Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет12/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   162

35

ал  хан  есімінің  өзін  қалмақша  алачын  (алач)  «жан  алушы»  деген 

сөзден  шығарады,  өйткені  Алаша  ханның  шын  аты  Ахмет  дейді 

(Абай, II, 224). Осы мәліметті Сәкен Сейфуллин де бере келіп: «Бұл 

сөз ноғайлы заманынан, яғни қазақ атанған тайпалар қазақ болмай 

жүргенінде  қолданылған  сөз»,  –  дейді.  Оған  дәлел  ретінде  «ноғай, 

қазақ – бәріміз бір алаштың баласымыз» деген нақыл сөзді келтіреді 

(С. Сейфуллин, VI, 21-24).



Алаш сөзінің үшінші мағынасы – жоғарыда көрсетілген мағынаға 

қарама-қарсы «жау, жат» деген мәнде жұмсалуы. Мұны С. Сейфуллин 

жақсы көрсеткен. «Е-е, мен сенің ағайының емес, алашың ба едім» 

және  «алашың  туысқандай  болсын»  дегендерді  мысалға  келтіреді  

(С. Сейфуллин, VI, 285). Алаш сөзінің «ел» және «жау» деген қарама-

қарсы  екі  мағынасы  өткен  ғасырларда  қатар  қолданылып  келген. 

Мысалы, Бұхардың:

Өзіңмен бірге туысқан



Алаштан бетер жат болар,– 

дегенінде немесе Махамбеттің:

Бесеуіміз жүргенде, 

Алашқа болман деуші едік, – 

дегендерінде  алаш  –  «қарсы  жақ,  дұшпан».  XVI  ғасыр  жырауы 

Шалкиіздің:

Алаштан байтақ озбаса,

Арабыдан атты сайлап мінбен-ді, – 

деген өлең жолдарында екі сөз көне мағынада келген: алаш – мұнда 

«жат ел, жат (жау) жұрт», байтақ – өз елі, өз жұрты». 

ХІХ ғ. ақыны Базар Өтемісұлында: 

Алаш дұшпан мысалы

Аңдысып тұрған көзіңнің

Қарасы мен ағындай 

   

(ХVІІІ-ХІХ ғ. қазақ поэзиясы. 228), – 



деген  жолдарында  алаш  сөзінің  «дұшпан»  мағынасы  тіпті  айқын 

берілген. 



Алаш сөзінің жағымсыз мағынасы монғол, қалмақ тілдерінде бар. 

Монғолша  алач  сөзінің  бір  мағынасы  «кісі  өлтіруші,  жан  алғыш», 

қалмақ  тілінде  алач  –  «баскесер».  Бұл  сөздің  қазақ  тіліндегі  «жау, 

дұшпан»  мағынасында  қолданылуына  оның  монғол  тілдеріндегі 

ұғымы да себепкер болуы мүмкін, яғни алаш сөзінің «кісі өлтіргіш», 

одан  шыққан  ауыспалы  мағына  «жау,  дұшпан»  деген  ұғымы  қазақ 

тілінде өте ертеден келе жатуы ықтимал, яғни бұл сөз осы мағынада 

түркі-монғол  тілдеріне  ортақ  сөз  болуы  да  мүмкін  немесе  соңғы 




36

ғасырларда үнемі сыртқы жауларының бірі болып келген монғол тай-

палары – қалмақтар мен жоңғарлардың тіліндегіше «жан алғыш, бас- 

кесер» мағынасынан ауысып, «жау, жат» мағынасында қолданылып 

кетуі мүмкін.

Сөйтіп,  өткен  кезеңдердегі  қазақ  тілінде  алаш  сөзі  «ел;  жұрт, 

көпшілік,  қауым,  халық»  мағынасында  және  осыған  қарама-қарсы 

«жау,  дұшпан,  жат»  мағынасында  қолданылған.  Бертін  келе  Абай 

сияқты қаламгерлер бұл сөздің мағынасын тарылтып, «жалпы қазақ 

елі, халқы» емес, әйтеуір «ел іші, біреудің айналасы, жақыны, туысы» 

деген мәнде жұмсаған. Мысалы:

Малға достың мұңы жоқ малдан басқа,

Аларында шара жоқ алдамасқа,

Табысына табынып, қалбаң қағып.

Тойғанынан қалғанын берсе алашқа (Абай, 1, 197), – 

дегенінде  алаш  сөзі  «жақыны,  айналасы»  деген  ұғымды  береді, 

өйткені  бұл  өлеңдегі  әңгіме  –  мал  жию  үшін  барша  айлаәрекетін 

жасап жүрген «малға достар» туралы, олар – тойғанынан қалғанын 

бүкіл елге, халыққа беретіндей мықтылар емес, «қалбаң қаққан» жай 

пысықтар, олардың алашы – жақыны, туысы, айналасы ғана.

Қазіргі қазақ әдеби тілінде «ел, қауым, халық» дегеннің синонимі 

ретінде алаш сөзі өте сирек қолданылады (ал қазақ халқы дегеннің 

баламасы  ретінде  ең  соңғы  кездерге  дейін  мүлде  қолданылмай 

келді). Бұл күнде поэзияда алаш «жалпы бұқара, көпшілік, халық» 

мағынасында  поэтикалық  сөз  ретінде  жұмсалады.  Мысалы,  Қадыр 

Мырзалиевтің «Данышпан» деген кітабынан:

Көмейлі капитал

Алашты – 

Халықты


Сүліктей сорды кеп.

Соңғы бір-екі жылдың ішінде алаш сөзінің публицистика тілінде 

жандана бастағаны байқалады. Бұған, бір жағынан, ұлттық намыс- 

ты  ояту,  ол  үшін  қазақ  халқының  ұлттық  тәуелсіздігін  талап  етіп, 

сол  жолда  қызмет  көрсеткен  «Алаш»  партиясын,  оның  көрнекті 

қайраткерлерін насихаттау, халыққа кеңінен таныстыру мақсаты се-

беп болса, екінші жағынан, тіліміздің сөз байлығын сарқа пайдалану, 

ол үшін ондаған көне сөзді қайта активтендіру бағыты себеп болды. 

Бұл күнде алаш сөзі көбінесе «қазақ халқы» ұғымында жұмсалатын 

сияқты.


АЛҒАНЫМ. Бұл сөздің беретін мағынасын контекске қарап айы- 

ру оңай сияқты көрінеді. Ол көбінесе «әйелім, жарым, қосағым» де-




37

ген  ұғымда  жұмсалған  деп  ойлаймыз.  Бұл  тұлға  қазірде  әдеби  тіл 

нормасында қолданылмайды деуге болады, дегенмен ауызекі сөйлеу 

тілінде жұмсалуы мүмкін.



Алғаным сөзін біз эпостар тілінен және өткен кезеңдердегі ақын-

жыраулар  тілінен  кездестіреміз.  Мысалы,  «Алпамыс»  жырында 

Байбөрі бай бәйбішесіне:

Рас па сөзің, алғаным,

Алаша төсек салғаным,– 

дейді. Бұл жерде Байбөрі жасы ұлғайып қалған әйеліне аруым, жа-

рым  дей  алмайды.  Сірә,  өткен  кезеңдерде  күйеуінің  әйеліне  үй 

ішінде  айтатын  қаратпа  сөзі  немесе  жалпы  өз  әйелін  атауы  үшін 

айтылатын  сөз  –  жоғары  поэтикалық  бояуы  бар  жарым,  жұбайым, 

қосағым деген сөздер де емес, кейінгі кездерде мүлде тұрпайы сипат 

алып кеткен қатыным деген сөз де емес, өткенде қазақ тілінде онша 

жиі  қолданылмаған  арабтың  әйелім  сөзі  де  емес,  бейтарап  мәндегі 



алғаным сөзі болған болу керек. Сондықтан:

Алғаным асыл ару деп, – 

деген өлең жолын Асанқайғыдан кездестірсек,



Алғаным мен балдарым…

Артымда қалған алғаным, – 

деген жолдарды Махамбет ақыннан ұшыратамыз.

Сөз төркіні айдай анық: алу етістігінің есімше тұлғасы, ол зат есім 

қызметін атқарып, «алған әйелі, жұбайы, зайыбы» деген ұғымға ие 

болған тәрізді. Бірақ бір ғажабы – алғаным сөзі ескі жырларда әйелге 

де, еркекке де қарата айтыла берген, сірә, қосағым, жарым, жан жол-

дасым деген сияқты жыныстық айырым мағынасы жоқ сөз болу ке-

рек. Мысалы, жоғарыда келтірілген мысалдардың көбі әйелге қарата 

айтылған болса, мына жолдарда ер адамға айтылған қаратпа болып 

келеді. Мысалы, Ер Қосайдың анасы Арубибі ері – Ақжонасқа:

Айналайын алғаным,

Дүниенің білдім жалғанын, – 

деп назданады. Сол сияқты Алпамыстың анасы – Аналық Алпамыстың 

әкесі  –  Байбөріге:  Мақұл  десең  алғаным  –  дейді.  «Қыдырбайұлы 

Қобыланды» деген жырда:

Сонда кемпір егілді,

Көзінің жасы төгілді.

Алғаным еді Қыдырбай…− 

деген жолдарды оқимыз. Тіпті бұл жердегі алғаным сөзінде тәуелдік 

мағына  жойылып  кеткенге  ұқсайды,  сөз  осы  тұлғада  «қосақ,  жар, 

әйелі, күйеуі» дегенге меңзейді. 




жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау