77
Әрқилы этика жүйелері (православие, ислам, атейзм) қалыптасқан Ресейде
қазіргі этика ережесі айрықша өзекті болып отыр. Бизнес этикасын ғылым және
оқу пәні ретінде дамыту біздің елімізде экономикалық ситуацияны жақсартуға
үлес қосады, деп ойлаймыз.
Кәсіпкерліктің этикасы баяғы заманнан келе жатқан оқып үйреніп біліп
алу объектісі болып саналады. Оны ертеде Аристотель өсімқорлықтан кіріс
алуға теңестірген. Ерте заманнан бері бизнес адам қызметінің кажетті бір
жүйесі ретінде баян етілген. Бизнес этикасын зерттеушілер барлық уақытта
кәсіпкерліктің өзекті элементтеріне, оның ішінде ерекше бизнесменнің, өзінің
жеке ісінің этикалық тұрақтану негізіне аса көңіл аударған.
Бизнес – ол өзінің есебінен және өзінің тәуекелділігі мен жауапкершілігіне
қарызға алған қаражаттың немесе өзінің қаражат есебінен іске асырылатын,
мақсаты болып тұрақтандыру мен кіріс алу үшін жеке ісін дамыту және
кәсіпкерлік болып табылатын еңбек ұжымының жалпы қоғамдық әлеуметтік
проблемаларын шешуге бағытталып, өз еркімен жасалған коммерциялық
қызмет.
Басқа сөзбен айтқанда, бизнес – ол өзінің және қоғамның қажеттілігін
қанағаттандыруға, өзінің ісін, қайта жасап шығаруды кеңейтуге, мекеменін
сапалы өркендеуін пайдалануы мен кіріс алуға, қаражатты көбейтуге
бағытталған және тұрақты инновацияларды пайдалануға арналған, өз еркімен
жұмыс істейтін әрекетті экономикалық қызмет.
Бүгінгі Қазақстандағы бизнестің мақсаты – шаруашылық айналымды өсіру
және кіріс алу емес, сонымен қатар үздіксіз дағдарыс жағдайында өмір сүру
қабілеттілігі.
Бизнес этикасы – ол адалдық, ашықтық, айтқан сөзінде тұратын, нарықта
тұрақталған ережелер мен дәстүрлерді, әрекеттерді заңдарға сәйкес тиімді
пайдаланып жұмыс істеу мүмкіндігіне негізделген іскерлік этика. Нарықтық
жағдайда кәсіпкерлік қызмет қорытындысы ең алдымен, бизнесменнің
құзырында болады, материалдар мен қызметкерлер, ондағы адамдардың
жұмысының
сапасы
және
олардың
психологиялық
факторларының
ерекшелігінің маңызы алдын ала анықталады. Бизнес психологиясы, ондағы
күндегі орнықтырылып жатқан табысқа жету іскерлік бағыты сияқтанады.
Адам «симптомдардың» білінуін қарастырып көрейік. Әкімшілік
тәртіптерде мыналардан бөлінеді: Жеке адам әділдігінен, оның басымдыққа
бейімділігінен, атақ кұмарлығынан, кызбалығынан және әлеуметтік тегінен.
Жеке адамның өзін көрсетпек болған тілегімен емес, нақтылы ситуация
талаптарымен басқарылатын тәртіп келтірілген деңгейі объективтілік деп
түсініледі. Бастық өзінің сезімін қызметшіге «айқайымен» білдірсе,
қызметшінің жұмыс нәтижесін жақсартудын ақылды әдісі деп емес, осы
бастықтың мұндай тәртіпті психологиялық қажеттілігі тұрғысынан көрсетуі деп
түсінген дұрыс. «Объективті» адам – бұл ситуацияларға тиімділік тұрғысынан
келуге кабілетті адам, себебі, салыстырмалы тұрде айтсақ, оның невротикалық
және психопатикалық түрткілері жоқ. Бейімделмеген немесе объектілікке
жатпайтын тәртіп фрустрацияның нәтижесі болып табылады. Кедергілер
78
немесе екіұдайлық салдарынан фрустрация жағдайында калған адамдар
бірнеше иррационалдық тәсілдердің кез келгенін сезіне алады. Олар күш
көрсетуге дейін баратын ызалы келеді. Олар инфантильдік реакцияға дейін
кулдьфауы мүмкін (осы реакциялар ұйым жұмысына белсене қатысуға
жетелемейді). Олар үйреншікті іс қимылдарға қатты жармасады, ұсынылған
өзгерістерге, тіпті нағыз керектісін қабылдаудан бас тартады. Ақырында
«үнжұрғасы түсіп», ынтагерлігін, өз рухының белгілерін жоғалтады.
Басымдылыққа беттімділік деп адамдар арасындағы қатынастар кезінде
ынтаны өз мойнына алуға немесе олардың үстінен бақылау жасауға ұмтылу
әрекеті түсініледі. Басымдыққа бейімділік адамның қасиеттеріне орай
ситуацияларға байланысты өзгере де алады. Әкімшілік қызметін атқаруын өзіне
бағыныштыларға басымдық көрсетуге бейім, бірақ жоғарыдағы басшылар
алдында құрдай жорғалайды. Басшылықтың ақырғы шегі немесе құлдық, ұру
фрустракцияның немесе қызметтегі басқа да адам патологияларының
көрсеткіштеріне айналады.
Бұл жүйедегі инновация ішінде мынадай сұрақтарды шешу, мысалы
алғашқы ұжымның, жұмыс тобының, бригаданың, команданың құрастыру
санының тиімділігі; олардың функционалдық құрылымы; ұжым мүшелерінің
психологиялық
сыйысушылығы;
енбек
мотивациясы
оның
ішінде
басқарушылық қызметтің т.с.с.
Бизнесте әдетте үш құрастырылған бөлікті бөліп көрсетеді:
- кәсіпкер;
- кәсіпкердің жағдайы;
- кәсіпкерлік этикасы.
Дау жоқ, бүгінгі бизнестің басты фигурасы – ол таусылмас күші бар
табандылықпен, қиындықтардан өте білетін, алға қойылған мақсатқа жету
жолында кездесетін кез келген тосқауылды жеңе білетін, стандартсыз ерекше
ой сезіммен өзінің бостандығының арқасында басқарушылық шешім қабылдап
тұрақты тәуекелдікке баруға дайын адамдар.
Фирманың жақсы да жемісті жұмыс істеуі үшін кәсіпкерлік
мәдениеттілігінің алатын орны зор. Ол тек қана кәсіпорынға жоғары бедел
қамтамасыз етумен қатар, өндіріс тиімділігін арттырып, өнім сапасын
жақсартып, табысты көбейтуге ықпал етеді.
Кәсіпкерлік мәдениеттілігінің мәні туралы әртүрлі көзқарастар бар. Соның
ішінде неғұрлым мәдениеттілікке толық анқтама берген В.Д. Козлов, ол
кәсіпкерлік мәдениеттілігі - бұл формальды және формальды емес тәртәп
жүйесі, қызмет ережесі, әдет-ғұрып және дәстүр, жеке адамның және топтың
мүддесі, нақты ұйым құрылымындағы қызметкерлер мінез-құлқының
ерекшеліктері, ұйымды басқару стилі, қызметкерлердің еңбек жағдайына
қанағаттану көріністері, өзара қарым-қатынас деңгейі [19]. Сонымен
кәсіпкерлік қызметтің мәдениеті - кәсіпорынның бағалылығын, өзара
қатынастар стилін, климатын анықтайды. Кез-келген жаңадан ашылған
ұйымдық құрылым өз мәдениетін, ішкі және сыртқы қатынастарын,
стратегиясын, билік жүргізу, шешім қабылдау тәртібін қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |