209
болады. Қатты бет бөлгішін қоюды пайдалану ыңғайлы. Мұны
Қою/Ажырату... командаларының көмегімен немесе [Ctrl] + [Enter]
пернелерін бір мезгілде басу арқылы орындауға болады.
Қатты бет бөлгіші кəдімгі беттерге бөлу сияқты жұмыс істейді,
бірақ қай орында жаңа бет басталатынын сіз өзіңіз шешесіз. [Ctrl] +
[Enter] пернелерін басу сіздің құжатыңызға жаңа бетке өту
символын енгізеді, осы кезден бастап ол осы орында болады,
алдыңғы беттердің мəтінін сіз қалай өзгерткеніңізге қарамастан,
жаңа бетке өтуді орындайды. Қатты бөлгіш [Delete] немесе
[Backspace] пернелерін басу арқылы өшіріледі.
Құжаттар бойынша жылжу. Үлкен көлемді құжат экранға
толығымен симайды, сондықтан, сізге оның тек бір бөлігі ғана
көрінеді. Егер, сіз мəтінді ретімен теріп отырсаңыз, онда бағдарлама
құжатты жоғары қарай автоматты түрде жылжытып отырады, ал
экранда сіз тек соңғы енгізілген фрагментті көресіз.
Ертерек енгізілген мəтінді редактрлеу жəне қарап шығу үшін,
құжат бойынша жылжи білу қажет. Мұны пернетақта көмегімен де,
компьютердің тышқанының көмегімен де жасауға болады. Осы
тəсілдерді қарастырайық.
Мəтін бойынша жылжып отырудың ыңғайлы тəсілі - курсорды
басқаратын перенелерді қолдану болып табылады, бірақ, тез жылжу
үшін басқа тəсілдер де қолданылады.
Бір бетке үстіне жылжу үшін [PageUp] пернесі, ал бір бет төмен
түсу үшін [PageDown] пернесін қолданады.
Курсорды ағымдық жолдың басына ауыстыру үшін [Home]
пернесін, ал ағымдық жолдың соңына [End] пернесін басыңыз.
Курсорды мəтіннің басына ауыстыру үшін [Ctrl] + [Home]
пернелерінің комбинациясын, ал мəтіннің соңына көшу үшін [Ctrl] +
[End] пернелер комбинациясын басу керек.
Алдыңғы сөзге ауысу үшін [Ctrl] пернесін басып, оның жібермей
курсордың басқару пернесін [←] басыңыз, ал келесі сөздің басына
ауысу үшін, [Ctrl] + [→] пернелерінің комбинациясын басыңыз. Егер,
бір уақытта [Ctrl] пернесімен бірге [↑] немесе [↓] пернелерін басса,
онда алдыңғы немесе соңғы абзацқа өтеді.
Құжаттың еркін бос орнына өту үшін [F5] пернесін қолдану
керек.
Мәтінді белгілеу. Мəтінді, бір - біріне жақын орналаспаған
элементтерді қоса белгілеу үшін тышқанды жəне пернетақтаны
(мысалы, бірінші беттегі абзацты жəне үшінші беттегі сөйлемді
белгілеп алуға болады) қолдануға болады.
1. Мəтінді тышқанмен белгілеу. Мəтіннің кез келген фрагментін
белгілеу үшін, жылжытып апаруды қолданыңыз.
210
Мəтіннің əр түрлі элементтерін белгілеуге қолданылатын
əрекеттерді қарастырамыз:
• сөздер – оның үстіне екі рет шертіңіз;
• мәтіннің жолдары – тышқан көрсеткішін жолдың сол жақ
шетіне апарыңыз да, ол оң жаққа бағытталған бағдар түріне
өзгергенде, тышқан батырмасын шертіңіз;
• сөйлемдер - [Ctrl] пернесін басып тұрып, сөйлемге шертіңіз;
• абзацты - тышқан көрсеткішін жолдың сол жақ шетіне
апарыңыз да, ол оң жаққа бағытталған бағдар түріне өзгергенде,
тышқанның батырмасын екі рет шертіңіз; басқа тəсілі – абзацты үш
рет шертіңіз;
• бірнеше абзацты – тышқан көрсеткішін бір абзацтың сол жақ
шетіне, ол оң жаққа бағытталған бағдар түріне өзгеретіндей етіп
жылжытыңыз, содан соң, көрсеткішті жоғары немесе төмен
жылжытыңыз.
• мәтіннің үлкен блогын – фрагменттің бас жағына шертіңіз,
құжатты керекті фрагменттің соңына дейін айналдырыңыз, содан соң
[Shift] пернесін басып тұрып оны шертіңіз;
• толық құжатты - тышқан көрсеткішін мəтіннің сол жақ
шетіне, ол оң жаққа бағытталған бағдар түріне өзгеретіндей етіп
жылжытыңыз, содан соң, тышқанның батырмасымен үш рет
шертіңіз.
2. Пернетақтаның көмегімен мəтінді белгілеу. Курсорды
жылжыту пернелерінің көмегімен, [Shift] пернесін басып тұрып
мəтінді белгілейді. Бөлек орналасқан аймақтарды белгілеу үшін,
бірінші обьектіні белгілеңіз де, [Ctrl] пернесін басып тұрып қалған
обьектілерді белгілеңіз.
Мәтінді көшіру және орнын ауыстыру. Мəтінді көшіру немесе
орнын ауыстыру үшін, мəтіннің фрагментін белгілеп алу қажет жəне
төмендегі іс - əрекеттің біреуін орындау керек.
Обьектінің орнын ауыстыру үшін Стандартты құралдар
панелінен Кесіп алу
батырмасын басыңыз.
Обьектіні көшіру үшін Стандартты құралдар панелінен Көшіру
батырмасын басыңыз.
Басқа құжатқа обьектінің орнын ауыстыру немесе көшіру үшін,
қажетті құжатқа көшіңіз, обьектіні қою орнына басып, Стандартты
құралдар панелінен Қою батырмасын шертіңіз.
Қойылатын элементтердің форматына анықтау үшін, қойылған
элементтің астында көрсетілетін Қою батырмасын басыңыз.
Мəтінді көшіру үшін Түзету/Көшіру жəне Түзету/Қою
командаларын қолдануға болады.
Мәтін фрагментін қайта қалпына келтіру. Мəтін фрагментін
211
қалпына келтіру. Біз бəрімізде кейде өзіміздің ниеттерімізді
өзгертеміз. Егер, осының алдында өшірілген мəтіннің фрагментін
қайта қалпына келтіру қажеттігі туындаса, онда үш тəсілдің біреуін
қолдануға болады:
• бір мезгілде [Alt] + [Backspace] немесе [Ctrl] + [Z];пернелер
комбинациясын басу;
• Түзету/Енгізуды болдырмау
командасын таңдау;
• Болдырмау батырмасын шерту.
Құжат мәтінін өзгерту. Мəтінді жаңаға өзгерту үшін, алдыңғы
мəтінді өшіру, содан кейін, жаңа нұсқасын енгізу міндетті емес.
Өшіруді жəне алмастыруды бір мезгілде орындауға болады:
алмастырғыңыз келген мəтінді белгілеп алыңыз да, жаңаны теруді
бастаңыз.
10.7. Мәтінді, тізімдерді, бағандарды форматтау
Мəтінді терген кезде Word автоматты түрде символдар мен абзацтардың
параметрлерін қолданады, бұл параметрлер мəтіннің осы бөліктерін
тергенге дейін үнсіз келісім бойынша бағдарламамен орнатылады. Әдетте,
мəтін 12 пункт өлшемді Times New Roman шрифтімен, абзацтың жолдарын
сол жақ немесе екі жақ (ені бойынша) бойынша түзетумен енгізіледі.
Мұндай мəтінді форматталмаған деп атауға болады, себебі, мəтінде арнайы
безендірілген фрагменттер жоқ.
Мəтіннің сыртқы түрін өзгерту форматтау деп аталады. Мəтіннің əр
түрлі бөліктерін белгілі бір ережеге сай безендіре отырып, біз оның сыртқы
түрін өзгертеміз, яғни, құжатты форматтаймыз.
MS Word мəтінді процессорында белгіленген фрагменттерді тікелей
форматтау жəне стильдік форматтау жүргізуге болады. Оның көмегімен
оларды алдын ала белгілемей – ақ, бірнеше абзацтарды бірден қайта
форматтауға болады.
Форматтаудың екі тəсілі бар: Форматтау құралдар панелінің көмегімен
- жеңілдетілген жəне Формат мəзірінің командасының көмегімен –
əмбебап. Сонымен қатар, форматтау командаларын тышқанның оң жақ
батырмасымен шақырылатын, жанама мəзір көмегімен жасауға болады.
Шрифтті форматтау. Құралдар панелінің көмегімен мəтіннің
символдарын форматтау белгіленген фрагменттің шрифт гарнитурасын,
өлшемін, сыртқы түрін өзгертуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар,
смиволдардың астын сызып көрсетуге болады.
Гарнитура (шрифт типі) символдар толық жиынтығының жазылуын
ерекшеліктерін анықтайды, соның ішінде, бас əріптер мен кіші əріптер,
сандар, тыныс белгілері жəне арнайы символдар. Шрифттің əрбір типі
символдардың сыртқы түрінің стильдеріне ие (жартылай жуан, курсив,
жартылай жуан курсив, кəдімгі). Бұдан басқа, символдар мен мəтіннің
фрагменттерінің астын сызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |