3
9
Ақпаратты жинау және сақтау. Бұл типті бағдарламалық
құралдардың
кең
спектрінің
қолданылуы,
функционалды
мүмкіндіктердің бір – бірінен айырмашылығы болатын жəне жаңа
қолданушыдан жүйелі бағдарламашыға дейін - қолданушылардың
кең аясында қолданылатын, бірнеше мəліметтер қорын басқару
жүйелерін құрастыруды талап етеді.
МҚБЖ-нің мейлінше қарапайым типі, жазбаларды форматтауға
жəне есептерді шығаруға мүмкіндік беретін файлдарды өңдеу пакеті
болып табылады. Пакеттің ерекшелігі оның ыңғайлы қолданылуы,
берілген форматтармен жұмыс барысындағы «визуалдық» тəсілі
болып табылады.
Ақпаратты статистикалық өңдеу. Ақпаратты статистикалық
өңдеу пакеттері сандық берілгендердің өзгеру тенденцияларын оқып
– білуге жəне нəтижелердің шынайылық деңгейін бағалауға
мүмкіндік береді. Ақпаратты статистикалық өңдеу деп сараптаманың
бірфакторлық жəне екіфакторлық əдістерін қолдану, статистикалық
көрсеткіштерді (вариация, орташа, медиана, мода жəне т.б.)
жиіліктік тарату, корреляциялық жəне регрессиялық сараптама
жасау т.б. түсіндіріледі.
Атап өтілген бағдарламалық пакеттер олармен жұмыс жасауда
қолданушыға ыңғайлылықты қамтамасыз ететін кейбір жалпы
қасиеттерге де ие: түйсік, көрнекі жəне біркелкі мəзір, қателерді
жеңіл өңдеу, қолданушымен ыңғайлы интерфейс – бұл қасиеттердің
барлығының нəтижесінде бағдарламамен «достық» қарым –
қатынасты қамтамасыз етеді.
Функционалдық жəне типтік проблемалық – бағытталған
бағдарламалық пакеттерді тұтынудың сапалы жақтарын көрсететін
бағдарламалық пакеттерді қолдану салалары 2.1 - кестесінде
көрсетілген.
2.4.
Телекоммуникациялар
Ақпаратты жіберу сатысында, сонымен қатар, берілгендерге
қашықтықтан қолжетімділікті ұйымдастыру үшін, қазіргі ақпараттық
қоғамда коммуникация жəне байланыс құралдары кең қолданылады.
Желілер ақпаратпен жедел түрде алмасуға арналған жəне
берілгендерді жіберуде қазіргі ең кең таралған құралдардың бірі
болып табылады. Ақпаратпен алмасудың бұл тəсілі өте ыңғайлы,
себебі, əрбір компьютерді компьютерлік желіге оңай қосуға болады.
Желілік технологиялар дамуының қазіргі кезеңінде əрбіреуі
белгілі міндеттерді шешетін көптеген желілік шешімдер ұсынылады.
Қазіргі желілік шешімдердің тізімін ұсынамыз:
• жергілікті есептеу желілері;
• территориялық таратылған желілер;
40
• ауқымды желілер;
• дауысты пакеттік жіберу (IP-телефония);
• бейнесурет жəне телеметрияны жіберудің шешімі;
• желілік басқару жүйелері;
• сымсыз қолжету жүйелері.
Барлық желілер күрделілігіне қарамастан ақпаратқа біріктірілген
қолжеткізу принципіне негізделеді. Мейлінше кең таралған есептеу
желілері болып жергілікті, аймақтық жəне ауқымды желілер
есептеледі.
Жергілікті есептеу желілері (LAN — Local Area Network) –
əдетте, бір немесе бірнеше ғимараттарда тығыз орналасқан бір
ұйымның компьютерлерін біріктіреді. Жергілікті желілердің өлшемі
бірнеше шақырымнан (10 км. дейін) аспайды. Мұндай желілерде
байланыстың физикалық сымдары ретінде бұралған жұп, коксиалдық
кабель, оптикалық – талшықтық кабель қолданылады. Жергілікті
желі желіге қосылған принтерлер, плоттерлер, дискілер, модемдер,
CD-ROM құрылғысы жəне басқа да қосымша жабдықтар сияқты
компьютер ресурстарын бірлесе қолдануға мүмкіндік береді. Ол
берілгендерді жіберуде жоғары жылдамдықпен сипатталады.
Жергілікті желіге компьютерді қосуға, əдетте, кеңейтілген тақша
түрінде орындалатын желілік адаптер (желілік карта) қолданылады.
Аймақтық есептеу желілері (MAN — Metropolitan Area Network)
əр түрлі қалаларды, облыстарды жəне шағын елдерді біріктіреді.
Абонеттер 10... 100 км қашықтықта орналасуы мүмкін. Қазіргі кезде
мұндай желі кейбір ауқымды желілердің бөлігі болып табылады.
Ауқымды есептеу желілері (WAN — World Area Network) –
дүниежүзілік масштабтағы желілерді тарату. Ең əйгілі жəне
қолжетімді ауқымды желі Интернет болып табылады. Олар
каналдардың санына тəуелді біршама төмен өткізу жылдамдығымен
жəне олардың өткізу қабілеттеріне, ақпаратты жіберу бірлігіне
біршама жоғары құнымен жəне шексіз өлшемдермен сипатталады.
Жалпы алғанда, компьютер жер шарының кез келген нүктесінде
орналаса алады. Осыған байланысты əрбір компьютерге байланыс
сымдарын жүргізу мүмкін емес, сондықтан, қолданыстағы, мысалы,
телефон жəне спутниктік байланыс сымдарын қолданады.
Мұндай желілердің абоненттері 10-15 мың км қашықтықта
орналасуы мүмкін. Компьютерді ауқымды желіге қосу үшін модем
қолданылады. Модем – телефон желісі арқылы берілгендерді
компьютерлер арасында жіберу құрылғысы. Әдетте, модем үшін
оның максималды жұмыс жылдамдығы көрсетіледі (бодпен, яғни
секундына битпен), сонымен қатар, модем қолдайтын берілгендерді
жіберу стандарттары. Біршама жоғары өткізгіштік қабілетін
қамтамасыз ету үшін белгіленген сым арқылы желіге қосылуға
болады.
Компьютерлік желіні қарапайым түрде өзара бір – бірімен
4
1
байланысқан, желі түйіндерімен, желілік кабельдер көмегімен
қосылған компьютерлердің жиынтығы ретінде елестетуге болады.
Желі түйіндерінің рөлін арнайы аппараттық құрылғылар атқарады:
концентраторлар
(хабтар)
жəне
коммуникаторлар
немесе
компьютерлік
желілерді
ұйымдастыруға
арналған
арнайы
компьютерлер (маршрутизаторлар).
Компьютерлік
желілердің
ақпаратты
өңдеу
тұрғысынан
компьютерлер жиынтығынан өзгешелігі - бір немесе бірнеше
компьютер серверлерінің болуы. Сервер – əр түрлі қолданушыларға
(клиенттерге) жалпыланған ақпаратты алуға немесе өңдеуге
мүмкіндік береді.
Сервердің қызметін арнайы бағдарлама қамтамасыз еткендіктен
кəдімгі компьютер де сервер бола алады. Ақпаратты өңдеудің
мұндай сызбасының жеке компьютерде өңдеуден айырмашылығы
«клиент—сервер» деп аталады, ал қолданушылардың серверге
қосылған жұмыс орнындағы компьютерлері клиенттік компьютерлер
немесе клиенттер деп аталады.
Клиент – сервер ақпаратты өңдеу сызбасы таратылған мəліметтер
қорының жекелеген жағдайын сипаттайды, бұл жағдайда, клиент
ретінде – қолданушымен өзара байланыс орнататын бағдарлама, ал
сервер
ретінде
берілгендерді
орталықтандырылған
өңдеуді
қамтамасыз ететін бағдарлама түсіндіріледі
Желілердің тиімді жұмысы үшін арнайы операциялық жүйелер
(ОЖ) қолданылады. Олар дербес ОЖ-ге қарағанда желілермен
жұмысты басқару міндеттерін шешуге арналған. Желілік ОЖ-лер
серверге орнатылады. Желілік операциялық жүйелердің танылған
көшбасшылары Windows жəне Novell фирмалары болып табылады.
Қазіргі желілердің негізгі мəселелері ақпаратты рұқсатсыз
қолжетімділіктен қорғау болып табылады.
Бақылау сұрақтары
1. Дербес компьютерлердің танымалдылық себептерін атаңыз.
2. Ақпаратты өңдеудің негізгі кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
3. Мəтіндік редактор не үшін қажет?
4. Әкімшілік
басқаруда қандай функционалдық жəне типтік
проблемалық – бағытталған бағдарламалық пакеттер қолданылады?
5. Мəліметтер қорын ұйымдастырудың қандай модельдерін білесіз?
6. Сіз қандай қазіргі желілік шешімдерді білесіз? Жергілікті желінің
ауқымды желіден қандай айырмашылығы бар?
7. Компьютерді жергілікті желіге қосу үшін қандай қосымша
құрылғылар керек?
8. Интернет желісіне модемсіз қосылуға бола ма?
9. Компьютерлік желі сервері қандай қызмет атқарады?
Достарыңызбен бөлісу: |