Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет25/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   96

75
топтап  тастауға,  бөліктерді  қайта  құрастырып  біртұтас  жасауға 
келмейді.  Мәтін  жүйелі,  мақсатты  ойға  құрылғандықтан,  толық 
мағынасында  жеткізілуі  тиіс.  Ғылыми-техникалық  шығармалар 
стилі ықшамды, жинақы әрі нақты да дәл болуы шарт. 
Техникалық  әдебиетті  аудару  аударма  түрінде  алдыңғы 
орынға  аударылатын  мәтіннің  сипатын,  негізін,  мәнін  түсінуден 
келіп  шығады.  Сонымен  бірге  аталған  техника  саласында 
қабылданған  қазақ  терминологиясына  сәйкес  білім  меңгерудің 
маңызы ерекше зор. Әсіресе, қай салада қабылданып, бекітілген 
стандартты  терминологияны  қолдануға  айрықша  нұсқау 
жасалады.  Сипаттамалық  аударма  қазақ  тілінде  аталған  термин 
сөздің баламасы жоқ жағдайда ғана қолданылады. Аударма ісіне 
кіріспес  бұрын,  аталған  мамандық  бойынша  материалды  түсіну 
үшін  негізгі  мәтіндерімен  мұқият  танысып  алу  қажет.  Бұл  үшін 
сондай  бір  салада  қызмет  істеп,  біраз  тәжірибе  толыстырып  алу 
да  пайдалы.  Немесе  сол  саладағы  кәсіби,  тәжірибелі  маманмен 
ақылдасқан  жөн.  Аударманың  өзіне  қатысты  талабына  келсек, 
ол  ойды  жеткізу  дәлдігімен  және  қабылданған  терминологияны 
пайдаланумен ғана ерекшеленбейді, мәтін шұбалаңқылықтан әрі 
түсініксіздіктен аулақ болуы керек. Машина жабдықтары немесе 
құралдар, өндірістік технологиялар аудармада көрнекі сипат алуы 
тиіс. Барлық ағылшындық, американдық немесе орыс өлшемдері 
метрикалық баламамен есептеліп шығуы қажет.
Техникалық  әдебиет  аудармасын  кез  келген  адам  жасай 
алмайды.  Ондай  аударма  жасау  тапсырылған  жағдайда,  сол 
саланың  мамандарының  ақыл-кеңесіне  сүйенуге  тура  келеді. 
Мұндағы  терминдердің  баламасын  табу  қиын.  Өйткені, 
технологиялық  жабдықтардың,  ақпараттардың  әрбір  бөлігінің 
атауы бар. Мүмкіндігінше ол аудармада сақталынуы тиіс. Әрине 
кейбір жағдайда түсініктеме беру артық болмайды. 
Техникалық  әдебиет  аудармасы  үлкен  техникалық  білімді, 
ғылымның  жетістіктерімен  жете  танысуды,  сол  салаға 
мамандануды  болмаса  терең  хабардар  болуды  қажетсінеді. 
Сондай-ақ аудармашының сенімді көмекшісі ғылыми-техникалық 
сөздіктер болып табылады.
Ғылыми-техникалық мәтінге ғылыми мақалалар, монография, 
техникалық сипаттама жатады. Әр саланың өзіндік қолданылатын 


76
қалыпты  стилі,  термині,  мәтіндік  құрылымы  болады.  Бұл 
саладағы  шығармаларды  аударуға  сөздік  те  аздық  етеді,  кәсіби 
маман  біліміне,  тәжірибесіне  де  сүйенген  дұрыс.  Ғылыми 
мәтіндер  қатаң  морфологиялық  және  синтаксистік  құрылымға 
ие,  сөздің  бірыңғай  орамдары,  біркелкі  стиль  қалыптасқан. 
Ғылыми-техникалық еңбектерді аудару көп салалы білімді қажет 
ететіндіктен, бұған білікті кәсіби маман ретінде бейімделген жөн. 
Ең  бастысы,  ғылыми  мәтін  когнитивті  ақпаратты  жеткізу  көзі 
саналатындықтан,  терминдерді  дұрыс  жеткізудің  мәні  ерекше. 
Көбінесе  термин  сол  күйінде  алынады,  егерде  бір  мағыналы, 
баламасы болса, соны қолдану қажет. Екі тілдік арнайы сөздіктерде 
баламалардың маңызды бөлігі сақталады. Терминге жаңа балама 
табу  –  ізденіс  негізі.  Арнайы  үкімет  терминкомы  бекіткен 
баламалар қолданылады. Терминдерді мағынасы жағынан жақын 
сөздермен  ауыстыруға  жол  берілмейді.  Ғылыми-техникалық 
еңбектер аудармасында артық сөз қолдану қателікке әкеп соғады. 
Қысқарған сөздердің мағынасын бастапқы мәтіндерінде жақшаға 
алып,  толық  нұсқасын  жазу  артық  болмайды.  Ғылыми  мәтіннің 
коммуникативтік міндеті – білімнің белгілі бір саласына сай жаңа 
мәліметтерді  жинақтау.  Аудармашының  ғылыми  жұмыс,  зерттеу, 
монографияның  жалпы  мазмұнымен  терең  танысуы,  оны  жақсы 
меңгеруі істің нәтижелілігін береді. Ең бастысы аудармаға ұдайы 
ізденіс, психологиялық, кәсіби әзірлік керек. 
Ғылыми-көпшілік  мәтінді  аудару  ғылыми-техникалық 
аудармаларға  қарағанда  оңай.  Алайда  мүлде  жеңіл  деуге  де 
болмайды. Кейде мұнда шұбалаңқы сөйлемдер, күрделі бірліктер, 
тіркестер,  анағұрлым  ұзақ  ережелер,  пайымдаулар,  жаттығулар, 
түсіндірмелер басым болуы мүмкін.
Мұнда синтаксистік құрылымдар тұтастай қарапайым, алайда 
коммуникативтік  тапсырма  күрделі,  өйткені  оның  құрылымы 
әралуан сипатты. Мұның міндеті – оқырманға танымдық ақпаратты 
жеткізу әрі бір мезгілде соған тарта білу. 
1.2.6  Ғылыми-техникалық  аударма  мәтініне  қойылатын 
талаптар мен аудармашының міндеттері 
Ғылыми-техникалық  мәтіндерді  аударуда  мына  критерийлер 
бірдей негізге алынуы тиіс.


77
 
1. Линвистикалық (балама аударма тіл заңдылықтарына сай 
болады);
 2. Қолданбалы-практикалық (түсініктілік, уәжділік, айырымдық 
мәнінің жеткіліктігі, ықшамдык-икемділігі ескеріледі).
  Ғылыми-техникалық  мәтіндердің  өзегі  –  терминдер, 
сондықтан  ықшамдылық,  қолдануға  қолайлылық,  жүйелілік 
талаптарына да сай келіп, ұғым мазмұнын дәлірек беретін болуы 
тиіс. Сонымен:
1) Аударма сөзбе-сөз аударма болуы тиіс емес, мәтін мазмұны 
оқырманға түсінікті тілмен жеткізілуі шарт.
2) Әрбір аудармашының дербес компьютерде өз алдына жұмыс 
жасау қабілеті мен икемділігі болуы шарт.
3)  Аудармашының  фондық  білімінің  (техникалық  материал-
дарды  аударса,  техникадан  жақсы  хабардар  болуы,  ұлттық 
әдебиеттерді аударса, ұлтгтық болмыстан жақсы хабардар болуы 
т.с.с.) қажетті деңгейде болуы.
4)  Аудармашы  аударма  барысында  орфографиялық,  пунктуа-
циялық,  грамматикалық  және  стилистикалық  нормаларды  қатаң 
басшылыққа алуы қажет.
5) Аудармашы өзіне тапсырылған материалдардың мазмұнын 
бөгде адамдарға жарияламауы керек.
6)  Аудармашы  термин  сөздердің  баламасын  табуда  өз  еркіне 
салмай, ғылыми салалардағы сөздіктерді басшылыққа алғаны жөн. 
7)  Аудармашы  өз  бетімен  түпнұсқа  мәтінін  өзгертуге: 
қысқартуға  немесе  толықтыруға  құқылы  емес  (өзгерістерді 
тапсырыс берушінің өзі ескерткен жағдайлардан басқа кездерде).
8) Аудармашы аударма мәтінінің мазмұнын ғана емес, сыртқы 
пішінін  де  (шрифт  өлшемі,  тақырып  атауларының  орналасуы, 
абзац,  бет  нөмірлері,  кестелердің  орналасуы)  түпнұсқа  мәтініне 
сай рәсімделуін қадағалауы қажет.
9)  Аударма  мәтінді  қолданушы  адамдардың  (оқушының, 
жұмысшы  маманның)  дайындығын  ескере  отырып,  қысқарған 
атауларды қажет жерінде тарқатып аудару қажет.
10)  Терминдегі  мағына  екіұштылығын  жою  үшін  контекст 
қызметін пайдалану қажет.
11)  Мәтіндерде  ой  нақтылығы,  дәлдігі,  дұрыстығы,  түсінікті 
дәйектілігі болғанын қадағалау қажет.


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау