Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет10/25
Дата25.05.2018
өлшемі0,63 Mb.
#17676
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25

ҚР ҚН 3.02-14-2014 

 

18 


кезінде  климаттық  аймаққа  сәйкес  жұмыс  істеуі  немесе  оның  жұмыс  қабілеттілігін 

қамтамасыз ететін саңылаусыз термиялық қаптарда орналасуы тиіс. 

5.5.1.7 Лифтінің  электр  қондырғысы  апаттық  жағдайлардың,  адамдардың 

қатысуымен болатын апаттық немесе жазатайым жағдайлардың туындауына жол бермеуі 

тиіс. 

5.5.1.8 Лифтілердің барлық типтері электр байланыстарымен жабдықталады. 



5.5.1.9 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалау  кезінде оларға 

инженерлік  жүйелер  орнатылуын,  олардың  телефон  және  электр  сағаттарымен 

жабдықталуын қарастыру керек.  

5.5.1.10 Байланыс  типтері,  олардың  көлемі  мен  мақсаты  нормативтік  құжаттар 

талаптарына сәйкес анықталады. 

5.5.1.11 Өрт сигналы жабдығын сәулелендіру деңгейінің төмендігін, дегенмен күшті 

сыртқы кедергілерге төзімділігін ескере отырып таңдау және орналастыру керек. 

5.5.1.12 Адамның  ток  жүргізу  бөліктеріне  тікелей  жанасу  мүмкіндігін  болдырмау, 

сонымен  қатар  электр  жабдығына  электрлік  зақымдануларға,  апаттарға,  өрттер  мен 

жарылыстарға  әкеп  соқтыруы  мүмкін  сыртқы  ортаның  бүліну  әсерлері  мен  өзге 

факторлардың ықтимал әсер етуінен қорғанысты қамтамасыз ету қажет. 

5.5.1.13 Электрлік қорғаныс аппараттары жүктеменің есептік тогының ұзақ мерзімді 

ағынына және шекті токтың қысқа мерзімді әрекетіне сай есептелуі тиіс. 

 

5.5.2 Сумен қамту және канализация 

 

5.5.2.1 Шаруашылық-ауыз  су,  өртке  қарсы,  ыстық  және  суық  сумен  қамту, 



канализация  жүйелерін  жобалау  кезінде  ҚР  ҚН 4.01-01,  ҚР  ҚН  4.01-03  және  

Қазақстан  Республикасының  аумағында  қолданылатын  басқа  да  нормативтік  құжаттар 

ережелерін ескеру керек.  

5.5.2.2 Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілерін  жобалау  кезінде 

канализация жүйелерін біріктіру тиімділігін қарастыру, техникалық, экономикалық және 

санитарлық талаптарды ескеру қажет. 

5.5.2.3 Канализация жүйесін беттік ағын суларға қойылатын талаптарды, климаттық 

жағдайларды,  елді  мекеннің  жер  бедері  мен  өзге  факторларды  ескере  отырып  таңдау 

керек.  

5.5.2.4  Қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  және  адамдардың  денсаулығын  қорғау 

мақсатында  нормативтік  құжаттар  талаптарына  сәйкес  шаруашылық-ауыз  су 

мақсатындағы су сапасының жоғары сапасын қамтамасыз ету қажет. 

5.5.2.5 Аспаптарға  жеткізуден  басқа,  ыстық  сумен  жабдықтау  жүйесінің  құбырын 

жылу шығынын сақтау үшін оқшаулауға жол беріледі.  

5.5.2.6 Арналарға,  шахталарға,  санитарлық-техникалық  кабиналарға,  тоннельдерге, 

сондай-ақ  ылғалдығы  жоғары  үй-жайларға  жүргізілетін  ыстық  сумен  жабдықтау 

жүйесінің  құбырларын  (тұйыққа  тірелген  өрт  тіреушелерінен  бөлек)  ылғалдың  суға 

айналуын болдырмау үшін оқшаулау керек. 




ҚР ҚН 3.02-14-2014 

 

19 



5.5.2.7 Шаруашылық-ауыз  су  құбыры  жүйесіне  орнатылатын  қысым  реттеуіштері 

статистикалық жұмыс режимінде де, динамикалық жұмыс режимінде де есептік қысымды 

қамтамасыз етуі тиіс. 

5.5.2.8 Ғимараттар  мен  құрылыстарда  судың  ауыстырымдылығын  қамтамасыз  ету 

үшін  өрт  тіреушелерін  тиекті  арматура  орнату  арқылы  бір  немесе  бірнеше  су  ірку 

тіреулермен шеңберлеуді қарастыру керек. 

5.5.2.9 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілері үшін ішкі өртке қарсы су 

құбырын ғимараттың өртке төзімділік дәрежесіне және өрт қауіпсіздігі санатына, сонымен 

қатар ғимараттың функционалдық мақсатына байланысты орнату керек. 

5.5.2.10 Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілерінің  кіре  берісіне 

гидростатикалық  қысымды  кепілдендірілген  қысымнан  жоғарылату  қажеттілігі  немесе 

оның  мерзімді  жетіспеушілігі,  сонымен  қатар  мәжбүрлі  айналымын  қолдау  қажеттілігі 

жағдайында  орталықтандырылған  ыстық  сумен  жабдықтау  жүйесіне  сорғы 

қондырғысының орнатылуын қарастыру қажет. 

5.5.2.11 Санитарлық-эпидемиологиялық 

қызмет 


объектілерінде 

сорғы 


қондырғыларын  (өрт  сөндіру  құрылғыларынан  бөлек)  адамдар  ұзақ  орналасатын  үй-

жайларға тікелей орналастыруға жол берілмейді. 

5.5.2.12 Сорғы  қондырғыларын  және  олардың  жұмыс  істеу  режимін  техникалық-

экономикалық салыстыру негізінде анықтау керек. 

5.5.2.13 Әрбір кіреберіске жеке сорғы қондырғыларын орнату кезінде кіреберістерді 

біріктіру талап етілмейді. 

5.5.2.14 Зертханада  орталықтандырылған  суық  және  ыстық  сумен  жабдықтау, 

канализация, электрмен жабдықтау, жылыту жүйелері болуы тиіс.  

5.5.2.15 Елді мекенде орталықтандырылған су құбыры мен канализацияның болмауы 

жағдайында дербес жүйелер орнатылуы тиіс. 

5.5.2.16 Зиянды газдар бөліну арқылы химиялық реакциялардың жүруі жағдайында 

суағарларды біріктіруге жол берілмейді.  

5.5.2.17 Газдар (булар, ұшқыш құрауыш бөліктер мен өзге заттар) бөлетін өндірістік 

ағын суларды бұру және жіберу жағдайында олардың үй-жайларға енуіне қарсы шаралар 

қарастыру керек. 

5.5.2.18 Жергілікті  қондырғылардағы  суды  тазалағаннан  кейін  ағын  судың  сапасы 

оларды  сыртқы  канализация  желісіне  қабылдау  техникалық  шартына  және  санитарлық-

гигиеналық талаптарға сәйкес келуі тиіс. 

5.5.2.19 Жергілікті  тазалау  құрылыстары  мен  құрылғыларының  жабдығы  мен 

сызбасын ағын сулардың құрамындағы ластаушы заттардың шоғырына, айналмалы сумен 

жабдықтау жүйесіндегі су сапасына қойылатын талаптарға байланысты жобалау керек. 

5.5.2.20 Эфирдің және өзге жеңіл тұтанатын заттардың ерітінділерін су құбырының 

раковиналарына немесе ағызу құйғыштарына құюға жол берілмейді. 

 



жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау