63
жүзеге асуы – сөздің түрін таңдаудан, баламалық мағынаны
ұтымды үйлестіре білуінен, оның грамматикалық категорияларын
сұрыптап, саралап қолданудан.
Аудармашы үшін тіл білімінің заңдылықтарын филологтан кем
білмеуі қажет. Жақсы аудармашы болғанымен, аударма тілі нашар,
қарабайыр, солғын жасалса, бұл – үлкен қателік. Сондықтан
лигвистиканың бар заңдылықтарын жетік білу маңызды.
Аударма ұлт пен ұлтты, мәдениет пен мәдениетті
жақындастырудың басты рухани құралы ретінде барған сайын
маңызын арттыруда. Аударманың айрықша қажеттілігін егемен
еліміздің қоғамдық, мәдени өмірі, ғылымы барған сайын айқын
сезінуде. Осы тұрғыдан келгенде көркем әдебиет аудармасына да
уақыт процесіне сай жаңаруға, толығуға, оқырманның рухани,
эстетикалық талғам-талабын өтеудің жаңа биігіне көтерілуге
бетбұрыс жасау қажеттілігі зор.
Аударма бір ғана көркем әдебиеттің даму деңгейімен өлшенбейді,
басқа түрлі ғылым салалары жетістіктерінен де көрінеді. Адам
бойында адамгершілік қасиеттер мен рухани құндылықтардың
да берік қалыптасуын көркем әдеби шығармаларымен қатар
басқа халықтардың мәртебесін, көтерген жекелеген тағылымдық,
тәрбиелік еңбектер, атап айтқанда философия, тарих, этика,
эстетика, мәдениеттану, логика, психология, өнертану т.б. тың
еңбектердің, маңызды жаңа ғылыми зерттеулердің аударылуы да
зор ықпал жасайды.
Аударма – әртүрлі әдеби жанрларды байытады, олардың
жаңа қырын ашады. Көркем аударма стильдік, тілдік байлығы
композициялық, мазмұндық, эстетикалық сипаты тұрғысынан,
жоғары деңгейде жасалуы тиіс. Аударма теориясы тұжырым-
дағандай, көркемдік дәлдікте, сәйкестілікте әрі уақытымен
үндес жасалғанда, ол әдебиеттің жетістігіне айналады. Аударма
түпнұсқаның бар көркемдік, эстетикалық сұлулығын, тіпті әуездік-
ырғақтық кереметтілігіне дейін жеткізуі керек.
Аудармашы аударма өнерінде ақынның бейнелеу әлеміне, тіл
байлығына, сипаттау сұлулығына, көркемдік кеңістігіне еркін
бойлай отырып, көп нәрсе үйренеді, шығармашылық ізденісін
жетілдіреді. Суреткер талантының құпия сырларына қанығады.
Тәжірибе толыстырады. Көркем шығарманың аудармадағы
тәржімалық тағдыры кейде сәтті, кейде сәтсіз де болады. Сәтті,
64
табысты болуы – аудармашының шеберлігі мен тәжірибесін
аянбай жұмсап, түпнұсқаны биік көркемдік деңгейінде
құрылымдық элементтерімен тұтастай оқырмандарға жеткізуі
болса, сәтсіздігі – жақсы шығарманың нашар аудармашы қолынан
шалағай, жарамсыз дүние болып шығуы. Кейбір түпнұсқалық
туындылар жақсы аударылуымен тұтастай немесе кейбір сюжет,
эпизодтарымен басқа шығарманың композициясына жаңаша
мазмұндық, көркемдік сипатта енеді. Әлем аударма тәжірибесінен
бұған көптеген дәлелдер бар.
Жоғары көркемдік сападағы аударма – ұлт мәдениетін
өркендетумен бірге, әдебиеттің дамуына өлшеусіз ықпал етеді,
ұлттық тілді байытады, өзге халық туралы таным-түсінікті
кеңейтеді. Көркем аударма бұл – автор талантымен бәсеке түсу,
көркем шығармашылықты меңгерудің, қабылдап танудың,
бағалаудың жарқын үлгісі, ой мен ойдың, сөз бен сөздің сезімталдық
сипатындағы сайысы. Бұл үлкен шығармашылық өнер ғана емес,
ұлт әдебиеті мен автор шығармашылығы алдындағы маңызды сын.
Аудармаға да қатаң талап талғаммен қараған дұрыс.
Оқырманды тартатын, қызықтыратын туынды кезек күттірмеуі
керек. Аударма жетілдірілген сайын ол соншалықты күшті әрі
маңызды, ал көбейген сайын соншалықты бір ұлттың дәстүрі
екіншісімен терең ұштасады, әдебиеттердің өзара ықпалдастық
процесі пәрменді жүреді. Аударма – халықтар арасындағы мәдени
қарым-қатынастың рухани қоғамдық, тарихи байланыстың
ежелгі түрі. Әдеби ортада аударма жеке авторға ықпал ету, жаңа
шығармашылық процес қатынасында жалғасады.
Ұлт талантына құрмет, ұлтқа қызмет ету, бір халықтың
ұлттық мұрасын өз елінің игілігіне айналдыру жолында аянбай,
талмай еңбек еткен аудармашылық шығармашылық қай кезеңде
биік бағаланады. Бүгінде М.Әуезов арқылы Абайды таныса, Ш.
Айтматов туындылары арқылы әлем оқырмандары қазақ, қырғыз
халқының өмірінен, тұрмысынан хабардар болуда.
Аударма қай кезде де идеологияның маңызды бөлігі саналған.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Батыста аударманың кең таралуына
ықпал етті. Мұндай бағыт – жауды «көркем шығарма» арқылы
«танып, білу». Кейбір аудармалар нысаналы түрде орындалды,
кейбіреуі үгіт-насихат мақсатында әдейі жасалды.
65
Әрбір елде аударма және де қуатты идеологиялық қару
ретінде қандайда бір оның маңыздылығы жаңа мәдени кезеңнің
басталуында ерекше үлкен рөл атқарады. Аударма әр дәуірдің
идеялық-эстетикалық талаптарына сәйкес орындалады. Мұндай
жағдайда аударма өткенді қазіргі уақыттың қызығушылығы үшін
қайта жаңғырту негізінде пәрменді мәнге ие болады. Аударма
мәңгілік қатып қалған дүние емес. Қоғам дамуына, өркениеттің
өзгерістеріне орай үздіксіз жаңарып-жетіліп отырады. Өйткені
уақыт, заман өзгереді, соған орай адамдардың дүниетанымы,
көзқарасы да өзгеріп отыратыны заңдылық. Осыған орай
аудармашының да тұжырымдары, сипаттары үздіксіз өзгеріп,
жаңарып отырады. Осылайша бір шығарманың бірнеше аудармасы
жасалады. Бұл әдебиетте жиі қайталанатын жайт. Бірақ әр аударма
өз уақытының талабына сай болуы керек, басқасын қайталамауы
тиіс. Өз уақытына сәйкес аударма оқырманынан лайықты
бағаланады.
Жалпы аударма қашанда өз уақытының ғана емес, келер
кезеңдердің де қажетіне жарап, рухани игілікке ұласады. Дәуір-
заман өзгергенмен, жақсы аударманың маңыздылығы көркем
шығарманың рухымен бірге тыныстайды. Олар белгілі бір
әлеуметтік дәуірде жасалады, әрі сол дәуірдің идеялық қаруы
саналады. Сондықтан да, ол – өміршең, жасампаз. Өйткені
түпнұсқаның шығармашылық ұзақ өмір сүруі оның идеялық
және көркемдік құндылығында. Аударма шығармасының осы
құндылығы сақталғанда ғана ол өзге халықтың рухани жемісіне
айналады.
Ұлттар арасында дәстүрлі түрде аударма жасау кеңестік
идеологияның негізгі бағыттарының бірі болды. Қазір бұл
үрдіс ТМД елдеріндегі экономикалық-әлеуметтік жағдайдың
ықпалынан әдеби дамудың тежелуіне байланысты бәсеңсіп қалды.
Алайда, орыс аударма өнері көркем шығармалар болсын, басқа
ғылым, өнер салалары аудармасы болсын жан-жақты жандану
үстінде. Әлем көркем әдебиетінің үздік үлгілері мен аударматануға
қатысты зерттеу еңбектерін сол халықтың тілінен ана тілімізге
тікелей аудару ісін жеделдету маңызды. Еліміздің экономикалық
дамуының алдыңғы қатарында мәдениет, ұлттық әдебиет жүруі
тиіс. Осы мақсатта аударманың барлық саласын жетілдіру – білім
Достарыңызбен бөлісу: |