68
1 . Қорғаншылыққа және қамқорлыққа алу .
2 . Патронаттық отбасыларға беру .
3 . Асырап алу .
Сонымен қатар, бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер
мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы Парламент Мәжілісінің
жұмыс тобының талқылауында жатыр . Онда балаларды орналастырудың
«меймандос отбасы» және «асырап алушы отбасы» сияқты формаларын
енгізу қарастырылады . Бұл арадағы меймандос отбасы институтын енгізу
Қазақстан Республикасының Президенті Н .Ә .Назарбаевтың тапсырмасына
сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2014
жылғы 28 қарашадағы өкімімен бекітілген 2015-2020 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасындағы отбасылық қатынастарды, моральдық-
этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту бойынша
жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарында қарастырылған .
Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған
интернат ұйымдардың профилін өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар
мен отбасыларды қолдау орталықтарына өзгерту бойынша ұсыныстарды
әзірлеген кезде 2008 ж . Шымкент қ . «Гармония» психологиялық отбасылық
орталығы» ҚБ Қазақстан Республикасындағы «ЮНИСЕФ» БҰҰ Бала-
лар қоры өкілдігінің қолдауымен Оңтүстік Қазақстан облысының Білім
департаментімен бірлесе әзірлеген «Интернат мекемесінің функциясын
отбасыны қолдау қызметіне өзгерту» атты әдістемелік құралы (әрі қарай –
Әдістемелік құрал) негізге алынды .
Әдістемелік құралда ұсынылған балалар үйін отбасыны қолдау қызметіне
өзгерту жоспары қазақстандық балалар үйінің бірі үшін әзірленген, яғни
Қазақстандағы қазіргі жағдайға бейімделген .
Сонымен қатар, интернат мекемелерінің профилін отбасыны қолдау
қызметіне (отбасыны қолдау орталықтары) өзгертудің халықаралық
тәжірибесі зерттелді .
Зерттелген тәжірибе процестің 5 жылдан 15 жылға дейінгі ұзақтығын
көрсетеді .
Интернат мекемелерінің профилін өзгерту жобасын жүзеге
асыру мерзіміне келесі факторлар ықпал етеді:
1 . Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы үшін нормативтік-құқықтық
базаның
дайын болуы;
2 . Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы үшін мамандардың
дайындығы;
3 . Отбасылармен жұмыс істеу үшін, дағдарыс жағдайларында және
т .б . жұмыс істеу үшін интернат мекемелері қызметкерлерінің біліктілігін
арттыруға
қаржы бөлу;