Республикасында



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет34/48
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16243
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48

 
81 
 
орындамаулық  және  ұқыпсыздығымен,  өзінің  сөзінде  тұра  алмауы,  өзі  үшін 
пайда табу үшін қызығуы және де басқа да тәртіпсіздік стильмен ерекшеленеді. 
Сондай 
жағдайлардың 
салдарынан 
біздің 
жаңадан 
пайда 
болған 
бизнесмендеріміз өздерінің тұрақты шетел әріптестерімен жұмыстық қатынаста 
болып,  кейбір  жағадайларда  өздерін  тәртіппен  алып  жүре  алмау  себебінен 
пайда табудың орнына зиянға ұшырап қалып жатады. Дегенмен біздің іскерлік 
адамдар  әдетте  өздерінің  жеке  компаниялары  болғанымен,  әдетте  оларда 
беделділік әлі аз. Шет елдерде уақытпен тексерілген әріптестерді бағалайды, ал 
жаңадан пайда болған әріптестерге өте абайлап қарайды. Сондықтан, жаңадан 
пайда болған кәсіпкерлерге жұмысы алға басады деуі екіталай.  
Барлық  дүниежүзі  елдерінде  іскерлік  этика  және  міндеттілік  деген  нақты 
түсінік  бар.  Мысалы,  АҚШ-та  екі  жақ  қандай  да  бір  болмасын  іс  туралы 
келісетін  болса  «техасстік  қол  алысу»  түсінігі  жүргізіліп  отырады.  Егер  де, 
келісім  шарт  жасаушылардың  біреуі  келісім  шарт  жағдайын  бұзса,  онда  одан 
әрі қарай шартты бұзған адаммен бизнестік қызмет істеу тоқтатылады. 
Ондай  болып  қалған  жағдайда  қайтадан  өзінің  имиджін  қалыптастыра 
білетін,  өзінің  жауапкершілігін  сезе  білетін,  жауапты  мамандықтағы  басқа 
бизнесмендерді  қалыптастыру  керек.  Бизнестік  жұмысты  арақ  ішкіш  және 
уақытын босқа өткізетін саудагер  емес,  өзіне-өзінің сенімділігі  мол,  өзін және 
өзінің  фирмасын  дұрыс  жағынан  көрсете  білетін,  өзінің  жұмысқа  деген 
ынтасын  білдіре  алатын  тартымды,  жақсы  тәрбиеленген  джентельмен  адам 
істей алады, оның себебі оның есебінде бизнесті және этиканы жақсы білетін ой 
сезім  жатыр.  Ондай  бизнесмендерді  бүгінгі  нарық  экономикасы  талап  етіп 
отыр.  XXI  ғасырда  бизнес  саласында  бәсекелестік,  бірін-бірі  аямаушылық 
күрделі  орын  алып  келе  жатыр.  Қазіргі  кездегі  мәдениетті  бизнестің  негізгі 
мақсаты, ол өзіңнің тұрақты клиентгеріне қызмет көрсетуді жақсарту, сөйлесіп 
келіссөз  жүргізуді  жеңілдетіп,  тез  алға  жылжуға  мүмкіндік  беретін  жаңа 
мәдениетті  бизнес  қалыптасуы  керек.  Демек,  келешекте  нарықтың  позициясы 
күшейтіледі деген сөз.  
Бизнес  этикасы  коммерциялық  қызмет  барысында  кірісті  көбейтуге  анау 
айтарлықтай  мүмкіндік  береді.  Атап  айтқанда,  ол  клиенттің  сізге  деген  жан 
киярлық  сенімділігін  сақтауға  көмектеседі.  Білікті  мамандардың  ойлары 
бойынша,  ескі  партнерлерді  ұстап  тұру,  жаңадан  пайда  болған  партнерлердің 
ынтасын  жаулап  алудан  бірнеше  рет  арзан.  Сондықтан  барлық  фирмалар 
тұтынушыға  жол  табуда  болады.  Бұл  мақсат  бойынша  инвестицияға  дейін 
фирма  мәдениетін  және  этикасын  құрастыру  үшін  және  олардың  тиісті 
жұмыскерлерін  дайындауға  негізгі  қаражатқа  көп  ақша,  уақыт  және  күш 
жұмсау  қажет  болады.  Белгілі  жағдай  бойынша,  істік  әлемде  көпшілік  халық 
бір-бірімен  тығыз  байланыста  болып  жатады.  Мысалы,  әр  бизнесменнің 
көптеген  өздерінің  жолдастары  мен  таныстары  болады.  Тиісті  жағдайларда 
бизнесмендер өздерінің достары мен таныстарын да тұрақты клиенттері ретінде 
пайдаланып кетеді. Бұл жерде, барлығы адалдықпен, әдептілікпен, білгірлікпен 
жылдам  жол  сілтеу  жағдайлары  анықталады.  Егер  де,  сіз  дұрыс  жасамасаңыз, 
өзіңіздің  қателігіңізді  біліп  клиенттен  уақтылы  кешірім  сұрасаңыз,  ол  клиент 


 
82 
 
үшін  дұрыс  көрініп,  оның  ойынша  сізбен  одан  әрі  қарай  коммерциялық  іс 
атқаруға болатындығына сенім артады.  
Бизнесте 
тұрақталған 
ереже 
бар: 
өзіңнің 
клиентеріңе 
және 
қызметкерлеріңе  күнделікті  қамқорлық  жасап  отырсаңыз,  нарық  сіз  үшін  де 
камқорлықта  болады.  Бұл  жерде  жасап  шығарушылардың  кәсіби  репутациясы 
өте маңызды. Ондай репутацияға ие болу өте қиын, ол үшін көптеген жылдар 
кетеді,  ал  оны  арзымайтын  нәрсе  үшін  бір  сәтте  жоғалтып  алуға  да  болады: 
мысалы  уақтылы  телефон  сокқан  адамға  немесе  хат  жазған  адамға 
мәденитсіздікті білдіріп уақтылы жауап бермей, факсты күтіп отырған адамға, 
оның  факсіне  уақтылы  жауап  қайтармай  өзінің  беделін  жоғалтып  алуға  да 
болады.  Өзінің  беделі  үшін  сөзінің  мәдениеттілігі  және  өзін  ұстай  білу,  киімі, 
офисінің ішкі көрінісі және басқалары да маңызды. Көп уақыт негізінде жұмыс 
істеуге  ынтасы  бар  біздің  кәсіпкерлер  үшін  ол  екі  есе  маңызды.  Тәжірибеде 
кейбір  жағдайлар  болып  қалады,  мысалы,  шет  ел  кәсіпкерлеріне,  біздің 
кәсіпкерлерден тәртіпсіздік, білмеушілік, пайдақорлық көрініп қалса, олар сол 
сәтте біздің кәсіпкерлермен өз байланыстарын үзуге мәжбүр болады. Қазақстан 
қоғамындағы  терең  тамыры  бар  кәсіпкерлік  этика,  жаңа  жағдайда  қалай  да 
болса қайтадан құрастырылуда. Ол сондай-ақ бизнес мәдениеттілігіне жатады. 
Жаңа орыстардың немесе қазақтардын бейнесі – ол халықты немесе мемлекетті 
алдап  өздерінің  саудагерлік  операцияларымен  өзінің  қаражатын  жинап, 
кәсіпкерлік  мәдениеттіліктің  қалыптасуына  өзінің  таңбасын  қойған  жағдайды 
саудагерлік  деп  атауға  болады.  Оның  ерекшелік  сипаттамасы  –  жоғарғы 
тәуекелділікті,  ашылып  тұрған  мүмкіндіктерді  және  кез  келген  жолдармен 
құралдарды  барынша  пайдалана  отырып,  жылдам  қаражаттық  жетістіктерге 
жету.  Ондай  мәдениеттілікті  негізінде  жас  бизнесмендер  жақсы  көреді, 
олардың ұраны: «жылдам келісім – тез ақша». Ондай іскерлік адамның жылдам 
түрде  жауынгерлік,  агресивтік  сапалылығы  дами  бастайды.  Ондай  жағдайда 
адамның  сезімі  шетте  қалып  кояды.  Оның  ең  бастысы  –  кез  келген  бағамен 
және  кез  келген  тәсілмен  тез  және  көлемді  қаражаттық  корытынды  болуы. 
Ондай  бизнесмендер  әдетте  ырымшылдық  және  әртүрлі  ерекше  белгілерге 
көңіл аударғыш болады. 
Саудагерлік істің мәдениеттілігі жоғарғы сапалы өнімдерді жасап шығару 
және  сату  мақсаты  емес,  бүгінгі  кездегі  тұтынушыларға  кызмет  етуді,  жұмыс 
орындарының  санын  көбейту,  қоғамды  дамытуды  жөнге  келтіру  болып 
саналады. Бұл жерде мүмкіншілігіне қарай жасап шығару еңбексіз ең көп кіріс 
алуға  бағытталған.  Бұл  жерде  бағалы  қағаздар  төлем  қаражаттар,  шикізат 
ресурстарына  және  басқаларымен  келісім  шарт  жасалынады.  Дегенмен, 
Қазақстанның  бүгінгі  күндегі  нақты  эконамикада  болған  жағдайына 
байланысты бизнестің мақсатты жағдайы туралы оның қоғамдық қажеттілігіне 
деген  түсініктің  өзі  тұрақты  өзгеріп  отырады  және  де  қайтадан  жаңа  сапалы 
деңгейде кәсіпкерліктегі бұрынғы Қазақстанның мейрімді дәстүрі, жағдайлары 
кайтадан  пайда  бола  бастайды.  Қазақстанның  бизнесмендері  бүгінгі  күндері 
барлық  акивтік  жаңа  түр  сипат  және  бағалылық  бағыттарды  ала  бастауда. 
Өзінің  жаңартылған  істік  мәдениеттік  нарықтың  талабын  канағаттандыруға 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау