Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет27/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   96

81
ауызша  аударманың  аса  күрделі,  сонымен  бірге  бекзат  түрі. 
Мұндай  аударма  жасауды,  әдетте,  өзінің  ұйымдастыратын  іс-
шарасына  терең  мән  беріп,  оның  қоғам  өміріндегі  белгілі  бір 
проблемаларды  шешудегі  маңызын  түсінетін,  сонымен  бірге, 
жиынға  қатысушыларға  құрметпен  қарап,  олардың  уақытын 
тиімді  пайдалануды,  жиында  көтерілген  мәселелердің,  айтылған 
әңгімелердің көпшілікке түсінікті болуын, ол мәселелер бойынша 
барынша мол, жан-жақты ақпарат жинақталуын, сөйтіп келешекте 
бұлар  бойынша  қабылданар  шешімнің  ортақ  тұжырымдамасы 
түзілуін көздейтін ұйымдар, мекемелер жүзеге асырады.
Оқырманды ілеспе аударманың қай жерде, қашан пайда болғаны 
және қазақ жеріне қалай келгені қызықтырары анық. Бұл мәселе 
ілеспе  аударманы  зерттеушілердің  де  назарын  аударып,  бірнеше 
қызықты  фактілердің  анықталуына  себепші  болды.  Солардың 
ішінде  ілеспе  аударма  тарихын  зерттеушілердің  көбі  ұстанатын 
нұсқа мынадай:
1926  жылы  (кейбіреулер  1927  жыл  дейді)  бостондық 
радиоинженер  Гордон  Финли  мен  «ІВМ»  («Іnіеrnаtіоnаl  Вusіnes 
Масһіnеs»)  фирмасының  президенті  Томас  Уотсонның  атына 
ілеспе  аударма  жасауға  арналған  патент  берілген.  Сол  патент 
негізінде олар Бостон қаласындағы дүкен иесі Эдуард Филеннің 
көптен іске асыра алмай жүрген идеясы: сөз сөйлеуші мен оның 
аудармасын бір мезгілде тыңдарманға жеткізу туралы ойын жүзеге 
асырады.
Бұл  жаңалық  тез  тарап,  басқа  елдерде  де  бірден  танымал 
болғанға  ұқсайды,  себебі  1928  жылы-ақ  Кеңес  Одағында 
Коминтерннің  VI  конгресінде  аудармашылар  көпшілікке  бұған 
дейін  белгісіз  әдіспен  аударма  жасайды.  Ол  жөнінде  Кеңес 
Одағындағы  ілеспе  аударманың  алғашқы  қарлығаштарының  бірі 
саналатын Е.А.Гофман «Красная нива» журналына сілтеме жасай 
отырып,  былай  деп  жазады:  «Красная  нива»  журналының  осы 
жылғы  санынан  мінбердің  алдында  отырған  аудармашылардың 
суретін  көруге  болады.  Олардың  мойнына  микрофон  бекітілген 
ауыр  құрал  ілінген.  Телефондар  (құлақшалар)  жоқ.  Дыбыс 
мінберден тікелей қабылданады» [17, 48-б.].
Қарапайым  оқырман  аталған  журналда  жарияланған  сурет-
терді  көргенде  аудармашылардың  қалай  жұмыс  істегенін  түсінуі 


82
екіталай.  Ал  қазіргі  аппаратурамен  жұмыс  істейтін  кәсіби 
ілеспе  аудармашының  биігінен  қарағанда  ол  жиындағы  ілеспе 
аударманың ұйымдастырылуы, оның сапасы соншалықты жоғары 
болды  дей  қою  да  қиын.  Себебі  баяндамашыны,  сөз  сөйлеушіні 
арнайы  тыңдау  аспабы  –  құлақшасыз  (наушниксіз)  тыңдап,  сол 
бойда микрофонға аудару қиынның қиыны. Мұндайда сөйленген 
сөзді  тұтастай  аудару  мүмкін  емес,  тек  сөйлем  аралатып  қана 
аударуға болады. Ал ондайда ой тұтастығы бұзылып, тыңдарманға 
қарата айтылған сөздің шала мазмұны ғана баяндалады.
Біздің  де  аудармашылық  тәжірибемізде,  республикалық 
деңгейде өткізілген үлкен жиында техникалық ақау орын алуына 
байланысты мінбердегі микрофон мен аудармашы құралы түйіспей 
қалып,  осыған  ұқсас  жай  басымыздан  өткен,  сондықтан  ондай 
кездегі аудармашының хал-күйі жақсы таныс.
Бұдан шығарылатын қорытынды: ілеспе аудармашы өзі аударма 
жасайтын  залда  орнатылған  құралдардың  дұрыс  құрылғанына, 
жұмыс істейтініне көз жеткізуі керек. Жиналыс басталардан бұрын 
аударма  жасайтын  құралдарды  құратын  инженерлермен  бірге 
жүріп,  әр  микрофонға  айтылған  сөздің  аудармашы  кабинасына 
(құлақша-наушникке)  жетіп  тұрғанын  тексеріп  алған  жөн.  Бұл  – 
басты ережелердің бірі.
1933  жылы  өткен  Коминтерннің  атқару  комитетінің  XIII 
пленумында  жоғарыдағы  кемшіліктер  жойылып,  ілеспе 
аудармашылар  жеке  кабиналарға  отырғызылады  және  тыңдау 
құралымен қамтамасыз етіледі.
Осындай  мысалдарға  сүйеніп,  Ресей  зерттеушілері  аударма 
жасаудың  бұл  түрі  бұрынғы  Кеңестер  Одағында  алғаш  рет  1928 
жылы,  Коминтерннің  VI  конгресінде  жүзеге  асырылды  деген 
пікірге  тоқтағандай.  Ілеспе  аударма  жасауға  тікелей  қатысқан 
мамандардың,  мұндай  оқиғаға  куә  болғандардың  еңбектерінде 
де осы жиналыс кеңестік кеңістікте микрофон мен құлаққа ілгіш 
кұралды  (құлақша-наушникті)  пайдаланып,  жиналғандарды 
қайран  қалдырған  ерекше  аударманың  алғашқы  мысалы  ретінде 
аталып  жүр.  Содан  кейін  ілеспе  аударма  жасау  қарқынды  түрде 
дамып, 1935 жылы Ленинград қаласында өткен XV Халықаралық 
физиологиялық конгресте академик И.П.Павловтың баяндамасын 
делегаттар бірден ағылшын, неміс, француз тілдерінде тыңдайды. 


83
Осы жиналыстан кейін Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін ілеспе 
аударма  Коминтерннің  сессияларында  ара-тұра  қолданылып 
отырғаны,  сондай-ақ  СОКП-ның  ХХ  съезінде  алты  тілге  ілеспе 
аударма жасалғаны тарихтан белгілі [18].
Бұл кезде шет елдерде де ілеспе аударма жасау талпыныстары 
болған, айталық, 1927 жылы Женева қаласында өткен халықаралық 
конференцияда,  1938  жылы  Схевенинген  қаласында  (Голландия) 
өткен  халықаралық  конференцияда  колданылған.  Ал  1936  жылы 
қос  тілді  Бельгия  парламентінің  отырыстарында  ілеспе  аударма 
жасау тәжірибесі жүргізіледі.
Алайда аударма жасаудың мұндай тәсілі өте сирек, аса ірі, сол 
уақыт  тұрғысынан  алғанда  тарихи  маңызы  зор  деп  есептелген 
жиындарда  ғана  пайдаланылғандықтан,  аударма  саласындағы 
жаңалық туралы қалың жұртшылықтың біле қоймағанын атап өту 
керек.  Зерттеушілер  ілеспе  аударманың  халықаралық  деңгейде 
пайдаланылып, жұртшылықтың назарын аударған кезі – нацистік 
әскери  қылмыскерлерді  жауапқа  тартқан  Нюрнберг  процесі 
екенін атап көрсетеді. Мұнда тұңғыш рет ілеспе аударма жасауға 
арналған америкалық құралдар орнатылып, Кеңес Одағы жағынан 
және  негізінен  америкалықтардан  тұратын  одақтастар  жағынан 
даярланған  әскери  аудармашылар  тобы  жұмыс  істеген.  Процесті 
ілеспе аудармамен қамтамасыз ету жұмысын америкалық әскердің 
полковнигі Леон Достерт басқарған.
Ал  Кеңес  Одағында  ілеспе  аударманың  дамып,  тарауының 
мынадай  белестерін  атап  өтуге  болады:  Кеңестік  аудармашылар 
әскери  қылмыскерлерді  соттаған  Нюрнберг  және  Токио 
процестеріне қатысқаннан кейін біраз үзіліс болады. 1952 жылы 
Мәскеуде Одақтар Үйінде халықаралык экономикалық кеңес өтеді. 
Үш залда өткізілген жұмыс ілеспе аудармамен қамтамасыз етіліп, 
оған 50-ге жуық аудармашы қатысады. Олардың ішінде Нюрнберг 
процесіне қатысқандар жұмыстың ең ауырын өздеріне алып, орыс, 
ағылшын, неміс, испан және қытай тілдеріне аударма жасайды. Тап 
осы жиында диспетчерлік пультта отыратын жетекші аудармашы 
жүйесі алғаш рет қолданылады.
Ілеспе аударманың дамуына зор ықпал еткен тағы бір ірі оқиға 
ретінде  1957  жылы  өткізілген  жастар  мен  студенттердің  Мәскеу 
фестивалін айтуға болады. Фестивальдің басқа бағдарламаларына 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау