Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



жүктеу 5,08 Kb.
Pdf просмотр
бет40/92
Дата25.05.2018
өлшемі5,08 Kb.
#17303
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   92

 
94
•  Шаруашылық  шарттары  (келісімдері)  жəне  іскер  əріптестермен 
солар бойынша хат жазысулар; 
•  Сот  органдарына  жазылған  талап  арыздар  жəне  олардың 
шешімдері,  сондай-ақ,  олардың  орындалуы  бойынша  хат 
жазысулар; 
•  Еңбек шартына қатысты нормативтік актілер. 
8. Өндірістік-шаруашылық қызметін жоспарлау бойынша құжаттар: 
•  күнтізбелік  мерзімге  (ай,  тоқсан,  жыл)  жұмыс  жоспарлары  мен 
олардың орындалуы туралы анықтамалар; 
•  өндірістік  жоспарларды  орындау  жəне  басқа  да  мəселелер 
бойынша  өткізілген  қызметтік  жиналыстардың  құжаттары 
(материалдары). 
9.  Мемлекеттік  қадағалау  жəне  бақылау  органдарының  ЖШС-тің 
қызметін  тексеру  құжаттары  мен  осы  мəселелер  бойынша  хат 
жазысулар. 
10. Анықтамалық-ақпараттық құжаттар. 
 
Мұндай  құжаттарды  жүйелеу  (əрине,  ол  ЖШС-тің  жарғылық 
қызметінің  ерекшеліктерін  ескере  отырып  реттеліп  отырады)  ЖШС 
жетекшісінің  бұйрығымен  номенклатура  түрінде  ресімделіп,  əр  іске 
тиісті есеп (индекстеу) нөмірі берілуі тиіс. 
 
Номенклатуралық  істі  қалыптастыру  барысында  ЖШС  жетекшісі 
оның мынадай талаптарға жауап беруі керектігін ескеруі қажет: 
1)  ЖШС  қызметі  барысында  жинақталатын  құжаттар  легін  түгел 
қамтуы; 
2)  номенклатуралық  істің  тақырыбы  ондағы  құжаттардың 
мазмұнын қысқа, дəл жəне анық көрсетуі жөн; 
3)  істегі  құжаттарды  нөмірлеу  олардың  маңызы  жəне  өзара 
байланысы  бойынша  жүргізіледі.  Алдымен  нормативтік  құқықтық 
құжаттар  орналастырылады.  Мұндайда  жоғары  тұрған  органдардың 
қаулылары  мен  бұйрықтары  ұйымның  бұйрықтарының  алдында 
тұрады.  Мұнан  ары  қарай  жоспарлы  жəне  есептік  құжаттар  ретімен 
келеді. Бұл жөнінде кітаптың тиісті бөлігінде толығырақ баяндалады. 
 
Номенклатуралық  істер  ашылған  күннен  бастап  ұйымның 
мұрағатына  жіберілгенше  немесе  жойылғанша  ЖШС-тің  құрылымдық 
бөлімшелерінде,  яғни  орындаушыларда  (жауапты  адамдарда) 
сақталады.  
 
Тұрақты  сақталуда  тұрған  құжаттарды  істен  алуға  жəне  беруге 
тыйым салынады. Мұндайға тек қана сот жəне тергеу орындары талап 
еткенде  рұқсат  беріледі.  Солай  етілген  күнде  құжаттардың  расталған 
көшірмесі  жəне  алыну  себептері  туралы  акт  іске  тігілуі  керек. 
Номенклатуралық  істерді  ЖШС  ғимаратынан  алып  шығуға  ерекше 
жағдайларда бірінші басшы рұқсат береді. 


 
95
 
Іс  қағаздарын  жүргізу  үшін  ЖШС  жетекшісі  құжаттар  легіне  орай 
құжаттамалық  қызмет  (кеңсе)  ұйымдастырады  немесе  іс  жүргізуші 
тағайындайды. Ал оның негізгі міндеттері мынадай болуы тиіс: 
•  почтаны  (хат-хабар)  алу  (соның  ішінде  жеткізіліп  берілген 
қағаздар да бар) жəне оларды арнайы журналда тіркеу; 
•  тіркелген 
құжаттарды 
қарау 
үшін 
ЖШС 
басшыларына 
(өкілеттеріне орай) тапсыру; 
•  қаралған  құжаттарды  басшылардан  алып,  оларды  басшының 
нұсқауына  орай  нақты  орындаушыларына  қол  қойдырып 
тапсыру; 
•  ЖШС-те  дайындалған  құжаттарды  почта  арқылы  немесе 
басқадай  жолдармен  (қолма-қол  тапсыру,  факс  жəне  т.б.)  тиісті 
жерлерге жөнелту; 
•  Орындалған құжаттарды бақылаудан шығару; 
•  Орындалу  мерзімі  біткен  құжаттар  туралы  ЖШС  басшысын 
хабардар ету; 
•  ЖШС  басшысының  тапсыруы  жəне  қызметкерлердің  сұрауы 
бойынша құжаттарды көбейту; 
•  Құжаттардың  қозғалысы  бойынша  мүдделі  адамдарға  анықтама 
беру; 
•  ЖШС  басшыларының  тапсырмалары  бойынша  құжаттар  мəтінін 
компьютерде теру; 
•  Қолданыстағы  нормативтік  актілерге  сəйкес  номенклатуралық 
істерді сақтау, ұйымның мұрағатына өткізу немесе жою; 
•  ЖШС-тің 
ішкі 
айналымдағы 
құжаттарын 
құрылымдық 
бөлімшілерге уақытында жөнелтіп отыру; 
•  ЖШС  басшыларының  тапсырмалары  бойынша  басқа  да 
қосымша техникалық жұмыстарды орындау. 
Құжаттық  қызметті  (кеңсе)  ұйымдастырып,  оның  құқықтары  мен 
міндеттерін  тізімдеген  тиісті  ережені  жасаған  соң  мына  мəселелерді 
ЖШС-тің бірінші басшысының бұйрығымен бекіту керек: 
1)  фирма  басшылары  арасында  лауазымдық  міндеттерді 
(өкілеттіктерді) бөлісу; 
2)  ЖШС-тің  құрылымдық  бөлімшелері,  филиалдары  жəне 
өкілеттіктері  туралы  ереже  мен  қызметкерлер  үшін  лауазымдық 
нұсқаулықтар (міндеттер); 
3) ЖШС-те іс қағазын жүргізу жөніндегі нұсқаулық; 
4)  шаруашылық  шарттарын  дайындау,  бекіту  жəне  олардың 
орындалуын бақылау тəртіптері; 
5) ЖШС-тегі еңбек тəртібі (жұмыс күні режимі) ережелері; 
6) еңбекақы жəне сыйақы төлеу, сондай-ақ, ақшалай несие жəне 
жəрдемақы беру тəртібі туралы; 
7)  еңбекті  қорғау,  техника  қауіпсіздігі  жəне  өндірістік  санитария 
туралы тəртіптер; 


 
96
8) коммерциялық құпияны құрайтын мəліметтер тізімі. 
 
Кез келген ЖШС-тің құжаттарында жариялай бермейтін көптеген 
ақпараттар  бар,  сондықтан  құжаттардың  дұрыс  айналымы  мен 
сақталуы мəселелеріне жауапкершілікпен қарау керек. 
 
Кəсіпорын  қызметінде  барынша  кең  тараған  ұйымдық-құқықтық 
құжаттарға мыналар жатады:  
 
● ұйымның жарғысы; 
 
● штаттық кесте; 
 
● ішкі еңбек тəртібі; 
 
● лауазымдық нұсқаулық. 
Енді осы құжат түрлеріне жекелеп тоқталып өтелік. 
 
4.1.1. Жарғы 
 
 
Жарғы  ұйымның  құрылтай  құжаттарының  бірі  болып  табылады. 
Ол  ұйымның  құқықтық  мəртебесін,  меншік  нысанын,  қызметінің 
мақсаты  мен  міндеттерін,  басқару,  тарату  жəне  қайта  құру  тəртібін 
анықтайды.  Бұл  құжатты  кəсіпорынды  ұйымдастырушы  адамның  өзі 
немесе 
тапсырыс 
арқылы 
арнайы 
фирмалар 
дайындайды. 
Құрылтайшылар  бірнешеу  болса,  құжат  құрылтайшылардың  жалпы 
жиналысында  бекітіледі,  олардың  қолдары  қойылып,  нотариат 
куəландырады.  Содан  кейін  Қазақстан  Республикасының  Əділет 
министрлігінде  тіркеуден  өтеді.  Осынау  рəсімдер  тізбегі  тиісінше 
орындалғаннан  соң  заңдық  күшке  ие  болады.  Енді  акционерлік  қоғам 
жарғысының үлгісін қарастырып көрелік. 
 
Кəсіпорын жарғысыны   лгісі 
 
М+ аба беті 
 
Акционерлердің Жалпы жиналысының 
2007 жылғы «20» маусымдағы № 1 хаттамасымен 
БЕКІТІЛГЕН 
 
 
«АРНА» 
акционерлік қоғамының 
ЖАРҒЫСЫ 
 
Алматы қаласы 
 
 
 
1. ҚОҒАМНЫҢ АТАУЫ ЖƏНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ 
 
1.1. Қоғамның толық атауы: 
-
  қазақ тілінде «АРНА» акционерлiк қоғамы; 
-
  орыс тілінде – Акционерное общество «АРНА»; 


жүктеу 5,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау