5
экономикалық белсенділік пен экономиканың нақты секторындағы
көрсеткіштерінің
жақсарғаны байқалады. Алдын ала деректер бойынша,
еліміздің экономикалық өсуі 2017 жылғы 6 айда 4,2 %-ды құрады, ал өткен
жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, тек 0,1 %-ға өскені байқалды.
Экономиканың өсуіне өнеркәсіп (өсуі 7,8 %), құрылыс секторы (5,9 %),
көлік және қоймалау (3,9 %), ауыл шаруашылығы (3,1 %) және сауда (2,4 %)
оң ықпал етті.
Кен өндіру өнеркәсібі – (9,4 %-ға) мен өңдеуші өнеркәсіптің (6,5 %-ға)
жоғары өсу қарқыны есебінен 2017 жылдан бастап өнеркәсіптік өндіріс оң
серпінді көрсетіп отыр.
Инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың, сондай-ақ құрылыс
жұмыстарына
жоғары
сұраныстың
арқасында
негізгі
капиталға
инвестициялардың тұрақты өсуі жалғасуда, ол 3,7 % құрады.
Сондай-ақ, сыртқы сұраныстың қалпына келуі және негізгі валюталарға
қатысты теңге бағамының тұрақтануы сыртқы сауда көрсеткіштерінің
жақсаруына
ықпал етті. Мәселен, 2017 жылғы қаңтар-мамырда елдің сыртқы
сауда айналымы 29,2 %-да, 29,9 млрд. АҚШ долларына, оның ішінде экспорт
37,6 %-ға (19,0 млрд. АҚШ долларына дейін) және импорт – 16,7 %-ға
(10,9 млрд. АҚШ
долл. дейін) өсті.
2017 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
бағалауы бойынша экономиканың өсуі 3,0-4,0 % деңгейінде болжанып отыр.
Біртіндеп жақсарып келе жатқан сыртқы және ішкі жағдайларды
біртіндеп
жақсаруын
ескере
отырып,
Индустриялық-инновациялық
дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының
(бұдан әрі – ИИДМБ) жобаларын іске қосу және «Нұрлы жол» мемлекеттік
бағдарламасын іске асыруды жалғастыру және «Цифрлық Қазақстан» жаңа
мемлекеттік бағдарлама шеңберінде цифрлық технологиялар базасында
перспективалы салаларды дамыту есебінен дәстүрлі жүйе құраушы салалары
негізгі өсу драйверлеріне болады. Жаңа 2017 – 2021 жылдарға арналған
агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі –
АӨК дамыту бағдарламасы) іске асыру арқылы ауыл шаруашылығын
дамытудың тұрақты серпіні сақталып, сондай-ақ «Нұрлы жер» тұрғын үй
құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі – «Нұрлы жер» бағдарламасы)
шеңберінде жаппай тұрғын үй құрылысы қамтамасыз етілетін болады.
2 Даму перспективалары және сценарийлік болжамдар
Халықаралық Валюта Қорының (бұдан әрі – ХВҚ) 2017 жылғы
шілдедегі баяндамасында өткен дағдарыстан кейінгі жылды сипаттаған
төмен өсу көрсеткіштерінен кейін 2017 – 2018 жылдары әлемдік
экономиканың өсу қарқыны тиісінше 3,5 % және 3,6 %-ға дейін біршама
жеделдейді деп болжанып отыр.
6
1-сурет
3,5
3,6
3,4
3,6
3,7
3,4
3,7
3,4
3,6
3,7
0,0
2,5
5,0
2017
2018
2019
Әлемдік экономиканың өсу жөніндегі
болжамдары
ХВҚ (шілде 2017)
ДБ (маусым 2017)
БҰҰ (мамыр 2017)
Консенсус
2017 – 2018 жылдары жоспардың экономиканың өсу қарқынына
биржалық тауарлар бағасының төмен деңгейі, әлемдік саудадағы әлсіз
көрсеткіштер мен капитал ағымының қысқаруы сақталып келе жатқан
экономикасы дамыған елдердегі болмашы экономикалық өсу ықпал ететін
болады. Аталған кезеңде экономикасы дамыған елдерде өсу тиісінше
2,0 %-ға дейін және 1,9 %-ға болмашы артады деп күтіліп отыр.
Нарығы қалыптасып келе жатқан елдер мен дамушы елдердегі өсу
биржалық тауарлар бағаларының қалыпты өсуі жағдайында, кейіннен
2018 жылы 4,8 % -ға дейін ұлғаюмен 2017 жылы 4,6 % деңгейінде болжанып
отыр.
2016 жылы 0,3 % өсуден кейін, биржалық тауарлар бағаларының
біртіндеп қалпына келуі және Ресей мен Бразилиядағы екі жылғы
құлдыраудан кейінгі өсудің жаңғыру жағдайларында, 2017 – 2018 жылдары
нарығы қалыптасып келе жатқан елдер мен биржалық тауарларды
экспорттаушы елдердегі өсу тиісінше 2,3-3,0 % деңгейінде күтіліп отыр.
Бұған қарағанда, нарығы қалыптасып келе жатқан елдер мен биржалық
тауарларды импорттаушылар болып табылатын дамып келе жатқан елдердегі
өсу 2017 – 2018 жылдары тиісінше 5,6-5,7 % деңгейінде болжанып отыр.
7
2-сурет
-0,2
1,4
1,4
6,7
6,7
6,4
1,8
1,9
1,7
1,6
2,1
2,1
-1,0
3,5
8,0
2016
2017
2018
Жеке елдердің өсуі жөніндегі ХВҚ-ның болжамы
(шілде 2017)
Ресей
Қытай
Еуроаймақ
АҚШ
Еуроаймақ. Жалпы іскерлік белсенділік пен экономиканың өсуін
ынталандыруға бағытталған, жүргізіліп жатқан монетарлық және фискалдық
саясат аясында Еуроаймақ елдерінде оң үрдістер жалғасатын болады.
Оң өзгеріс халық тарапынан ішкі сұраныстың ұлғаюы болып табылады,
бұл 2017 жылы өсуді 1,7 % деңгейінде тұрақтандырады. Дегенімен
2017 жылмен салыстырғанда, 2018 жылы өсу қарқынының 0,1 %-ға, яғни
1,6 %-ға дейін болмашы бәсеңдеуі күтіліп отыр.
Өңірдегі экономикалық жанданудың жаңаруына негізгі қауіп
жұмыссыздық болып табылады. Дегенмен, 2016 жылдың қорытындысы
бойынша жұмыссыздық көрсеткіші 2015 жылдың қорытындысы бойынша
10,4 %-дан төмендеп, 9,6 %-ды құрады.
АҚШ. АҚШ-тағы макроэкономикалық жағдай 2016 жылы қолайлы
трендтердің сақталуымен сипатталды. Макроэкономикалық жағдайдың
жандануы еңбек нарығындағы жағдайдың жақсаруымен, іскерлік
белсенділіктің артуымен, мұнай қорының ұлғаюымен және тұтыну
секторының өсуімен байланысты.
Қазіргі уақытта АҚШ экономикасында оң үрдістер басым. ХВҚ
сарапшыларының жаңартылған болжамдарына сәйкес экономикалық өсу
2017 – 2018 жылдары 2,1 %-ды құрайды. Экономикалық белсенділіктің артуы
өңдеу өнеркәсіптік өндіріс пен инвестицияның өсуіне, сондай-ақ бюджет
саясатында шығыстардың өсуіне бағдарлануға негізделеді деп күтілуде.
Қытай. Болжамдарға сәйкес 2017 – 2018 жылдары Қытайда
экономиканың өсуі тиісінше 6,7-6,4 % ағымдағы деңгейінде сақталуы
күтілуде. Әлсіз сыртқы сұранысқа, жеке инвестициялар деңгейінің
төмендігіне, сондай-ақ кейбір салалардағы артық қуаттың барына
қарамастан, макроэкономикалық саясат өсудің ішкі драйверлерін қолдайды.
Ресей. Ресейдің ЖІӨ-нің қысқаруы 2016 жылы 0,2 %-ды құрады.
Мұнайдың әлемдік төмен бағаларын қоса алғанда, сыртқы факторлар,
сондай-ақ Украинадағы және Сириядағы жағдайға байланысты күшейіп келе