Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
болып жатты.
Жаңа сабақта «Where are you going to spendy our holidays?» негізінде ой түрткі және қайта бағыттау
сұрақ түрлерін пайдалана отырып, окушылардың өзіндік ой пікірлерін айту арқылы диалогті
қалыптастыра алдым.
-Қай жерлерде демалыс күндеріңді өткізесіңдер?
Оқушылар көптеген керемет жерлерді айтып жатты. PresentPerfect шағын пайдаланып оқушыларға
ашық, жабық сұрақтар беру арқылы диолог барысы жүрді.
Мысалы, мен оқушыларға «goingto» құрылымына байланысты жұп болып дайындап, сосын топ
болып талқылап диалог құрыңдар деп тапсырма бердім. Оқушылар топ болып құрған диалогтарын
топта талқылап оқыды.
№2 топ оқушылары
-Erbol:HaveyoueverbeentoMexico?
-Nurken:No, I haven’t
-Erbol: Have you ever been to Spain?
-Nurken:Yes, I have.
-Erbol: When did you go?
-Nurken:Two years ago.
Құрған диалогтарын оқушылар оқып берді. Жарайсыңдар деп отырғыздым. Бұл жерде менің айтарым
зерттеуге алған екі оқушым (Ербол, Нүркен) бір топта отырып қалыпты диалогті өздері құрып,
(жабық сұрақтар арқылы) апай біз оқып берейік деп тақтаға шықты.
Сабақ барысында мұғалімнің сұрақ қоюы маңызды болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған
жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады, оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны
жақсартады және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер
қолданатын сұрақтардың екі түрі бар: төмен дәрежелі сұрақтар және жоғары дәрежелі сұрақтар.
Сұрақтарды оқушылардың қабілетіне қарай құру керек. Қойылған төменгі дәрежелі сұрақтарға
қабілеті жоғары оқушылар оңай, әрі тез жауап беріп жатты, ал кейбір деңгейі төмен оқушылар
ағылшын тілінде жауап бере алмай қиналып қалды. Оқушылардың жауаптарын тыңдауда менде біраз
кемшіліктер, қателіктер болды, әсіресе білмей қалып жатса шыдамай басқа балаға бағыттап немесе
өзім айтып қойған кездерім болды. Келешекте мен өтетін сабақтарымда ең алдымен шыдамдылық
танытуым керек деген ойға келдім.
«Демалыс күндері немен шұғылданасыз?» Топ болып жұмыс жасағанға оқушылар біраз үйреніп
қалды. Сабақ басталысымен апай біз қалай бөлінеміз деп сұрады. Алғашқы сабақтағыдай емес,осы
сабаққа оқушылар қуанып келіп апай бүгін қандай сабақ өтеміз? –деді. Жаңа сабағымда
оқушыларыма сыни сұрақтар қою және оған жауап беру арқылы мұғаліммен оқушыарасында диалог
көрініс тапты.
T: How do you think about holiday?
P: We think it’s celebrations.
P: We think it’s birthday.
P: We think it’s a having rest.
P: We think it’s a relax.
P: We think it’s a visiting museums.
P: We think it’s a visiting villages.
T: Why we need a holiday?
P: We need a holiday because we must to have rest.
«Диснейлендке қош келдіңіздер!». Үш топтада тапсырманы орындап келген оқушылар болды.
Диалогты Аружан және Назым деген оқушыларым айтты.
Aruzhan: Hello!
Nazim: Hello!
Aruzhan: How are you?
Nazim: I’m fine, thank you. And you?
Aruzhan: I’m OK. Where are you going to spend your holiday?
Nazim: I’m going to Astana.
Aruzhan: Are you going with somebody?
Nazim: With my parents.
131
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Aruzhan: What are you going to do in Astana?
Nazim: We are going to see a lot of interesting sightseeing.
Aruzhan: What are they?
Nazim: They are Baiterek, center of Duman, Khan Shatyr.
Aruzhan: Oh , very good, have a nice holiday.
Nazim: Thank you.
Aruzhan:Good bye!
Nazim:Good bye!
Бастама-жауап –әрекет бойынша мына сұрақтарды қойдым
Диснейленд жайлы естігендерің бар ма? Қайдан естідіңдер? Диснейлендте болдыңдар ма?
Барғыларың келе ме? - деген сұрақтар арқылы оқушылармен диалог құрдым. Оқушылар жақсы
жауап беріп отырды. Олардың берген жауаптарына қарай әрекет жасай отырып, сұрақтарды
жалғастырдым. Диснейленд жайлы оқушыларды біледі деп ойлаймын, себебі мультфильм көрмейтін
бала жоқ шығар.
(БЖӘ) Бастама-жауап-әрекетін қортындылап, бағалап жібердік. Оқушылар бірін-бірі қол сигналдары
арқылы бағалады.
Келесі тапсырманы оқушыларыма «конверт-сұрақ » әдісі арқылы бердім. Бұл жерде оқушыстикерге
өзінің атын және сұрақтың жауабын жазды, содан кейін конверт келесі оқушыға берілді, осылай бұл
2-3 сұраққа барлығы жауап берді. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты оқып, топ белгілі бір
сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын оқып берді
T: How old is Disneyland?
A: Disneyland is 58 years old.
T: Who created this park?
A: Walt Disney created this park.
T: What kind of place is Disneyland?
N: Disneyland is a place where people find both happiness and knowledge .
Бұл сұрақтардың жауабын оқығанда Аружан деген оқушымның қатесін сол мезетте жөндедім. Осы
жердегі менің кемшілігім баланың жауабындағы бір сөзден жіберген қателігін ашып айтқаным болды.
Келешекте осындай сәттерде шыдамды боламын.
Диалогті тек жекелеген тапсырмаларда ғана емес, жаңа тақырыпты ашуда, топтық жұмыстарда,
талқыланған тақырыпты бекітуде тиімді қолдану жақсы нәтиже беріп отырды.
Қорыта айтқанда, диалог оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып жұмыс
жасау, білімді жақсы игеретіндігімен қатар, оларды жан – жақты дамыта түсетіндігін байқадым.
Сабақтарымда диалогты дамыта түсуге оқушыларыма қиындық туғызғанымен, алдағы уақытта осы
бағытта жұмыс жасауды жалғастырсақ, ол белестен де өтетінінімізге сенімдімін. Сабақ барысында
оқушы мен оқушы арасында диалог болғаны оқушының білімінің тереңдеуіне көп септігін тигізді.
Диалогтік оқыту арқылы оқытудағы қиындықтарды жеңіп, оқушыларымнан сыни тұрғыда ойлайтын,
қабілетті жеке тұлғалар шығатынына көз жеткіздім.
Диалогтік оқытуды енгізу маған не берді?
Сабақтар оқушыларды жалықтырмай өтті;
Оқушылар белсенді болып, қызығушылық танытты;
Диалог арқылы оқу сабақтарды түрлендіріп өткізуге мүмкіндік берді.
Дарынды балалар анықталды;
Сыни ойлау әрекетін қалыптастырды.
Оқушыларға не берді?
Білімге деген құштарлықтары артты;
Тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге үйретті;
Ойын жинақтауға көмектеседі;
Оқушылардың танымдық қабілеттері дамиды.
Нені дамытар едім?
Түрлі әдіс – тәсілдерін енгізу (үш қадамды сұхбат, салыстыру, талдау )
Диалогтік оқытуды жүзеге асыруда АКТ –ні (электронды оқулық, бейнекамера, интерактивті тақта,
бейнепроектор арқылы бейнематериалдар көру т.б.) пайдалану, Диалогтік оқыту туралы білімімді
одан әрі жетілдіру;
132
Достарыңызбен бөлісу: |