4
29 қаңтар, 2016 жыл №5 (10708)
redakciyabayantau@mail.ru
4
29 қаңтар, 2016 жыл №5 (10708)
redakciyabayantau@mail.ru
Баянтау
лығы тауарын өндірушілерді қолдау
мақсатында асыл тұқымды мал ша-
руашылығын дамытуға, мал шаруа-
шылығы өнімдерінің өндірісін көбей-
ту, сапасы мен бəсекеге қабілеттілігін
арттыру үшін жыл сайын республика-
лық бюджеттен қомақты субсидиялар
бөлінетіні белгілі. Ауданда бұл бағыт-
та бір жылда 269 бас асыл тұқымды
мал сатып алғаны үшін 61 шаруа қо-
жалығы, ал бордақылау алаңына 31
бас еркек төл тапсырғаны үшін 1 ша-
руа қожалығы, ірі қара малға тұқым-
дық асылдандыру жұмысын жүргізіп
отырған 118 шаруа қожалығы субси-
дияға ие болған.
Саланы өркендетуді көздеген «Сы-
баға», «Құлан», «Алтын асық», «Жа-
йылымды сумен қамтамасызданды-
ру» бағдарламалары бойынша да
жүйелі жұмыстар жүргізілген. Қа-
зақстан Республикасының үдемелі
индустриалды-инновациялық мемле-
кеттік бағдарламасы аясында «МТС
Жайма» ЖШС-і «Малшаруашылығы
кешенін құру» инвестициялық жо-
басын іске асыруда. Сонымен қатар,
«Артези» ЖШС-і 2015-2016 жылдар-
ға арналған «Минералды су өндіру
жəне құю» жобасы бойынша жұмыс
жүргізуде.
Ауданда білім саласында заманға
сай білім беру жүйесі мықтап қалып-
тасып келеді.Білім беру ошақтарын
оңтайландыруға байланысты аудан
орталығындағы Ш.Айманов атында-
ғы қазақ гимназия-мектебі мен Бая-
науыл жалпы орта білім беру мектеп-
интернаты біріктіріліп, Ш.Айманов
атындағы жалпы орта білім беру мек-
теп-интернаты (гимназия сыныпта-
рымен) деген атаумен іске қосылған.
12 жылдық білім беру моделіне көшу
мақсатында республика көлемінде
30 пилоттық мектептердің қатарына
Баянауыл ауданының №1 Майқайың
ЖОББ мектебі енген. 2014-2015 оқу
жылында Ұлттық Бірыңғай тестілеу-
дегі көрсеткішті жақсарту үшін қыс-
қы жəне көктемгі демалыс кезінде Ш.
Айманов атындағы жалпы орта білім
беру мектеп-интернатының базасын-
да Павлодар мемлекеттік педагоги-
калық институты оқытушылардың
дəріс оқуы ұйымдастырылған. 2016
жылдың 4-9-шы қаңтары аралығында
11-ші сынып түлектері үшін ҰБТ-ға
дайындық бойынша бұл шара жалғас-
тырылды. Сонымен қатар, ҰБТ-ға да-
йындықта 10 бағыт бойынша жұмыс
алға қойылған.
Денсаулығын сақтау саласы бойын-
ша ауданда 57 орынды аудандық ауру-
хана, 30 орынды туберкулезге қарсы
емдеу ауруханасы, 13 орынды Май-
қайың кентінің учаскелік ауруханасы,
3 ФАП, 6 ауылдық округте дəрігерлік
амбулаториялар, аудан орталығында
1 емхана, 20 елді мекенде медици-
налық пункттер жұмыс істейді. 2015
жылы Бірлік, Құндыкөл жəне Жаңа-
жол ауылдарына 3 жедел жəрдем ав-
токөліктері берілген. Сонымен қатар,
заманауи медициналық қондырғылар
ультра дыбыс диагностика аппараты
жəне биохимиялық анализатор жаңа-
дан алынды.
Мəдениетке тоқталар болсақ, мə-
дени шаралардың дені айтулы да-
таларға байланысты өтті. Сонымен
бірге, Баянауыл ауылында «Славян»
орталығы құрылды. Аудан орталы-
Бұқара мен билiк арасындағы ашық диалог
О.А.ЖЕЛЬВИС, аудандық мəслихат депутаты:
Кент ішілік сумен қамту тораптарына жөндеу жа-
сау жұмыстары 2010 жылдардан басталған еді. Өт-
кен жылы қаржылық қиыншылықтарға байланысты
бұл жұмыстар тоқтап қалды. Ендігі кезекте бұл ша-
руалар алдағы уақытта жалғасын таба ма?
Кентте тұрмыстық қалдықтарды төгуге арналған
қоқыс төгу алаңы бар. Бірақ, осы алаң орналасқан
жер телімінің мемлекеттік актісі жоқ. Бюджет қар-
жысы арқылы жер учаскесінің құжатын реттеуге
бола ма?
Н.КҮЛЖАН, Баянауыл ауданының əкімі:
Кентішілік су қамту тораптарына жөндеу жұмыс-
тарына 110 млн. теңге қаражат қажет. Бүгінде бұл
мəселе бақылауда.
Қоқыс төгетін алаңның құжатын реттеу үшін 320
мың теңге қаржы қарастырып, осы жылдың 1 шіл-
десіне дейін реттеуге тырысамыз.
Н.МАРКС, № 1 ЖОББ мектебінің мұғалімі:
Кентіміздегі жас мамандарды баспанамен қамту
қалай жүзеге асырылмақ.
Н.КҮЛЖАН, Баянауыл ауданының əкімі:
Жас мамандарды баспанамен қамтамасыз ету ба-
ғытында жоспар бойынша арнайы жер белгіленіп,
24 пəтерлі екі қабатты тұрғын үй салуды жоспарлап
отырмыз. Алайда, қаржылық тапшылыққа байла-
нысты бұл құрылыс та кейінгіге қалдырылып отыр.
Т.МАУЫТОВ, зейнеткер:
«Кенші» мəдени-сауық орталығы жанындағы ор-
талық саябаққа абаттандыру жұмыстары жүргізіле
ме?
Н.КҮЛЖАН, Баянауыл ауданының əкімі:
Абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жергілікті
жерден түскен салықтардың қаржысына жергілікті
əкімшілік жүргізеді.
Ж.ИГУБАЕВА, «Шағала» балабақшасының
тəрбиешісі:
Көп қабатты үйлердің төменгі қабатындағы жылу
жүйесін тұрғындар өз еркіндерімен қалай болса со-
лай өздеріне бұрып, жылу жүйесінің тəртібін бұзуда.
Сондықтан осыны қадағалап бақылайтын инспектор
маманын қоюға бола ма?
Н.КҮЛЖАН, Баянауыл ауданының əкімі:
Мəселе бойынша арнайы маманды табатын бо-
ламыз. Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылы-
ғы, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары
бөлімінің басшысына ағымдағы жылдың 1 ақпаны-
на дейін конкурс жариялап инспектор маманын жұ-
мысқа алуға тапсырма беремін.
Л.ВОЕВОДИНА, зейнеткер:
Тұрмыстық қалдықтарды төгетін жалғыз көлік қо-
қыстарды төгуге үлгермей жатыр. Сол себептен де
екінші арнайы көлік сатып алу мəселесі туындауда.
Н.КҮЛЖАН, Баянауыл ауданының əкімі:
Қоқыс төгуге арналған жəшіктер мен көлікті са-
тып алу өңірдің кешенді даму жоспарына енгізілген.
Бірақ, қаржылық тапшылыққа байланысты кейінгіге
қалдырылып отыр.
М.ƏБЕНОВ, зейнеткер:
Кентімізде су тартылып, жылу мəселесі шешіліп
жұмыстар жүргізілуде, ал жолдарға жөндеу жұмыс-
тары жүргізілмей жатыр. Не себептен?
Н.КҮЛЖАН, Баянауыл ауданының əкімі:
Жолдарды жөндеу жұмыстары Майқайың кентінің
тірек елді мекенін дамытудың 2014-2018 жылдарға
арналған кешенді жоспары бойынша 2017 жылы
автомобиль жолдарына орташа жөндеуге жобалық-
сметалық құжаттары əзірленіп, 2018 жылы жол
белгілерін құрумен бірге жолдарға орташа жөндеу
жұмыстары жүргізуі жоспарлануда.
С.ШОЙЫНБАЕВА, жұмыскер:
Пионер көшесі 25, 27 үйлердегі жылу жүйесіндегі
орнатылған сорғышты есептеуішке қойып беруіңізді
сұраймын.
Н.КҮЛЖАН, Баянауыл ауданының əкімі:
Сұрақ бақылауға алынып, жұмыс барысында жа-
салынады.
ғында атақты кинорежиссер, ұлы тұл-
ға Ш.Аймановқа арналып, ескерткіш
бой көтерді. Аудан көркемөнерпаз-
дар ұжымдары халықаралық, рес-
публикалық жəне өңірлік байқаулар
мен фестивальдарға белсене қатысып
жүлделі орындарға ие болды. Көрші-
лес
облыстардың
аудандарымен
тəжірибе алмасу аясында Қарағанды
облысының Қарқаралы ауданымен
тығыз қарым-қатынас орнады. Сон-
дай-ақ, аудан өнерпаздары көршілес
Ресей мемлекетінің Новосібір облы-
сы, Краснозерск ауданында өнер көр-
сетіп келді.
Салауатты өмір салтын ұстанып,
спортпен шұғылданатындар саны
жылдан жылға көбеюде. 2015 жылы
спорт шеберіне үміткер норматив-
терін 7 спортшы, І-ІІ-ІІІ разрядты
спорттық нормативтерін 36 спортшы
орындаған. Аудандық деңгейде бар-
лығы 70 спорттық іс-шаралар өткізіл-
ген.
Баянауыл ауданы аумағындағы əсем
табиғат көріністері талайды тамсан-
дырмай қоймасы белгілі. Сол себеп-
тен де өңір туристік кластерді дамы-
туға өзінен өзі сұранып-ақ тұр. Десек
те қазіргі заманда ел экономикасы-
ның ең перспективті бағыты болып
саналатын саланы баянауылдықтар
мықтап қолға алған секілді. Себебі,
жылдан жылға киелі мекеннің туризм
саласының бойына қан жүгіріп, ең-
сесі көтеріліп келе жатыр.
Ауданда мемлекеттік ұлттық таби-
ғи паркі туризмді дамыту саласында
көптеген жұмыстар атқаруда. Демалу-
шыларды өлке тарихымен танысты-
ру мақсатында 11 туристік маршрут
қызмет атқарды. Алдағы 2016-2017
жылдары Баянауыл-Қалмақ қырған,
Баянауыл-Жаяу Мұса мен Баянауыл
-Бұхар жырау кесенелеріне баруды
туристік маршрутқа қосу жоспарла-
нуда.
Павлодар облысындағы туристік
кластерді өркендетудің 2015-2020
жылдарға арналған бас жоспарының
негізінде «Баянауыл» ұлттық табиғи
паркінің аумағында əлемдік стандар-
тарға сəйкес келетін қос бірдей дема-
лыс кешенінің құрылысы басталды.
Жасыбай аумағында «Жаңа–Баян»
ЖШС-і жыл бойы бір мезетте 200
адамды қабылдауға арналған қос қа-
батты 20 қонақ үй құрылысын баста-
ды. Сонымен бірге, демалушыларға
аттар мен велосипедпен серуендеу,
сонымен қатар экскурсия-
лық қызмет ұсынылмақ.
Оған
қоса, «Жұлдыз»
ЖШС-і аталмыш аумақ-
та ағаштан 8 қос қабатты
коттедж жəне 4 қабатты
130 орындық қонақ үйін,
3 монша саунасымен са-
луда, бұдан басқа жазғы
кафе, қыс мезгілінде конь-
ки мен шаңғы тебу, жазғы
уақытта адамдарға шомы-
луға арналған құрал жаб-
дықтармен қамтамасыз ету
қызметін көрсетуді жос-
парлауда.
Ауданда құқықтық тəртіпті жетілді-
ру жəне қоғамдық қауіпсіздік, аза-
маттардың құқығы мен бостандығын
қамтамасыз ету мақсатында атқары-
лып жатқан жұмыстар жетерлік.
Əлеумет сауалы-əкім
жауабы
Есептік кездесу 20-сы күні түстен
кейін Шөптікөл ауылдық округінде
жалғасты. Елді мекен бойынша атқа-
рылған жұмыстар тізбегін Шөптікөл
ауылдық округінің əкімі Бекболат
Ізбастин жіліктеп берді. Бұдан соң
аудан əкімі Н.Күлжан ауданда жасал-
ған жұмыстарды саралады. Баяндама
жалғасы көпшілік қауымының сұрақ-
тарына ұласты. Зейнеткер Р.Кəрімова
ауылдық округтегі мектеп автобусы-
ның тозығы жеткендігін айтып, ескі
автобусты жаңасына ауыстырып бе-
руді сұрады. Аудан əкімі мəселенің
оңтайлы шешімін табуға тырыса-
тынын жеткізді. Тағы бір зейнеткер
Н.Лунева ауылдық округ əкімдігі
ғимаратының жөндеу жұмыстарын
қажетсініп тұрғандығын баяндады.
Нұрлан Мұқатайұлы осы сұрақ бо-
йынша да шешудің амалдарын қа-
растыратындығын айтты. Зейнеткер
К.Зиятдинов Шөптікөл ауылдық ок-
ругінде өткен 2015 жылы көптеген игі
істер атқарылғанын атап өтіп, аудан
жəне ауылдық округ əкімінің жұмыс-
тарына оң бағасын берді.
Əкім мен халық етене
болса...
Қызылтау ауылында есеп берген
аудан жəне ауыл əкіміне тұрғындар
істелген істерге оң бағаларын беріп,
көкейлерінде жүрген сауалдарын
жолдады. Атап өт-
кенде,
зейнеткер
К.Боканов бұқара
мен биліктің ара-
сындағы байланыс-
тың маңыздылығын
айта отырып, тізгін
ұстаған басшылық-
тың жұртшылықпен
санаса жұмыла жұ-
мыс жасауы үлкен
нəтижелерге жете-
лейтінін жеткізді.
Мəдениет үйінің
күзетшісі, көп ба-
ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ –
(Басы 1-ші бетте)