9
29 қаңтар, 2016 жыл №5 (10708)
redakciyabayantau@mail.ru
9
29 қаңтар, 2016 жыл №5 (10708)
redakciyabayantau@mail.ru
Баянтау
Пікірлер тоғысы
КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУ - ЗАМАН ТАЛАБЫ
Биылғы жыл - Тəуелсіздіктің 25 жылдығы аталып өтілетін ерекше жыл. Сондықтан, бұл – өткенді саралайтын, болашақты бол-
жайтын, сенім мен мақсатқа толы жауапты кезең. 25 жыл уақыт - елдік пен ерліктің жаңа белестер биігін бағындырар шежіресіне
айналды. Елбасы Н.Назарбаевтың дара саясатының арқасында өркендеу мен жаңару жолына түсіп, еңсеміз жылдан жылға биіктеп
келеді.
Биылғы жыл барша қазақстандықтар үшін есте қаларлықтай тарихи оқиғаларға толы жыл болатындығының айғағы ретінде
Қазақстан Республикасы Парламент Мəжілісі мен Мəслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы дер едік. Өмірдің өзі талап
етіп отырған кезектен тыс сайлаудың басты жаңалықтары - жариялылықпен, демократиялық дəстүрлермен барынша ұштасып
отырғаны қарапайым еңбек адамдарының ой-пікірлерінен айқын аңғарылып отыр.
Қазақ халқы Парламент Мəжілісі мен түрлі деңгейдегі Мəслихаттарға үміт-
керлерді дұрыс таңдаса, олардың ұйымдастыру қабілеттерінің молдығы, қо-
ғамдық дамудағы тарихи-экономикалық өзгерісті терең талдай алатын, шұғыл
шешімдер қабылдай алатын батылдығын, ойлау қабілеттерінің ұшқырлықта-
рын тани білуі тиіс.
Қазақ елінің өміріне ескен жаңа леп өміршең өзгерістерге өркен жайдыруы-
мен ауыл-қаланы қуантып, жаһандану дəуіріндегі қиындықтарға төтеп бер-
мек. Жаңадан сайланатын Парламент Мəжілісі мен түрлі деңгейдегі Мəслихат
депутаттары ел тынысына тың леп естіріп, озық идеялар ала келетіндігі, жа-
ңарулар мен өзгерістерді жалындатуға бар күш-жігерін салатындығы сөзсіз.
Мемлекетіміз бұған кең мүмкіндіктер ашып отыр.
Қазақстанның демократия принциптері мен қағидаттарын сақтай отырып,
халықаралық талаптарға барынша сəйкес келетін, жоғары деңгейде сайлауды
өткізу - еліміздің бірлігі мен демократиялық дамуын дəлелдейтін маңызды қадам
болмақ.
Пікірлерді тоғыстырған:
Бағзад НҰРТАЙҚЫЗЫ.
23-ші қаңтар күні Е.Бекмаханов
атындағы жалпы орта білім беру
мектебінде «Менің мамандығым»
атты тақырыпта студенттермен
кездесу кеші ұйымдастырылды.
Түлектерге мамандық таңдауда ба-
ғыт-бағдар беріп, олардың өз ойла-
рын еркін айтып, басқаның пікірін
сыйлай білуге, жүйелі ойлауға бау-
лу, оқушылардың қоғамға деген аза-
маттық позициясын қалыптастыру
мақсатында өтті.
Кешке мектеп мұғалімдері тəрбие
ісінің меңгерушісі Д.Жұмабаева,
əлеуметтік ұстаз Б.Бажикова, мек-
теп психологі А.Төлегенова жəне
осы мектептен түлеп ұшқан сту-
денттер мен оқушылар қауымы қа-
тысты.
Келелі кеш барысында оқушылар
студенттерге мамандық таңдаумен
мен жақсы маман болуға дейінгі өз-
дерін мазалап жүрген түрлі сұрақта-
рын қойып, жауаптарын алды.
Кештің соңында тəрбие ісінің
меңгерушісі Диана Мəуленқызы
кəсіби бейімділікке психология-
лық ойын өткізіп, əлеуметтік ұстаз
Бақыт Амантайқызы мамандық-
ты сүйе білуге баулу мақсатында
слайдтар көрсетсе, мектеп пси-
хологі Айжан Серікқызы «Тілек
шамы» тренингін өткізді. Тренинг
шарты бойынша оқушылар мен
студенттер дөңгеленіп тұрып, бір-
біріне шырақты бере отырып, тілек-
терін айтып шықты. Кездесуде пікір
алмасып, уақытын бөлген студент-
тер мен ұстаздардың айтқандарын
естен шығармауды тапсырды. Тек
білім алуға барлық күш-жігерлерін
жұмсап, мықты маман иесі болуға
тілегін білдірді.
Б.БАЖИКОВА,
Е.Бекмаханов атындағы
ЖОББМ-нің əлеуметтік ұстазы.
МАМАНДЫҚТАН ҚАТЕЛЕСПЕЙІК
Орынбай САЙФУРОВ, Майқайың кентінің тұрғы-
ны, зейнеткер:
- Менің жасым алпыстан асты. Ұзақ уақыт бойы адал
еңбек етіп келемін. Елбасымыздың сара саясатын қызу
қолдаймыз. Елбасымыздың «Біз алдымен экономика со-
дан соң саясат, деген формуламен алға басып келеміз.
Саяси реформалардың əрбір кезеңі экономика дамуы-
ның деңгейімен ұштасады»-деген сөзін бірнеше мəрте
естідік. Елбасы идеясымен өткізгелі отырған Қазақстан
Республикасы Парламенті Мəжілісі мен барлық деңгей-
дегі Мəслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өткі-
зудің тарихи маңызы өте зор деп есептейміз. Халықтың
аманаты мен сенімін арқалайтын халық қалаулыларына
сайлаушылар өз таңдауларын дұрыс жасап, оларға жауапкершілік жүгін арқала-
туы заман талабы. Ел болып жаһандық дағдарыстан аман-есен шығып, алдағы
сайлау науқанын ұйымшылдықпен, абыроймен өткізу басты міндетіміз.
Марат ЖҰМАБЕКОВ, Ақши ауылының тұрғы-
ны, «Саятжан» шаруа қожалығының басшысы:
2016 жылдың 20 қаңтарында мемлекет басшы-
сы Н.Ə.Назарбаев 5 шақырылымдағы Парламент
Мəжілісін тарату туралы жəне Қазақстан Республика-
сы Парламенті Мəжілісі депутаттарының жəне түрлі
деңгейдегі мəслихаттар депутаттарының кезектен тыс
сайлауын тағайындау жөніндегі Жарлығы халық ара-
сында кеңінен қолдау тапты. Бүкіл дүние жүзі дағда-
рысқа қарсы амал жасап жатқанда ел тағдырына алаң-
дағаны өте дұрыс шешім болды. Айтары жоқ, мəжіліс
депуттары осы шақырылымда сан-алуан жұмыстар
атқарды, Елбасы белгілеген реформаларды заңдық
тұрғыда қамтамасыз етіп, елімізге қажетті көптеген
заңдарды бекітті. Ол заңдар тиісті салаларда кедергісіз
қызмет атқара бастады.
Сайлау өткізу оңай шаруа емес жəне осындай ауыр кезеңде біршама шығындар
жұмсалатыны да белгілі. Бір есептен Мəжіліс пен мəслихаттардың сайлауын бір
мезгілде, қатар өткізу өкілетті билік органдарының қызметіне айрықша үйлесім
беріп, шығатын қаражатты да үнемдеуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. 2015
жылы 30 қарашада Елбасының «Қазақстан жаңа жаҺандық ахуалда: өсім, рефор-
малар, даму» атты Жолдауы нарықтық замандағы дағдарыста қиындықтан қалай
құтылудың жолын көрсетсе, алдымыздағы сайлауда сайланатын жаңа құрамда-
ғы депутаттар Жолдаудағы ауқымды шараларды іс жүзіне асыруда өз септіктерін
тигізеді деп сенемін.
Жаңадан сайланатын депутаттар экономика мəселесіне ерекше көңіл бөлгені
дұрыс деп санаймын. Таразының басын тең ұстап, депутаттыққа аға буын өкіл-
дерімен қатар жастар арасынан да білімді, жаңашыл кандидаттар ұсынылуы ке-
рек.
Жергілікті мəслихат депуттары мейлінше жақын, елдің ішінде жүреді. Сондық-
тан олар ауыл тіршілігін, жоқ-жітігін жақсы біледі. Сондықтан ауылға баса көңіл
бөлінуі қажет. Өйткені, қазіргі дағдарыстың қыспағынан ауыл шаруашылығын
дамытпайынша шығынсыз шыға алуымыз екіталай. Жастарды ауылда тұрақта-
туымыз керек. Ол үшін ауыл шаруашылықтарының өнімін өндіру салаларын да-
мытуға баса көңіл бөлу жағын депутаттар мəселе ретінде көтере білсе нұр үстіне
нұр болар еді. Сол себепті жергілікті мəслихат депутаттары ауыл шаруашылы-
ғының дамуына, ауылдық жерлердегі бизнестің өсіп-өркендеуіне бар ынтасын
салып қызмет етулері керек.
Насифолла
ЖАНАТОВ, «Сарыкөл»
көмір
кенішінің жүргізушісі:
- Биылғы жылғы ең үлкен саяси оқиға - Парламент
Мəжілісі мен барлық деңгейдегі Мəслихат депутатта-
рының кезектен тыс сайлауы болмақ. Елдігімізге сын
болатын сайлауға бүкіл ел, халық болып, бір кісідей
жұмылып қатысатын боламыз. Өйткені əлемдік сая-
си тарихтың дамуындағы бүгінгі таңдағы ең табысты,
жетілген саяси басқарудың түрі-демократия яғни халық
билігі. Ал демократиялық қоғам құрудың басты саяси
тетіктерінің бірі - сайлау процесі болып табылады. Сай-
лауда көп дауысқа ие болып, ел сеніміне бөленген халық
қалаулылары мемлекеттің əр азаматының атынан ел бо-
лашағы мен алдағы дамуында үлкен рөл атқаратынын
өмірде көріп, біліп жүрміз.
Сондықтан 20 наурыз күні сайлауға отбасымызбен қатыса отырып, мемле-
кетіміздің саяси жағдайының тұрақты болуына өз үлесімізді қоса отырып, өз бо-
лашағымызға жауапкершілікпен қарайтынымызды дəлелдемекпіз.
Аллаберген ҚАБЫЛБЕКОВ, «Майкөбен-Вест»
көмір кенішінің «БелАЗ» жүргізушісі:
- Сайлау - мемлекеттілігімізге, халыққа адалдық пен
əділдіктің паш етілер, көрінер тұсы. Ол сайлауға қаты-
сушылар тарапынан да, ұйымдастырушылар тарапы-
нан да көрініс беруі заңды.
Сондықтан, биылғы жылдың жиырмасыншы наурыз
күні өткізілетін кезектен тыс Парламент Мəжілісі мен
түрлі деңгейдегі Мəслихат депутаттарының сайлауына
зор үмітпен қараймыз. Біздер, сайлаушылар, салиқалы
таңдау, сындарлы шешім қабылдай отырып сайлауға
түсетін үміткерлер арасынан өз таңдауымызды жасай-
мыз.
Кезектен тыс өткізілетін Парламент Мəжілісі мен
түрлі деңгейдегі Мəслихат депутаттарын сайлау ашық,
əрі жариялы түрде əділ өтеді деп сенеміз. Өйткені, сай-
лау белгілі бір деңгейде кəсіби шеберлікпен жоғары еуропалық деңгейде ұйым-
дастырылатынын теледидардан естіп отырмыз. Сайлау - демократияны дамытуға
бағытталған сенімді қадам, үлкен істің бастамасы деп айтар едік. Бұл саяси нау-
қанда нағыз іскер де лайықты кандидаттар таңдалуы тиіс.