Сөзіммен халқым амал қылсын десең, Амал қыл өз сөзіңмен əуел өзің!


29 қаңтар, 2016 жыл №5 (10708) redakciyabayantau@mail.ru 11



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет12/12
Дата25.05.2018
өлшемі0,56 Mb.
#17370
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

11

29 қаңтар, 2016 жыл №5 (10708)

redakciyabayantau@mail.ru

11

29 қаңтар, 2016 жыл №5 (10708)

redakciyabayantau@mail.ru

Баянтау


ЕСКЕ АЛУ

Жүсіпбек  Аймауытов  ауылының  тумасы  асқар  таудай  əке, 

адал жар Кəрімов Жұмажан Əнесұлын сағына еске аламыз!

Егер тірі болса қаңтар айының 21-ші жұлдызында 44 жасқа 

толар  еді.  Арамыздан  кеткеніне  біраз  жылдың  жүзі  болса  да 

оның нұрлы бейнесі мəңгі есімізде. Қимас жанымызды еске ала 

отырып, жатқан жері жайлы,топырағы торқалы, жаны жəннат-

та, иманы саламатта болсын деп Алладан тілейміз.

Еске алып, сағынамыз нұр жүзіңді,

Көңілден өшірмейміз біз өзіңді.

Алладан қабыл болсын деп тілейміз,

Оқыған дұға, иманды сөзімізді.

Тағдыр салса көнеміз басымызға,

Он  бес  жыл  болды  жоқсыз  қасымызда.

Қырық төрт жасқа толар едің аман болсаң,

Еске аламыз ерік беріп жасымызға.

Жансыз сурет естелік болып қалды,

Тірі болсаң беретін едің барды.

Жатқан жерің жарық болсын, Əкешім,

Сізді бүгін жанұяң еске алды.



Еске алушылар: қызы Айнұр

Таяуда  З.Ақышев  атындағы  жалпы  білім  беру  орта  мектебінің  кітапханашы-

лары кітапты сүйе білуге, ізденімпаз болуға баулу мақсатында  «Жас оқырман» 

фестивалін ұйымдастырды. 

Шарада мектептің 6 «а», «б», «в»  сыныптарындағы оқушылар өзін танысты-

ру, «Кітап-білім бұлағы», «Өлең-сөздің патшасы», «Мақал-сөздің мəйегі», «Білім 

көзі  кітапта»  бөлімдері  бойынша  білімдерін  сынады.  Сайыс  соңында  аудандық 

С.Торайғыров  атындағы  балалар  кітапханасының  кітапханашылары  Екатерина 

Ивановна,  Айжан  Айткеновна  өз  ризашалықтарын  білдіре  отырып,  мектептің 

белсенді оқырмандарын аудандық балалар кітапханасының атынан алғыс хатпен 

марапаттады. 

Сонымен қатар мектеп кітапханашылары Ж.Бекмағанбетова мен Қ.Бейсемби-

нова «Ең үздік оқырманды» анықтады. Нəтижесінде аталмыш номинациямен 4 

«б» сынып оқушысы Өмірбек Аңсар марапатталып, белсене кітап оқитын оқушы-

лар алғыс хатқа ие болды. 

Ж.БЕКМАҒАНБЕТОВА,

З.Ақышев атындағы жалпы білім беру 

орта мектебінің кітапхана меңгерушісі. 

ЖАС ОҚЫРМАН 

«Өрт тілсіз жау» деп тегін айтылмаған, 2015 жылы Баянауыл ауданында 15 өрт, 

42 жану оқиғалары тіркелді. Болған өрттің салдарынан 1,5  млн. тенгенің шығыны 

келген, болған өрттердің 90 пайызы азаматтардың өрт қауіпсіздік ереже талапта-

рын сақтамағандықтарынан тіркелген, өрттерде 2 адам өлімі тіркеліп отыр.

Болған өрттер бойынша 6 азамат əкімшілік жауапкершілікке тартылып, 56 760 

теңгенің əкімшілік айыппұлы салынды. 

Жоғарыда көрсетілген жан-түршігерліктей жағдайлар жəне қыруар шығындар-

дың алдын алу мақсатында, төмендегі тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздік ереже талап-

тарын сақтаған абзал;

- Жылыту пештерді жөндеуден өткізу,

- Пештер мен басқа да жылу беру құралдарының белгіленген норма бойынша 

жанғыш құрылысты өртке қарсы шегінісі болуы тиіс, сондай-ақ ауданы 0,5х0,7 см 

кем емес, ешбір ақау мен мүлтіксіз қаңылтыр төселуі қажет.

- Жылу беру маусымы алдында пештер күйеден  тазарту керек,

- Шатыр астындағы барлық түтін құбыры мен қабырғаларын, түтін арналары 

өтетін жерлерде сылау жəне ағарту керек,

- Электр сақтандырғыш тетігіне қолдан сым бұрап қолдануға тиым салынсын,

- Сынған, күйген электр қондырғыларды аийдалануға тиым салынсын,  

Құрметті азаматтар! Өртке сақ болыңыздар. Өрт қауіпсіздік ережелерін сақта-

ңыздар жəне қатарыңыздағы адамдардан талап етіңіздер.

Егерде Сіз, өрт оқиғасына куəгер болсаңыз дереу, Өртке қарсы қызметтің бір 

ыңғай 101 телефонына хабарлаңыздар. Ұялы байланыс желісі арқылы 101 нөмірі-

не хабарласуыңызға болады. Байланыс тегін.

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.

ӨРТ ТІЛСІЗ ЖАУ

Мал ұрлығына  қатысты тұлғаларды анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тар-

ту мақсатында, ағымдағы жылдың қаңтарының 18-нен 20-сы аралығында Павло-

дар облысы Баянауыл ауданы бойынша «Мал- ұрлаушы» жедел профилактикалық  

іс-шарасы өткізілді. 

Осы бағытта тəртіп сақшылары бар күш құралдарын жұмсап рейдттік жұмыс-

тарын күшейтті.

Аудан  аумағында  мал  басын  сақтау  үшін,  халықпен    кездесу  өткізіліп,  жəне 

халыққа малдарды ендеу, таңбылау, сырғалау, бағуды қамтамасыз ету,  мəселелері 

жеткізілді

Іс-шара барысында мал ұрлығына қатысты  бұрын жасалған  бір қылмыс ашы-

лып, күдікті құрықталып  уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

А.МАКИШЕВА,

Баянауыл ауданы ішкі істер бөлімінің

Мемлекеттік тіл жəне ақпарат тобының жетекші маманы.

«МАЛ - ҰРЛАУШЫ» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫН ӨТКІЗУ

Əр оқушы мектеп бітірген соң студент атанып, жан-жаққа түлеп ұшады. Алайда, 

қай жерде жүрсе де алтын ұя мектептерін, сүйікті ұстаздарын сағынышпен еске 

алады. Əсіресе, мектепті бірнеше жыл бұрын бітірген түлектер жиі хабарласып, 

мектепке келіп тұрады. Қаңтардың 23-і күні қысқы демалысқа келіп жатқан тү-

лектерімізді студенттермен кездесу кешіне шақырдық. Бұл кездесу қызықты өту 

үшін мектеп оқушылары мен студенттер арасында КВН ойыны ұйымдастырылды. 

Ойынға жоғары сынып оқушыларының жəне студенттердің құрама командалары 

қатысты. Бірінші кезеңде студенттер өздерінің қайда, қандай мамандыққа оқып 

жатқандары туралы айтып, таныстырды. Үй тапсырмасында əр команда өздерінің 

əзірлеген қызықты əзіл-сықақ миниатюраларын көрермендер назарына ұсынды. 

Əуенді кезеңде мектеп оқушылары Динара Пішенбай мен Ақмейіз Кəрімжан ги-

тарамен шырқаған əндер өте тартымды шықты. Сұрақ-жауап кезеңінде оқушылар 

мен студенттер түрлі əзіл-шыны аралас сұрақтарға тапқырлықпен жауап беруге 

тырысты. Ойын соңы би кешіне ұласты. Жалпы бұл кезедесудің танымдық-тəр-

биелік мəні зор болды. Алдынғы аға-апалары секілді мектеп оқушылары студент 

болсақ деп армандаса, студенттер ол үшін оқу-білім игерудің маңызын айтып өтті.



Алтынай АХМЕТОВА,

Ə.Марғұлан ЖОББМ-нің мұғалімі.

ҚЫЗЫҚТЫ КЕЗДЕСУ

Лекер  жалпы  негізгі  білім  беру  мектебінде  қаңтар  айының 11-16-сы  күндері 

аралығында  Қазақстан  Республикасы  педагог  кадрларының  біліктілігін  артты-

рудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы 

бойынша  мұғалімдерді  оқыту  курстарынан  өткен  ұстаздардың  тəжірибе  алмасу 

апталығы болып өтті. 

Курстан өткен ұстаздар тəжірибе алмасу мақсатында  ашық сабақтар берді. Қа-

зақстан тарихы пəнінен 6-шы сыныпқа сабақ берген Э.Көккөзова мұғалім «Шы-

ғыс Қазақстан» тақырыбы бойынша ашық сабаққа мектеп мұғалімдерінің басым 

бөлігі қатынасты. Жаңа сабақты игеру, алған білімді практикада  қолдану  бойын-

ша тиімді тəсілдер көрсете отырып, жаңа технология бойынша оқушы жұмысын 

топта ұтымды ұйымдастыра білді.

Содан кейін қазақ əдебиеті пəнінен 7-ші сыныпқа сабақ берген С.Ералина мұ-

ғалімі  М.Əуезовтің  «Көксерек»  əңгімесі  бойынша  ашық  сабақ  болып  өтті.  Бұл 

сабаққа мектеп басшылары, жас мамандар, бастауыш сынып мұғалімдері түгел-

дей қатынасты. Мұғалім сабақ басында жағымды  психологиялық ахуал туғызу, 

оқушыларды  топқа  бөлу, əр оқушының жеке жұмысы мен топтық жұмыс түр-

лерін асқан шеберлікпен ұйымдастыра білді. Сабақтың əр кезеңіндегі оқушылар 

жұмысын «бағалау критерийлері» арқылы дескриптормен үйлесімді бағалап көр-

сетті. Сабақ соңында «Ей, Адамзат! Табиғатқа қиянат ете көрме!» атты ой толғау 

жазған оқушылар табиғаттың тылсым тіршілігіне аяусыз араласатын «адамдарға» 

балалық жүректен өз айтарларын білдірді. Бұл сабақтың тəрбиелік мəні де ерекше 

болғанын сезілді.

Келесі кезеңде 4-ші сыныпқа Г.Мамырбекова мұғалім  математика пəнінен «Өт-

кенді пысықтау» атты сабақ өтті. Мұғалім сабақта көңілді психологиялық ахуал 

туғызып, математикадан өткен уақыт пен ұзындық өлшем бірліктерін қайталап, 

еске түсіру мақсатында түрлі тапсырмалар беріп, оқушылардың əрі тез, əрі дұрыс 

орындауын шебер үйлестіре білді.Сабақ барысында формативті бағалаудың бір-

неше түрін əріптестеріне көрсетті.

 Апта бойында өткен бұл ашық сабақтардан мектеп мұғалімдері сабақ кезең-

дерін дұрыс жоспарлау, сабақта уақытты тиімді пайдалану, оқушы жұмысын ың-

ғайлы ұйымдастыру, оқушыны əділ бағалау жəне қолайлы психологиялық ахуал 

туғыза білу сынды тұстардан методикалық көмек алды деп ойлаймыз. 

  

     Сəуле НҰРҒАЛИҚЫЗЫ.



ҰСТАЗДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Заман талаптарына сай, мектеп мұғалімдеріне ертеңгі жастарды əрі озық ұлттық 

дəстүр рухында тəрбиелеп өмірге əзірлеу бастауыш сынып мұғалімдерінен бастап 

жүктеледі.Осы міндеттерді  орындау үшін  ұстаздар қауымы оқу-тəрбие үрдісінде 

жаңа əдіс тəсілдерді қолдану керектігі анық айтылып жүр.Осы орайда Лекер жалпы 

негізгі білім беру мектебінде «Ертеңгі болашақ – бүгінгі білімді ұрпақ» атты бас-

тауыш сынып бірлестігінің апталығы болып өтті. 

  Бұл  апталықта  ұстаздардың  пəнді  оқыту  жəне  тəрбие  іс-шаралары  сынды    екі 

бөлімнен тұратын жұмыс барысы ұсынылды. Пəндік оқытуда алдыңғы қатарлы ұс-

таздарымыз 1-ші сыныпта сауат ашу пəнінен «Төрт түлік»  тақырыбында  мұғалімі 

Р.Смағұлова, 2-ші  сыныпта  қазақ  тілі  пəнінен  «Жұрнақ»  тақырыбында    мұғалімі 

А.Байділдина, 3-ші сыныпта «Менің атым Қожа» мұғалімі А.Абежанова 4-сыныпта 

математика пəнінен «Өткенді пысықтау» тақырыбында Г.Мамырбекова «Біз тебеміз 

сырғанақ» тақырыбында Қ.Тасыбаева сабақтары өз деңгейінде өткізді. Сабаққа қой-

ған мақсаттарының  дұрыстығын, оқушылардың қорыту жəне тəрбиелеу тəсілдерінің 

тиімділігін,оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуын бағалаудан бастады. Əр 

ұстаз сабақ беруде жүйелі түрде оқытатын пəнінің ғылыми-теориялық деңгейін, пə-

наралық байланыстардың қолданылуы, өтілген материалдарын кеңінен, тереңінен 

түсіндіру, оқушылардың танымдылық жəне ақыл қабілеттерін белсендетіп, өздігі-

нен шығармашылық жұмыс істеуге үйренуге мүмкіндік бере отырып  алға қойған 

мақсаттарына жетті. Апталықтың соңғы күнінде бастауыш сынып оқушыларының 

қатысуымен «Сынып дарабозы» қорытынды интелектуалы анықталды.     

                                                                                                         

А.БАЙДІЛДИНА,

                                          Лекер ЖНБМ-нің бастауыш

                                         сынып ƏБ жетекшісі.

ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ – БІЛІМДІ ҰРПАҚ 

Соңғы  жылдары  денсаулығым  сыр  беріп,  Баянауыл  аудандық    емханасының 

терапия  бөлімінде  ем-шара  алған  болатынмын.  Емделіп  шыққасын  денсаулы-

ғым  біршама  жақсарды.  Ол  əрине  осы  емхана  ұжымының  тынымсыз  еңбегінің 

нəтижесі.  Сондықтан,  мен  өзімнің  жəне  емделіп  шыққан  азаматтардың  атынан 

шын жүректен алғыстарымызды айтамыз. Əсіресе, емхана терапия бөлімінің мең-

герушісі:  Дандан  Зəуреге,  медбикелер:  Гаухар  Сүлейменова,  Наухар  Дурдыева, 

Əсел Байгелова емдеу шараларын уақытымен, сапалы түрде атқара білді. 

Сонымен  қатар  санитарлар:  Гүлбаршын  Қожаберген,  Айгүл  Баязитова,  Ира 

Вороноваға  алғысым  шексіз.  Олар  өз  міндеттерін  шеберлікпен  атқара  жасап, 

санитарлық гигиеналық ахуалды өз деңгейінде ұстай білді. Аталған ақ халатты 

мейірімді жандарға дендеріне саулық, жанұяларына бақыт тілеймін. 

Азамат ƏМІРОВ, 

Жаңатілек ауылының тұрғыны.



АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ

жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау