167
ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІ
бесінші қабатынан құлап өлген» деген қауесет таратылған. Дегенмен, Асанованың
денесін туған ауылына дейін Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік
комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылмен апарған. Осыған қарағанда, ол
жазалаушылар қолынан қаза тапқан. Қазақстан тəуелсіздік алғаннан соң ғана
Асанова жөніндегі шындық қалпына келтіріле бастады. Лəззаттың ерлігіне
арналған əн («Қаһарман қыз – Лəззат қыз». Музыкасы – Ж. Тұрсынбаевтікі, өлеңі
– Ə. Асылбектікі) жарық көрді.
▲ Желтоқсан оқиғасынан көріністер
ҰЛЫ ДАЛА
МƏДЕНИЕТІ
169
АЛҒАШҚЫ ДІНИ ТҮСІНІКТЕР
Көшпенділердің наным-сенімі
КӨК ҚҰДАЙЫ – ТƏҢІР
Тəңірдің жаралуы туралы миф
Бағзы замандарда Ұлы Даланы мекендеуші көшпелілер
Көк Құдайы – Тəңірге сенген. Осыған орай, олардың ұс-
танған діні «тəңіршілдік» деп аталған.
Тəңір – дүниедегі жан иелерін жаратушы, тіршілік лебін
үрлеуші Бас Құдай. Бірақ ол пайда болғанға дейін ғалам-
ды бұлдыраған тұман, буырқанған мұхит басып жатқан.
Бабаларымыз – ежелгі түркілердің мифтерінде əлем осы
мұхиттан жаратылған делінген. Ол былай суреттеледі:
«... Баяғыда көк те, жер де болмаған, тек бір ғана шетсіз-
шексіз мұхит болған. Күндердің бір күнінде мұхиттың
ортасында Ақ Жарық көрініп, одан нұр шашқан алтын
жұмыртқа шыққан. Оның ішінде күллі əлемнің болашақ
түп атасы – Тəңір жаралған.
Тəңір өте ұзақ, миллиондаған жылдар бойы ұйықтады. Ақыры, бір күні оянды да,
жұмыртқаның қабығын жарып сыртқа шықты. Жұмыртқаның үстіңгі жағынан Көкті
жаратты, ал төменгі бөлігінен Жерді жасады. Көк Жерге құлап кетіп, жер жүзінде тағы
да аласапыран орнамас үшін Тəңір олардың арасына темір қазық қойды. Ол Аспан
таяғы – Темірқазық жұлдызы. Тəңір Темірқазыққа Көк жүзін айналып жүретін аспан
арғымақтарын – жұлдыздар мен шоқжұлдыздарды байлап тастады».
Тəңір – ең жоғарғы Құдай
Көк пен Жерді жаратып, оларды бір-бірінен ажыратқан соң, Тəңір өмірге ұрпақ
келтіру үшін өзі еркек пен əйелге бөлінеді. Құдай-əйелді ол Ұмай Тəңір деп атап, оны
Сумер тауының ұшар басына, сүтті көлі (Сүткөл) бар Аспан тауының қия шыңына
қондырады.
Көк жүзінде жол қалдыра сарқырай ағып, Сүткөлге құятын жұлдыздар жолы, Құс
жолы – осы Ұмай Тəңір-Ананың сүті.
Тəңірдің құдіреті мен күш-қуаты шексіз, оның аузынан шыққан əрбір сөз ақиқатқа
айналды. Екпіні тау тұрғызып, теңізді толтырды. Демі жел мен бұлттарға, дауысы күннің
күркіреген дабылына айналып, оң көзінен Күн, сол көзінен Ай жаратылды. Жерге нөсер,
170
АЛҒАШҚЫ ДІНИ ТҮСІНІКТЕР
жаңбыр жіберіп, найзағай шатырлатып, өзі
жаратқан Құдайлар мен адамдардың өмір
сүруіне бөгет жасайтын жын-шайтандарды
жасынмен соғып жайратты.
Тəңір – ең жоғарғы Құдай. Басқа Құдайлар
оның əмірін екі етпей, ықтиярына бағынған.
Адамдардың да тағдыры Тəңірдің қолында,
қашан туып, қалай өмір сүретіні жəне қай
кезде өлетіні де тек оған ғана мəлім. Ал оларды
ақиқат жолына салып, əрі сынау үшін Жер
бетіне өзі қалаған пайғамбарларын жібереді.
Сондықтан Адам өзінің барлық тілеулері мен
құлшынысын Көк Құдайы – Тəңірге деген
сенімімен үйлестіруі керек.
ОТ-АНА
От – Ұмай Тəңір-Ананың адамға сыйлаған жылуы мен ризығын бейнелейтін
құдірет (ежелгі түркілер солай деп санаған). От түркілерде (баяғы заманда да, қазір
де) əулие ретінде қастерленіп, қасиет тұтылған.
От-Ана құдайы Ұмай Тəңір-Ананың табанынан жаралған. Оның əкесі – құрыш,
шешесі – шақпақ тас. От-Ана адамның үйінде, ошағында өмір сүреді. Адамдардың
жаратылып, өмірге келуі От-Ананың желеп-жебеуімен болады.
Мифке сəйкес, отты ағаштан бірінші болып шығарған Надулуша пайғамбар. Отқа
түкіруге, қоздап жанып жатқан шоқты басуға, ошақтағы отты өшіруге болмайды.
Қазақтардың отбасында жаңа түскен жас келін алғаш табалдырықтан аттағанда,
күйеу жігіттің анасы немесе басқа бір егде əйел алақанын отқа жылытып, сонымен
қалыңдықтың бетін сипаған...
171
АЛҒАШҚЫ ДІНИ ТҮСІНІКТЕР
ЖОЛДАРДЫҢ АҚ ЖƏНЕ ҚАРА
ҚҰДАЙЛАРЫ
Көкте жол құдайлары, ағайынды екі жігіт – Алажол Тəңір мен Қаражол Тəңір тұрады.
Бұлар көшпелілер үшін өте маңызды құдайлар. Алажол Тəңір – таң шапағының, жарық
күннің ұлы. Қаражол Тəңір – түннің ұлы. Алажол таң сəріден аттанып, адамдарға
жарық пен нұр-шуақ сыйлайды, күш-қуат беріп, өмірлерін ұзартады. Қаражол өз
бауырының соңынан жүреді. Ол тек түнде ғана сапар шегеді. Күндіз жіберілген
олқылықтарды түзетеді, науқастарды емдейді, жалқаулар мен жалған айтуға жаны
құмарларды жазалайды. Құдайлар Тəңірдің жарлығын орындап, оның əмірлерін
адамдарға жеткізіп отырады.
Соғыс кезінде жауынгерлер халқының алдында адал болуға ант беру
рəсімін өткізу үшін екі жерге от жағып, жас сарбаздарды «екі оттың»
ортасынан өткізіп, қаруларын сүйгізген.
Басқа бір елдің елшісін дала əміршісіне (қағанға, ханға немесе сұлтанға)
кіргізбес бұрын оны да екі оттың ортасынан өткізіп, отпен аластайды.
Аластау рəсімінен кейін ондай адам жамандық жасай алмайды деп саналған.
Егер елші жанып жатқан екі алаудың ортасынан өтуге қарсылық етіп
қасарысса, онда оның сынақтан өтпегені. Мұндай жағдайда арам ниетті
адам деп танып, оны өлтіріп жіберуі де əбден мүмкін. ХІІІ ғасырда орыс
князі Михаил Алтын Орда əміршісі Бату ханның ордасына кірер алдында
аластау рəсімін орындаудан бас тартып, сол үшін өлімге кесілген.
Достарыңызбен бөлісу: |