48
ды, ал балалар үйі-интернаттарында тұрғандар психоневрологиялық дис-
пансерлерге ауыстырылады .
Ресейде сонымен қатар ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар мен
жетім балаларды асыраудың түрлі формалары бар, олардың жағдайы
жанұялыққа жақындатылған, бірақ олар жанұялық болып табылмай-
ды . Біріншіден, бұл жанұялық типтегі балалар үйі, және бұл бес баладан
кем емес немесе он баладан артық емес балаларды тәрбиеге алатын
екі жұбайдың тілегімен жанұя базасында ұйымдастырылады . Жанұялық
типтегі балалар үйін құрастырған кезде бірге тұратын жанұя мүшелерінің
барлығының, соның ішінде туған және асыранды балалардың да ойла-
ры есептеледі . Жанұялық типтегі балалар үйіндегі жалпы балалар саны
12 адамнан аспауы керек . Жанұялық типті балалар үйінің тәрбиешілеріне
еңбекті төлеу шарты таралады, жыл сайынға демалыс беріледі, соны-
мен қатар ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім бала-
лар үшін білім беру мекемелерінің жұмыскерлеріне бекітілетін кепілдіктер
мен жеңілдіктер беріледі . Алайда, бұған қарамастан, осындай орналасты-
ру формасы Ресейде кең тарала қойған жоқ және қазіргі кезде жанұялық
типтегі балалар үйінің барлығына жуық өзінің өмір сүруін тоқтатты .
.
Екіншіден, жетім балаларды бұндай орналастыру формасы аналық
принципінде құрылытын, өздерінен жанұялық топтар ретінде ұсынатын
балалар поселкісі болып табылады . Балалар поселкісінің іс-әрекетінің
негізгі принциптері мыналар болып табылады:
1) балаларда эмоционалды сенімділік туғызатын және үнемі тәрбиелеуші
ретіндегі
аналық принципі;
2) балалар топтарының әртүрлілігі;
3) «туған ошақтың» барлық нышанымен жанұялық үйде тұру;
4) жекелеген жанұяларға әлеуметтік көмек пен ұйымдастырушылықты
қамтамасыз ететін поселкі бірлестігінің болуы . Балалар поселкісінің көп
таралған және атақты формасы SOS-ауыл болып табылады .
2014 жылы Ресейде 6SOS-ауыл жұмыс істеді, онда 400-ден астам ба-
лалар өмір сүрді .
Орналастыруды ұйымдастырудың тағы бір формасы балалық (жанұялық)
қалашық болып табылады . Балалық қалашық жанұялық қамқорлықты ал-
мастырушы мен балалар мекемесіндегі қамқорлықтың арасындағы шека-
рада орналасқан . Ол өзінің ұйымдастырушылығымен балалық поселкіге
жақын болса, тәрбиелік атмосферасымен былай атағанда пәтерлік бала-
лар үйіне жақын болып келеді . Қалашық жанұялар үшін бірнеше (20 дейін)
49
павильондар және басқа да ғимараттар, соның ішінде дәрігерлік пункт,
шеберхана, спорттық объектілер құрады .Мұнда тәрбиешілер үнемі екі
ата-ана да, немесе арнайы педагогикалық білімі бар бір ата-ана болады .
Әрбір жанұяға тәрбиеленуге тәртіп бойынша 3 жастан бастап 10-14 бала
келеді . Балаларды балалалар поселкісі мен жанұялық топтар жағдайында
болатындай тәрбиешілергі жеке қамқорлыққа бермейді . Орналастырылған
балаға жауапкершілікті мекеме алады және барлық жанұялар үшін негізгі
қызмет түрлерін қамтамасыз етеді, яғни олар тамақ пісіру, киім жуу, үй
шаруашылығын жүргізу .Көбінесе тәрбиешілерде өз балалары болады,
олар павильонның ішінде пәтерде олармен бірге тұрады .
НСоңында, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім
балаларды орналастырудың мынадай ұйымдастыру формасы бар, ол
пәтерлік типтегі балалар үйі . Берілген форма одан да көп дәрежеде
көмекті алмастырушы стационарлық типтегі мекемелерге жақындатылған .
Ұйымдастырушылық-әкімшіліктарапынан бұл балалар үйі өзіне ата-ана
ролін алмайтын тәрбиеші мамандармен және де осы кезде қамқоршы
болып табылмайды . Балалар ұжымы жыныс пен жасқа (мектепке дейінгі
және мектеп жасындағы шегінде) қатысты әртүрлі балалар мекеме ішіндегі
пәтерде өмір сүреді және берілген топқа қадағалау екі-үш тәрбиешіге
жүктеледі . Солаша «туған үй» мағынасында біріңғай орта мен біріңғай
тәрбиелік басшылықтың мүмкіншілігі айтарлықтай кеңейеді . Балалар
үйінің көптеген директорлары өздерінің ұйымдастырушылық қабілеттері
мен өздерінің талғамдарын көрсетіп, балалар үйінде тұру жағдайы үйге
жақындайды .Жетім балаларды орналастырудың бұл формасы Ресейде
әлсіз дамыған .
Ресейдегі жанұялық формада тәрбиелеуге Ресей Федерациясының
субъектілер заңымен қарастырылған жағдайларында патронаттық жанұя
және асырап алушы жанұя, қамқоршылық жасау немесе тәрбиелеу, ұл ба-
ланы (қыз баланы) асырап алу жатады . Сонымен қатар екі бастапқы форма-
лары заңнамамен қамқорлықтың қайту формасы ретінде қарастырылады .
Ұл баланы (қыз баланы) асырап алу, ресейлік заңнама бойынша,
жанұяға тәрбиелеуге баланы орналастырудың басымдылық формасы
болып табылады, сонымен қатар оны тәрбиелеуге қабылдаған адамдар
мен бала арасындағы туыстық байланысты заңды түрде анықтайды . Ата-
анасының қамқорынсыз қалған балалар немесе жетім статусын сақтап
қалған балаларға қараған кезде асыранып алынған баланың мемлекет та-
рапынан қосымша әлеуметтік қолдауға құқығы жоқ . 2014 жылға асыранып
алынғандар үлесіне орналасқан балалар саны 20% төмен болып келді .
2-тарау. Халықаралық тәжірибе