Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет11/25
Дата25.05.2018
өлшемі0,63 Mb.
#17676
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25

ҚР ҚН 3.02-14-2014 

 

20 


5.5.3 Жылыту, желдету және ауа баптау жүйелері   

 

5.5.3.1 Жылыту,  желдету  және  ауа  баптау  жүйелерін  ҚР  ҚН  4.02-01  және  

Қазақстан  Республикасының  аумағында  қолданылатын  басқа  да  нормативтік  құжаттар 

талаптарын ескере отырып жобалау керек. 

5.5.3.2 Ғимараттардың жылыту жүйелерін жобалау кезінде мыналарды ескеру қажет: 

а) қоршау конструкциялары арқылы жылу шығынын; 

б) жиналмалы  сыртқы  қоршау  конструкцияларын  қыздыруға  кететін  жылу 

шығынын; 

в) материалдарды, жабдықты қыздыруға кететін жылу шығынын; 

г) электр 

құралдарынан, 

жарықтандырудан, 

технологиялық 

жабдықтан, 

байланыстардан, материалдардан, адамдардан, сонымен қатар өзге де көздерден тұрақты 

келіп түсетін жылу шығынын. 

5.5.3.3 Жылыту,  желдету  және  ауа  баптау  жүйесі  медициналық  қызмет  жүзеге 

асырылатын  үй-жай  микроклиматының  және  ауа  ортасының  қалыпты  параметрлерін 

қамтамасыз етуі тиіс. 

5.5.3.4 Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілерін  жобалау  кезінде 

жылумен  жабдықтау  жүйесін  ағымдағы  жөндеу  және  қызмет  көрсету  үшін 

қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет. 

5.5.3.5 Желдету  жүйесін  жобалау  және  пайдалану  кезінде  шу  мен  діріл  деңгейін 

нормативтік  құжаттарға  сәйкес  шекті  жол  берілгеннен  аспайтындай  қамтамасыз  ету 

қажет. 

5.5.3.6 Үй-жайлардың  құрылымы,  жоспары  мен  жабдықталуы  технологиялық 



процестер ағынын қамтамасыз етуі және эпидемиологиялық қауіптілігі әртүрлі дәрежедегі 

ағындарды  ауыстыру  ықтималдығын  болдырмауы  тиіс,  сондай-ақ  ауа  массаларының 

«лас» үй-жайлардан «таза» үй-жайларға өтуін болдырмауы қажет. 

5.5.3.7 Үй-жайларда  жол  берілетін  нормалар  шегінде  микроклимат  пен  ауа 

сапасының параметрлерін қамтамасыз ету үшін желдету құрылғысын қолдану керек. 

5.5.3.8 Өткір  иісті  заттар  орналасқан  үй-жайларда  ұйымдастырылған  ағынды 

орнатпастан, механикалық түрде жұмыс істейтін сору желдеткішін қарастыру керек. 

5.5.3.9 Микроклимат  пен  ауа  сапасы  параметрлерінің  табиғи  желдеткіші  арқылы 

қамтамасыз  етілмейтін  жыл  кезеңдерінде  ауа  ағынынын  қамтамасыз  ету  немесе  оны 

жоюға  арналған  табиғи  желдету  (аралас  желдету)  жүйелерін  ішінара  қолданатын 

механикалық желдету құрылғысын қарастыру керек.  

5.5.3.10 Ағынды  желдету  жүйелері  арқылы  берілетін  сыртқы  ауаны 

бактериологиялық сүзгілерде тазалау керек. 

5.5.3.11 Ауаның  қажетсіз  ағынын  болдырмау  үшін  зертханалардағы  ағынды  және 

сору  желдеткіші  жүйелеріне  тиекті  құрылғылар  (оның  ішінде  кері  клапандар)  орнату 

керек. 


5.5.3.12 Бактериологиялық  сүзгілерден  кейін  ағынды  желдету  жүйесінің  ауа 

өткізгіштерін  сұйық  сіңдірмейтін,  ауа  өткізгіштерінің  немесе  қорғаныс  жабындарының 

материалының  үй-жайларға  енуін  болдырмайтын  беттен  тұратын  материалдардан 

қарастыру керек. 




ҚР ҚН 3.02-14-2014 

 

21 



5.5.3.13 Қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  мақсатында  тиімділігі  жоғары  (Н11-Н14) 

сүзгілерден  кейін  ағынды  желдету  (ауа  баптау)  жүйелерінің  ауа  өткізгіштерін  тот 

баспайтын болаттан немесе беті тегіс, тоттануға төзімді, шаң баспайтын өзге материалдан 

қарастыру қажет. 

5.5.3.14 Ағынды  және  сору  торлары  бір  үй-жай  шегінде  бір-бірінен  мүмкіндігінше  

алшақтатылуы тиіс. 

5.5.3.15 Ауа  алмасу  еселігі  белгіленген  жиілікті,  ауа  температурасын  және  ауаның 

салыстырмалы ылғалдығын есепке алу негізінде анықталады. 

5.5.3.16 Мәжбүрлі желдету жүйелерінің болуына байланысты тазалық үй-жайларын 

есепке алмағанда, барлық емдік-диагностикалық үй-жайларда табиғи желдету мүмкіндігі 

қарастырылуы тиіс. 

5.5.3.17 Аса  қауіпті  инфекциялар  бөлімінде  сору  желдеткіші  тоқтаған  кезде  тарту 

желдеткішін автоматты өшіру қарастырылуы тиіс. 

5.5.3.18 Пайдаланылған  ауаны  жергілікті  сору  құрылғыларынан  шығару  жеке 

клапандармен жүзеге асырылуы тиіс. 

5.5.3.19 Бактериологиялық,  вирусологиялық  бөлімдер,  радиациялық  гигиена,  аса 

қауіпті  инфекциялар  бөлімі,  бастапқы  өңдеу  камералары  үшін  жеке  ағынды-сору 

жүйелерін қарастыру керек. 

5.5.3.20 Желдету құрылғылары мен электр қозғалтқыштарын шу-тербелістен қорғау 

талаптарын, сонымен қатар осыған қатысты есептерді ескере отырып орнату керек.     

5.5.3.21 Үй-жайға зиянды немесе жанғыш газдардың, бу мен аэрозольдардың үлкен 

мөлшері  түскен  жағдайда,  апаттық  желдеткішті  технологиялық  және  желдету 

қондырғысының  апаттық  кезеңіндегі  үйлесімсіздігін  ескере  отырып,  қамтамасыз  ету 

қажет. 


5.5.3.22 Түтінге қарсы желдету жүйелерін баспалдақты торларды, лифтілік шахталар 

мен іргелес өрт бөліктерін қорғауға арналған ағынды желдету жүйелерінен бөлек, әрбір 

өрт бөлігіне дербес түрде қарастыру керек.    

5.5.3.23 Патогендік  көбейтумен  жұмыстар  жүргізілетін  үй-жайлардан  шығатын 

ауаны атмосфераға жіберуден бұрын бактериологиялық сүзгілерде тазалау қажет.     

5.5.3.24 Қайта  салынатын  және  реконструкцияланатын  зертханаларда  «жұқпалы» 

аймақтан  шығатын  ауаны  тиімді  тазалау  сүзгілерін  орнату  арқылы  дербес  сору-тарту 

желдету  құрылғысын  қарастыру  (немесе  бұл  үй-жайларды  биологиялық  қауіпсіздік 

бокстарымен жабдықтау) керек.  

5.5.3.25 Биоматериалдарды  сұйық  азотта  сақтауға  арналған  үй-жайларды  газ 

анализаторының  сигналы  бойынша  қосылатын  жеке  сору  және  апаттық  желдету 

жүйесімен жабдықтау керек.   

5.5.3.26 Зиянды  химиялық  заттар  бөлу  арқылы  жұмыстар  жүргізілетін  үй-

жайлардағы жұмыс орындары жергілікті сору құрылғыларымен жабдықталуы тиіс. 

5.5.3.27  Санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілерінде  талаптарға  сәйкес 

дезинфекциялық камералар үшін бумен жабдықтауды қарастыру керек.  

5.5.3.28  Бактериологиялық,  вирусологиялық  зертханалар,  аса  қауіпті  инфекциялар 

бөлімі  орналасқан  үй-жайлардағы  орталықтан  жылыту  жүйелерінде  жылыту  құралдары 

ретінде жеңіл тазалауға жол беретін тегіс бетті құралдар қарастыру керек. 



жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау