Сөзіммен халқым амал қылсын десең, Амал қыл өз сөзіңмен əуел өзің!


29 қаңтар, 2016 жыл №5 (10708) redakciyabayantau@mail.ru 3



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет6/12
Дата25.05.2018
өлшемі0,56 Mb.
#17370
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

3

29 қаңтар, 2016 жыл №5 (10708)

redakciyabayantau@mail.ru

3

29 қаңтар, 2016 жыл №5 (10708)

redakciyabayantau@mail.ru

Баянтау


Жаңатілек  ауылдық  округі  əкімінің  аппараты  қызметкерлерімен  «Қазақстан 

Республикасының  қызметшілерінің  əдеп  кодексі  (Мемлекеттік  қызметшілердің 

қызметтік  əдеп  қағидалары)  таныстыру»  мақсатында  дөңгелек  үстел  өткізілді. 

Дөңгелек  үстелде  «Қазақстан  Республикасының  қызметшілерінің  əдеп  кодексі 

(Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік əдеп қағидалары) соның ішінде жалпы 

ережелермен, мінез құлықтың, қызметтен тыс уақыттағы мінез құлық, қызметтік 

қатынастардағы мінез құлық, көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат 

құралдарында  сөйлеумен  байланысты  мінез  құлық  стандарттарымен  танысты-

рылды.  

Ж.МҰСАБАЕВ,

                         Жаңатілек ауылдық округінің əкімі.

ӘДЕП КОДЕКСІН БІЛУ МАҢЫЗДЫ

21-ші  қаңтарында  Қазақстан  Республикасының 

Тəуелсіздігі мен Инновациялық Еуразия универси-

тетінің 25 жылдық мерейтойларына арналған «Бір 

ел - бір  тағдыр»  атты  тақырыпта  облыстық  жас 

ақындар айтысы өтті.

Егемен  еліміздің  тұғырлы  азаттығын  жырлау, 

халқымыздың  салт-дəстүрін,  ана  тілі  мен  дінін, 

ұлттық өнерін, тарихын, əдебиетін, мəдениетін өс-

келең ұрпаққа насихаттау, айтыскер ақын, жазушы, 

журналист,  шежіреші  Қимадиден  Нығмановтың 

өмір жолын жырға қосу, қазақтың маңдайына біт-

кен асыл азаматы жас буын өкілдеріне насихаттау, 

отандастарымыздың  береке-бірлігі  мен  татулығы-

ның арқасында Тəуелсіздікті баянды етіп отырған 

президентімізді  жырға  қосу,  еліміздің  бүгінгі  ты-

нысын, жаңа тарихын жырлап, ұлттық рухани құн-

дылықтарды дəріптеу, Инновациялық Еуразия Университетінің тарихын, жеткен 

жетістіктерін баян ету, Айтыс өнерін кеңінен өріс алдырып, суырып салма ақын-

дық өнерді шыңдау мақсатында өтіп отыр. 

Аламан айтыста құрамы 5 адамнан тұратын қазылар алқасы төрелік етті. Айтыс 

ашық  түрде 10-дық  ұпай  жүйесімен  бағаланды.  Қазылар  алқасы  ақындарға  тө-

мендегі қасиеттері бойынша баға береді: айтыскер ақынның білімділігі, тақырып-

ты аша білуі, көркем сөз бен астарлы сөздерді орынды қолдануы, қарсыласына 

орынды,  ұтымды  жауап  пен  тойтарыс  беруі,  сахна  мəдениеті  мен  киім  үлгісіне 

баға берді. 

 Осындай аламанда сөз көкпарына аудан орталығындағы Ш.Айманов атындағы 

ЖОББ мектеп-интернатының 7-ші сынып оқушысы Азамат Базарбай пен 9-ші сы-

нып оқушысы Азамат Арғынбай жүлделі орында қанжығаларына байлап қайтты. 

Базарбай Азамат бас жүлдені иеленіп сыйлыққа телевизор алса, Арғынбай Аза-

мат айтыстың арнайы кубогы мен кітаптарға  ие болды. Осынау аламан айтысқа 

оқушыларды дайындап шыңдап жүрген ұлағатты ұстаз Таңат Қуанұлына айтар 

алғысымыз шексіз. 

А.ТҮЛЕШОВА, 

                                           Директордың бейінді оқыту

 жөніндегі орынбасары. 

ҚОС АЗАМАТ АЙТЫСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ  

Жақында  Баянауыл  аудандық  кітапханасын  оқу  залында  жазушы  Медеу  Сəр-

секенің туғанына 80 жыл толуына орай портрет кеші өтті. Шараға өлкетанушы 

Алтынбек  Құрманов,  З.Ақышев  атындағы  ЖОББМ  жəне  Ш.Айманов  атындағы 

мектеп-интернатының оқушылары, ұстаздары  қатысты. 

Медеу Сəрсеке - қазақ əдебиетінде ғылыми-киял жанрының өрістеуіне мол үлес 

қосқан  каламгер.  Оның  «Көрінбестің  көлеңкесі», «Жетінші  толқын», «От  жəне 

атом»  атты  қиял-ғажайып  хикаяттары  бар.  Қаламгер  каламынан  туган  «Жаңғы-

рық» жəне «Көмбе» романдарын окырман қауым өте жылы қабылдаған. «Взрыв» 

деп аталған алғашқы романы Мəскеу мен Алматыда екі мəрте көп таралыммен 

орыс тілінде жарық көрді. М.Сəрсеке есімін күллі бұрынғы Одаққа жəне шетел 

окырманына танытқан еңбегі - «Сəтбаев» ғұмырнамасы. Ұлы ғалым өмірін ұлық-

тауға М.Сəрсеке 45 жыл ғұмырын сарп етіп, осы уақытта ұзын саны 10 кітап дү-

ниеге əкелген. Сол кітаптардың ең көлемдісі - «Қазақтың Қанышы» мен «Қаныш 

елі».


Мазмұны мен мəні терең шарада аталған кітаптарға бейне шолу жасалып, өл-

кетанушы Алтынбек Құрманов Медеу Сəрсекемен кездескендегі сəттерінен сыр 

ақтарды. 

 Арайлым ҚАЛҚАМАН, 

кітапханашы.

КӨРНЕКТІ ҚАЛАМГЕР

ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның дамыған заманы. Бүгінде ұлағатты ұл, ина-

батты  қыз  тəрбиелеп  өсіру – үлкен  борыш.  Əсіресе,  ол  мектеп  өмірімен  тығыз 

байланыста болса. 

Əр  оқушының  бойына  патриоттық  сезім  қалыптастырып,  ұшқыр  жəне  ұтым-

ды ойларын дамыту, білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең 

дүниеде  өмірге  есік  ашатынын  сезіндіру,  білімге  деген  құштарлығын  арттыру, 

ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға тəрбиелеу мақсатында Үшқұлын 

жалпы  негізгі  білім  беру  мектебінде  қаңтар  айының 18-і  мен 23-і  аралығында 

«Бастауышым - балбұлағым» атты бастауыш сыныптар арасында апталық өтті. 

Апталыққа бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушылары бар ынта-жігерімен 

кірісіп,  апталықтың  басын  қызықты  тапсырмалар  орындаумен,  оқушылардың 

дүниетану пəнінен шағын ғылыми жобаларды қорғауымен басталды. Жетекшісі 

– бастауыш сынып мұғалімі Ж. Боларма. Одан əрі «Білімділер бекеті» тақыры-

бында сайыс ұйымдастырылып, əр бекеттің тапсырмаларын орындап, сайыс со-

ңында əн шырқалды. Сонымен қатар, ұлттық салт-дəстүрімізді жаңғырту, ұрпақ 

бойына сіңіру мақсатында даярлық тобының ұстазы Х.Гүлайым ханталапай, асық 

ату ойындарын өткізіп, одан əрі апталықты жандандыра түсті. Бастауыш сынып 

мұғалімдері Л.Ғанибал, Х.Сымбат, К. Бешенбаевалардың ұйымдастыруымен бір-

неше іс-шаралар өтілді. 

Апталығымыздың  соңы  мəнерлеп  оқу  сайысымен  аяқталып,  оқушылар  мара-

патталды. 

Л.ҒАНИБАЛ,

Үшқұлын ЖНББМ-нің сынып мұғалімі.

БАСТАУЫШЫМ – БАЛБҰЛАҒЫМ

Б.Хайдаров  атындағы  жалпы  орта  білім  беру  мектебінде  педагог  мамандарға 

теориялық  мағлұмат  беру,  олардың  жаңа  əдіс-тəсілдерге  деген  көзқарастарын 

байқау мақсатында «Жаңа білімге заманауи көзқарас» тақырыбында коучинг өтті. 

Шарада  ұстаздар  идеяларын  оқу  үрдісіндегі  жаңашылдық,  диалогтік  оқыту 

əдісінің  тиімділігін  талқыға  салды.  Əр  мұғалім  өз  ойларымен  бөлісіп,  топтық 

жұмыс  жасаудың    сабақты  өткізуде  өте  тиімді  тəсілдердің  біріне  айналғанын 

жеткізді. 

Сондай-ақ,  мұғалім  сабаққа  оқушылардың  қызығушылығын  арттыруға,  оқу 

үрдісінде дəстүрлі бағалау түрін ғана жүргізбей формативті, критериалдық, өзін-

өзі бағалау əдістерін қолдануға болатынын меңгерді. 

Қорыта айтқанда, коучинг мектептің білім сапасын жақсартуда, ұстаздардың өз 

білімін жетілдіруде пайдасын тигізетін керек тəсіл деп санаймын.

С.ЖҰМАНОВА, 

Б.Хайдаров атындағы ЖОББ мектебінің 

бастауыш сынып мұғалімі.

ПЕДАГОГ ТӘЖІРИБЕСІН ЖАҚСАРТУ

 22-ші қаңтар күні татар халқының мəдениеті мен салт-

дəстүрін  насихаттап  жүрген  ақ  жаулықты  ана,  əнші,  та-

тар халық орталығынан құрылған «Ялқын» вокал тобы-

ның  жетекшісі  Мұсатаева  Зұлхиза  Гаянқызы  сексеннің 

сеңгіріне шықты. Сондай-ақ, дəл осы күні «Ялқын» вокал 

тобының  сахна төрінде əсем əндерімен көрермен қауым-

ға қуаныш сыйлап жүргендеріне де 10 жыл толды. Осы-

ған байланысты Майқайың кенті «Кенші» мəдени-сауық 

орталығында  «Махапат  ялқыны»  атты  «Ялқын»  вокал 

тобының  жеке  шығармашылық  əн  кеші  ұйымдастырыл-

ды. Кеш иелерін Майқайың кентінің көрермендері ыстық 

ықылас,  зор  қошеметпен  қарсы  алды.  Концерттік  бағ-

дарламаның  шымылдығы «Туған жер» əнімен ашылды. 

Сонымен  бірге,  концертте  кеш  иелері  шырқаған  «Утыр 

əле янарыма», «Гармоншы болсын ярын», «Чигарсынма 

коршы оларга» əндерін көрермендер зор қошеметпен қарсы алды.  

Өнер кешінде кент əкімінің орынбасары М.Жүсіпов, ардагерлер кеңесінің тө-

рағасы В.Никишов, «Кенші» мəдени-сауық орталығының жетекшісі А.Кəкімова, 

«Сымбат» əжелер вокал тобының жетекшісі Қ.Көпежанова, «Сырласу» вокал то-

бының жетекшісі З.Төлеубекова мерейтой иесі мен вокалдық топқа шығармашы-

лық табыстар тілеп, сыйлықтарын табыс етті.  

Салтанатты  шараның  басты  кейіпкерлерін  мерейтойларымен  құттықтау  үшін 

Павлодар облыстық татар-башқұрт мəдени орталығы төрағасының орынбасары  

Венера жəне Екібастұз қаласының «Шатлык» вокал тобы арнайы келіп, əсем əн-

нен шашу шашты. 

 Əуезді əн кешінде А.Мұқажанов, Валерия, Н.Молхина сынды жас өнерпазда-

рымен көпшілікті тəнті етті. 

Бізде өз тарапымыздан ақ жаулықты анамыз Зұлхиза Гаянқызын, «Ялқын» во-

кал  тобын  мерейтойларымен  құттықтап,  шығармашылық  толағай  табыстар  ті-

лейміз. Өмірлеріңізге шаттық, көңілдеріңізге күлкі ұялап, əрқашанда кентіміздің, 

мəдениет  ошағымыздың  мəртебесін  əуелеген  əсем  əндеріңізбен  шарықтатып 

жүре беріңіздер.



Бердігүл МАЙЛЫБАЙҚЫЗЫ,             

«Кенші» мəдени-сауық орталығының əдіскері. 

ӨНЕРДІҢ ЖҮРГЕН ЖОЛЫНДА

Үшінші  тоқсанның  басында  барлық  жалпы  орта  білім  беру  мектептерінде 

бірінші  сабақ  «Деструктивтік  жəне  діни  ұйымдар:  антирадикалдық  діни  имму-

нитетті қалыптастыру негіздері»  атты тəрбие сабақтары өткізілді. Сабақтың мақ-

саты - оқушыларға діни-бағытта дұрыс көзқарас, рухани-адамгершілік тəрбиесін 

қалыптастыру, заңды білуге жəне құрметтеуге, діни сауаттылығын кеңейту, жат 

ағымдардан  аулақ  болуға,  келер  жас  ұрпақ  өмір  қауіпсіздігі,  жаңашырлыққа, 

бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тəрбиелеу.

Сабақ жоспарында дін мəселелері бойынша заңнамалық актілерімен, Қазақстан 

Республикасында тыйым салынған ұйымдарымен жəне конфессияаралық қарым-

қатынастарды талдау жəне дамыту орталығының директоры,тарих ғылымдары-

ның кандидаты Г.М.Раздықованың  мақаласы таныстырылды. 

Тəрбие  сағатқа  ауданымыздың  барлық  жалпы  орта  білім  беру  мектептерінің 

5-11-ші сынып оқушылары қатысты. Жас ерекшеліктеріне қарай тəрбие сағатта-

ры дөңгелек үстел, лекция, диалог, сұрақ-жауап түрінде өтті. Діни наным-сенім 

мен олардың пайдасы мен зияны аясында өмірде нақты мысалдар келтірілген бей-

небаяндар көрсетілді.

Сабақ соңында оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын ашық жол-

дап, пікір алыса білді. Тəрбие сағаттары өте тиімді, пайдалы жəне қызықты  өтті.

А.ОРАЗАЛИНА,

аудандық білім бөлімінің əдіскері.

ДIН САҒАТЫ

Ақпараттар ағыны



жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау