Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



жүктеу 5,08 Kb.
Pdf просмотр
бет41/92
Дата25.05.2018
өлшемі5,08 Kb.
#17303
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   92

 
97
-
  ағылшын тілінде – Joint Stock Company «ARNA».  
Қоғамның қысқарған атауы: 
-
  қазақ тілінде -  «АРНА» АҚ; 
-
  орыс тілінде - АО «АРНА»; 
-
  ағылшын тілінде – JSC «ARNA». 
1.2. Қоғамның атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 
000000, Алматы қ., Республика алаңы, 4. 
 
2. ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МƏРТЕБЕСІ 
 
2.1. «АРНА» акционерлік қоғамын құру (бұдан əрі Жарғы мəтіні бойынша – 
Қоғам)  «АРНА»  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігін  қайта  ұйымдастыру 
нысанында  жүрді,  заңды  тұлғаны  мемлекеттік  қайта  тіркеу  туралы  2005  жылғы 
«___»_________  №  ___куəлік  (бастапқы  тіркеу  күні  2002  жылғы  23  желтоқсан). 
Қоғам  қайта  құрылған  «АРНА»  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігінің  барлық 
кредиторлары  мен  қарыздарларының  алдындағы  тараптар  арасындағы  даулы 
міндеттемелерді  қосқанда,  барлық  міндеттемелері  бойынша  заңды  мұрагері 
болып табылады.  
2.2.  Қоғам  заңды  тұлға  болып  табылады  жəне  өз  қызметін  Қазақстан 
Республикасының  қолданыстағы  заңдарына  жəне  осы  Жарғыға  сəйкес  жүзеге 
асырады. 
2.3.  Қоғамның  қаржылық  жəне  өндірістік  қызметі  шаруашылық  дербестік 
негізінде жүзеге асырылады. 
2.4.  Қоғамның  дербес  балансы,  банктік  жəне  басқа  да  шоттары  бар,  өз 
атауы көрсетілген мөрге ие.  
2.5. Қоғамның өз тауарлық белгісі, қызмет көрсету белгісі жəне символикасы 
бар, олардың үлгілері белгіленген тəртіппен бекітіліп, тіркеледі. 
2.6. Қоғамның қызмет ету мерзімі шектеусіз. 
 
3. ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МƏНІ 
 
3.1.  Қоғам  қызметінің  мақсаты  Қазақстан  Республикасының  заңдарында 
тыйым салынбаған қызметтен таза кіріс алу болып табылады. 
3.2. Қоғам қызметінің мəні: 
●  өндірістік-техникалық  мақсаттағы  үйлер  мен  ғимараттарды,  тұрғын  үйді, 
жабдықтар мен басқа да мүліктерді жалға беру (оның ішінде лизинг талабымен); 
●  салынған  жылжымайтын  мүлік  нысандарын  ары  қарай  кəсіпкерлік 
қызметке  пайдалану  үшін  жалға  беру  (оның  ішінде  лизинг  талабымен)  жəне  сату 
арқылы құрылысын қаржыландыру; 
● құрылыс материалдарын өндіру; 
● 
импортталатын, 
сол 
сияқты 
отандық 
өндірістің 
құрылыс 
материалдарымен, бұйымдармен жəне құралдармен сауда жасау; 
● көтерме жəне бөлшек сауда; 
●  жабдықтарды,  құрылыс  маитериалдарын,  құралдарды,  шикізатты, 
жиынтықтаушы бұйымдарды, конструкцияларды экспорттау жəне импорттау; 
● құрылыс жəне жөндеу-құрылыс жұмыстары; 
● қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру; 
●  ақпараттық,  инжирингтік,  маркетингтік,  делдалдық,  дилерлік  жəне 
дистрибьюторлық, өкілдік жəне басқа да қызметтер көрсету; 
●  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  тыйым  салынбаған  басқа  да 
қызметтер болып табылады. 


 
98
3.3.  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  лицензиялау  көзделген 
қызмет  түрлерін  Қоғам  белгіленген  тəртіппен  тиісті  қызмет  түріне  лицензия 
алғаннан кейін жүзеге асырады. 
 
4. ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 
 
4.1.  Қоғамның  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  көзделген 
құқықтары бар. 
4.2.  Қоғам  өз  акционерлерінің  мүлкінен  бөлек  мүлікке  ие  жəне  олардың 
міндеттемелері  бойынша  жауап  бермейді.  Қоғам  өз  міндеттемелері  бойынша  өз 
мүлкі шегінде жауапкершілік көтереді. 
4.3.  Қоғам  өз  акционерлерінің  міндеттемелері  бойынша  жауапкершілік 
көтермейді.  Акционерлер  де  Қоғамның  міндеттемелері  бойынша  жауап  бермейді 
жəне  Қоғам  қызметіне  байланысты  зиян  шегу  тəуекелдерін  Қазақстан 
Республикасының  заң  актілерінде  көзделген  жағдайларды  қоспағанда,  өздеріне 
тиесілі акциялар құны шегінде көтереді. 
4.4.  Қоғам  өз  атынан  мəмілелер  (шарттар,  келісім-шарттар)  жасайды, 
мүліктік  жəне  жеке  мүліктік  емес  құқықтар  мен  міндеттерді  сатып  алады  жəне 
жасайды,  сотта  талапкер  немесе  жауапкер  болады,  сондай-ақ  Қазақстан 
Республикасының қолданыстағы заңдарына қайшы келмейтін өзге де қызметтерді 
атқарады. 
4.5. Қоғам Қазақстан Республикасында жəне шет елде өз филиалдары мен 
өкілдіктерін құра алады, өз мүлкі есебінен оларға негізгі жəне айналым қаражатын 
бөледі  жəне  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңдарына  сəйкес 
олардың қызмет тəртібін анықтайды. Филиалдың немесе өкілдіктің мүлкі олардың 
жеке балансында жəне жалпы Қоғамның балансында есепке алынады.  
4.6.  Филиалдардың  немесе  өкілдіктердің  қызметіне  Қоғам  тағайындайтын 
тұлға  басшылық  жасайды.  Филиалдың  басшысы  жəне  өкілдіктің  басшысы 
Қоғамнан алынған сенімхат негізінде əрекет етеді. 
4.7.  Қоғам  дербес  сыртқы  экономикалық  операциялар  жасай  алады,  бұған 
өз қызметіне қажетті экспорттық жəне импорттық мəмілелер де кіреді. 
4.8. Қоғам өз қызметін жүзеге асыруға қажетті үй-жайларды, жерді, сондай-
ақ  əртүрлі  жылжымалы  жəне  жылжымайтын  мүлікті  салуға,  сатып  алуға,  алуға 
жəне жалға беруге құқылы.  
4.9. Қоғам Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында жəне осы 
Жарғыда көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыра алады. 
 
5. ҚОҒАМ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 
 
5.1.  Қоғамның  акционерлері  Қазақстан  Республикасының  заңды  жəне 
(немесе) жеке тұлғалары бола алады. 
Шетелдік  заңды  жəне  жеке  тұлғалар  Қазақстан  Республикасының 
заңдарында белгіленген тəртіппен Қоғам қызметіне қатысуға құқылы.  
5.2. Қоғамның акционері мыналарға құқылы: 
1)  осы  жарғыда  жəне  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы 
заңдарында көзделген тəртіппен Қоғамды басқаруға қатысу; 
2) дивидендтер алу; 
3) Қоғам қызметі туралы ақпарат  алу, оның ішінде осы Жарғыда белгіленген 
тəртіппен Қоғамның қаржылық есебімен танысу; 
4)  тіркеушіден  немесе  номиналды  ұстаушыдан  бағалы  қағаздарға  өз 
құқығын растайтын үзінді жазба алу; 


жүктеу 5,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау