Қазақстанның аймақТЫҚ Əкімшілік қҰрылымы



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет23/26
Дата25.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#17468
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

183

КӨШПЕНДІЛЕР ТҰРМЫСЫ

КӨКТЕУ

Көктем шыға көшпелі қазақ ауылы қыстаудан 

көктеуге келіп қонады. Көктеудегі маңызды 

атқарылатын шаруа – мал төлдету. Малдың 

төлдерін аман сақтап қалу – малшы ауылдың 

тіршілігіндегі ең жауапты кезеңнің бірі. Мал 

төлдегенде ауыл адамдары шаруаға түгел 

жұмылады. Жаңа туған төлді алғашқы күндері 

дұрыс ауыздандыру, суықтан қорғау олардың 

жақсы өсіп-жетілуіне мүмкіндік туғызады. 

соңында қазан, ошақ, шаңырақ артқан жуас, күшті түйе жүреді. Оны «шаңырақтүйе» 

дейді. Шаңырақтүйеге ешкім мінбейді. Жас жігіттер, қыз-келіншектер, балалар – 

бəрі атқа, тайға мінеді. Жылқыны айдап, көш бойы жарысып, аударысып, айтысып, 

қалжыңдасып, күліп-ойнап көңіл көтереді. Кеш түсе көш аялдап, қонатын жер таңдайды. 

Əуелі үлкен үйді (байдың үйін) тігеді. Жас жігіттер, қыз-келіншектер үйді тігіп, жүкті 

түсіріп, жинап, түйелерді, мініс аттарды ер-тұрманынан босатып, жайылымға жібереді. 

Ертеңінде көш қайтадан жолға шығады. Осылай бірнеше күн бойы жүріп отырып, 

межелі орнына жетеді.

Көктемде, мал төлдейтін кезде ауылды жыртқыштар көп ториды. Ауылдың ортасында 

көгендеулі не ши қорада қамаулы төлдерді қасқыр да, түлкі де, бүркіт те ала алмайды.

Көктеуден жайлауға көшер шақта қой-ешкі, түйелер қырқылып, төлдерге ен-таңба 

салынады, жылқылар күзеледі. 

Малдар төлдеп болғаннан кейін қозылар отығып, көш соңынан еруге жарай 

бастасымен жайлауға көшу басталады. Бұл кезде күніне жұрт қозыкөш жер жүреді. Яғни 

ол орта есеппен 14 – 15 шақырым. Көшерде көңнің біріне жайлауда керек болмайтын 

қысқы құрал-жабдықтарды: жабу, ықтырма, қада сияқты ауыр заттарды көмбе жасап 

көміп қалдырып кетеді.

ЖАЙЛАУ

Жайлауға келген соң шөп мол 

болғандықтан мал бағу жеңілдеп, 

малшылардың қолы босап, демалып 

қалады. Жайлауда ел ас-жиын, той-

томалақ өткізіп бір сергиді. Бие 

байланып, қымыз ашыту басталады. 



184

КӨШПЕНДІЛЕР ТҰРМЫСЫ

КҮЗДЕУ

Қыркүйектің екінші жартысында жауын-шашын басталмай тұрып, қара суық түсе 

бастасымен күздеуге көшу басталады. Жайлаудан əуелі кедейлеу ауылдар көшеді, 

байлар 1 – 2 апта жайлауда жайлай тұруды жөн көріп, кейінірек қозғалады. Көш күніне 

25 – 30 шақырым жер жүріп отырады. Күзгі көште түйелердің жүгі көктемгіге қарағанда 

ауыр болады. Күзгі көшу де қазақ өмірінің маңызды кезеңі: көктемдегіден мал саны 

артады, алдағы қыстан малды аман алып шығу үшін малды аздырмай, неғұрлым семірте 

түсу қажет. Қасқыр, ит-құстан малды қору керек. Сондықтан ауылдар күзде топтасып 

көшеді.

Күздеуде жаппай қысқа даярлық жұмыстары жүргізіледі. Жаңадан арқан есіліп, киіз 



басылып, қап тоқылып, киім тігіліп, базар барып қысқы астық сатып алынып, етік-мəсі 

тігіліп, т.б. көптеген жұмыстар атқарылады. Қара суық түсе бастасымен ауыл қыстауға 

көшеді.

Жазғы ыстықта, шыбын-шіркей көп кезде малды түрлі кене, сона, бөгелек, оқалақ 



сияқты жəндіктер мазалайды. Сондықтан малшылар əрбір малға үнемі бақылау жасап, 

кенеден тазалайды. Кейде ол жерлер жара болып, құрттап кетеді. Оны дер кезінде 

емдемесе, жара құрттап, асқынып, мал өліп те қалуы мүмкін. 

Қыркүйектің бас кезінде қойлар екінші рет қырқылады. Күз түсе жайлаудан күздеуге 

көшу басталады. 

ҚЫСТАУ

Күн суыта ауыл қыстауға келіп қонады. Суық түсісімен, мал арықтамай тұрып азық 

қорын қамдау керек. Қысқа дайындықтың бір түрі – соғым сою. Соғымға малдың 

барлық түрінен де сойылады. 

Қазақтың қыстауы да əр жерде əр түрлі болды. Жартылай көшпелі, егін егетін, таза 

көшпелі қазақтардың қысты өткізуі бір-біріне мүлде ұқсамайды. Егін егетін жартылай 

көшпелі қазақтардың қыстауында адам тұратын үй, мал қора сияқты құрылыстар болған. 

Бұл қазақтар аз да болса малға жем-шөп дайындаған. Олардың малы жұт сияқты апатта 

түгел қырылып қалмайды. Бірақ оларда таза көшпелі қазақтардікіндей мал саны көп 

бола қоймайды.

Көшпелі қазақтар ерте кезде (XVI – XVII ғасырларға дейін) қысты киіз үйде өткізген, 

үйдің сыртынан екі қабат киіз жауып, іргесін қармен немесе топырақпен көміп қойып, 

қиды маздатып үзбей жағып отыра берген.

Бірақ қыста бір жерде ұзақ отыруға келмейді, себебі шөптің маңызы кетеді. Сондықтан 

маңайды барлап, шөбі, суы малға 1 – 2 аптаға жететін жер тауып, сонда қоныс ауыстырып 



185

КӨШПЕНДІЛЕР ТҰРМЫСЫ

ЖҰТ

Қазақ халқында «жұт – жеті ағайынды» деген сөз бар. Оларға: жұт, құрғақшылық, 

өрт, індет, сел, зілзала, боран жатады. Соның ішінде малдарын үнемі жайылымдарда 

бағатын көшпенділер үшін ең үлкен қатердің бірі жұт болған. 

Мал шаруашылығында ең қиын, ең қауіпті кезең – қыс мезгілі, сондықтан ең қатерлісі 

– қысқы жұт. Қар қалың түсіп, арты жаңбырға айналып, соңынан күн суытып кетсе, 

қардың беті мұз болып қатып қалады. Малдар өз бетімен жайыла алмайды да, аштыққа 

ұшырайды. Қыс ерте түсіп, көктемнің шығуы ұзаққа созылып кетеді. Бұл жағдайда 

əуелі жылқыны жаяды, оның тұяғы мықты, қарды аршып, шөп тауып жеп, ол жеңіл 

жұтқа қиналмайды. Жылқының ізімен қойды жаяды, сөйтіп, малды қыстан аман алып 

шығады. Бірақ аяз қатты болса, бұл амал да жарамайды. Онда көшуге тура келеді. Егер 

шөбі мол жерге көшсе, ол жақсы, ал оған шама келмей қалса, қазақтың малы жұттың 

құрбаны болып, қырылып қалады. Мыңғырған байлар барлық малынан айырылып, 

жалшылыққа жалданып кететін жағдайлар да кездескен. 

Əрбір ауыр жұттың салдары 3 – 4 жылға дейін білінетін. Қазақтың шаруашылығын 

шайқап, мал басын кемітіп кететін. Осылай дірдектеп жүріп, малын қыстан аман алып 

қалған қазақ көктемге жетсе, қуанып, наурызды тойлап, жаңа жылға жаңа үмітпен 

кірісетін. 

Кейде жазда жауын-шашын мөлшері мүлдем азайып, ауа райы күрт ысиды, дамылсыз 

аңызақ жел соғады. Мұның салдарынан өсімдіктер өспей, қурап кетеді. Кейбір 

бұлақтардың, өзен-көлдердің суы тартылып қалады. Бұл да жұттың келуіне себеп 

болған. Халық малға шөп, су іздеп жаңа қоныстарға көшкен. Мұндай қиыншылық 

жылдары жауын шақыру үшін жұрт «тасаттық» берген. Бұл – Құдайдан тілек тілеп, 

құрбан шалу дəстүрі. 

отырады. Негізінен, құмның арасына, күншуақ, ықтасын жерлерге, қалың қамысты 

көлдің жағасына, ну тоғайлы өзен арнасына, т.с.с. орындарға қоныстануға тырысады. 

Осылай, жұт болмаса, қазақ малын аман-есен көктемге жеткізетін болған.



жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау