83
бағытталған жеке өзінің бағалылығы емес коғамдық приоритеттік шекарасын
күнделікті кеңейте бастауда. Біздің кәсіпкерлердің этикалық бағалауларында
және бабын табуда елеулі өзгерістер болып жатыр, олардың бүгінгі күнгі
нарықтық жағдайға және олардың талаптарының бірге қосылу процестері
тездетіліп бизнестің өте басқаша этикасының қалыптасуы үшін жаңа негіздер
шыға бастауда, ол біздің мемлекетіміздің келешектегі алға өркендеуінің кепілі
болып саналады.
Баршаға белгілі, бизнесмен, ол біріншіден – бастық. Бизнес этикасының
приоритеттік ерекше маңызы, ол басқарушылықта болады. Кәсіпкерліктің
экономикалық мақсаты – жалпы мақсатқа жету үшін, ұжымның интеграциясын
қамтамасыз ететін және өнегелілік менеджмент үшін негіз болып саналатын
мекеменің әрбір қызметкерінің жеке қызығуын орталандыру. Бугінгі күндері
көптеп тиімді басқару, ол адам факторының рөлін жоғарылатуға бағытталған.
Адамға немесе жеке тұлғаға мақсатталынған басқару әрбір қызметкердің
бостандық жағдайда дамуын, оның жеке мүддесін, ойын, арманын қамтамасыз
етеді, ол әрбір ұжым мүшесінің шығармашылық қабілеттілігін және
ынталылығын ашып көрсетеді. Ондай менеджмент өнегелілік деп аталады.
Оның себебі ол өнегеліліктің негізінде, жиынтықты ынталандыруға негізделген
және де ол мәдениет, бостандық және адамның ынтасы негізіндегі адамгершілік
қатынастың дамуына бағытталған. Әрбір компанияның басқарушылық этикасы
және
сәулелендіретін
мәдениетінің
деңгейін
өзінің
баскарушылық
«философиясы» калыптасады. Егерде бүгін менеджменттің орта назарында
адам тұрса, оның жеке артықшылығы, оның сіңірген еңбегін мойындау, ең көп
түрде оның білгірлік тәжірибесін пайдалану, ондай жағдайда басқару – ең
жаңашыл
өнегелілік, этикалық сыпайылылық деген сөз.
Бизнес этикасы саласының Дж.Сидерблом және Ч.Дж.Дохерти сияқты
американдық мамандар атап көрсеткендей, біз әдетімізде, тұрмыс
жағдайларымызда ешқашан істеп көрмеген істерді қызмет үрдісінде істеуге
мәжбүр боламыз. Мәселен, біздің көпшілігіміз біреудің үйінен хат жазатын зат
ұрлау ойымызға келген емес. Ал кейбір адамдар осыған барған әрекетін
білдірмеуге тырысып бағады, қолға түсіп қалса қатты өкінеді. Алайда біз
жұмыс орнымыздан түрлі заттарды үнемі алып шығамыз да жеке шаруа-ызға
пайдаланамыз немесе отбасымыздың мүшелеріне, достарға береміз. Кейбір
адамдар бәскелестік іскерлік ортадағы жұмыста теріс қылықтар жасайды. Көп
ретте ұйымдағы жұмыс, әдеттеті жағдайларда біз лайықсыз санайтын,
қылықтар көрсетуге мәжбүрлейді. Мәселен, бөтен адамның еңбек нәтижесін
сынға алудың аяғы көптеген өкпе-назға душар етеді, әдетте мұндайдан сырт
болғымыз келеді. Ал жұмыс жағдайында сынау, кемшіліктерді талдау – бұлар
қызмет міндетіне жатады. Ұйымдық және бәсекелестік факторларының үйлесуі
көп ретте адамның мінез кұлқының күмәнді деп аталуына әкеліп соғады. Біз
кандайда бір фактыны жасырып қалуға, сытылып кетуге, артықшылық іздеуге,
залал келтіруге немесе біреудің залалын елемеуге, басқа адамдар жөнінде
жасалған әрекеттерді көрсек те тіс жармауға мәжбүр боламыз.