Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет16/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   265

ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

49

генераторды  жасаған.  1958  ж.  А.  Шавловпен  бірлесіп,  лазер  жұмысының 

принципін  ұсынған.  Бриллюэн-Мандельштамның  еріксіз  эффектісін  ашқан,  

1964 ж. шоқтың кризистік қуаты ұғымын енгізген, жарық шоғының өзіндік фо-

кусталу эффектісін алдын ала болжаған, 1966 ж. жарықтың автоколлимациясын 

байқаған. Нобель сыйлығының иегері (1966 ж.).



тЕЛЛЕР  Эдвард  (1908  –  2003)  –  американ  физигі.  1936  ж.  Дж.  Гамовпен 

бірлесіп,бета-ыдырау теориясында 



іріктеу ережесін ұсынған. 1947 ж. өзгелерге 

қатыссыз 



мезоатомдардың болатынын болжалдаған. 1948 ж. М. Гольдхабермен 

бірлесіп, ядродағы резонанстық шашырауды алдын ала болжаған. Америкалық 



атом  және  сутек  бомбаларын  жасауға  қатысқан,  оның  тікелей  басшылы- 

ғымен сутек бомбасы жасалған.



тЕпЛЕР Август (1836 – 1912) – неміс физигі-тәжірибегер. 1867 ж. ортаның 

біртексіздігін зерттеуге арналған 



көлеңкелік әдістің бір түрін ұсынған (Теплер 

әдісі).


тЕРХЬЮн Роберт (1926 – 2014) – американ физигі. 1958 ж. А. Прохоровқа 

қатыссыз  парамагниттік  рубиндік  лазерді  жасаған.  1964  ж.  өзгелермен  бірге 

заттың  сыну  көрсеткішінің  түсетін  сәуленің  қарқындылығына  тәуелді  болаты-

нын, 1965 ж. 



үш фотонды молекулалық шашырауды байқаған.

тЕСЛА Никола (1856 – 1943) – серб ғалымы. 1888 ж. (Г. Феррариске қатыссыз) 

айналмалы  магнит  өрісін  ашқан.  1891  ж.  жоғары  жиілікті  трансформатор 

(Тесла трансформаторын) жасаған. 1889 ж. сымсыз қашықта орналасқан шамның 

жану тәжірибесін көрсеткен. 

электр есептеуішті ойлап тапқан.

тИБо Жан (1901 – 1969) – француз физигі. 1933 ж. платинаны позитрондармен 

соққылаған кезде электрондар мен позитрондардың аннигиляцияланатынын тәжірибе 

жүзінде байқаған. 1929 ж. өзгелерге қатыссыз 

циклотрон идеясын ұсынған.

тИндАЛЬ  Джон  (1820  –  1893)  –  ағылшын  физигі.  1881  ж.  су  буының 

жылулық  сәулені  күшті  жұтатынын  тәжірибе  жүзінде  дәлелдеген.  Жарықты 



          н.тесла                    Л.тисса                 дж.тиндаль               У.томсон


ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

50

бұлдыр ортаның шашыратуын жарықтың оптикалық біртекті емес (біртексіз) орта 



арқылы өтуі кезіндегі шашыратылу құбылысын зерттеген (Тиндаль эффектісі). 

1869 ж. атмосфера молекулаларының күн жарығын шашыратуын егжей-тегжейлі 

зерттеген, 

аспанның көгілдір түсін түсіндірген.

тИССА  Ласло  (1907  –  2009)  –  физик.  1938  ж.  гелий  II-нің  екі  сұйықтық 

моделін  ұсынған,  бұл  модель  бойынша  сұйық  гелий  бөлшектену  нүктесінен 

төменгі  температураға  салқындатылған  кезде  қалыпты  және  асқынаққыштық 

құраушыларға (компоненттерге) бөлшектенетін болады. 1950 ж. асқынаққыштың 

молекулалық теориясын тұжырымдаған.

тоМонАГА Синьитиро (1906 – 1976) – жапон физигі. 1940 ж. мезоатом-

ды  алдын  ала  болжаған,  1942  ж.  өрістің  кванттық  теориясының  коварианттік 

тұжырымдамасын ұсынған. Нобель сыйлығының иегері (1965 ж.).



тоМСон Джозеф Джон (1856 – 1940) – ағылшын физигі. 1897 ж. магнит және 

электр өрістерінде 



катод сәулесінің ауытқуын зерттеу кезінде ол сәуленің теріс 

зарядталған  бөлшектердің  ағындары  екендігіне  көз  жеткізген  және  олардың 

массасының  жуық  шамамен  сутек  атомының  массасынан  1837  есе  аз  екенін 

анықтаған.  Осы  жайт  электронның  тікелей  және  сенімді  ашылуы  болды.  Осы 

жаңалығы үшін оған Нобель сыйлығы берілген (1906 ж.). Томсон 1897 жылы-ақ 

атомдардың (атомішілік электрондар) құрамы туралы болжал ұсынған. 1899 ж. фо-

тотоктан электрондарды тапқан және термоэлектрондық эмиссияны ашқан.

1903 ж. ең 

алғашқы атомдық модельдердің бірін ұсынған, осы модель бо- 

йынша, атом оң зарядталған сфераның ішінде әр тұсына теріс зарядталған элек-

трондар орналасқан домалақ пішінді болады, атомның ішіндегі оң зарядтар мен 

теріс  зарядтардың  жеке-жеке  қосынды  зарядтары  өзара  тең  болады  деп  есеп-

телген (Томсондық атом моделі). 1904 ж. атом ішіндегі электрондар химиялық 

элементтердің периодты болуы себепті әртүрлі конфигурациялар құрған топтарға 

ажыратылған. 1907 ж. 

масс-спектрметрдің әсер ету принципін ұсынған. 1912 ж. 

тәжірибе жүзінде 



изотоптардың болатынын ашқан.

тоМСон Джордж Паджет (1892 – 1975) – ағылшын физигі. Дж. Томсонның 

ұлы. 1927 ж. К.Дэвиссонға және Л. Джермерге қатыссыз 



электронның дифрак-

циясын ашқан, осы жайт электронның толқындық табиғаты болатындығының 

тәжірибе жүзінде дәлелденуі болды. Нобель сыйлығының иегері (1937 ж.).



тоМСон  Уильям  (Кельвин)  (1824  –  1907)  –  ағылшын  физигі.  1851  ж. 

Термодинамиканың екінші бастамасын (Р. Клаузиусқа қатыссыз) тұжырымдаған: 

«табиғатта  жалғыз  ғана  нәтижесі  болатын  жұмысты  жылулық  резервуар-

ды  салқындату  есебінен  жүзеге  асыру  мүмкін  емес».  Осы  тұжырымға  сәйкес 




ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

51

термодинамиканың  екінші  бастамасы  (Томсон  бойынша), 



екінші  текті  мәңгі 

қозғалтқыштың мүмкін емес екені дәлелдеген. 1848 ж. абсолют температу-

ра және температураның абсолют шкаласын (межесін) енгізген, бұл шкала оның 

құрметіне 

Кельвин шкаласы деп аталған. 1856 ж. термодинамикалық үшінші 

эффектіні ашқан (Томсон эффектісі): егер өткізгіштен электр тогы өтіп тұрғанда 

температураның төмендеуі болса, онда өткізгіш көлемінде токтың өту бағытына 

тәуелді түрде джоульдік жылудан өзге де белгілі бір шамада жылу бөлініп шығатын 

немесе  жұтылатын  болады  (Томсон  жылуы).  Термоэлектрлік  құбылыстың 

термодинамикалық  теориясын  тұжырымдаған.  1851  ж.  ферромагнетиктердің 

магниттелуі кезінде олардың меншікті электр өткізгіштігінің өзгеретінін ашқан 

(Томсон эффектісі). 1856 ж. магнит өрісінде металдар кедергісінің токқа пропор-

ционал өзгеретінін анықаған.

тонКС Леви (1897 – 1971) – американ физигі. 1938 ж. пинч-эффектіні ал-

дын ала болжаған.



тоРРИЧЕЛЛИ  Эванджелиста  (1608  –  1647)  –  итальян  физигі.  1643  ж. 

атмосфералық  қысымды  ашқан.  1644  ж. 



сынапты  барометрді  ойлап  тапқан. 

Желді алғаш болып түсіндірген, оның атмосфералық қысымның өзгерісінен пай-

да болатынын пайымдаған. 1641 ж. сұйықтың ыдыстың саңылауынан ағып шығу 

заңын  тұжырымдаған  және  сұйықтың  ағып  шығуын  анықтайтын  формуласын 

қорытып шығарған (Торричелли формуласы).

тРИЙя Жан Жак (1899 – 1987) – француз физигі. 1933 ж. Р. Фритцпен бірге 

электрондық микроскопты жасаған.

УАтт Джеймс (1736 – 1819) – шотланд өнертапқышы. Әмбебап бу қозғалт –  

қышын жасаған. Ғылымға қуаттың ең алғашқы бірлігі 



ат күшін енгізген.

УИЛЕР Джон Арчибальд (1911 – 2008) – американ физигі. 1939 ж. Н. Бормен 

бірге атом ядросының бөліну теориясын тұжырымдаған. 1947 ж. 



мезоатомдардың 

болатынын алдын ала болжаған. 1949 ж. тоқтаған (аялдаған) мюондармен уран 



       дж.Уатт                   Ч.Уитсон                 дж.Уленбек                Ш.Фабри


жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау