8
жатқан геосаяси ахуал мен одан туындаған өзара экономикалық санкциялар
айтарлықтай дәрежеде Ресей экономикасының өсу қарқынының бәсеңдеуін
күшейтті. ХВҚ соңғы деректері бойынша РФ экономикасының өсуі
2017 – 2018 жылдары 1,4 %-ды құрайды.
Тұтастай алғанда, орта мерзімді перспективада әлемдік экономиканың
өсуі қолайлы болады және экономикалық өсу дамыған елдер есебінен
қамтамасыз етілетін болады. Сонымен бірге, дағдарыстық үрдістерді
қалпына келтіруге қабілетті тәуекелдер әлі де сақталуда.
Бірінші тәуекел – мұнайды қоса алғанда, шикізат тауарларының
әлемдік бағасының тұрақсыздығы.
2016 жылы Brent маркалы мұнайдың бағасы 44,0 АҚШ долларын,
2017 жылдың
жеті
айында
51,7 АҚШ
долларын
құрады.
ХВҚ
сарапшыларының бағалауы бойынша 2017 жылы мұнай бағасы бір барреліне
55,2 АҚШ долларына дейін жоғарылайды. Мұнай бағасының болжамы
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (бұдан әрі – МЭЕҰ) мен басқа да мұнай
өндіруші елдер өндіру көлемінің бақылаусыз өсуінің жалғасқан мерзімінен
кейін жасалған өнім көлемін шектеу туралы келісімнің талабын ішінара
орындайды деген болжамға негізделген.
Бұл ретте, мұнай бағасының салыстырмалы өсуіне қарамастан, бағаның
төмендеу тәуекелі сақталады, ол дамушы елдер экономикаларының бәсеңдеуі
аясындағы нашар сұранысқа байланысты. Бұдан басқа, Д. Трамп ұсынып
отырған америкалық көмірсутектерді өндіруді кең ауқымды мемлекеттік
қолдау ОПЕК елдері мен картельге кірмейтін мемлекеттер арасында қол
жеткізілген мұнай өндірісі көлемін шектеу жөніндегі уағдаластықтардың
әсерін теңестіре алады. Д. Трамп америкалық мұнай өндіру нарығын
барынша ырықтандыруды ұсынып отыр. Бұл мұнайдың әлемдік бағасына
теріс әсерін тигізетін болады.
Екінші тәуекел – АҚШ-тың ақша-кредит саясатының өзгеруі. АҚШ-
тың «сандық жұмсарту» бағдарламасының қысқартылуы әлемдегі қаржы
нарықтарындағы құбылмалылықтың артуын негіздейді. 2017 жылғы
14 маусымда АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесі түйінді мөлшерлемені
0,75-1,0 % диапазонынан 1,0-1,25 %-ға дейін 0,25 пайыздық тармаққа
көтерді, бірақ бұл бұрын күткендей айтарлықтай құбылмалылық тудырмады.
Алайда, кейіннен АҚШ-тың түйінді мөлшерлемесінің артуы, әлемдік қаржы
нарықтары тұрақсыздығының ұлғаюына алып келуі мүмкін.
Нарығы дамып келе жатқан және төлем теңгерімі мен бюджет
тапшылығы бар елдер АҚШ-тың ақша-кредит саясатының ықпалына
неғұрлым бейім. АҚШ-тағы «сандық жұмсарту» бағдарламасының
тоқталуына байланысты өтімділік көлемінің қысқаруы макроэкономикалық
құрылымы әлсіз дамушы елдерден капиталдың әкетілуін тудыруы мүмкін.
Үшінші тәуекел – Украина, Сирия, Түркиядағы және тұтастай алғанда
Таяу Шығыстағы созылмалы қолайсыз геосаяси жағдай сыртқы сауданың
екінші каналдары және ТШИ арқылы қосымша тәуекелді тудырады.
Бір жағынан жоғарыда айтылған факторларды назарға ала отырып және
АҚШ-тың және басқа да дамыған елдердің экономикалық жағдайының
9
жақсаруынан дамушы елдерден дамыған елдерге капиталдың әкетілу
тәуекелі туындауы мүмкін. Инвестициялық белсенділіктің болжалды
төмендеуі нәтижесінде дамушы елдерде жүйе құраушы салалардағы
өндірістің қысқаруына байланысты жұмыссыздықтың өсуі және ақысы төмен
жұмыс күшіне сұраныс күшейеді, сол арқылы дамыған нарықтарға
мигранттардың ағылуы және білікті кадрлардың кету тәуекелі артады.
Сценарийлік өсу болжамдары. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық
дамуын бес жылдық кезеңге болжау экономиканың дамуына ықпал ететін
факторлар мен үрдістерге қарай үш сценарий бойынша жүргізіледі.
Даму сценарийлерін қалыптастыру үшін әлемдік экономиканың даму
үрдістерінің, мұнайдың әлемдік бағаларының және әлемдік қаржы
нарықтарындағы жағдайдың өзгеруі негізгі факторлар ретінде қабылданған.
Оптимистік
сценарий
әлемдік
экономиканың
2018 – 2022
жылдардағы үдемелі дамуын білдіреді. АҚШ-тағы және басқа да дамыған
елдердегі экономикалық белсенділікті жақсарту, жеке сектордың сұранысын
қалпына келтіру және дамушы елдердегі жағдайды жақсарту бойынша
саясатты ойдағыдай іске асыруды пайымдайды.
Оптимистік сценарийде 2018 – 2022 жылдары мұнайдың әлемдік
бағасы бір барреліне 55 АҚШ доллары деңгейінде болады.
Базалық
сценарий
оның
тұрақтылығын
сақтай
отырып,
2018 – 2022 жылдары әлемдік экономиканың өсу қарқынының біртіндеп
ұлғаюын болжайды. 2018 жылдары мұнайдың әлемдік бағасы бір барреліне
55 АҚШ доллары деңгейінде қалыптасады.
Сценарий дамыған елдер (АҚШ, Еуроаймақ) жағдайының жақсаруына
байланысты жаһандық өсудің негізгі қозғаушы күшіне айналады. Бұл ретте,
нарығы қалыптасып келе жатқан елдер экономикасы мен дамушы елдер
дамыған елдер тарапынан сұраныстың ұлғаюы аясында экспорт көлемінің
ұлғаюы есебінен біртіндеп өсетін болады.
Пессимистік сценарий әлемдік экономика өсуінің баяулауына, ірі
әлемдік экономикалардың – Қазақстанның негізгі сауда әріптестерінің, атап
айтқанда Еуроаймақтың, Қытайдың, Ресейдің қолайсыз дамуына, сондай-ақ
энергия ресурстарының негізгі түрлеріне және Қазақстанның басқа да
экспорттық тауарларына төмен әлемдік бағаның сақталуына негізделген
экономикадағы дағдарыстық көріністердің басталуымен сипатталады. Бұл
ретте, неғұрлым өзекті проблема жұмыссыздықтың жоғары, кірістің төмен
болуы және соның салдарынан жиынтық сұранысты кеңейтудің іргелі
факторларының болмауы болып қалады. Инвестициялық кірістер қысқарады,
олардың донор елдерге репатриациясы күшейетін болады.
2018 – 2022 жылдары мұнайдың бағасы барреліне 35 АҚШ доллары
деңгейінде сақталады.
Жылдың басынан бастап ел экономикасының қалыптасқан даму
үрдістері мен әлемдік экономикадағы жағдайды ескере отырып, болжамды
қалыптастыру кезінде параметрлері ағымдағы күтулерден елеусіз ғана
ауытқумен неғұрлым ықтимал болып табылатын базалық нұсқа негізге
алынды.