Қазақстандағы отбасылық орналастырудың жағдайы



жүктеу 2,64 Kb.
Pdf просмотр
бет15/47
Дата25.05.2018
өлшемі2,64 Kb.
#17300
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47

42
• Ұазақ уақыт «жанұя және достарымен тұру»: осындай жағдайда бала 
өзі таныған біреумен, әсіресе қандай да бір жанұя мүшесімен тұрады;
•  Арнайы  терапевтикалық  тұру:  егер  баланың  немесе  жасөспірімнің 
тәртібімен қиындықтар немесе ерекше қажеттіліктері болса . 
Ұлыбританияда тағы баланың ата-анасы мен фостерлық ата-анасының 
(Private  Fostering)  арасында  жекелеген  келісім  негізінде,  күтім  ретінде 
балаларға  күтімді  алмастырушының  мынадай  түрін  реттеу  жатады .  Егер 
бала  16  жасқа  (мүгедек  болған  жағдайда  18  жас)  дейін  минимум  28  күн 
аралығында ата-анасымен тұрмаса, ол фостерлық ата-ана үшін Ұлттық ми-
нималды стандарттарын орындап жатқанын тексеретін, «жеке» фостерлық 
ата-аналар  қамқорлық  органдарында  тіркелуге  міндетті .Егер  «жеке» 
фостерлық  ата-ана  баланың  жақын  туысы  (ағасы/әпкесі,  атасы/әжесі, 
ағасы/тәтесі,  өгей  анасы/өгей  әкесі)  болып  келген  жағдайда  ғана  тіркелу 
қажет емес . 
Канадада асыранып алынған балаларды «тұрақты қамқорлықтағылар» 
(“permanentwards”)  деп  атайды .  Берілген  жағдайда  қамқорлықтағы  деген 
ұғымына  мемлекеттің  жауапкершілігіне  кіретін  заңды  қамқоршысының 
қамқорлығындағы  бала  түсіндіріледі .  Қамқордағы  бала  провинция-
дан  провинцияға  дейін  түрленуші  белгілі  бір  жасқа  дейін  мемелекеттің 
жауапкершілігінде  болады,  осыдан  кейін  мемлекет  енді  олар  туралы 
қамқорлық жасамайды . 
Скандинавия елдері
Бірнеше онжылдық бойы барлық скандинавия елдерінде балалармен, 
ата-аналармен жұмыс бойынша жүйенің аса қарқынды дамыған бөлімі, мар-
гинализациялау қаупі жоғары болып келген жанұяларда дағдарыс жағдайы 
болғанға дейін алдын алу бойынша ерте араласу технологиясын еңгізу мен 
әзірлеу болып табылады .Скандинавия елдерінде  жанұяларда алдын алу 
жұмыстары жүктілік кезеңінде басталады және бала аса кішкентай жаста 
(0-3 жас)болған кезде ата-анамен жұмыс жүргізіледі, ал аса жоғары жаста 
сонымен қатар баламен де жұмыс жүргізіледі . Осындай ыңғайда жағдайы 
төмен жанұяның алдын алу жұмыстары әлеуметтік жұмыскерлердің міндет 
аясын бірталай кеңейтеді; оны қолдану аса ауыр жағдайаттардың нәтижелі 
шешкенде әлеуметтік қызметтің «икемдеу» кезеңнің жағдайларында ғана 
ақталады .
Скандинавия  елдерінде  дағдарыстағы  жанұялармен  жұмыс  істеу  ба-
рысында баланы институционалдық ортаға орналастыру жағдайына басқа 


43
ешқандай  араласу  әдісі  жүзеге  аспаған  жағдайда  ғана  қолданылатын 
соңғы шара ретінде қарастырылады . Жағдайдың қиындығына қарамастан 
әлеуметтік  қызметтің  жұмысы  барысында  негізгі  таяныш  бала  мен  оның 
ата-анасының арасындағы байланыс пен туыстық қатынасты қайта орнату 
бойынша жұмыс пен туған жанұямен байланысты ұстауға бағытталады . 
Швеция мен Финляндияда әлеуметтік қызмет жұмыскерлерінің барлық 
жұмысы  жанұядағы  қиын  жағдайларды  ескеруге  және  алдын  алуға 
бағытталған, сонымен қатар әрбір нақты жағдайда жеке ыңғайға негізделіп 
жасалған .  Жағдай  бойынша  жұмыстар  мен  алдын  алу  жұмыстарының 
жүйесіне  жергілікті  бірлестіктер,  соның  ішінде  мәдени  және  спорттық 
бірлестіктер, мектептер және т .б . тартылған . Мемлекеттік әлеуметтік қызмет 
баланы  жанұядан  алмастан  бұрын,  оны  ана-анасымен  айырылғаннан 
кейін тікелей туған-туысқандардың тәрбиесіне және тұруға беру мүмкіндігін 
тексеру  керек . Ата-ана  құқығынан  айыру  секілді  түсінік  бұл  елдерде  жоқ, 
әлеуметтік жұмыстың міндеті бұрынғыдай балалар мен оларды туған ата-
анасының арасындағы қарым-қатынасты сақтау болып табылады .
Финляндияда 
қазіргі 
кезде 
фостерлық 
ата-ана 
институты 
мамандандырылған .  Мамандандырылған  фостерлық  жанұяларда  ата-
ананың біреуінде болсын сәйкес білімі болуы, яғни әлеуметтік қорғада не-
месе білім беруде, денсаулық сақтау саласында білімі болуы керек . Осыған 
қосымша  ретінде  асырап  алушы  ата-аналар  елдің  көлемінде  бірдей 
бағдарлама  бойынша  міндетті  оқу  (24  сағатта  курс)  оқиды .  Фостерлық 
ата-аналар  муниципалды  билік  немесе  мамандандырылған  муниципал-
ды  ұйымдар  өткізетін  лицензиялаудан  өтеді .  Асырап  алушы  ата-аналар 
еңбекақы алады, уақытша еңбекке қабілетсіздігіне байланысты төлемақы 
алу құқығы мен демалысқа құқығы бар .
Швецияда балалады орналастырудың 3 формасы бар:
1 .  Жанұя орнын алмастырушыға орналастыру .
2 .  Институционалдық мекемелерге орналастыру .
3 .  Кәмелеттік жасқа толмағандарға қарау бойынша мамандандырылған 
мекемелерге  орналастыру  –  балаларды  әлеуметтік  қорғаудағы 
шведтық  жүйесі  өзіне  кәмелеттік  жасқа  толмаған  қылмыскерлер 
мен есірткеге тәуелді және басқа да топтағы балалармен жұмысты 
алады .
2-тарау. Халықаралық тәжірибе


44
Қазіргі кезде Швецияда баланы асырап алу деген жоқ, тек егер бұған 
баланың  туған  ата-анасы  рұқсат  берген  жағдайда  арнайы  заңды  регла-
менттелген рәсіммен сәйкес кезде ғана бала асыранып алынады . Мұндай 
жағдайлар тәжірибеде өте сирек кездеседі .  
Өткен  ғасырдың  ортасынан  бастап  институционалдық  мекемелер-
ге  орналастырылатын  балалардың  қатары  ақырындап  өсіп  келеді .  Осы 
жағдайда 18 ғасырда басталған жанұяны алмастырушы институттарды да-
мыту, Швеция және басқа да скандинавиялық елдер Ұлыбритания мен АҚШ 
қарағанда қазір басқа жол бойынша келе жатыр, яғни мемлекеттің кәсіптілік 
деңгейі  мен  сапасын  қатаң  бақылауды  қамтамасыз  ету  талабында  жеке 
қолдарға мекемелердегі балаларды асырау бойынша қызмет көрсетуді бір 
уақытта ауыстыра отырып, балаларды институционалдық құрылысқа жар-
тылай қайтып әкелу . 
Швеция  мен  Норвегияда  фостерлық  жанұялар  кәсіптік  болып  табыл-
майды, бірақ міндетті таңдаудан өтеді, мемлекетпен контрактқа отырады 
және қаржылай өтемақы алады . 
Данияда балаларды орналастыру барысында фостерлық (асырап алу-
шы) жанұяға орналастыруды артық көреде . Бірақ басқа елдерге қарағанда 
осы елде әлеуметтік қызметтің қызметкерлерімен баланың жанұядан тыс 
тұрудың  минималды  уақытына  тапсырма  қойылып  және  әсіресе  ерекше 
талаптары  бар  балаларға  қатысты  жанұялардан  алғаннан  кейін  бірден 
қысқа мерзімді институционалға орналастыруға жүгіну жиі кездеседі . Туған 
жанұядан тыс баланы осы немесе басқа да құрылым формасына орнала-
стыру туралы шешімнің көп бөлігін Данияда ата-ананың рұқсатымен жүзеге 
асады: әлеуметтік қызмет жұмысшылары тек төтенше жағдайда ғана ата-
ананың қолдауынсыз шешім қабылдай алады .
Бастапқыда Жаңа Зеландияда жасалған «жанұя-топтық конференция» 
(Family Group Conference, FGC) деп аталатын технология Скандинавияның 
барлық  елдерінде  ақырындап  еңгізілуі  туралы  бөлек  атап  кету  керек . 
Көрсетілген  технология  баланың  даму  мүмкіншілігі  мен  оның  жақсы 
жағдайын қамтамасыз ететін, оның ата-анасымен және баламен жұмыстың 
ең жақсы форматы туралы шешімді шығару барысында, әлеуметтік қызмет 
мамандарының  кеңесі  және  тікелей  сүйемелдеуімен  жанұямен  оның 
кең  құрамын  (ата-анасынан  бөлек  басқа  туғандарын  кіргізумен)  тарту-
ды  жобалайды .  Осылай  жанұя-топтық  конференция  жұмысының  бірінші 
кезеңінде  жанұя  мүшелері  әлеуметтік  жұмыскерлердің  кәсіпкерлерінен 


жүктеу 2,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау