы  оқыту  әдістемесін  жасау,  оның 
тиімділігін тәжірибеден өткізу. 
Зерттеу әдістері  

зерттеу 
мәселелерi  бойынша 
философиялық, 
психологиялық, 
педагогикалық,  әдiстемелiк  және  медициналық  әдебиеттерге,  сонымен  қатар 
физика  пәнi  бойынша  тұжырымдама,  білім  стандарттарына,  білім  беру 
бағдарламаларына, оқулықтарға және әдістемелік құралдарға теориялық талдау 
жасау; 
-бақылау, сауалнама жүргізу, сұхбаттасу, талдау жасау; 
- айқындау және оқыту эксперименттерін жүргізу.
 
Зерттеудің  әдіснамалық  негіздері:  іс-әрекет  тәсілдері  теориясы;  жеке 
тұлға  теориясы;  білім  беру  мазмұны  теориялары;  медициналық  кәсіби  білім 


жүктеу 5,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау