Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет2/25
Дата25.05.2018
өлшемі0,63 Mb.
#17676
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

ҚР ҚН 3.02-14-2014 

 

IV 



КІРІСПЕ

 

 



Осы  құжат  нормалаудың  параметрлік  әдісіне  сәйкес  Қазақстан  Республикасының 

құрылыс саласындағы нормативтік базасын реформалау шегінде әзірленді.  

Осы құрылыс нормасында:  

- нормативтік талаптардың мақсаты; 

- функционалдық талаптар;  

- жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар бар.  

Осы ережелер жинағы «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдарының 

жә

не  бұйымдардың  қауіпсіздігіне  қойылатын  талаптар»  техникалық  регламентінің 



дә

лелдемелік  базасына  кіретін  нормативтік  құжаттардың  бірі  болып  табылады  және 

құрылыс саласындағы халықаралық ынтымақтастықтағы техникалық кедергілерді жоюға 

бағытталған.  

Осы  құрылыс  нормалары  Қазақстан  Республикасы  аумағында  қолданылатын 

құрылыс саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкес әзірленген және 

жобаланатын  және  салынатын  санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілерін 

ә

зірлеу кезінде қолдануға арналған. 



Осы  құрылыс  нормаларының  талаптарын  орындаудың  қолайлы  шешімдері  мен 

параметрлері  ҚР  ЕЖ  «Санитарлық-эпидемиологиялық  қызметтердің  объектілерін 

жобалау» келтірілген. 

 



ҚР ҚН 3.02-14-2014

 

СН РК 3.02-14-2014 



 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ 



СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІН 

ЖОБАЛАУ 

 

ПРОЕКТИРОВАНИЕ ОБЪЕКТОВ САНИТАРНО-ЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКИХ 

СЛУЖБ 

 

Енгізілген күні 

  - 

2015-07-01



 

 

1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ 

 

1.1 Осы  құрылыс  нормалары  Қазақстан  Республикасы  аумағында  салынатын 

санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілерінің  жер  телімін  орналастыруға, 

көлемдік-жоспарлық шешіміне, инженерлік қамтамасыз етілуіне талаптар белгілейді. 

1.2 Құрылыс  нормалары  санитарлық-эпидемиологиялық  қызмет  объектілерінің 

ерекшеліктерінің 

функционалдық-ұйымдық 

ерекшеліктерін 

ескере 

отырып, 


зертханаларды, қоймалық жайларды, виварийлерді, бөлімшелерді жоспарлау кезеңдерінде 

сақталуы тиіс. 

1.3 Осы  құжат  қайта  салынатын  және  реконструкцияланатын  санитарлық-

эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалауға, олардың құрылысына таратылады. 

 

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 

 

Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін мынадай сілтемелік нормативтік құжаттар 

қажет: 

2007 жылдың 9 қаңтарындағы № 212-III «Қазақстан Республикасының экологиялық 



кодексі» Қазақстан Республикасының кодексі. 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2008  жылдың  29  тамызындағы  №  796 

Қаулысымен  бекітілген  «Ғимараттарды,  үй-жайлар  мен  құрылыстарды  автоматты  түрде 

өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды 

эвакуациялауды  басқару  жүйелерімен  жабдықтау  жөніндегі  талаптар»  техникалық 

регламенті. 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2009  жылдың  16  қаңтарындағы  №  14 

Қаулысымен  бекітілген  «Өрт  қауіпсіздігіне  қойылатын  жалпы  талаптар»  техникалық 

регламенті. 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2010  жылдың  17  қарашасындағы  № 1202 

Қаулысымен  бекітілген  «Ғимараттар  мен  құрылыстардың,  құрылыс  материалдары  мен 

бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті. 

 

 

Ресми басылым 




ҚР ҚН 3.02-14-2014 

 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылдың  10  қаңтарындағы  №  13 



Қаулысымен  бекітілген  «Зертханаларға  қойылатын  санитарлық-эпидемиологиялық 

талаптар» санитарлық ережелері. 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылдың  17  қаңтарындағы  №  87 

Қаулысымен  бекітілген  «Денсаулық  сақтау  объектілеріне  қойылатын  санитарлық-

эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері. 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылдың  24  қазанындағы  №  1355 

Қаулысымен бекітілген электр қондырғыларын орнату ережелері. 

ҚР ҚН 2.02-02-2012 Ғимараттар мен имараттардың өрт автоматикасы. 

ҚР ҚН 2.04-01-2011 Табиғи және жасанды жарықтандыру. 

ҚР ҚН 2.04-02-2011 Шудан қорғау. 

ҚР ҚН 3.02-08-2013 Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар. 

ҚР ҚН 3.02-29-2012 Қоймалық ғимараттар. 

ҚР  ҚН  3.06-01-2011 Ғимараттар  мен  имараттардың  қимылы  шектеулі  топтар  үшін 

қолжетімділігі. 

ҚР ҚН 4.01-01-2011 Ғимараттар мен имараттардың ішкі су құбыры және кәрізі. 

ҚР  ҚН 4.01-03-2013  Сумен  жақбытау  мен  кәріздің  сыртқы  желілері  және 

имараттары. 

ҚР ҚН 4.02-01-2011 Ауаны жылыту, желдету және кондиционерлеу. 

ҚР ҚН 4.03-01-2013 Газ тарату жүйелері.  

ҚР ҚН 5.01-02-2013 Ғимараттар мен имараттардың іргелері. 

ҚР  ҚБҚ 1.01-01-2014 Сәулет,  қала  қүрылысы  жэне  кұрылыс  саласындағы 

мемлекеттік нормативтер. Негізгі ережелер. 

 

Ескертпе  - Осы  мемлекеттік  нормативті пайдаланған  кезде сілтеме  құжаттардың  әрекетін  ағымдағы 



жылғы жағдай бойынша жыл сайын құрастырылатын «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы 

Қазақстан  Республикасының  аумағында  қолданылатын  нормативтік  құқықтық  және  нормативтік-

техникалық актілер тізбесі» ақпараттық тізімдемесі және ай сайын шығатын тиісті ақпараттық бюллетень-

журнал  бойынша  тексерген  жөн.  Егер  сілтеме  құжат  ауыстырылса  (өзгерсе),  онда  осы  нормативті 

пайдаланған  кезде  ауыстырылған  (өзгертілген)  құжатты  басшылыққа  алу  керек.  Егер  сілтеме  құжат 

ауыстырусыз  күшін  жойса,  онда  оған  сілтеме  жасалған  ереже  осы  сілтемеге  қатысы  жоқ  бөлігіне 

қолданылады.  

 

3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР  



 

Осы құрылыс нормаларында ҚР ҚБҚ 1.01-01 бойынша терминдер, сондай-ақ тиісті 

анықтамалар бар мынадай терминдер қолданылады: 

3.1 Биологиялық қауіпсіздік: Жұмыс істейтін қызметкерлерді, халық пен қоршаған 

ортаны  биологиялық  агенттердің  (бұдан  әрі  -  БА)  әсерінен  қорғауға  бағытталған  

медициналық-биологиялық,  ұйымдастырушылық  және  инженерлік-техникалық  шаралар 

жүйесі. 

3.2 Вирусологиялық  зертхана:  Биологиялық  материалдан  және  қоршаған  орта 

объектілерінен  вирустардың  бөлінуі,  антигендер  мен  антиденелерді  анықтау  бойынша 

зерттеулер жүргізілетін зертхана. 




жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау