Сөзіммен халқым амал қылсын десең, Амал қыл өз сөзіңмен əуел өзің!


29 қаңтар, 2016 жыл №5 (10708) redakciyabayantau@mail.ru 8



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет9/12
Дата25.05.2018
өлшемі0,56 Mb.
#17370
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

8

29 қаңтар, 2016 жыл №5 (10708)

redakciyabayantau@mail.ru

8

29 қаңтар, 2016 жыл №5 (10708)

redakciyabayantau@mail.ru

Баянтау


Бұл ай қуаныш пен шаттық айы! 

Бұл ай Алла Тағаланың ең сүйікті 

пендесі  əрі  сардар  Мұхаммедтің 

(с.ғ.с)  дүниеге  келуінің  құрметіне 

арналған  ай.  Елімізде  желтоқсан 

айы  келісімен  Мəуліттің  баста-

луымен  барша  мұсылман  қауым 

құттықтап,  дүркіретіп  той  той-

лап,  пайғамбарымызға  салауат 

айтқан  болатын.  Желтоқсанның 

23-ші  күні  Баянауыл  ауданы-

ның  орталығындағы  Мұса-мыр-

за  мешітінің  ұйымдастыруы-

мен  Пайғамбарымыз  Мұхаммед 

(с.ғ.с.)-нің  туылған  күні  Мəуліт 

мерекесіне  арналған  салтанатты 

кеш  аудан  орталығындағы  С.То-

райғыров  атындағы  мəдениет 

үйінде кең көлемде аталып өтті.  

Ұлық  мереке  шымылдығы  Құран 

аяттары мен əз пайғамбарымыз Мұ-

хаммед Мұстафаға (с.ғ.с.) арналған 

салауат  оқылумен  ашылды.  Мəуліт 

мерекесіне  орай  ұйымдастырылған 

салтанатты  шарада  аудан  əкімінің 

орынбасары  Б.Тоғжігітова  Мəуліт 

мерекесінің  маңызына  тоқталып, 

аудан  əкімі  Н.Күлжанның  атынан 

жиналған жұртшылықты осынау қа-

сиетті мейраммен құттықтады. 

Мəуліт мерекесіне арналған кешті 

ақын  Қуаныш  Шарманов  жүргізді. 

Жиналған  халыққа  пайғамбарымыз 

туралы деректер мен мейірім мере-

кесіне  қатысты  тағылымды  əңгіме-

лерді  айтып,  сол  арқылы  өмірдегі 

қарапайым  мысалдар  арқылы    Ал-

лаһты тану жəне жаратушы иеміздің 

құдіретіне  бас  иіу.  Сондай-ақ,  пай-

ғамбарымыз  Мұхаммедтің  өмір 

жолы мен дін жолындағы ерлік кү-

рестерін,  қасиетті  құран  кəріммен 

ұштастырып  айтып  отырды.  Кеш 

басында «Айбын тобының» мүшесі 

əнші Жандос Адамов «Пайғамбарға 

салауат»  əнін  шырқады.  Қасиетті 

Баянауылдан  шыққан  ұлы  тұлға 

ақын  Мəшһүр  Жүсіптің  хақты  та-

нып,  туған  халқын  имандылыққа 

шақырған  «Толғауын»  Керекуден 

келген  кішкентай  əнші  Шыңғыс 

Асығатұлы  орындап,  тыңдарман-

дардың  ыстық  ықыласына  бөленді. 

Пайғамбарымыздың  хадистерін  ай-

тып,  нақты  құран  сүресінен  үзінді-

лер  (цитаталар)  келтіріп,  Алла  Та-

ғаланың  жолында  иман  келтірген 

мұсылмандар  болатынын  жеткізді. 

Ислам – сүбхана  Алла  тағаланың 

ақиқат  жолы,  Мұхаммед  пайғамба-

рымыз  (саллаллаһу  ғалəйһи  уə 

сəллəм) мұсылмандарды осы ақиқат 

жолмен бастап, Ислам жайында бы-

лай деген екен: «Ислам бес қазыққа 

негізделген: «Алладан  басқа  құдай 

жоқ,  Мұхаммед  оның  елшісі»  деп 

шаһадат  айту,  бес  уақыт  намаз  оқу, 

зекет  беру,  Рамазан  айында  ораза 

ұстау  жəне  қажылық  жасау»,  осы  

мұсылманның  бес  парызын  естен 

шығармай  орындауымыз  керек. 

Осыдан соң Ақжол Мейірбек қажы-

ның «Лəппай» əнін Байтемір Саян-

ұлы  орындап,  көрерменнің  көңілін 

Аллаға  деген  құрметке  бөледі.  Дін 

-  бізге  жаратылысымыздың  мақса-

тын,  Алла  Тағала  алдындағы  пен-

делік міндеттерімізді үйретеді. 

Мəуліт  кешінің  тізгінін  ұстаған 

Қуаныш ақын қасиетті дініміз жақ-

сы мен жаманды, дұрыс пен бұрыс-

ты,  арам  мен  адалды  ажыратуды 

жəне жақсылыққа қарай жоғарылау-

дың жолдарын көрсетіп береді, - дей 

келіп,  ақиқатты  айтатын  айтыскер 

ақындар  баянауылдық  Нұрқанат 

Қайратұлы  мен  Ақсу  ауданынан 

келген  Алтынбек  Мақсатханұлы  ел 

алдына  шығарды.  Арқалы  айтыс-

керлер  «Мəуліт  күнін  көркем  тіл, 

образды  ойменен  өрнектеп,  діннің 

адамды  рухани  тұрғыдан  байыта-

тынын,  көркем  мінезді  беретінін, 

адамдардың  бір-біріне  құрметпен 

қарап,  өзара  ақыларын  адал  жол-

мен өтеп беруге баулиды. Қысқасы, 

діннің мақсаты – адам баласын дү-

ние тіршілігінде де, ақиретте де ба-

қыт-шаттыққа кенелтетін Алла ғана 

екеніне  сену.  Өзге  ешбір  нəрсемен 

адам  толық  бақытты  бола  алмай-

ды  деген  ойды  жеткізді.  Ал,  біздің 

міндетіміз – діннің көрсетіп берген 

нұрлы жолынан  айнымай жүріп, ба-

қытқа қауышу. Алланың құлы, Мұ-

хаммедтің  үмбеті  екенмізді  естен 

шығармаңдар» - деп  түйіндегендей 

болды.


Мəдениет үйінің ішіне лық толған 

жамағаттың аңсап келгені де Мəуліт 

күнінде өздеріне рухани азық алып 

қайту. 


Пайғамбарымыз 

Мəуліт 


түнінде  сахабаларға  тағам  ұсынып, 

бала кезінде болған оқиғаларды ай-

татын  болған.  Сондықтан  да,  бұл 

мереке  Алла  Расулы  туылған  кезде 

əлемде болған құбылыстар мен тең-

дессіз  мұғжизаларды  айту,  тыңдау, 

үйрену  жəне  адамдарға  үйрету  өте 

сауапты амалдардан саналады. 

Мəуліт күні қадір түнінен кейінгі 

ең  қадірлі  күндердің  бірі.  Бұл  түні 

Пайғамбарымыздың 

туылғанына 

қуанғандар  бар  күнəдан  кешіріледі 

екен.  Осы  пайғамбарымыздың  дү-

ниеге  келген  қасиетті  күнді  халық 

жүрегіне жақынырақ жеткізу мақса-

тында  Баянауыл  өнерпаздары  «Беу 

жігіттер»  халық  ансамблінің  жігіт-

тері  көрсеткен  «Шүкіршілік»  жəне 

«Пайғамбарға  сағыныш»  сынды 

екі  көрініс  кешке  келген  халықтың 

көңілінен шыққанын қолдау көрсет-

кен шапалақтарынан байқалды.

Құдіреті  күшті  жаратушы  Алла-

ны  тану,  оның  елшісі  Мұхаммед 

пайғамбарымызды  білу,  қасиетті 

құран  кəрімді  оқу,  сол  арқылы 

дін  исламды  көкейге  түйіп,  асыл 

дінімізді ардақтау үшін оқу мен то-

қуда  екенін  түсіндіру  мақсатында 

жиылған  қауымға  түрлі  сұрақтар 

қойылды.  Осы  сұрақтарға  жауап 

бергендерге  пайғамбарымыз  ту-

ралы,  намаз  оқу  туралы  кітаптар 

табыс  етілді.  Сауабы  мол  кеште 

діни өлеңдер мен əндер айтып, пай-

ғамбарымыздың  (с.ғ.с.)  хадистері 

оқылды.  Домбыраның  күмбірлеген 

үні мен орындалған жырлар халық-

тың  көңілін  серпіп,  мейірім  орнат-

қандай болды. Кеш соңында Мұса-

мырза  мешітінің  бас  имамы  Саян 

Арыстанұлы қасиетті мерекені өткі-

зуге  атсалысқан  барша  азаматтарға 

алғысын  білдіріп,  халықты  мереке-

мен құттықтап, жүрекжарды тілегін 

білдірді.

