Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет58/147
Дата26.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#17970
түріСеминар
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   147

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Шегіртке мен құмырсқа
Сабақтың  мақсаты: 
Білімділік:     Оқушыларға мысалдағы негізгі ойды түсіндіріп, жаңа білімді меңгерту,ойын жүйелі
айтуға  үйрету. 
Дамытушылық:  Оқушылардың ойлау қабілетін, тілдік,   сөздік қорын дамытып, өздігінен жұмыс
жасай білу дағдысын қалыптастыру. 
Тәрбиелік:   Оқушыларды эстетикалық тәрбиеге баулу,  еңбекқорлыққа,  адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, Венн диаграмма, ассоциация, бес жолды өлең, рөлге бөліп оқу.
Сабақтың   көрнекілігі:  А.Құнанбаев,   шегіртке   мен   құмырсқаның   суреті,   үнтаспа,   интерактивті
тақта.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Мұғалім: Әрбір адам Оқушылар: досым, сыныптасым
Мұғалім: Әрбір ісің Оқушылар: тірлік, тірек, адамдық
Мұғалім: Әрбір сөзің Оқушылар: шындық, бірлік, адалдық
Мұғалім: Әрбір сабақ Оқушылар: үйрену, оқу, іздену.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
«Жеміс бағында» әңгімесін сұрау. 
(Ыстық орындық )
III. Жаңа сабақ.
(Қызығушылығын арттыру)
Жұмбақ шешу.
Өзі қара, шекілдеп,
секіреді, селкілдеп. 
Бұл не?
Қылдай белі бүгілген,
Өзіненде жүгі үлкен. 
Бұл не?
-Оқушылар, біз бүгінгі сабағымызда Абай Құнанбаевтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысал өлеңімен
танысамыз. Бұл өлеңді ақын орыс жазушысы Иван Крылов шығармасынан аударған.
Топтастыру стратегиясы.
1.Балалар, Абай Құнанбаев кім және қай жерде, қай жылы дүниеге келген?
2.Қандай шығармалары мен өлеңдерін білесіңдер?
3.Тағы не білеміз?
Ой қозғау. Оқулықпен жұмыс.
1.Суретпен жұмыс.
2. Сұрақ-жауап арқылы талдау жұмысы.
3.Рөлге бөліп оқыту.
Сергіту сәті.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
Ой толғаныс.
I топ   Шегірткені салу, сипаттау, мінездеме беру.
II топ Құмырсқаны салу, мінездеме беру, сипаттау.
III топ Венн диаграммасы. Шегіртке мен құмырсқаның ортақ қасиетін жазу, суретін салу.
(Әр топ өз жұмысын қорғайды)
IV. Қорытынды.
Шегірткеге мінездеме беру. 
Сендер шегірткеге ұқсағыларың келе ме?Неге?
Құмырсқа сендерге ұнай ма? Оған ұқсағыларыңыз келе ме? Неге?
126


Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Сен құмырсқанын орнында болсаң не істер едің?
Өмірде шегірткеге ұқсас адамдар бола ма?
Өзің шегірткеге ұқсап қиналып қалмас үшін не істер едің?
V. Үйге тапсырма:  Өлеңді жаттап келу, шегіртке мен құмырсқаның іс – әрекетін сипаттайтындай
мақал – мәтел жинастырып келу. 
VI. Бағалау.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
 Енсебаева Гульжан Урлешевна  Бастауыш сынып мұғалімі
 №37 орта мектеп. Қызылорда облысы
ТАБЫСТЫ ОҚЫТУ – БІЛІМ КЕПІЛІ
Әрбір бала мектепке   мағлұмат алсам, білсем, үйренсем деп келетіні анық. Сол оқушыға жан-
жақты білім, тәрбие беру әрбір ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өз бетімен білім алатын,
жан-жақты   ізденуге   талпынатын,   болашақтағы   өмір   жолын   өзі   таңдай   алатын   тұлға   тәрбиелеу   –
ұстаздың     қолында.   Ал   қазіргі   қоғамдағы   жаңа   өзгерістер   ұстаздардың   кәсіби   біліміндегі
жаңашылдықты талап етіп отыр.   Қазіргі жаңа білім беру жағдайында оқыту үрдісіне қойылатын
талаптар да, одан алынатын нәтижелер де өзгерістерге бағытталған.    
Алдымызда отырған әр оқушы – жеке тұлға. Сол оқушының өзіндік жеке ерекшелігін, қабілетін
айыра біліп, оны әрі қарай дамыту ұзақ та үздіксіз жұмысты қажет етеді.  
Мұғалімнің сыныптағы негізгі жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оң нәтижеге жетуге
ықпал етуі. Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген
білім-дағдылары  мен   амал-қөзқарастарын  зейін  қойып,   зерделей   білген  білім   модельдері   аясында
ғана жүзеге асады. Мұғалімдер өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін
дамытуға назар аударуы тиіс.
Табысты оқу үшін ептілікті жетілдіру маңызды. Оқыту мен оқуда болып жатқан өзгерістермен
бірге   мұғалім   мен  оқушы  арасындағы  өзара   қарым-қатынас   пен  әрекеттер  де   өзгеріп  тұруы  тиіс.
Осыған дейінгі дәстүрлі сабақ барысында сыныптағы қарым-қатынасты   мұғалім – ұйымдастырушы,
оқытуды басқарушы, оқу материалын ұсынушы болды. Сындарлы оқытудың нәтижесінде оқытуды
оқушы мен мұғалім бірігіп ұйымдастырады, оқушы белсенді серіктес болып табылады, оқушылар
бірлескен жұмысты ұйымдастыруы, оқушы оқыту үдерісін өздері басқару, оқыту зерттеу мен жаңаны
ашуға негізделіп, оқушының оқуға белсенділігін жоғарлатады.       
Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Егер
оқу   үдерісі   оқушы   мен   оқу   материалын   қосатын   «көпірді   салуға»   негізделсе,   онда   осы   үдерісті
үйлестіретін   мұғалімдер   көпірдің   екі   жағын   да   қадағалай   білуі   тиіс.   Мұғалім   оқушының   нені
білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын білуі қажет . Сөзімді
түйіндесем,   білім   мен   түсінік   оқушы   бойында   қалыптасады,   ал   мұғалім   –   бұл   үдерісте   көмек
көрсететін жан.
Жаңа   инновациялық   іс-әрекетпен   қаруланған,   психологиялық-педагогикалық   диагностиканы
қабылдай алатын шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім ғана осы мақсатқа жете алады. 
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қалхоразова Маржан Қайқыбекқызы
Қызылорда облысы Сырдария ауданы 
№35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Мұғалімнің аты-
жөні:
Қалхоразова Маржан Қайқыбекқызы
Пәні :
Қазақ тілі
Сыныбы :
6
127


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау