8
4) Есепте Қазақстандағы жетімдіктің себептері қарастырылған, сонымен
қатар заңнама мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың
отбасыларына жайғастырылуының бар формаларына қысқаша бақылау
жасалып өтті . Кабинеттік зерттеу әдісімен әлеуметтік және экономикалық
тиімділік көзқарасынан ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар
мен жетім балаларды жайғастырудың отбасылық және институционалдық
формасына салыстырмалы сараптама жасалды .
5) Зерттеу қорытындылары бойынша зерттеушілермен стандарттар жо-
балары ұсынылды:
- ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды меймандос және
асырып алушы отбасыларға тапсыру;
- отбасына тәрбиелеуге алғысы келетін тұлғаларды дайындау;
- ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды меймандос және
асырып алушы отбасыларға тапсыру және отбасына тәрбиелеуге алғысы
келетін тұлғаларды дайындаудың техникалық регламент жобасы;
- жетім балаларды отбасыларына орналастыру бойынша Қазақстан
Республикасының заңнамасына қажетті өзгерістер мен толықтырулар
енгізу бойынша, сонымен қатар «Меймандос отбасы» институтын дамыту
мақсатында ұсыныстар;
- бар жергілікті және халықаралық тәжірибе негізінде ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған
интернаттық ұйымдарды өмірлік қиын жағдайларға тап болған отбасылар
мен балаларға қолдау көрсету бойынша орталықтарға қайта қалыптастыру
жайлы ұсыныстар жасалды .
Кабинеттік және сапалы зерттеулермен қатар дөңгелек үстелдер аясын-
да зерттелу сұрақтарын топтық талқылау әдісі де белсенді қолданылғанын
айта өткен жөн .
9
Б
алалар құқығының Халықаралық конвенциясы мен қолданыстағы
қазақстандық заңнамасы балалардың, сонымен қатар ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасылық тәрбиеленуінің сөзсіз
басымдылығы жарияланады . ҚР Отбасылық кодексінің 116 б . сәйкес ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар отбасына тәрбиеленуге
берілуі керек, ал ондай мүмкіндік болмаған жағдайда - ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған барлық
типтегі мекемелерге жіберілуі керек .
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңнамалық
құқықтары мен мүдделері ресми құжаттар тізімімен бекітілген:
1 . «Балалардың құқығы туралы» ҚР Заңы
2 . «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі
3 . «Отбасылық типтегі балалар ауылдары мен жасөспірімдер үйлері ту-
ралы» ҚР Заңы
4 . «Қазақстан Республикасының Балаларды қорғау және баланы
шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны
ратификациялау туралы» ҚР Заңы
5 . және басқалары .
Ұлттық заңнамаға сәйкес [2] әрбір баланың, егер бұл оның мүддесіне
қайшы келмеген жағдайда, отбасында тұрып, тәрбиеленуге, өз ата-ана-
сын білуге, олардың қамқорлығы мен тәрбиесін көруге құқығы бар . Бірақ,
ҚР Заңнамасы әлеуметтік жетімдікті алдын алу шаралары бойынша, яғни
баланың мүддесін, оның қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз
етудегі дағдарыстық отбасын оңалту мен отбасы ішілік қарым-қатынастарды
түзетуге қажетті шараларды ешқалай қарастырмайды .
1.1.
АТА-АНАЛАРЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ
ҚАЛҒАН БАЛАЛАР МЕН ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫ
ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ
1-тарау
ЖЕТІМДІК АЯСЫНДАҒЫ
ЖАҒДАЙҒА ШОЛУ
10
Баланың, ата-аналардың немесе заңды өкілдердің ерігіне қарсы бала-
ны ата-анасынан немесе басқа да заңды өкілдерінен айыруға тиым салы-
нады . Айыру туралы шешімді тек айрықша жағдайда сот және тек бала-
ны қорғау мақсатындағы керекті шамада ғана қабылдайды . Тәжірибеде,
қиын-қыстау жағдайларда, бұл мәселе көбінесе ата-ана құқығынан айыруға
шешіледі, бұл автоматты түрде баланың отбасынан түбегейлі және үзілді-
кесілді айырылуына соқтырады, себебі ата-ана құқығын қалпына келтіру
жағдайлары жоққа шақ .
Ата-ана құқығынан айыру туралы іс ата-аналардың, кәмілетке толмаған
балалардың құқығын қорғау бойынша міндеттер жүктелген ұйымдар, ор-
гандар немесе басқа да балалардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша,
сонымен қатар прокурор қуынымы бойынша қарастырылады .
Балаға ата-ана құқығынан айыру туралы шешім сотпен қамқоршылық
пен қорғаншылық бойынша қызметтерді атқаратын прокурор мен органның
қатысуы арқылы жинастырылған құжаттардың негізінде қабылданады .
Заңнамамен құқықтан айырудан басқа, ата-аналық құқықтан шектеу де
қарастырылған . Шектеу – сот қаулысы негізінде шығарылатын ата-аналық
құқықтан айырмай баланы ата-анасынан алып қою .
Шектеуге жол беріледі:
1) ата-аналардан тәуелсіз жағдайлар бойынша (психикалық бұзылу не-
месе басқа да созылмалы аурулар, ауыр жағдайларға душар болу);
2) ата-аналардың өзін-өздері ұстауы нәтижесінде, бірақ соған
қарамастан ата-аналарды ата-аналық құқықтан айыруға жеткілікті негіз
болмағанда .
Құқықтарды шектеу 6 айдан артық емес мерзімге ғана рұқсат етіледі .
Егер осы мерзім өту бойынша ата-аналар өздерінің мінез-қылықтарын
өзгертпесе, қамқорлық қызметін атқаратын орган ата-аналық құқықтан айы-
ру туралы арыз беруге міндетті .
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын қорғау
оларды альтернативті отбасына, ал ондай мүмкіндік болмаған жағдайда,
ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға
арналған барлық типтегі ұйымдарға тәрбиеленуге беру жолымен жүзеге
асырылады .
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінде ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалардың
альтернативті қамқорлығының барлық заңнамалық бар формаларына
түсініктеме берілген .
Достарыңызбен бөлісу: |