  

Жеңісбек ПƏЗІЛ.



Руханият қайнары

ҚАСИЕТТІ МӘУЛІТ



Қаңтардың 20-

ында 

Жаңатілек 

ауылдық 

мешітін-

де  мəдениет  үйінің 

қ ы зм е т ке рл е р і н і ң 

ұйымдастыруымен 

ғибадаты мол Мəуліт 

мерекесі өткізілді.

Сауабы  зор  мей-

рамда  Құран  аяттары 

оқылып,  екі  дүниенің 

сардары,  Аллаһ  Та-

ғаланың  сүйікті  құлы  Мұхаммед  Пайғамбарға 

(с.ғ.с.) арнап салауат  айтылды. Сонымен бірге, 

Пайғамбардың  өмірі  туралы  кинофильм  жəне 

бүгінгі жастардың дінге деген көзқарасы туралы 

«Шын достық» бейне көрсетілімі көпшілік наза-

рына  ұсынылды. «Шəмен-Ата»  мешітінің  има-

мы  Зинат Тұманбаев жиналған қауымды Мəуліт 

мерекесімен құттықтап, айтулы мерекенің мəні 

мен  маңызын  атап  өтті.  Мешіттің  жас  шəкірт-

тері Алла Елшісінің (с.ғ.с) пайғамбарлыққа тəн 

ерекше қасиеттерін сипаттады. 

Шара барысында діни əндер орындалып, ауыл 

көркемөнерпаздарының  арнайы  дайындаған 

қойылымдары  Мəуліт  мерекесінің  мəнін  аша 

түсіп, көрермендердің көңілінен шықты. 



Дана МƏЛІК, 

Жаңатілек ауылдық округі 

əкімі аппаратының əдіскері.    

НҰРҒА 


БӨЛЕГЕН АЙ

Қаңтардың 9-ы күні Күркелі ауылдық округі-

не  қарасты  Күркелі  ауылдық  Мəдениет  үйінде 

Ислам дінінің қасиетті мерекелерінің бірі Алла 

елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.ғ) ту-

ған күні «Мəуліт күні» мерекелік кеші өткізілді.

Мерекелік кешті Күркелі ауылының «Ақ мешіт» 

мешітінің имамы, Рүстем Əбди қажы бастамасымен 

мектеп оқушылары мен демалыста жүрген студент 

жастар  ұйымдастырып  өткізді.  Жастар  иманды-

лыққа шақыруда əр түрлі көріністер мен қойлым-

дар  қойып,  діни  сипаттағы  əндерді  шырқап  өлең 

жолдарын  оқып  берді.  Сонымен  қатар  баянауыл-

дық қонақтар: Ш.Айманов атындағы мектеп-интер-

натының қазақ тілі жəне əдебиет пəнінің мұғалімі 

Танат  Ахатов 

мен  С.Торай-

ғыров  атын-

дағы  ПМУ-

дың  студенті 

Мəрес  Бай-

рон өздерінің 

өлең 


жол-

дары 


мен 

т е рм е л е р і н 

айтып  берсе, 

м е к т е п - и н -

т е р н а т т ы ң 

7-9-шы  сы-

нып  оқушы-

лары  Базар-

бай 

Азамат 


пен  Арғынбай  Азамат  суырып  салып  айтысып 

өнерлерін ортаға салды.

Мəдениет  үйінің  залы  көрерменге  толы  болды. 

Кештің соңында ауыл əкімі Дүйсенбек Төлеутаев, 

мешіт имамы  Рүстем Əбди қажы, Рахима Бакеева 

қажы  əжеміз  сөз  сөйлеп,  алғыс-ризашылықтарын 

білдіріп жыл сайын осы қасиетті мерекелік шара-

ның  өткзіліп  отыруына  тілектестіктерін  білдірді, 

кеш  əсерлі өтті.

А.ЕҢСЕБАЕВ,

əдіскер.                             

Мейiрiм мерекесi



жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау