110
Қызыл + сары: өз жағдайсыздығын мойындаудан қорқу
Адам қандай-да бір жетістікке жету мүмкіндігіне күмəндана
жəне үрейлене қарайды. Ол өзін мықты қылып көрсетуге
тырысады. Бірақ жоспарды орындау кезінде қауіп туса, ол
бірден өзін əлсіз сезінеді. Адам сəтсіздікке ұшыраймын деген
ойынан, өзін жеңілдім деп сезінеді. Бұл жүйкенің шаршауына
əкеліп соғады.
Қызыл + күлгін: аяушылық қажеттілігінің қанағат-
танбауы
Бұл түстер жұбы жүйкенің шаршағанын айтады. Адам
қазіргі жағдайын өте қиын деп санап, оны өзгертетіндей күйде
емес екенін сезінеді. Оған дереу аяушылық, түсіністік жəне
қолдау керек.
Қызыл + қара: бостандыққа аса қатты ұмтылу
Қызыл мен қара түстің үйлесімі жүйкенің шаршағанын
білдіреді. Адам өзін қайғылы жағдайдың құрбаны ретінде
сезінеді жəне оны өзгерте алмаймын деп ойлайды. Мақсатына
жете алмау адамның ашуын шақырады жəне ол барлық
кедергілерді ескермей өз қалауымен ісін жалғастырады.
Жүрегіңізді сақтаңыз: оған үлкен салмақ түскен!
Сары түс: түңілуден қорқу
Адам болашақта жағдай жақсарады деп сенбейді, сондықтан
да ол талаптарды жоғарылатып жəне жеңілдіктер көрсетуге
тырыспайды. Мұндай жағдайда адам сəттілікке сенуі тиіс, бұл
тағы қайтадан түңілу жағдайларына алып келмейді.
Сары + сұр: сəтсіздіктерді күту
Бұл түстер қосындысы жүйкенің шаршау көрсеткіші ретінде
қаралады. Адам өзіне өмір қазіргісінен де көп нəрсе береді деп
сенеді. Сəтсіздік жайындағы ойлар байбалам шақырады. Адам
сəтсіздікті тосу үстінде болады, сонда да бəрі жақсы болады
деген ниетін ұмытпауға тырысады. Өзін қауіпсіз сезіну үшін,
оған қысқа да болса демалыс керек.
127
Қазақстанның аймақтарындағы оқушылардың ата-ана-
ларына жүргізілген социологиялық зерттеулерде балалардың
агрессивті мінез-құлығын түзету жəне алдын алу шаралары
туралы сұрақтар қойылды.
Балалардың агрессивті мінез-құлығын түзету жəне алдын
алу шараларының ішінде ата-аналар көп жағдайда нəтижелі
шара ретінде отбасылық тəрбиені атап көрсетті (55,6%).
Сонымен қатар респонденттер басқа балалардың агрессив-
тілігі жағдайын жақсарту үшін маңызды басқа да шараларды
атап өтті:
«Көркемдік əдебиеттерді көбірек оқу... Тəрбиелік сипат-
тағы фильмдерді көрсету... Балалық шаққа арналған
кітаптардың көп болуы... Мектепте анкеталау жүргізу...
«Пірəндік əдісі»
Жүргізілген сауалнама барысында ата-аналар əлеуметтік
институттар арасындағы ең маңыздысы бұл отбасы екендігі
туралы өздерінің ойларын білдірді. Ата-аналардың 55,6%-ы бала
агрессивтілігінің алдын алудағы ең маңызды орынды
отбасындағы тəрбие алатындығы туралы ойларын білдірді.
Ата-аналардың 17%-ы ойынша, психологтың балалармен
жұмысы бұл олардың балаларының агрессивті мінез-құлығының
алдын алуының бір факторы. Мұндай төменгі көрсеткіш, ең
алдымен мектеп психологтарының біліктілік деңгейінің төмен
болуымен түсіндіріледі.
Ата-аналардың 13,1%-ы мектеп жасындағы балалардың
агрессивті мінез-құлығының алдын алу шаралары ретінде білім
беру мекемелеріндегі мұғалімдер мен басшылардың алатын
орнын ерекше атап өткен. Əр əлеуметтік институттың балалар-
дың агрессивтілігі мəселесін шешуде өзіндік ерекшеліктері бар,
олардың əрекеттері өзара тығыз байланысты. Сондықтан да ата-
аналардың айтуы бойынша бұл мəселеге біртұтас бағыт қажет
(17-кесте)
126
жақсартуға тырысу керек. Жəне ешқашан оның жеке
тұлғасына ауыспауы керек: бала қанша айыпты болса да, оған
ешқашан: «Сен жамансың» деп айтуға болмайды. Оған жəй
ғана жағдайды түсіндіруі керек: «Міне сен осындай жағдайда
бізді жағымсыз, жайсыз жағдайға қалдырдың …»
Психологтар балалардың агрессивтілігімен жұмыс жасау
барысында олардың психологиялық ерекшеліктерін жəне мінез-
құлығының себебін анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізеді.
«Себебін анықтау. Бұл жанжал не себептен болды, неге
олар төбелесті? Бір-бірінің қай жағын ұнатпайды? Егер
адамда мəселелер болса, оларды достастыруға барлық
шараларды қолдану керек»
«Əрине, мен назардан тыс қалдырмаймын – бұл менің ішкі
қажеттілігім, менің тəрбием. Мен балағат сөздерді, ұрыс-
тарды естісем байқамай өте алмаймын – əрқашан тоқтап,
себебін анықтауға тырысамын»
«Əдетте себебін анықтау керек, кейде агрессия түсініс-
тіктің жоқ болуынан немесе балаға назардың жетіспеуінен
пайда болуынан туындауы мүмкін»
«Енді, бұл жағдайда бірінші ретте əңгімелесу жүргізіледі.
Біз əңгіме барысында себебі не екенін анықтаймыз. Бұл
агрессияның себебін анықтаймыз: Неге? Не үшін? Қашан?
Себебін білген соң, ары қарай не істеу керектігі туралы
қорытындылар жасаймыз»
«Баланы сабырлыққа шақыру керек, оған сурет салғызу
керек, яғни арт-терапия жүргіземіз. Жəне де біз өз
педагогтарымызға: «Егер сіз баланы мұндай жағдайда
көрсеңіз, оны сабырға шақырыңыз, оған дауыс көтеруге
болмайды» Айқаймен ештеңе жасай алмайсың. Балаға қағаз,
бояу беріп, өзінің осы күйін салуды өтінесіз. Диагностика үшін
ол өзінің соңғы жағдайын салады»
111
Сары + көк: эмоционалды түңілу
Сары мен көк түс қосындысы күйзелісті білдіреді, жақын
адамымен қарым-қатынасынан көңілі қалғанынан туады. Осыған
дейін шаттық əкелген қатынас, енді тəуелсіздікке ұмтылуға
айналады. Адам бұл адаммен қоштасқысы келеді, сонымен қатар
жаңадан белгісіз түңілуден қорқады.
Бұл қарама-қарсылықтың шаршатқаны соншалық, ол өзінің
эмоциясын жасыру үшін, өз сезімдерін басуға тырысады.
Сары + жасыл: үмітінің үзілгендігінен белсенділігінің
төмендеуі
Адам орындалмаған үмітінің кесірінен алаңдайды. Сəтсіз-
діктер оның өз-өзіне сенімділігін жоғалтады.
Сары + қызыл: шынайылықтан қашу
Қызыл сарымен жұптасса қатты қорқыныш пен жүйкенің
шаршауын айтады, жүрек жұмысының нашарлауын айтады.
Адам жанындағыларына жақсы əсер қалдырғысы келеді, бірақ
өзіне сенімсіз болады. Сəтсіздікті олар масқаралық ретінде
қабылдайды. Мұндай ойлар адамды жеке əлсіздік сезімін кешуге
міндеттейді.
Сары + күлгін: күмəндану жəне сенбеу
Айналасындағылардың бəрі жау болып көрінеді. Себеп:
біреу бір уақытта оның сенімін жаман жаққа пайдаланып алдап
кеткен. Сондықтан да адам тұйықталып жəне жалғыздыққа
ұмтылу. Басқа адамдардың сөздері мен қимылын мұқият
бақылап, бұлардың күлімдеуі шын ниетімен емес, жаман
пиғылмен деген қорытындыға келеді. Абай болу күмəндану мен
сенімсіздікке айналады.
Сары + қоңыр: жасанды немқұрайдылық
Адам байланыстың жетіспеушілігінен қайғырады. Өзін
жалғыз сезінуі оны жанындағыларға ерекше бір нəрсемен жəне
қайталанбас екенін дəлелдеп, өз бірегейлігін көрсетіп
айналасындағылардың сыйластығына ие болуға итермелейді.
Бұл ісінің өзгелер арасынан қолдау таппайды деген қорқыныш
оны алдамшы сеніммен, жасанды тəуелсіздікпен, онымен
Достарыңызбен бөлісу: |