Қазақстан Республикасы Үкіметінің


II 2018 – 2022 жылдарға арналған



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет5/21
Дата25.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#17559
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

10 

II 2018 – 2022 жылдарға арналған

 

экономикалық саясаттың  

мақсаттары мен міндеттері 

 

Орта  мерзімді  перспективада  Қазақстан  Республикасының  әлеуметтік-



экономикалық  саясаты  мемлекеттік  және  салалық  бағдарламаларды  ескере 

отырып  Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан-2050  стратегиясын»,  бес 

институционалдық  реформа  бойынша  «100  нақты  қадам»  Ұлт  жоспарын, 

Мемлекет  басшысының  «Қазақстанның  үшінші  жаңғыруы:  жаһандық 

бәсекеге  қабілеттілік»  атты  2017 жылғы  31  қаңтардағы  Қазақстан  халқына 

жолдауын одан әрі іске асыруға бағытталатын болады. 

Әлемдегі  қалыптасқан  геоэкономикалық  жағдайды,  әлемдік  тауар 

нарықтарында  сақталған  белгісіздік  пен  қазақстандық  экономиканың  жаңа 

сыртқы және ішкі даму жағдайларына біртіндеп бейімделуін ескере отырып, 

негізгі  күш-жігер  қазақстандық  экономиканың  икемді  моделін  құруды 

жалғастыруға жұмсалатын болады. 

2018-2022 

жылдардағы  әлеуметтік-экономикалық  саясаттың 

негізгі  мақсаты  –  неғұрлым  дамыған  30  ел  «лигасына»  кіру  мақсатында 

2050 жылға қарай экономиканың тұрақты әрі сапалы өсуін қамтамасыз ету.  

Қойылған  мақсатқа  қол  жеткізу  үшін  Үшінші  жаңғыруды  іске  асыру 

бойынша  жобалық  басқаруды  енгізуді  ескере  отырып,  әлеуметтік-

экономикалық саясаттың негізгі басымдықтары: 

– ақша-кредит  саясатының  ынталандырушы  рөлін  қалпына  келтіру, 

инфляция деңгейін 3-4 %-ға дейін кезең-кезеңмен төмендету, банк секторын 

сауықтыру  және  қор  нарығын  дамыту  арқылы  қаржылық  тұрақтылығын 

қамтамасыз  ету,  салық  саясатының  ынталандырушы  рөлін  дамыту,  бюджет 

шығыстарын  ұтымды  ету,  фискалдық  орталықсыздандыру  жолымен 

макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету; 

– цифрлық  технологияларды  қолдана  отырып  жаңа  индустрияларды 

өсіру,  Индустрия  4.0  элементтерін  енгізу  және  технологиялық  қайта 

жарақтандыру, экспорттық әлеуетті арттыру және еңбек өнімділігін дамыту, 

агроөнеркәсіптік кешенді, көлік инфрақұрылымы мен логистиканы, туризмді, 

сауданы,  сондай-ақ  құрылыс  секторын  дамыту  арқылы  дәстүрлі  базалық 

салалардың  дамуына  импульс  беру

 

есебінен  экономиканы  жеделдетілген 



технологиялық жаңғырту; 

– кәсіпкерлікті  қолдау  бойынша  мемлекеттік  бағдарламаларды  іске 

асыру,  мемлекеттік  қызмет  көрсетуді  бизнеске  беру  және  мемлекеттік-

жекешелік  әріптестікті  кеңейту  жолымен  бизнестегі  шығасылардың  барлық 

түрлерін фронталды түрде азайту

 

арқылы бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту 



және  кеңейту.  Экономикаға  мемлекеттің  қатысуын  айқын  шектей  отырып,

 

монополияға  қарсы  реттеу  құралдарын  тиімді  қолдану  арқылы  сапалы 



институционалдық  ортаны  қалыптастыру,  бәсекелестікті  дамыту  және 

экономикаға жеке капиталды тарту; 

– білім беру жүйесінің

 

ролін өзгерту, денсаулық сақтау саласын қайта 



құру мен оның атаулы сипатын

 

күшейту арқылы әлеуметтік көмек көрсетуді 



оңтайландыру

 

есебінен адами капиталдың сапасын жақсарту. Еңбек нарығын 




11 

жаңғырту  мен  еңбек  ұтқырлығын  дамыту,  экономиканың  жаңа  моделі 

аясында  білікті  кадрларды  оқыту  және  қайта  даярлау  жолымен  өнімді 

жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету; 

– Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымының  (бұдан  әрі  – 

ЭЫДҰ)  үздік  тәжірибелері  мен  ұсынымдарын  имплементациялау  және 

сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету  мен экономикалық бағдарламаларды 

жүзеге  асыруды  қамтамасыз  ететін  мемлекеттің  тиімді  басқару  жүйесін 

қалыптастыру жолымен  институционалдық қайта құру; 

– өңірлердің  экономикалық  дербестігі  мен  жауапкершілігін  кеңейту 

мен  нығайту,  тұрғылықты  жеріне  қарамастан  тең  өмірлік  және  еңбек 

жағдайларына

 

қол жеткізу



 

есебінен теңгерімді өңірлік даму; 

– жаңа  экономикалық  интеграциялық  бірлестіктер  жағдайларында 

жұмыс  істеу  жағдайларына  экономиканы  және  бизнесті  бейімдеу  арқылы 

халықаралық интеграция мен өзара іс-қимыл жасау болып айкындалды.  

 



12 

ІІІ Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары мен шаралары

 

 

1. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету 

1.1 Ақша-кредит саясаты 

Ақша-кредит  саясаты  бағаның  тұрақтылығын  қамтамасыз  етуге  және 

инфляция  бойынша  нысаналы  дәлізді  2017  жылғы  6,0-8,0 %-дан  орта 

мерзімді перспективада 3,0-4,0 %-ға дейін төмендетуге бағытталады. 

Үкімет  пен  Ұлттық  Банкткің  бірлесіп  күш  жұмсауы  арқылы 

инфляцияны  төмендету  жүзеге  асырылатын  болады  және  ол  теңгерімді 

сипатта  болады.  Елде  баға  тұрақтылығын  қамтамасыз  етуге  бағытталған 

шаралар, ұзақ мерзімді

 

тұрақты экономикалық өсуге қажетті жағдай жасауға 



ықпал  етеді.  Инфляцияның  нысаналы  деңгейіне  қол  жеткізу  үшін  Ұлттық 

Банк  теңгенің  құбылмалы  айырбас  бағамы  режимінде  пайыздық  саясатқа 

ерекеше  көңіл  аудара  отырып,  ақша-кредит  саясаты  құралдарының  жүйесін 

құруда. 


Нарықтық  мөлшерлемелерді  базалық  мөлшерлеменің  пайыздық 

дәлізінің  шегінде  ұстап  тұруға  бағытталған  Ұлттық  Банктің  пайыздық 

саясаты,  ақша  нарығындағы  ұзақ  мерзімді    өтімділікті  реттеуде  негізгі  рөл 

атқаратын  ашық  нарық  құралдарына  ықпал  ете  отырып,  инфляциялық 

күтулер мен айырбас бағамына қатысты күтулерді неғұрлым тиімді реттеуге 

мүмкіндік береді. 

Экономиканың  түрлі  сегменттерінде  ақшаның  құнын  теңестіру 

мақсатында  2017  жылғы  1  сәуірден  бастап  қайта  қаржыландырудың  ресми 

мөлшерлемесі базалық мөлшерлеменің мәніне теңестірілді. 

Ұлттық  Банк  тенгенің  еркін  құбылмалы  айырбас  бағамы  режимін 

ұстануды  жалғастырады.  Теңге  бағамы  валюта  нарығындағы  сұраныс  пен 

ұсыныс  теңгерімін  негізге  ала  отырып,  қалыптасатын  болады.  Іргелі  ішкі 

және  сыртқы  факторлардың  өзгеруі  салдарынан    теңгенің  күнделікті 

ауытқуы,  айырбас  бағамын  елеулі  және  күрт  түзету  қажеттілігінсіз, 

экономикадағы теңгерімсіздіктерді жинақтамауға  мүмкіндік береді. 

Ақша-кредит  саясатының  шараларын  іске  асыру  инфляциялық 

таргеттеу режимі шеңберінде ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыруға 

бағытталады.  Бұл  ретте  Ұлттық  Банк  инфляция  бойынша  мақсаттар  мен 

макроэномикалық  тұрақтылық  арасындағы  ұтымды  тепе-тендік  іздестіру 

арқылы ұзақ мерзімді экономикалық өсуге ықпал ететін болады. 

Үкімет  пен  Ұлттық  Банк  инфляцияның  өсуіне  жол  бермеу  және  оны 

жоспарланған нысаналы дәлізде ұстап тұру үшін ішкі нарықтағы бағалардың 

тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  бойынша  шараларды  іске  асыруды 

жалғастыратын болады. 

Тұтыну нарығындағы бағалардың өзгеруіне ықпал ететін сыртқы және 

ішкі  факторлар  жедел  түрде  қадағаланатын  болады.  Бәсекелес  ішкі 

нарықтардың  дамуына,  бағалық  ымыраласу  мен  жосықсыз  бәсекелестікке 

қарсы  күресуге  жағдайлар  жасау  үшін  азық-түлік  тауарлары  мен  отынның 

бағасын ұстап тұруға бағытталған шараларды қабылдайтын болады. 

Азық-түлік  нарықтарына  тікелей  қол  жеткізуді  қамтамасыз  ету  және 




жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау