Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет57/68
Дата23.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16648
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68

 
166 
Telnet.  Бұл  қызмет  пайдаланушыға  компьютерде  алыстатылған 
терминал  режімінде  жұмыс  жасауға  мүмкіндік  береді;  яғни 
терминалда  қойылған  бағдарламаларды  өз  компьютеріңде  тұрған 
бағдарлама сияқты қолдануға болады. 
FTP  (File  Transfer  Protocol)  –  файлдарды  тасымалдау 
протоколы,  яғни  кез  келген  пішімді  және  көлемді  файлдарды 
қабылдау  және  жіберу  үшін  желі  бойымен  ақпаратты  беру 
технологиясыFTP – протоколы клиентке басқа серверлерде сақтаулы 
тұрған, көлемі үлкен ақпаратқа тез қатынасу (сервердің каталогтарын 
қарап шығу, файлдарды көшіру)  мүмкіндігін береді.  
Archie.  FTP-серверлер  жүйесінде  іздеуші  бағдарлама  рөлін 
атқаратын  –  арнайы  серверлер.  Олар  бізге  керек  файлдарды  тез 
табуға көмектеседі.  
Gopher. Дамыған, яғни көп деңгейлі мәзір құралдары, анықтама 
кітаптары,  индекстік  сілтемелері  бар  желіден  –  ақпаратты  іздеу 
және шығару  жүйесі.  
WAIS. 
Кітапханалар  мен  бөлісілген  деректер  қорында 
негізделген, желілік ақпаратты-іздеу жүйесі. 
Usenet. Телеконференциялар жүйесі. Басқаша аты – жаңалықтар 
тобы.  Белгіленген  тақырыптық  телеконференцияларға  жазылғандарға  
қызмет  көрсетеді,  яғни  электрондық  почта  арқылы  оларға 
материалдарды жіберіп отырады. 
World Wide Web. Осы ағылшын сөз тіркесінің еркін аудармасы – 
Дүниежүзілік  тор,  WWW  немесе  Web  деп  жиі  белгіленеді.  Бұл- 
Интернеттің 
гипермәтіндік 
ақпараттық 
жүйесі
Интернет 
желілерінің  қарқындап  дамуына,  90-жылдар  бойы  жаңа  WWW 
технологиясының пайда болуына байланысты.  
WWW  технологиясы  –  сілтемелерді  жасауға  мүмкіндік  береді, 
оны гиперсілтеме деп атайды. Бұл технология, құжаттың ішінде басқа 
жерге  ауысуға,  осы  компьютердегі  басқа  құжатқа  өтуге,  басқа 
компьютердегі кез келген құжатқа өтуге мүмкіндік береді.  
Қазір  WWW  және  оның  бағдарламалық  жабдықтамасы 
Интернетте  қызмет  көрсететін  әмбебап  құрал  болып  табылады, 
өйткені ол пайдаланушыға жоғарыда аталған ресурстарға (FTP, e-mail, 
WAIS, Gopher және б.) іс жүзінде кіруге мүмкіндік береді. 
Гиперсілтеме  –  бір-бірімен  байланысқан  сөздер,  яғни  бір 
құжаттың  ішінен  басқа  құжатқа  сілтеме.  Құжаттың  мәтінінде  асты 
сызылған  түйінді  сөз,  фраза,  белгі,  сурет  кезіксе,  оны  «саусақпен» 
шертіп  екінші  құжатқа,  одан  үшінші  құжатқа  кіріп,  қайта  қайтуға 
болады.  Өз  кезегінде  екінші  құжаттан  үшіншіге,  т.с.с.  ауысып,  одан 
қайта қайтуға болады.  


 
167 
WWW байланысты негізгі ұғымдар: 
Веб-бет – (ағылш. – Web page) – өзінің адресі бар, WWW негізгі 
ақпараттық бірлігі. 
Web-сервер    Веб-беттер  және  олармен  жұмыс  жасау  үшін 
сәйкес бағдарламалық  жасақтама сақталған компьютер. 
Webброузер  (ағылш.  –  Web  browser)  –  Веб-беттерді  қарауға 
және оны шығарып алуға мүмкіндік жасайтын клиент-бағдарлама. 
Web-сайт  –  қандайда  бір  мекеменің  немесе  тұлғаның 
меншігіндегі Web-серверде тұрған деректер бөлімі. Бұл бөлімде, оның 
иесі, өзінің ақпаратын көптеген өзара байланысқан Веб-беттер түрінде 
орналастырады. Әдетте, сайттың өзінің титулы – басты беті болады, 
онда  гиперсілтемелер  арқылы  немесе  «алға-кері»  белгілерімен  
сайттың беттерінде жылжуға болады.  
Танымал  браузерлердің  қатарына  Internet  Explorer,  Mozilla 
Firefox,  Opera,  Safari,  Google  Chrome  жатады.  Браузердің  негізгі 
міндеті  –  ізделіп  отырған  бетті  алу  үшін  Web-сервермен  қатынасып 
бетті экранға шығару.   
Ресурстарға  әмбебап  сілтегіш.  Интернетте  ақпаратты  сақтау 
және  іздеу  үшін  –  URL  –  Uniform  Resource  Locator  –  (ресурстарға 
әмбебап сілтегіш) – деп аталатын әмбебап адрестеу  қолданылады.  
URL-адресіне  –  құжатқа  қол  жеткізу  протоколы,  құжат 
тұрған  сервердің  домендік  аты  немесе  IP-адресі,  файлға  баратын 
жол және файлдың өз аты кіреді: 
protocol://domain_name/path/file_name 
Құжатқа  қол  жеткізу  протоколы  ақпаратты  беру  әдісін 
анықтайды. Веб-беттерге қол жеткізу үшін: HTTP (Hyper Text Transfer 
Protocol)  –  гипермәтінді  беру  протоколы    қолданылады.  Протоколды 
жазғанда  оның  атынан  соң  қос  нүкте  және  тура  слэш  жазу  керек: 
http://.  FTP-серверлеріне  тілдесу  үшін  ftp://  –  файлдарды  тасымалдау 
протоколы жазылады. 
1-мысал.  «Ақпарат  және  ақпараттық  технологиялар»  Web-
сайтының 
титулды 
бетінің 
URL-адресін 
жазайық. 
Бет 
schools.keldysh.ru  серверінде,  info2000  каталогында,  index.htm 
файлында  орналасқан.  Демек,  ресурстарға  әмбебап  сілтегіш  мына 
түрді қабылдайды: 
http://schools.keldysh.ru/info2000/index.htm

Ол үш бөліктен тұрады: 
http://  ––  гипермәтінмен  жұмыс  жасау  протоколы.  Бұл 
протоколды  кез  келген  WWW  -  серверімен  тілдескенде  пайдануға 
болады. 
schools.keldysh.ru – сервердің домендік аты;  


 
168 
/info2000/index.htm  –  Web-бетте  файлға  баратын  жол  және 
файлдың аты. 
2-мысал.  Қашықтықтан  неміс  тілін  оқу  кусын  файлының  адресі 
мынадай: 
http://www.scholar.urc.ac.ru/Teaher/German/main.html

Адрестің құрамын сипаттайық: 
http:// 
– 
қол 
жеткізу 
протоколы 
(гипермәтінмендік); 
www.scholar.urc.ac.ru
 –  сервердің домендік аты; 
Teaher/German/main.html – файлдың маршруты және аты. 
Тапсырма:  «Ақпарат  және  ақпараттық  технологиялар»  Web-
сайтының  басты  бетінің  URL-адресін  сервердің  мына:  194.226.57.46 
IP-адресін қолданып жазу керек. Басты default.asp беті iit каталогында 
орналасқан. 
Интернетте  ақпаратты  іздеу.  Интернет  желісі  шапшаң  
өсуде,  сондықтан  жүздеген  миллиард  Веб-беттердің  арасынан    керек 
ақпаратты табу барған сайын қиындап барады.  
Ақпаратты  іздеу  үшін  арнайы  бірқатар  іздеу  бағдарламалары 
жұмыс  жасауда.  Оларды  іздеу  жүйелері,  іздеу  серверлері,  іздеу 
машиналары  деп  те  атайды.  Бұл  іздеу  жүйелері  Web-беттердің  және 
жүздеген  миллион  серверлердегі  файлдардың  тұрған  жері  туралы 
ақпаратты үнемі жаңғыртып отырады.  
Іздеу  жүйелерінде  Дүниежүзілік  тордың  ресурстары  туралы, 
деректер  қорында  тақырыппен  топталған  ақпарат  сақталады. 
Арнайы 
бағдарлама-роботтар 
дамыл-дамыл 
Web-серверлерді 
«аралайды»,  кезіккен  барлық  құжаттарды  оқиды,  олардың  ішінен 
түйінді  сөздерді  ерекшелейді  және  деректер  қорына  құжаттардың  
Интернет-адрестерін енгізеді.  
Осындай  аралаудың  нәтижесінде,  айқындалған  түйінді 
сөздерімен  құжаттары  нұсқалған  индекстік  тізімдер  және 
анықтамалар  ұйымдастылады.  Кейін  бұл  тізімдер  бойынша 
пайдаланушының  ақпарат  іздеу  сұраныстарына  қызмет  көрсетіледі. 
Іздеу  жүйесі  пайдаланушыға  оның  нұсқаған  түйінді  сөздерімен  қоса 
құжаттардың адрестерінің тізімін шығарып береді. 
Қазіргі  уақытта  Интернеттің  орыс  тілді  бөлігінде  мына  іздеу 
серверлері  танымал:  Яндекс  (yandex.ru),  Google  (google.ru)  және  
Rambler (rambler.ru).  
Басқа  да  іздеу  жүйелері  бар.  Мысалы,  тиімді  іздеу  mail.ru 
жүйесі пошталық қызмет серверінде жүзеге асырылған.  
Түйінді  сөздер  бойынша  іздеу.  Ақпаратты  түйінді  сөздер 
бойынша іздеу  пайдаланушыдан белгілі дағдыны талап етеді. Желіде 
іздеу  алгоритмі,  деректер  қорында  ақпаратты  іздеуге  ұқсас,  логикаға 
негізделген.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау