«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет101/146
Дата23.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16728
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   146

 
 
207 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Орта  ғасырдағы  Қазақстан  тарих  пәнінен 
«Қазақстан территориясындағы ерте орта ғасырлық  
мемлекеттер» тарауына тоқталсам. 
Сабақтарымды 
оқушыларымен 
ынтымақтастық  атмосферасын  қалыптастырудан    
бастадым.    Әр  сабаққа  бағдарламаның  жеті 
модулін  ықпалдастырып,      түрлі  әдіс-тәсілдерді 
енгіздім.    «Сын  тұрғысынан  ойлау»  модулі  «Миға  шабуыл»,  «Конверттегі  сұрақ», 
«Лақтырылған ойыншық» әдістері арқылы ықпалдасты. Бірнеше ашық сұрақтар қойып, жаңа 
тақырыпты  ашу  барысында  тірек  сөздерді  қолдану  негізінде  оқушылардың  сыни  тұрғыдан 
ойлануына  мүмкіндік  жасадым.  «Оқыту  мен  оқудағы  жаңа  тәсілдер»  модулінің    «диалог 
негізінде  оқыту  мен  оқу»  тәсілі    сабақ  үрдісінде  топтық  жұмыста  ЖИГСО  әдістерімен,   
жұптық  жұмыстарда    «Телефон»  әдісімен  көрініс  тапты.  Тізбектелген  төрт  сабақта  да 
сыныптағы үлгерімі төмен оқушыға тест, жабық сұрақтар беру түрінде «Оқушылардың жас 
ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу» модулі жүзеге асты. Бұл оқушылар топтық жұмыста да  
белсенді араласып отырды. Дарынды оқушыны шыңдау құзырлы мұғалімнің қолында екені 
белгілі.   
Оқушылардың 
шығармашылықпен 
жұмыс 
жасауына 
мүмкіндік 
жасауда 
«Топтастыру», «Бес жол өлең», «Ортадағы қаламсап» әдістерін  қолдандым. Рөлдік ойындар 
барысында  талантты,  дарынды  балалардың  өнерін  көрсету  арқылы  сыныптағы  талантты, 
дарынды  баланың  қабілеті  шыңдалды. 
Сабақ  үрдісінде  «Оқу  үшін  бағалау  және 
оқуды  бағалау»  модулі    жұптық  жұмыста 
оқушылардың    бірін-бірі  өзара  бағалауы 
түрінде,  топтық жұмыстарда топ басшысы 
табыс  критерийі  арқылы    топ  мүшелерін 
бағалау түрінде ықпалдасты.  Тізбектелген 
сабақтар 
топтамасында 
суммативті 
бағалаумен  қатар  формативті  бағалау 
түрлерін  қолдануды  жоспарлаған,  ол  бас 
бармақпен, 
күлегештермен, 
тәттілер 
арқылы бағалау түрінде  жүзеге асты. Бұл 
сабақтарды  өткізуде    бейнефильмдер  мен 
слайдтар  көрсету  барысында  ақпараттық-
коммуникациялық 
технологияларды 
пайдалану»  модулі  ықпалдасып  отырды. 
Әрине әр сабақтың соңында «Бағдаршам», 
«Екі  жұлдыз,  бір  тілек»  арқылы  кері 


 
 
208 
 
байланыс  алынып,  оқушылардың  сол  сабақ  туралы  пікірлерін  біліп,    келесі  сабақтың 
жоспарын жасау барысында айтылған  ұсыныстарын ескеріп отырдым.  
Осыған  орай,  әр  сабақта  оқушыларға  оқу  үрдісініңбарлық  аспектілеріне  белсенді 
қатысу  керек:  олар  өзінің  болжамдары  мен  сұрақтарын  тұжырымдайды,  бір-біріне  кеңес 
береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент 
жасайды  және  қателер  –  оқудың  ажырамас  бөлігі  екенін  түсіне  отырып,  тәуекелге  барады. 
[М.А.Н.30-бет] 
Оқыту  тәжірибемде  жетістіктерге  жету  жолдарын  қарастырдым.  Оқушылар  өз 
пікірлерін,  көзқарастарын  еркін  түрде  білдіруіне  жағдай  туғызуға  тырыстым.Оқушы  өз 
пікірін дәлелдей алатын және оны іс жүзінде де асыра алатын тұлға болып қалыптаса алса, 
онда мұғалімнің биік шыңға қол жеткізгені болмақ. 
Жаңа  технологияны  оқушы  бойына  сіңіру  –  теориялық  білім  мен  практикалық 
дағдыны шебер үйлестіруді талап етеді. 
Қазіргі ұстаз  қандай болуы керек? 
Қазіргі заман мұғалімі
-          оқыту мен тәрбиелеу  технологияларының қыр- сырын меңгерген 
        шығармашыл 
-          мақсат қойып, оны шеше білетін 
-          балаларды және өз  мамандығын сүйетін 
-          Өз ісіне берілген 
        Біліктілігін көтеріп, оқып- үйренуден талмайтын 
-          Шыншыл, адамгершілігі мол, тәртіпті 
-          Салауатты өмір салтын ұстанатын 
Қорыта  келегенде  мұғалім  ретінде  алға  қойған  мақсатым  –  оқушыларға  ұлттық 
педагогикалық  тәрбие  және  білім  берумен  қатар  олардың  шығармашылық  қабілеттерін 
арттыру. Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп , алға қадам бастап 
келеді.  Сол  себепті  сабақты  идеялық  жағынан  ғылыми  негізде,  өмірмен  байланысты 
ұйымдастыру, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға өздігінен ізденіс 
жасауға  баулып,  ойын  ауызша,  жазбаша   жинақтап  баяндай  білуге,  мәдениетті  сөйлеуге 
үйрету  арқылы  ұлттық  әдет-ғұрыпты  бойына  сіңіруге  дағдыландыру-әрбір  ұстаздың 
абыройлы борышы деп ойлаймын. Роддоктың зерттеуінше  «оқушы үні» анық,  айқын, Карл 
Роджерстің  өзіндік  «мені»  қалыптасқан,  Абрам  Маслоудың  иерархиясының  ең  жоғарғы 
сатысына  көтерілген,  өзін-өзі  таныта  білетін  шәкірттеріңіз  көп  болсын  демекпін.  «Мектеп 
жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім» деп Стронг айтқандай, 
өз мамандығын сүйетін, балаға білім беру құнды қызмет екенін түсінетін ұстаз болайық. 
 
Пайдаланылған әдебиет: 
1.  Мұғалімге арналған нұсқаулық. М.: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 
2016 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мектепке дейінгі ұйымдағы озық тәжірибе 


 
 
209 
 
 
Елешова А.И. 
БҚО Орал қаласы, №34 «Балбұлақ» бөбекжайы 
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, 
І санатты әдіскер; 
Каженова Н. Г. 
БҚО Орал қаласы, №34 «Балбұлақ» бөбекжайы  
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
жоғары санатты орыс тілі мұғалімі
Елешова М.И. 
БҚО Орал қаласы, №34 «Балбұлақ» бөбекжайы 
 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны,  
ІІ санатты ағылшын тілі мұғалімі. 
 
Білім берудің алғашқы деңгейлері  мектепке дейінгі  ұйымдардан басталады. Кішкене 
бүлдіршіндердің  жеке  басының  қалыптасуы  мен  дамуында  педагогтардың  шығармашыл  да 
сауатты  болуы  өте  маңызды.  Педагог  жүргізген  тәрбие  жұмыстары  әр  баланы  қайталанбас 
тұлға ретінде қарап, оның өзгеше қасиеттерін дамытуы қажет. Әрбір бала – тұлға, өзінше бір 
әлем, ал әр педагогтың міндеті - әр тұлғаны көре білу, жүректеріне жол табу. Бүгінгі күнде 
барлық  ұстаздардың  алдындағы  мақсат  –  өмірдің  барлық  саласында  белсенді, 
шығармашылық  іс-әрекетке  қабілетті,  еркін  тұлға  тәрбиелеу  болып  табылады.  Халықтың 
болашағы  –  ұрпағы,  ұрпақтың  тәрбиесі  –  ұстазда.  Елімізде  отаншыл,  патриотты  жаңа  жас 
ұрпақ өсіп келеді. Бұлар – тәуелсіздіктің балалары. Міне, Елбасы осы ұрпаққа айрықша үміт 
артады.  Елдің  ертеңі  осылар  деп  қарайды.  Тәуелсіз  Қазақстанның  гүлденуін  осы  ұрпақпен 
тікелей  байланыстырып,  бәсекеге  қабілетті  ұрпақ  тәрбиелеуде  сапалы  білім  мен  саналы 
тәрбие жүргізуге жағдай жасауда. 
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы №34  «Балбұлақ» бөбекжайы 2008жылы 
Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  қатысуымен  ашылып,  тәрбиелеу  мен  оқыту 
жұмысын  үш  тілде  жүргізіп  келе  жатырған  ұйым.  Бөбекжайда  барлығы  35  педагог  маман 
қызмет атқарады. Олардың жоғары санаттысы – 8 (23%), І санатты- 13 (37%), ІІ санаттысы- 
12(34%),  санатсызы-2  (6%).  Педагогтардың  барлығының  мектепке  дейінгі  білімі  бар,  түрлі 
деңгейдегі байқаулардың жеңімпаздары.  
Жүйелі  жүргізілген  жұмыс  нәтижесінде,  бөбекжайдың  іс-тәжірибесі  қала,  облыс 
көлемінде  ғана  емес,  республика  көлеміндегі  байқауларға  қатыстырылып,  жүлделі 
орындардан көрінуде.  
Бөбекжай  2014  жылдың  1-қыркүйегінен  Орал  қалалық  білім  беру  бөлімінің  №604-Ө 
бұйрығына  сәйкес,  «Балалардың  логикалық  ойлау  қабілеттерін  интеллектуалды  ойындар 
арқылы  үш  тілде  дамыту»  тақырыбындағы  тәжірибе  алаңында  және  2015  жылдың  20 
қаңтарынан    ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  №408  бұйрығы  негізінде  «Жаңа 
технологиялар  мен  білім  беретін  оқу  бағдарламаларын    мектепке  дейінгі  ұйымда 
апробациядан  өткізу»  тақырыбындағы  республикалық  тәжірибе  алаңында  жұмыстанады. 
Жаңа  заман  баласын  қалыптастыру  барысында,  тұлғаның  дүниесі  мен  оның  қыр-сырын 
анықтап,  мүмкіндіктері  мен  қабілеттерінің  дамуы  үшін  бөбекжайымызда  бар  жағдай 
туғызылған.  Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  білім  алуына  бірдей  бастапқы 
мүмкіндіктерді  қамтамасыз  ету  мақсатында  оқу-тәрбие  үрдісінде  түрлі  инновациялық 
технологиялар  (АКТ,  дамыту  оқыту,  ойын  технологиясы,  т.б.)  және  интерактивті  құралдар 
(«Ақылды  балапан»  интерактивті  оқу-танымдық  кешені,  Фантазёры  МУЛЬТИтворчество  
бағдарламалы-әдістемелік кешені,  Крошка кролик танымдық кешені, электронды қазақ үйі, 
Smartboard интерактивті тақтасы, т.б.) тиімді пайланылуда. 
Жүргізілген  ғылыми-зерттеу  жұмысының  тиімділігі  әдістемелік  нұсқаулар,  оқу 
үрдісіне  енгізілетін  әдістемелік  сипаттағы  мақалалардан  көрінуде.  Бөбекжайпедагогтары 
үздіксіз  ізденіспен,  жоба  жұмыстарын,  әдістемелік  құралдар,  нұсқаулықтар,  бағдарламалар 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау