149
ұлттық музыка саласынан кәсіби қабілеттерді қалыптастырып қоймай, олардың
интеллектуалды дамуы деңгейін көтерді.
Эксперимент тобының 4 курс студенттерімен наурыз айында дәстүрлі
«Наурыз» мейрамына арналған элективті курсының семинары өткізілді.
Семинарға дайындық үшін алдын-ала белгілі бір тақырыпқа арналған сұрақ-
жауап жүргізіледі, ол жерде студенттер мынадай сұрақтар қояды, мысалы:
«Наурыз жайында не білесіз? Ол қай елдерде, ол қай уақыттан бері тойланады?
Наурыз сөзінің шығу тарихын түсіндіріңіз,. Студенттер арасында шығыс
халықтарының ойындары және ұлттық музыкалық әдет-ғұрыптарды
көрсетумен жасалған ең үздің әзірлемелер конкурста жарияланады.
Қазақтың музыкалық дәстүрін зерттеуге қатысты жетістік деңгейін бағалау
үшін «Қазақ ұлттық музыкасы арқылы тұлғаның интеллектуалды дамуы» атты
элективті курсын оқу үдерісінде студенттердің меңгерген теориялық білімдері
оларға «интеллектуалдық портфолионы» құрастыруға мүмкіндік берді.
Осылайша, қазақ ұлттық музыкасы арқылы интеллектуалды дамуға
студенттердің қызығушылық деңгейінің көтерілуін олардың «Халық
музыкасының менің өмірімде алатын орны» атты шығармалардан, балалар мен
жастардың ұлттық музыкадағы пәрменділігі мен өміршеңдігін түсінуден, өзінің
осы саладан көрсеткен нәтижелерін бағалауынан байқауға болады.
3 курс студентінің (Бауыржан Г.) шығармасынан: «Мен осы элективті
курсты оқуда қазақ ұлттық музыкасына қатысты көптеген жаңа және қызықты
салт-дәстүрлер мен ырымдарды және этнопсихологиялық ерекшеліктерді
білдім». Екінші жағынан, мен Қазақстанда туылдым және өмір сүремін, Мен
үшін Қазақстан – менің отаным, осы ұлттың өкілі ретінде біз туған
халқымыздың музыкалық шығармашылығын білуге тиіспіз. Мен қазақ
халқының кеңпейілділігі мен қонақжайлылығына құрметпен қараймын,
олардың салт-дәстүріндегі үлкенге құрмет және барлық жақсылықтарды
бойыма сіңіруге талпынамын. Және ұлттық музыканың тереңдігі мен
эмоционалдығы менің интеллектуалды дамуыма ықпал етті».
Педагогикалық практика барысында мектептегі педагогикалық үдеріс
кезінде студенттердің осы саладан көрсеткен нәтижелері бізге олардың
интеллектуалды дамуы деңгейін бағалауға мүмкіндік берді. Мектепте
педагогикалық практика кезінде студенттер «Интеллектуалдық сайыс»,
«Этномузыкалық тапқырлық» және т.б. жұмыс формаларын қолданды.
«Музыкалық-педагогикалық факультеттің студенттері мектеп балалары үшін
қолжетімді бастауыш сынып оқушыларының меңгеруіне арналған қазақ ұлттық
музыка саласынан іс-шаралар ұйымдастырды. Атап айтқанда «Ғажайып музыка
әлеміне саяхат» атты тақырыптық іс-шара өткізді. Студенттер педагогикалық
практика барысында қазақ ұлттық музыкасы материалдарын білім алушыларды
интеллектуалды дамытуда пайдаланудың шығармашылық жолдарын табуда
әдістемелік әдебиеттерге талдау жасады. Ал бұл болса, олардың әдістемелік
білімдерінің тереңдеуіне ғана емес, интеллектуалды даму деңгейлерінің
көтерілуіне де ықпал етті.
150
Студенттерінің педагогикалық практикасын сараптау және этномузыкалық
бағыттағы сабақтарды жүргізу үшін білім алушылар тұлғаны интеллектуалды
дамыту мақсатында оларды педагогикалық үдеріске ендіру қажеттігі мен
этномузыкалық білім беру тұжырымдамасының терең ойын түсінуге мүмкіндік
жасады. Элективті курсты оқыту барысында студенттердің жеке танымдық іс-
әрекетін ұйымдастыру мен реттеу қабілетін дамытуда біз жобалық әдісті
қолдандық. Осы әдістің бір ерекшелігі жоспарлау үдерісінде ие болған
студенттердің дербес тәжірибесіндегі білімі мен қабілеттің қалыптасуы және
біртіндеп күрделі практикалық тапсырмаларды – жобаларды орындау болып
табылады.
Жобалық әдісті қолдану оқытудағы пәнаралық байланыс пен
проблемалық-ізденістік
принцип
негізінде
болашақ
мұғалімдердің
шығармашылық қабілеті мен дағдыларын, интеллектуалды дамуын жүзеге
асырады. Осыны негізге ала отырып және музыка пәнінің болашақ
мұғалімдерінің кәсіби қызметінің бағытын ескеріп, тақырыптағы жобалық-
шығармашылық және тәжірибелік-бағыттылық тапсырмаларды ұсындық.
Мысалы, болашақ музыка пәнінің мұғалімдері көркем-білім беру мен оқу-
тәрбиелік іс-әрекеттердің бағытындағы халықтың музыкалық шығармашылық
негізінде мынадайі тапсырмалар ұсынылды:
1 Наурыз мейрамына арналған бастауыш мектеп жасындағы балалардың
ертеңгілік сценарийін дайындау;
2 Дамытушылық бағыттағы (танымдық, адамгершілік, эстетикалық және
т.б.) және белгілі бір жас шамасындағы балалардың педагогикалық
мүмкіндігіне сәйкес халық әндері мен күйлері бойынша үлестірмелі
қағаздарды құрастыру;
3 «Туған өлкенің музыкасы» атты фольклорлық саяхат материалының
негізінде бастауыш сынып оқушыларына арналған әңгіме әзірлеу;
4 Аса көрнекті халық музыканттарының мерейтойларына арналған
материалдар таңдау (суреттер, журналдар мен газеттердің қиындылары, ән мен
күйдің ноталар және т.б.) және қабырға газеттері, ауызша журналдарға
арналған алмалы-салмалы парақтар түрінде әзірлеу.
Сондай-ақ, студенттерге музыкалық-ағартушылық бағытта келесі жобалық
тапсырмалар ұсынылды:
1 Халық аспаптары мұражайынаа саяхат ұйымдастыру;
2 Студенттік топтармен бірлесе отырып тақырыптық дәріс-концерт
даярлау және өткізу, музыкалық және әдебиеттік материалдар таңдау, жоспарға
сәйкес ұйымдастыру мен орындау;
3 Студенттік топта халық музыкасының орындаушысымен кездесу
ұйымдастыру, қонақтар үшін сұрақтар мен кездесу жоспарын құрастыру.
Студенттерге ғылыми-зерттеушілік бағытта музыка пәнінің мұғалімінің
іс-әрекетіне сәйкес мындай жобалық тапсырмалар ұсынылды:
1 Аймақтық орындаушылық дәстүрді ескере отырып фольклорлық
саяхаттағы халық әншілері мен күйшілерінің әңгімесіне арналған сұрақтар
тізімін құрастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |