газетных статьей и заметок о киргизах. – Казань. 1900. Он же.
Задачи русской школы в инородческой орде. // Московская
ведомость. – 1886. №261. Он же. Исламизм и киргизы. //
Московская ведомость. 1897. №301.
Елисеев. Е. Записки миссионера Букейского стана
киргизской миссии за 1892-1899 гг. Петроград, 1900.- 225с.. Он
же. Практические советы и разъяснения по вопросам
миссионерской практики. – Тобольск, 1909.- 201с.. Он же.
Важность и значение миссионерства. «Ответ Петрункевичу».
СПБ. «Книговед». 1902.- 196с.
Ислам на территории бывшей Российской империи.
Энциклопедический
словарь.
Выпуск
І.
М.:Восточная
литература. РАН. 1998. – 159 с.
Климович Л. Ислам в царской России. М., 1936.-190 с.,
Аршаруни А., Габидуллин Х. Очерки панисламизма и
пантюркизма в России. М., 1931.- 430 с.
Бейсембиев К.Б. Идейно политические течения в
Казахстане конца XIX – начала XX вв. Алма-Ата, 1961.-261 с.;
Раджабов З.Ш. Из истории общественно-политической мысли
таджикского народа во второй половине XIX начале XX вв.
Сталинабад, 1957.-305 с.
Сармурзин А., Григорьев В. Бөкейханов және тарих
шындығы. //Қазақ әдебиеті, 1989 ж. 7 шілде - 4б.;Кәкішев Т.
Шындықты бұрмаламай, жұлмаламай айтайықшы! //Қазақстан
коммунисі, 1990, №5.-21-26 бб.; Қойгелдиев М. Қуандым түнде
жүріп, күн шығар деп (Ә. Бөкейхановтың саяси көзқарасы
хақында) //Социалистік Қазақстан, 1990, 14-16-17 қаңтар; Осы
автор. Алашорда //Егемен Қазақстан, 1992, 18 қаңтар
Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты, А., 1992. – 231 б.;
Осы автор: История и современность. А., 1991. – 273 с.;
Аманжолова Д. Партия Алаш: История и историография.
Семипалатинск, 1993. –
137 с.; Осы автор: казахский
автономизм и Россия. История движения Алаш. М., 1994. – 217
с.; Нұрпейіс К. Алаш һәм Алашорда, А., 1995. – 256 б.; Нұрпейіс
К., Құлкенов М., Хабижанов Б., Мектепов А. Х. Досмұхамедұлы
және оның өмірі мен шығармашылығы. А., 1996. – 176 б.;
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. А., 1995. – 368 б.;Қойгелдиев
М., Т.Омарбеков. Тарих тағылымы не дейді? Алматы:Ана тілі.
1993. – 205б.; Омарбеков Т. Зобалаң. Алматы: Санат, 1994.–
272 бет,: Осы автор. ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті
мәселелері. Алматы: ҚАЗақпарат, 2001.–399 б.
Рүстемов С. Мұсылмандық қозғалыс һәм қазақ қоғамы.
241
//Қазақ тарихы. 1996. - №4. – 25-29 бб.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН ТУРАЛЫ
ЗАҢНАМАСЫ
Ерманова А.Б.
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің
магистранты,
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық
институты
Қоғамның дінге деген түсінігінің әрқилы болғандығы
тарихтан белгілі. Кейбір мемлекеттер бір дінді алға шығарып,
соған сенуді әрбір азаматтың міндеті ретінде санаса,
кейбірінде халықтың құдай мен дінге деген сеніміне тұсау
салынған. Ондай тәжірибе социалистік қоғам орнатқан елдерде
болды, әлі де соның сарқыншақтары кейбір елдерде сақталуда.
Қазіргі
таңда
өркениеттік
жолға
түскен
Қазақстан
Республикасында діни сенім бостандығы адам құқығы ретінде
мойындлып отыр.
Атақты неміс ойшылы И.Кант құдай мен ғалам туралы
тәуелсіз жеке пайымдауды, адамның басты еркіндігі ретінде
санаған. Дегенмен, адамзаттың діни сенім бостандығы туралы
қазіргі түсінікке келуіне ұзақ уақыт қажет болды. Мемлекеттер
ерте замандардан-ақ діни негізде құрылды, билік құдайдан
екенігі айтылып қана қоймай, насихатталып, үстемдік жасаушы
діннің қағидасына бағынды. Барша халық ережеге сәйкес бір
діни сенім кеңістігінде ғана болды. Ол өзге діни сенім өкілдері
арасында
түсініспеушіліктер
мен
қақтығыстарға
апарып
соқтырды. Бұл діннің негізінде мемлекеттің кеңеюі мен өзге де
аймақтарды басып алуға бағытталған пиғылдарды туғызды[1:
56].
Өздерінің діни сенімін өздері таңдауын мойындау құқығы
–гуманистік ой-пікірдің бағалы жетістіктерінің бірі. Бұл туралы
ағылшын ойшылы Джон Локк «Дінге еріктілік туралы хат»
еңбегінде оны ашық айтқан. Ол мемлекеттен шіркеулерді
бөліп, мемлекетті дін бостандығынан бөлек қарастыруды
ұсынды. Джон Локк дін мәселесінде халық өз тағдырын өзі
шешуі керек деп есептеді. Жаңа заманның басқа да
ойшылдары адамдардың ар-ождан бостандығы табиғаттың өзі
сыйға берген, оны ешкім күшпен тартып ала алмайтын жеке
242
тұлғаның табиғи құқықтарының бірі санады.
Материалистік
дүниетанымның
пайда
болуы адам
құқығын мойындау діннен тыс, яғни атеист болу мәселесін
қойды. Бұған дейін мәселе мүмкіндікке қарай тек бір дінді
таңдау жайлы айтылған еді. Енді, дін атаулыға наразылық,
қарсылық жалпы сипат ала бастады. Алайда, құдайды жоқ деп
санайтындарға діншілдер теріс көзқараста болды. Тек өткен
ғасырда ғана атеистік түсінік дүниетанымның бір түрі ретінде
қабылдана бастады.
Атеистік дүниетаным жеңген елдерде дін мәселесіне төзе
алмаушылық болғаны тарихтан белгілі. Кеңес Одағындағы
коммунистік идеология жеңісі, дінмен күрес жүргізіу науқанын
өмірге әкелді. Мыңдаған мешіттер, шіркеулер, костелдер,
синагогалар жабылып, көптеген дін қызметшілері қуғын-сүргінге
ұшырады. Алайда, дінді біржолата құрту мүмкін болмады,
көпшілік сақтық сақтап өзінің көзқарасы туралы сөз қозғамауды
жөн санады. Првославие және католик дін өкілдері Пасха мен
Рождествосын, мұсылмандар Ораза айты мен Құрбан айтын
атап өтіп, дінге сенушілер мешіттер мен шіркеулерге баруын
тоқтатпады [2: 35].
Бұрынғы социалистік мемлекеттерде діннің қайта оралуы,
тек коммунистік идеология күйрегеннен кейін ғана мүмкін
болды. Мешіттер мен шіркеулер қалпына келтіріліп, жаңадан
салынып, телеарналарда діни бағдарламалар көрсетіле
бастады. Діни бірлестіктер өзіндік көзқарастарын білдіретін
материалдарды жариялайтын басылымдарын жарыққа шығара
бастады.
Адам құқығы мен діни сенім бостандығының заманға сай
түсінігі БҰҰ. Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық
Ұйымы
қабылдаған
жалпыға
танылған
халықаралық
шарттармен анықаталады. Олардың арасында 1948 жылы 10
желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданған «Жалпыға
бірдей
адам
құқықтары
декларациясы»
аңызды
құжат
саналады. Төменде діни сенім бостандығына қатысты сол
декларациядан үзінді келтіріледі [3: 42].
«2-бап. Әр адам,нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне,
дініне, саяси немесе басқа да наным-сенімдеріне, ұлттық
немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік, тектік-топтық немесе басқа
да жағдаяттарына қарамастан осы Декларацияда жарияланған
барлық құқықтар мен бостандықтарға алаланбай, бірдей тең ие
болуы тиіс».
18-бап.
Әр адамның ой-пікір, ар-ождан және дін
бостандығына құқығы бар; бұл құқық өз дінін немесе наным-
243
Достарыңызбен бөлісу: |