Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет99/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   116

292 
 
Берілгендер 
типтері 
Мазмұны 
Бұл типтің максималды мəні 
OLE 
обьектісінің 
өрісі 
OLE хаттамасын қолданатын 
басқа бағдарламаларда 
құрылған OLE обьектілері 
(Microsoft Word құжаттары, 
Microsoft Excel электрондық 
кестері, суреттер , дыбыс 
жазбалары немесе екілік 
форматтағы басқа 
берілгендер). 
1 Гбайт-қа дейін (дискінің 
көлемімен шектеледі) 
Гиперсілтеме  Әріптер мен цифрлардан 
тұратын жəне гиперсілтеме 
адресін ұсынатын жол. 
Гиперсілтеме 64 000 – ға дейін 
белгіден тұрады. 
Ауыстыру 
шебері 
Басқа кестеден мəнді 
немесе тізімі бар өрісін 
қолдана отырып мəндер 
тізімін таңдап алуға 
мүмкіндік беретін өрісті 
құрады. Бұл параметрді 
таңдау кезінде берілгендер 
типтері тізімінде бұл өрісті 
автоматты түрде анықтауға 
арналған шебер жүктеледі. 
Ауыстыруда қолданылатын кілтті 
өрістің өлшеміндей (əдетте, 4 байт) 
Мысалы,  егер,  көрсетілген  есеп  –  шотқа  ақшалай  типінен  басқа, 
қандай  да  бір  басқа  берілгендер  типі  берілген  болса,  есеп  -  шот  
бойынша  қалдыққа  пайыздарды  есептеу  функциясын  қолдануға 
болмайды.  Немесе,  мысалы,  MEMO  типімен  ұсынылған  берілгендерге 
сұрыптау операциясын қолдануға болмайды. 
Сипаттау  бағаны  тек  көмекші  сипатқа  ғана  ие  болады.  Онда 
терілетіндердің бəрі сіздің өзіңізге керек. 
Кез келген кестенің кілтті өрісі болу керек деген Microsoft Access  – 
тің  міндетті  ережесі  бар.  Кестедегі  барлық  жазбаларды  (яғни,  жолды) 
бірегей сипаттайтын өріс немесе өрістердің бірлесуі – кілтті өріс болуы 
тиіс.  Әдетте,  кілтті  өріс  түрінде  жолдардың  нөмірлері  қолданылады. 
Сондықтан,  кез  келген  кестенің  бірінші  өрісі  болып  көбінесе  Санауыш 
типіндегі  өріс  беріледі,  оның  мазмұны  жаңа  жол  құру  барысында 
автоматты  түрде  бір  бірлікке  көбейеді.  Өріс  кілтті  болу  үшін, 
Конструктор  режимінде  оны  белгілеп  алу  керек  (яғни,  бұл  өрістің 
барлық жолын белгілеп алу) жəне құралдар панеліндегі кілттің суретіне 
тышқанмен  басу  керек.  аталған  өрістің  сол  жағында  кішкентай  кілт 
пайда болады, бұл өрістің кілтті екендігінің символы болып табылады. 
Microsoft  Access  кестелері  басқа  тəсілдермен  де  құрыла  алады,  бұл 
тəсілдер  еңбектену  тұрғысынан  біршама  ыңғайлы  болуы  мүмкін. 
МҚБЖ-да кестелер құрудың басқа тəсілдерін тағайындауда, 


293 
 
 
12.11-сурет. Кестелерді шебер көмегімен құру 
Конструктор  режиміндегі  кестенің  өзінің  ерекшеліктерін  зерттеп 
білмей, түсіну мүмкін емес. 
Кестелерді  шебер  көмегімен  құру  ыңғайлы.  Кестелерді  кестелер 
шебері  көмегімен  құру  типтік  кестені  («Қызметкерлер»,  «Тауарлар» 
жəне  т.б.)  жəне  типтік  кестенің  қажетті  өрістерінен  немесе  бірнеше 
типтік  кестелерден  таңдап  алу  жолымен  жүзеге  асырылады  (12.11  - 
сурет).  Таңдалған  өріс  аттарын  редактрлеуге  болады.  Кесте  атын 
енгізгеннен кейін, кесте арасында байланыс орнатуға мүмкіндік беретін 
кілтті өріс таңдалады. 
Кез  келген  мəліметтер  қоры  кестелерден  тұрады,  олар  өздерінің 
арасында 
белгіленген 
тəуелділікпен 
байланысқан. 
Мұндай 
байланыстардың  арқасында,  мəліметтер  қорының  көлемі  едəуір 
кішірейтіледі,  əсіресе  ақпарат  қайталанатын  жағдайда.    Кесте 
арасындағы  байланысты  құру  үшін,  Берілгендер  сызбасы  режиміне 
ауысу  керек,  онда  МҚБЖ-нің  кез  келген  элементтері  арасында  барлық 
байланыстар  анықталады.  Microsoft  Access-те  бұл  екі    тəсілмен 
жасалады: Сервис/Берілгендер сызбасы командасын қолданумен немесе 
МҚБЖ-ның  жұмыс  терезесіндегі  құралдар  панеліндегі  Берілгендер 
сызбасы     
     батырмасына  шерту  арқылы  орындауға  болады.  Екі 
жағдайда  да  берілгендердің  сызбасын  құру  шебері  жүктеледі,  оған  сіз 
нақты  қандай  өрістер  арасында  байланыс  орнатуға  ниетті  екеніңізді 
көрсету керек. 
 
12.4.2. 
Сұраныстар 
Кез келген МҚБЖ-нің маңызды бөліктерінің бірі сұраныстар болып 
табылады.  Сұраныстар  берілгендерді  қарап  шығу,  өзгерту  жəне  талдау 
үшін қолданылады. Оларды, сонымен қатар, формалар мен есептер үшін 


294 
 
жазбалар  көздері  ретінде  қолдануға  болады.  Әрекеттерінің  принциптері 
бойынша  Microsoft  Access  –  тің  барлық  сұраныстары  бірнеше  типтерге 
бөлінеді. 
Сұраныстар  типтері.  Кейбір ақпараттарды  бір  немесе  бірнеше  өзара 
байланысқан  кестелерден  таңдап  алу  сұраныстары  біршама  жиі 
қолданылады.  Мұндай  сұраныс  жұмысының  нəтижесі  белгіленген,  алдын 
ала  берілген  шарттарды  қанағаттандыратын  нақты  берілгендердің 
жиынтығы болады. Алынған берілгендер кəдімгі кесте түрінде ұсынылады, 
оның  негізінде  экранда  қабылдауға  ыңғайлы  түрде  нəтиже  ұсынатын, 
қолданушылық формасын құруға мүмкіндік береді. 
Кəдімгі кестеден айырмашылығы, сұраныста таңдау шарттарынан басқа 
қосымша  өрістер  беруге  болады,  оларда  басқа  өрістердің  мазмұнына 
сүйенетін  формулаларды  көрсетуге  болады.  Бұл  жағдайда,  уақытша 
кестедегі  таңдап  алынған  берілгендермен  бірге  формулалар  арқылы 
есептелген  нəтижелер  де  пайда  болады.  Осылайша,  сұраныстар  механизмі 
кестедегі  автоматты  түрде  есептеуді  жүргізу  мүмкіндіктері  жоқтығын 
толықтырады. Сұраныс тек нақты қолданушыға нақты осы уақытта қажетті 
берілгендерді ғана есептеуге мүмкіндік береді. 
Таңдап  алу  сұраныстарын  жазбаларды  топтау  жəне  сомаларды,  орташа 
мəндерді  есептеу  үшін,  жазбаларды  санау  жəне    қорытынды    мəндердің 
басқа типтерін табу үшін қолдануға болады. 
Парметрлерімен  сұраныс  –  орындау  барысында,  өзінің  жеке  сұхбат 
терезесінде көрсетілетін берілгендерді енгізуге шақыру сұранысы, мысалы, 
өріске  қою  талап  етілетін  жазбалар  немесе  мəндерді  қайтаруға  арналған 
шарттар.  Берілгендердің  бірнеше  бірліктерін    енгізуге    шақыруды 
шығаратын сұраныс құрастыруға болады, мысалы, екі күннің датасы. Содан 
соң,  Microsoft  Access  осы  даталар  арасындағы  уақыт  интервалына  келіп 
түскен барлық жазбаларды қайтара алады. 
Сонымен  қатар,  параметрлерімен  сұраныстарды  формалардың, 
есептердің  жəне  берілгендерге  қолжеткізу  беттері  үшін,  негізі  ретінде 
қолдану  ыңғайлы.  Мысалы,  параметрлерімен  сұраныс  негізінде  табыстар 
туралы  айлық  есеп  құруға  болады.  Аталған  есепті  басып  шығару  кезінде 
Microsoft  Access  экранға  қай  айдың  табыстары  есепте  көрсетілуге  тиісті 
шақыруды шығарады. Айды енгізгеннен кейін Microsoft Access тиісті есепті 
басып шығаруды орындайды. 
Қиылысқан  сұраныстар  құрылымда  берілгендерді  есептеу  жəне  ұсыну 
үшін  қолданылады  да,  олардың  талдауларын  жеңілдетеді.  Қиылысқан 
сұраныс  соманы,  мəндердің  орташа  санын  есептейді  жəне  басқа  да 
статистикалық  есептеулерді  орындайды,  бұдан  кейін  нəтижелер  кестелер 
түрінде  берілгендердің  екі  жиынтығы  бойынша  топталады.  Оның  біреуі 
бағандардың атауын, ал екіншісі жолдардың атауын анықтайды. 
Өзгертуге  арналған  сұраныс  деп  бір  операция  арқылы  бірнеше 
жазбаларды  өзгертетін  немесе  орнын  ауыстыратын  сұранысты  айтады. 
Өзгертуге сұраныстың төрт типі бар: жазбаларды жоюға, жаңартуға, қосуға 
жəне кестелерді құруға. 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау