Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



жүктеу 5,08 Kb.
Pdf просмотр
бет50/92
Дата25.05.2018
өлшемі5,08 Kb.
#17303
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   92

 
115
статусы бірдей орынбасарлары арасында түсініспеушіліктер туындауы 
мүмкін. 
3.  Бас  бухгалтер.  Штатқа  бұл  лауазымды  енгізген  кезде 
компания басшысы Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есепке 
алу  мен  қаржылық  есеп  беру  туралы»  Заңына,  оның  7-бабы  5-
тармағына  сəйкес  есеп  жүргізу  жұмыстарының  көлеміне  байланысты 
мынадай міндеттерді айқындауы тиіс: 
1)  құрылымдық  бөлімше  ретінде  бас  бухгалтер  басқаратын  
бухгалтерлік қызмет орнын тағайындау;  
2) штатқа бас бухгалтер лауазымын ендіру; 
3) бухгалтерлік есеп жүргізу ісін мамандандырылған бухгалтерлік 
ұйымға немесе бухгалтер-маманға келісім-шарт негізінде тапсыру; 
4) бухгалтерлік есепті жеке өзі жүргізу. 
4. Заң қызметі (заң кеңесшісі немесе заң бөлімі). 
5.  Кадрлар  қызметі  (кадрлар  бөлімі  немесе  персоналдар 
бойынша менеджер). 
6. Өндірістік бөлім. 
7. Жоспарлау-экономика бөлімі. 
8. Маркетинг жəне өткізу (логистика жəне жарнама) бөлімі. 
9. Шаруашылық қызметі (жүргізуші, үй сыпырушы, күзетші). 
 
Əрине,  бұл  ұсынылып  отырған  ұйымдық  құрылымды  бірден-бір 
жақсы  құрылым  деп  айтуға  болмайды,  ол  өзге  де  қызмет 
орындарымен  толықтырылуы  мүмкін.  Ұйымдық  құрылымдарды 
жасағанда  бақылаушы  қызмет  орнын  енгізу  де  жиі  ұсынылады.  Ең 
бастысы,  жасалған  құрылым  қазіргі нарықтық  экономика  талаптарына 
сай  келуі  керек,  жақсы  басқарылып,  экономикалық табыс  əкелетіндей 
болуы тиіс. 
Ұйымдық  құрылым  мен  штат  кестесі  əдетте  қандай  да  бір  нақты 
күнге байланысты: компания қызметінің басталған күніне, жыл басына 
немесе  ұйымдық  сипаттағы  жəйттерге  (мəселен,  қайта  ұйымдастыру) 
сəйкес  бекітіледі.  Компанияның  өкілетті  орган  шешімімен  бекітілген 
штат кестесінде қызметкерлердің фамилиялары əдетте көрсетілмейді. 
Өйткені  вакансиялық  орын  толыққан  кезде  штаттық  кестеде 
көрсетілген əрбір нақты лауазым бойынша қабылданған əрбір тұлғаға 
бұйрық шығарылып, олармен жеке еңбек шарттары жасалады. 
Штат  кестесінде  бұрын  болып  келген  лауазымдарды  қысқарту 
немесе оған жаңа лауазымдар ендіру кезінде «Компанияның ұйымдық 
құрылымы  мен  штат  кестесіне  өзгерістер  енгізу  туралы»  бұйрық 
шығарылып,  онда  өзгерту  себептері  жазылады  жəне  қысқартылатын 
немесе жаңадан ендірілетін лауазымдар тізіп көрсетіледі. 
Компанияның ұйымдық құрылымы мен штат кестесін жасау жəне 
өзгерту  жұмыстарын  регламенттейтін  нормативтік  құжаттар  кадрлар 
қызметінде жəне мемлекеттік мұрағаттардың толықтыру көздері болып 
табылатын  ұйымдарда  тұрақты,  ал  басқа  жерлерде  –  10  жыл  уақыт 
сақталады. 


 
116
 
Компанияның  ұйымдық  құрылымы  мен  штат  мөлшері  түптеп 
келгенде  үлкен  кəсіби  стажы  бар  қызметкерлердің  тəжірибесі  мен 
кəсіби шеберлігі жас мамандардың қуат-жігерімен, кəсіпкерлік қызметті 
ұйымдастыруға деген жаңа көзқарастармен ұштасуы тиіс. 
 
Сонымен, 
штаттық 
кесте 
ұйым 
бөлімшелеріндегі 
қызметкерлердің  сандық  жəне  сапалық  құрамын,  сондай-ақ  олардың 
атқаратын  қызметтеріне  сəйкес  белгіленген  айлық  еңбекақыларының 
мөлшерін белгілейтін ұйымдық-құқықтық құжатты білдіреді.  
 
Штаттық кестенің құрылымы сол ұйымның құрылымын айнытпай 
қайталайды.  Құрылымдық  бөлімшелердің,  лауазымдардың  атауын 
кəсіпорын  басшысы  анықтайды.  Ол  көп  жағдайда  мынадай  тəртіпті 
ұстанады:  бірінші  кезекте  кəсіпорынның  басшылық  құрамы,  содан 
кейін  өндірістік  бөлімшелер,  қосалқы  жəне  қызмет  көрсетуші 
құрылымдар айқындалады. 
 
 Штаттық кестеге кəсіпорын басшысының орынбасары қол қояды, 
бухгалтер  бұрыштама  соғады,  ал  басшы  бекітеді.  Бекітемін  деген 
белгісі  бар  жерде  кəсіпорынның  жалпы  штаттық  саны  жəне  айлық 
еңбекақы қоры көрсетіледі. Белгі (гриф) мөрмен расталады.  
 
Штатты  кесте нысаныны   лгісі 
 
 
Ұйымның ресми ататуы 
(мемлекеттік тілде) 
Ұйым 
эмблемасы 
 
Ұйымның ресми ататуы 
(орыс тілінде) 
 
ШТАТ КЕСТЕСІ 
 
ШТАТНОЕ РАСПИСАНИЕ 
________________ № ________
 
 
 
Шығарылған орны 
(мемлекеттік тілде) 
 
Шығарылған орны 
(орыс тілінде) 
 
 
 
БЕКІТЕМІН 
 
Штат санының бірлігі ___  еңбек 
жалақысының айлық қоры 
_____теңге. 
Ұйым басшысы 
 
Қолы    А.Ə.Тегі 
«____»__________200__ ж. 
Мөр 
                                                  
Құрылымдық 
бөлімше жəне 
лауазым атауы 
Штаттық 
бірліктер саны 
Лауазымдық 
жалақы 
Қосымша 
ақылар 
Еңбек 
жалақысы
ның айлық 
қоры 
Ескертпе 
жеке 
басқал
ай 







 
 
 
 
 
 
 
 


 
117
Ұйым басшысының 
орынбасары  
          
 
Қолы   
          Қолының толық жазылуы 
 
Бас бухгалтер 
            
 
Қолы   
  
 Қолының толық жазылуы      
 
 
4.1.3. «Қызметкерлер туралы» ереже 
 
Ұйымның  «Қызметкерлер  туралы»  ережесінде  кəсіпорын 
жұмысын  ұйымдастыру  мəселелері,  қызметкерлердің  еңбекақысы, 
демалыс беру тəртібі, қызметкерлер мен басшылықтың құқықтары мен 
міндеттері, жұмыс режимі көрсетіледі. 
«Қызметкерлер  туралы»  ереже  ұжымның  жалпы  жиналысында 
талқыланады,  оған  заң  кеңесшісі    бұрыштама  соғады,  басшының 
орынбасары  қол  қояды  жəне  кəсіпорын  директоры  бекітеді. 
«Қызметкерлер  туралы»  ереже  ұжымдық  еңбек  шарттарын  жасауға 
негіз болады. 
«Қызметкерлер  туралы»  ереже  кейде  ішкі  еңбек  тəртібі 
ережесінің орнына да жүреді.  
 
Zлгі 
 
____________________________  
           (кəсіпорын атауы) 
«БЕКІТЕМІН» 
Директор 
____________  ______________ 
                       (қолы)            (аты-жөні) 
2007 жылғы  «____»__________ 
 
Қызметкерлер туралы 
ЕРЕЖЕ 
 
1. Жалпы ережелер 
 
1.1. Осы ереже кəсiпорын қызметкерлерiнiң еңбек шартын белгiлейдi. 
1.2.  Кəсiпорын  қызметкерлерiнiң  келiciм-шартта,  жарғыда,  ұжымдық  шартта, 
осы  ережеде  реттелмеген  еңбек  шарттары  Қазақстан  Республикасының  еңбек 
жөнiндегi заң актiлерiмен белгiленедi. 
1.3. Кəсiпорында мамандардың мынадай  санаттары болады: 
кəсiпорынның жұмыскері – кəсiпорынмен еңбек қатынасында тұрған тұлға; 
кəсiпорынның басшы қызметкерi –  директор тағайындаған қызметкер; 
кəсiпорын  қызметкерi  –  кəсiпорынның  директоры  лауазымға  тағайындаған 
маман; 
кəсiпорынның 
басқа 
да 
жұмысшылары 
мен 
қызметкерлерi 
– 
кəсiпорынның  директоры  тағайындаған  басшы  қызметкерлерiнен  басқа 
кəсiпорынның барлық жұмысшылары мен қызметкерлерi. 
1.4.  Кəсiпорынның  басшы  қызметкерлерi:  кəсiпорынның  директоры,  оның 
орынбасарлары, бас бухгалтер болып табылады. 
 
2. Жұмысқа қабылдау 


жүктеу 5,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау