Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет9/25
Дата25.05.2018
өлшемі0,63 Mb.
#17676
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25

ҚР ҚН 3.02-14-2014 

 

16 


басқарылатын  (жанасусыз,  басқышты  және  білезіктің  қатысуынсыз  өзге) 

араластырғыштар  орнатылған  қолжуғыштармен,  сұйық  (антисептикалық)  сабын  және 

антисептик ерітінділері салынған дозаторлармен жабдықтау керек.  

5.4.7.5   Раковиналар  мен  өзге  санитарлық  құралдарды,  сондай-ақ  қабырғалар  мен 

аралық  қалқалардың  ықтимал  ылғалдануына  байланысты  қолданылатын  жабдықтарды 

орнату орындарын ылғалға төзімді материалдармен өңдеу керек. 

 

5.4.8 Жарықтандыру 

 

5.4.8.1 Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілерін  табиғи  және  жасанды 

жарықтандыруды  жобалау  ҚР  ҚН  2.04-01  және  Қазақстан  Республикасының  аумағында 

қолданылатын басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылуы керек. 

5.4.8.2 Табиғи  жарықтандыру  адамдар  тұрақты  келетін  үй-жайлар  үшін 

қарастырылады.   

5.4.8.3 Виварий  үй-жайларын  жобалаған  кезде  табиғи  және  жасанды 

жарықтандыруды  қолданыстағы  нормативтік  құжаттар  талаптарына  сәйкес  қарастыру 

керек. 

5.4.8.4 Кез  келген  зертханалық  жануар  түрлері  орналасқан  үй-жайларға  жобалау 



кезінде сыртқы терезелер қарастыруға жол берілмейді.   

5.4.8.5 Зертхана үй-жайларын табиғи және жасанды жарықпен жабдықтау қажет.  

5.4.8.6 Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілерінің  үй-жайларына 

мынадай жағдайларда біріккен жарықтандыру қарастыру керек: 

а) дәлдік разряды І-ІІІ түрдегі көз жұмыстары жүргізілетін үй-жайларда; 

б) ғимараттың  өндіріс  технологиясы  және  оны  ұйымдастыру  бойынша  таңдап 

алынған  көлемдік-жоспарлық  шешімдері  нормаларға  сәйкес  үй-жайлардың  жеткілікті 

жарықтандырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермесе; 

в) бір  ғана  табиғи  жарық  арқылы  жарықтандыруды  қанағаттандыру  қиын  немесе 

мүмкін  емес  жұмыс  орындарындағы  жарықтандыру  қарқындылығына,  сапасына  және 

тұрақтылығына қойылатын талаптардың жоғары болуы кезінде. 

5.4.8.7 Рекреациялар  ретінде  пайдаланылатын  дәліздерді  табиғи  жарықпен  шет 

жағынан немесе бүйірлік жағынан жабдықтау керек. 

5.4.8.8 Жарықтандыру  желілері  сенімділікті,  ұзақ  мерзімділік  пен  өрт  қауіпсіздігін 

қамтамасыз етуі тиіс.  

5.4.8.9 Сымдар  мен  кабельдердің  қималары  электр  қондырғыларын  орнатудың 

қолданыстағы ережелеріне сәйкес қыздыру жағдайлары негізінде есептелуі тиіс. 

5.4.8.10 Зат  бөлмелерін,  санитарлық  желілер  орналасқан  үй-жайларды, 

қызметкерлерге  арналған  жеке  гигиена  бөлмелерін,  душ  бөлмелері  мен  гардеробтарды 

екінші жарықпен немесе тек табиғи жарықпен жарықтандыруға жол беріледі.    

5.4.8.11 Жасанды  жарық  (жалпы  және  жергілікті),  жарық  көзі,  шам  типі  

Қазақстан  Республикасының  аумағында  қолданылатын  нормалар  мен  нормативтік 

құжаттарға сәйкес қабылданады. 

5.4.8.12 Төбелерге 

орнатылатын 

үй-жайлардағы 

жалпы 

жарықтандыру 



шырағдандарын тегіс (жабық) шашыратқыштармен қолдану керек. 


ҚР ҚН 3.02-14-2014 

 

17 



5.4.8.13 Қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  және  жайлылық  жасау  мақсатында 

эвакуациялық апаттық жарықтандыру шырағдандары қосалқы станция қалқанынан, ал бір 

кіре  беріс  болған  жағдайда,  кіріс-тарату  құрылғысынан  (КТҚ)  бастап,  жұмыспен 

байланыспайтын желіге қосылуы тиіс. 

5.4.8.14 Жасанды  жарықтандырудың  нормативтік  параметрлерін  қамтамасыз  ету 

мақсатында 

қызметкерлердің 

жұмыс 


орындары 

жергілікті 

жарықтандыру 

шырағдандарымен жабдықталады. 

5.4.8.15 Компьютер техникасы орналасқан жұмыс орындарының жарықтандырылуы 

дербес  электронды-есептеуіш  машиналарға,  жұмысты  ұйымдастыруға  қойылатын 

гигиеналық нормаларды белгілейтін санитарлық талаптарға және қолданыстағы басқа да 

санитарлық талаптарға сәйкес келуі тиіс.     

5.4.8.16 Қызметкерлердің  жұмыс  орындары  эргономиялық  талаптар  мен 

қолданыстағы басқа да нормаларды ескере отырып орналастырылуы тиіс. 

5.4.8.17 Қойма үй-жайларын кезекпен жарықтандыруға және оларға айыр розеткалар 

орнатуға жол берілмейді. 

5.4.8.18 Ғимараттарда  негізгі  (жұмыс)  қуаты  бұзылған  жағдайларда,  апаттық 

жарықтандыруды қарастыру керек. 

5.4.8.19 Санитарлық-эпидемиологиялық 

қызмет 


объектілері 

аумағының 

қоршауының периметрі бойынша жарықтандыру қарастырылуы тиіс.

 

 



5.4.8.20 Күзетті 

жарықтандыру 

желісі 

дербес 


болуы 

жә

не  



Қазақстан Республикасындағы қауіпсіздік техникасы талаптарына сәйкес орындалуы тиіс. 

 

5.5 Инженерлік желілер мен жүйелерді жобалау  



 

5.5.1 Электр қондырғылары  

 

5.5.1.1 Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілерінің  электр  техникалық 

құрылғыларын  Қазақстан  Республикасының  аумағында  қолданылатын  нормативтік 

құжаттарға сәйкес орналастыру керек. 

5.5.1.2 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалау  кезінде электр 

қондырғысын,  электр  жарығын  орнату  мен  монтаждау,  жерге  тұйықтау,  сондай-ақ 

найзағайдан  қорғау  әрекеттерін  ескере  отырып,  өрттің  алдын  алатын  техникалық 

шараларды есепке алу қажет.     

5.5.1.3 Қоймаларда  орнатылған  электрлік  желілер  мен  электрлік  қондырғыларды 

Электр қондырғыларын орнату ережесіне сәйкес жобалау керек. 

5.5.1.4 Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілерін  жобалау  кезінде  

ҚР  ҚН  2.02-02  сәйкес  орындалуы  тиіс  автоматты  өрт  сигнализациясына  қойылатын 

талаптарды,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  аумағында  қолданылатын 

нормативтік құжаттар талаптарын ескеру қажет. 

5.5.1.5 Күзет,  қауіп  сигналдары  мен  қатынауды  басқару  жүйелері  кешенінде 

аккумулятордан қолдау көрсетілетін үздіксіз қуат көзі болуы тиіс.  

5.5.1.6 Объекті  аумағын  немесе  оның  периметрін  басқаруға  арналған 

бейнекамералар  сыртқы  қондырғыларға  климаттық  факторлардың  әсер  ету  жағдайлары 




жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау