44
Облыстық
Кәсіпкерлік пен Өндіріс жөніндегі Департамент (сол сияқты Алматы мен
Астананың қалалық Департаменттері) өз құзыры аясында
шағын және орташа
кәсіпкерлікті қолдауға уәкілетті.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін Департаментке мемлекеттік саясатты жүргізуге
тиісті мынадай функциялар мен құқықтар берілген:
• кәсіпкерлік саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға
қатысу ;
• жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
• қоғамдық ұйымдармен және басқа да мемлекеттік немесе үкіметтік емес
құрылымдармен өзара іс-әрекет ету;
• белгіленген тәртіп бойынша азаматтардың атынан түскен хаттар, арыз бен өтініштерді
қарастыру.
Кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың соңғы
буыны болып жергілікті атқару органдары – яғни,
облыстық және Алматы мен
Астана қалалары Әкімдерінің аппараттары табылады. Солардың құрамына кіретін
Экономика және бюджеттік жоспарлау немесе
Экономика және қаржы жөніндегі
бөлімдер кәсіпкерліке тиісті мәселелермен шұғылдану керек. Аймақтық атқарушы
органдарға қабылданған мемлекеттiк саясаттың тiкелей iске асырылуы және жергiлiктi
бюджеттер бойынша жоспарлалған және қаржыландырылатын шаралар мен
бағдарламалардың жүзеге асыруға тиісті функциялар тапсырылады. Сонымен,
атқарушы мемлекеттiк органдар мемлекет пен кәсiпкерлiктiң арақатынас идеологиясын
құрудағы негізгі буын болып табылады.
Мемлекет қазіргі кезде шағын және орта бизнес заманның талаптарына сай өзіне тән
икемділігін, ұтқырлығы мен нарықтық объективтілігін инновациялық экономикадағы
өз орнын табуға жұмсауы керектігін түсінеді. Кәсіпкерлердің бастамаларын жүзеге
асыруға қолайлы жағдай жасау және Президент қойған мақсаттарды іске асыру
мақсатында Үкімет жергілікті органдарда әкім аппаратының жанынан
Кәсіпкерлер
істері жөніндегі Комиссия құру арқылы кәсіпкерлермен «кері байланыс»
ұйымдастыру схемасын іске асырды. Комиссия құзырында:
• шағын және орташа кәсіпкерлікті дамытуды тежейтін мәселелерді зерттеу;
• жергілікті және аймақтық атқарушы билік органдарына тиісті ұсыныстарды әзірлеу.
Әрбір кәсіпкер кәсіпкерлік жөніндегі комиссияға хабарласа алады, ол үшін өз
облысында орналасқан кез келген қоғамдық ұйым немесе заңды тұлғалар ұйымына
келсе болғаны. Әдетте комиссияда бірнеше облыстық ассоциация немесе
бірлестіктердің өз орындары болады.
Кәсіпкерлермен осындай «кері байланыс» ұйымдастыру үшін орталық атқарушы
органдар деңгейінде
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер
кеңесі құрылған. Кеңестің негізгі мақсаттары мынадай:
• кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу;
• нарықтық экономиканың дамуын ынталандыруға жағдай туғызу;
• Қазақстан Республикасында әрекет ететін іскерлерді, іскерлік ассоциациялар мен
одақтарды біріктіру;
• кәсіпкерлік саласындағы маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу үшін қажетті
ұсыныстар дайындау.
Президент жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік
саясатты қалыптастырып, оны жүзеге асыру мен қатар мемлекет жағынан кәсіпкерлікті
қаржылай, ақпараттық-талдау және матриалдық-техникалық жағынан қолдау
функциясын атқарады. Мемлекет аталған қолдаудың барлық түрін атқарушы органдар
арқылы, көптеген жергілікті және аймақтық деңгейде қабылданған бағдарламалар
арқылы, және соған лайықтап мемлекеттік капиталы қатысуымен арнайы құрылған
мекемелер арқылы жүзеге асырады. Жоғарыда аталған міндеттерді атқаратын
мекемелер қатарына кіретіндер:
Ф УТ 703–05–14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Үшінші басылым
45
«Инжиниринг және технологиялардың трансферті орталығы» АҚ. Орталықтың
негізгі мақсаты Қазақстан экономикасының нақты сектор салаларының жаңа
технологиялар трансферті және республикадағы инновациялық іс-әрекетті белсендіру
арқылы бәсекеге жарамдылығын арттыру болып табылады ;
"Kaznex" экспортты дамыту және ілгерілеті к орпорациясы» АҚ - үкiметке
мемлекеттiк саясатты, соның iшiнде кәсiпкерлiктi дамытуға қатысты, құру саласында
ақпараттық-талдау жағынан қолдау көрсетеді ,;
«Даму» Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ - қаржылық, консалтингтік
қызметтерді ұсыну интеграторы және операторы рөлінде ШОБ-ң, сонымен бірге
Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының сапалы дамуына жәрдемдеседі;
«Ұлттық инновациялық қоры» АҚ - кәсіпкерлік бастамаларға инвестицияларды тарту
және жобаларды қаржылау арқылы қаржылай қолдау көрсетеді ;
«Қазақстанның инвестициялық қоры» - жаңа және алдыңғы қатарлы
технологияларды қолданып, шикізат пен материалдарды тереңдетіп қайта өңдейтін
кәсіпорындардың жарғылық капиталына инвестиция құю арқылы қаржылай қолдау
көрсету;
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ - қаржылық қолдау көрсетеді;
Технопарктер, бизнес-инкубаторлар, өндірістік аймақтар – қалыптасу және даму
кезеңіндегі кәсіпкерлікті материалды-техникалық жағынан қолдау;
Тақырып № 10 Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі
Қазқстан Республикасының азаматтық заңдылықтарына сәйкес жұмысқа
жарамды жеке
тұлғалар,
заңды тұлғалар, коммерциялық ұйымдар, шетел азаматтары,
азаматтық алмаған тұлғалар, шетелдік ұйымдар кәсіпкерлікпен айналысуға хұқылы. Өз
уставының ережелерін орындай отырып, коммерциялық емес ұйымдар да
кәсіпкерлікпен шұғылданады. ҚР Конституциясына сәйкес әрбір кәсіпкер өз қабілеті
мен білімін заңмен тыйым салынбаған мүмкін кәсіпкерлік іс-әрекеттерде толық
пайдалануына құқықтары бар. Бұл конституциялық қағида алғашқы рет еліміздің
негізгі заңында бекітіліп, экономикалық еркіндіктің және азаматтардың заңды
кәсіпкерлікпен шұғылдануының кепілдігі бола алады. Сонымен, жасы он сегізге толған
жеке тұлға бекітілген заңға байланысты жеке өзі немесе заңды тұлға арқылы
кәсіпкерлік қызметпен айналысуға хұқылы. Азаматтық заңдылыққа сәйкес кейбір
азаматтарға кәсіпкерлікпен шұғылдануға рұқсат берілмеуі мүмкін. Заңды тұлға
ұйымдастырылмаған жағдайда тәртіп бойынша жеке азамат кәсіпкерлік іспен
шұғылдану үшін жеке кәсіпкердің куәлігін алуға міндетті. ҚР МК сәйкес заңды тұлға
дегеніміз - өз жеке меншігінде мүлкі бар, өз атынан мүлік басқа да, міндеттері мен
хұқы бар сот алдында, жауапты ұйымдар. Заңды тұлғалар белгіленген тәртіпке сай
мемлекеттік реестрде тіркелгеннен бастап, өзінің статусына (атағына) ие.
Кәсіпкерлердің хұқына байланысты жеке және ұжымдық кәсіпкерлер (кәсіпкерлік
ұйымдар)болады. Заңдық шарттарға байланысты кәсіпкерлердің мынадай құқықтары
бар: заң бойынша рұқсат етілген кез келген кәсіпкерлік түрімен айналысуға болады; кез
келген ұйымдық – құқықтық формалары бойынша кәсіпкерлік ісін құруға болады;
кәсіпкерлікті жүзеге асыруға қажет кез келген мүлікке иелік жасауына болады; мүлік
саны мен көлемі шектелмеген. Мүліктік жауапкершілік меншік иесінің өзіне жүктеледі,
сонымен бірге өз ісін жоспарлап, бизнес – жоспар дайындауға да құқылы; өз бетімен
тұтынушыларды таңдауға, өндіріс факторларын, жеткізушілерді таңдауға,
заңдылықтарға байланысты кәсіпкерлік келесем шарт жасауға; өз бетімен
жұмысшылардың еңбекақысын белгілеуге, еңбек заңына қайшы келмейтін әртүрлі
Ф УТ 703–05–14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Үшінші басылым