295
Жазбаны жою сұранысы бір немесе бірнеше кестелерден жазбалар
тобын жояды. Мысалы, жоюға арналған сұраныс тауарларды жеткізу
тоқтатылған немесе оларға тапсырыстар жоқ тауарлар туралы жазбаларды
жоюға мүмкіндік береді. Жоюға арналған сұраныстың көмегімен, оның
ішіндегі, бөлек өрістерді емес, тек барлық жазбаны ғана жоюға болады.
Жазбаларды жаңартуға арналған сұраныс бір немесе бірнеше
кестелердегі жазбалар тобына жалпы өзгерістер енгізеді. Мысалы, барлық
сүт өнімдеріне баға 10%-ға көтеріледі немесе кейбір санаттағы
қызметкерлердің жалақысы 5%-ға көбееді. Жазбаларды жаңартуға арналған
сұраныс бұрынғы бар кестелердегі берілгендерді өзгертуге мүмкіндік
береді.
Жазбаларды қосуға арналған сұраныс бір немесе бірнеше кестелерден
алып бір немесе бірнеше кестелердің соңына жазбалар тобын қосады.
Мысалы, бірнеше жаңа клиенттер, сонымен қатар, олар туралы мəліметтері
бар мəліметтер қоры пайда болды. Барлық берілгендерді қолмен енгізбес
үшін, оларды «Клиенттер» кестесіне қосуға болады.
Кестелерді құруға арналған сұраныс бір немесе бірнеше кестелердегі
берілгендердің барлығымен немесе бөліктері негізінде жаңа кесте құрады.
Кестелерді құруға арналған сұраныс Microsoft Access – тің басқа мəліметтер
қорына экспорттау үшін, кесте құру барысында немесе ескі жазбалар
сақталған архивтік кестелерді құруға пайдалы болады.
SQL сұранысы (Structured Query Language) – SQL нұсқауларының
көмегімен құрылатын сұраныс. SQL тілі сұраныстарды құру кезінде,
сонымен қатар, Microsoft Access мəліметтер қоры сияқты, реляциялық
мəліметтер қорын жаңарту жəне басқару үшін қолданылады. Қолданушы
сұраныс Конструкторы режимінде сұраныс құрса, Microsoft Access
автоматты түрде SQL – дың эквивалентті нұсқауларын құрады.
Конструктор режиміндегі қасиеттер терезесінде, қолжетімді болатын
сұраныстың қаситеттерінің көпшілігі үшін, SQL – дың эквивалентті
ұсыныстары немесе SQL тілінің параметрлері бар.
Сұраныс құру нұсқалары. Жаңа сұранысты құру үшін əуелі
Сұраныстар ішкі терезесіне өтіп, Құру экрандық батырмасына басу
керек. Бұл Жаңа сұраныс терезесінің ашылуына əкеледі, онда сіз нақты
қандай сұраныс құрғыңыз келетінін таңдап алу керек (12.12-сурет).
Сұраныстарды құрудың мүмкін болатын бес нұсқасы бар:
Конструктор,
Қарапайым
жəне
қиылысқан
сұраныстар,
Қайталанатын жазбалар жəне бағыныштыларсыз жазбалар.
MS Access – ті жақсы меңгеріп алған кəсіби мамандар немесе (SQL)
сұраныстар
тілінде
тікелей
бағдарламалаумен
қолданатындар
Конструктор нұсқасын таңдайды, онда барлық операциялар қолмен
жүргізіледі.
Қарапайым сұраныс нұсқасы белгілі бір өрістерден таңдау жүргізуге
мүмкіндік береді.
Қиылысқан сұраныс нұсқасы екі байланысқан кестелерден екеуіне
ортақ мəліметті табу талап етілгенде қолданылады.
296
12.12 –сурет. Сұранысты құру нұсқасын
таңдау
Қайталанатын жазбалар нұсқасы əрекеттер – сұранысы үшін негізі
болып жиі қызмет етеді, себебі, ол жалпы массивтен, бір немесе бірнеше
өрістері қайталанатын берілгендерді ғана ешбір қиындықсыз таңдап
алуға мүмкіндік береді.
Бағыныштыларсыз жазбалар нұсқасы көп жағдайда, көптеген
байланыстары бар кестелерде қолданылады.
Жалпы жағдайда Қарапайым сұраныс құрылады. Оның құрылу
технологиясын қарастырайық.
Құру/Қарапайым сұраныс командасы сұраныс құратын шебердің
бірінші экранын белсенді етеді (12.13-сурет). Үнсіз келісім бойынша
бағдарлама барлық əрекеттер ең соңында белсенді етілген жəне қазіргі
сəтте, экранда ашылған кестенің үстінен орындалатынын білдіреді.
Болмаса,
керекті
кестені
немесе
Кестелер/Сұраныстардан
шығарылатын тізімі бар өрісте бұрын құрылған сұранысты таңдап алу
керек.
Нақты кесте немесе сұраныс таңдалынып алғаннан соң, олардың
барлық өрістері Қолжетімді өрістер терезесіндегі шебер терезесінің
сол жақ төменгі бөлігінде бірден көрінеді.
12.13 -сурет. Қарапайым сұраныс құру үшін өрістер таңдау
297
Оның жанында Таңдалған өрістер терезесі орналасады, ол терезеге
қолданушы сол жақ терезеде таңдалған атаулармен толтырады жəне
көрсетілген
терезенің
арасында
орналасқан
бағдарлардың
батырмаларының көмегімен оң жаққа лақтырады. Бұл процедураның
мағынасы, шеберге сұраныста қандай өрістерді қарап шығу керек екенін
көрсетуді білдіреді. Сұранысты құра отырып, қолданушы қажетті
ретпен өрістерді орналастыра алады: орнын ауыстырады, олардың
кейбірін ғана таңдайды немесе өзіне керекті ретпен құрады. Бəрі дайын
болғанда, Әрі қарай экрандық батырмасының кезегі келеді.
Бағдарлама əрі қарай өтіп, қайтадан, сіз жаңа сұранысты қалай
атағыңыз келетінін сұрайды. «Сұраныс атын беріңіз» жолында атты
теру керек. Үнсіз келісім бойынша Microsoft Access біршама қарапайым
əдіспен атты өзі қояды: сұраныс жұмыс істеген кесте негізінде, кесте
атына «Сұраныс» сөз қосылады. Осылай қалдыруға болады немесе
біршама басқаша мағыналы атау беруге де болады. Болды, сұраныс
дайын. Дайын экран батырмасын басып, нəтижесін көруге болады.
Сұраныстың бастапқы кодын түзетуге болады. Бұл үшін, құралдар
панеліндегі үшбұрыш пен қарындашы бар экран батырмасын басып,
Конструктор режиміне өту керек. Сұраныс басқа түрге ауысады (12.14-
сурет). Таңдалған өрістердің атаулары бағандардың атаулары болды, ал
бұл бланктың үстінде аталған өрістер алынатын кестенің суреті пайда
болды. Сіз көріп тұрғандай, сұраныс сүйенетін барлық өрістер «Экранға
шығару» жолына қойылған арнайы белгілермен көрсетілген.
Шарт «Таңдау шарты» жолында беріледі. Бұл пернетақтадан
терілген жəне мүмкін болатын өлшемдердің біреуін білдіретін
қарапайым шарт болуы мүмкін, (мысалы, таңдау шарты «1000-нан
артық» «>1000» түрінде жазылады. Бұл пернетақтадан терілген немесе
конструктор өрнектері көмегімен құрылған едəуір күрделі өрнек болуы
мүмкін, мысалы, таңдау шарты «1000-нан артық жəне 2500-ден кіші»
«>1000 and <2500» түрінде жазылады)
12.14 -сурет. Сұрауда таңдау шарты қалыптастыру
Достарыңызбен бөлісу: |