94
мақсатында өңделіп, шағын кәсіпорындардың бәсекеқабіеттіліктерін арттыруға
бағытталады.
Бағдарлама 26-52 апта аралығында толық оқыту барысында жүзеге
асырылады. Қызметкерлерін оқуға жіберетін компания мөлшеріне байланысты
мемлекет оқыту курсының ақысын жартылай төлейді.
АҚШ-ғы шағын кәсіпорындардың әрекеті шағын бизнес Әкімшілігі сияқты
арнайы мемлекеттік ұйым біліктілігіне кіреді, ол 1953 жылы АҚШ конгресімен
құрылған. Оған шағын кәсіпкерлерге қаржылық кеңес беру көмегін көрсету,
үкіметтік тапсырыс алуға жәрдемдесу және ірі кәсіпорындармен келісім-шартқа
отыруға жәрдемдесу міндеті жүктелген.
АҚШ президенті жыл сайын Конгреске шағын бизнес жағдайы туралы
мәлімет беріп отырады. АҚШ конгресі шағын бизнесті дамытуға қатысты түрлі
бағдарламаларды бекітеді. Аталмыш бағдарламалар түрлі үкіметтік
ведомстволарға
ие
(Сауда-саттық
министірлігі,
ауылшаруашылық
министірлігі). Бизнесмендерге ақпаратпен, оқытумен және кеңес берумен
көмектеседі.
Келесі федералды ұйымдар шағын кәсіпорындарды дамыту бойынша
бағдарламаларға
қатысады
және
сауда-саттықты
дамыту
бойынша
Координациялық комитеттің қатысушылары болып табылады: АҚШ-ң сауда
палатасы, ауылшаруашылық департаменті, көлік, байланыс, энергетика, білім
беру, еңбек, қаржы, қауіпсіздік департаменті. АҚШ сауда өкілеттілігі, АҚШ-ң
экспортты-импорттық
банкі,
сауданы
дамыту
Агенттігі.
Шетелдік
инвестициялар бойынша жеке компания. Халықаралық даму Агенттігі.
Қоршаған ортаны қорғау бойынша Агенттік. Ақпараттық агенттік. Бюджетті
құру және басқару бойынша бөлімше. Ұлттық қауіпсіздік кеңесі. Халықраралық
сауда бойынша комиссия. Экономикалық кеңес берушілер кеңесі.
Аймақтық деңгейдегі шағын бизнеске ерекше назар аударылады.
Осылайша, мысалы, 1983 жылы Мичиган штатындағы Уэйнск
университеті шеңберінде шағын бизнесті оқыту, кеңес беру, зерттеу және
құқықтық қорғау бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру үшін шағын бизнесті
дамыту Орталығы құрылған.
Құқықтық негізге ие аталмыш федералды, жергілікті бағдарламаның
мақсаты төмендегідей анықталған:
- 13 аймақтық бөлімшелер арқылы Мичиган штатында шағын фирмаларға
ілеспелі
кеңес беруді қамтамасыз ету;
- шағын бизнес мәселелері бойынша тәжірибелік оқыту бағдарламаларын
өңдеп, жүзеге асыру;
- Мичиган штатында шағын бизнес
мәселелерін талдау;
- өзге қоғамдық және жеке ұйымдармен бірлесе отырып, құқықтық қорғау
мәселелері бойынша шағын бизнес мүдделерін қорғау.
Заңнамаға сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шағын
кәсіпкерлікті қолдау қорының қаражаттары есебінен жүзеге асырылады, олар
жеңілдікті жағдайларда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне толық алынбаған
95
табыстарын компенсациялауға құқылы. Осындай тәртіп шағын кәсіпкерлік
субъектілерін сақтандыру барысында да қарастырылған.
Кейінгі онжылдықтарда экономикасы дамыған Батыс елдерінде бәсекенің
дамуы әсерінен шағын және орта бизнес рөлі арта түсті. Мұның басты себебі -
экономикалық сектордың кәсіпорындарына тән артықшылықтар.
Тұрақты экономикалық жүйеде шағын кәсіпкерлік: динамикалық түрде
дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне тез бейімделе алады,
бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономиканың құрылымдық
қайта құрылуына әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлік
топ пен меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттық
өнімінде үлкен үлеске ие бола алады, мемлекетгік бюджетке үлкен қаржы
сомаларын береді.
Дамыған елдерде шағын кәсіпорындар мынадай салаларда басым рөл
атқарады: сауда, автосервис, құрылыс, қызмет көрсету салалары. Қазір шағын
кәсіпорындар жоғары технологиялық сфераларға: машина құрылысы,
энергетика, электротехника, химиялық өнеркәсіп, транспорттық қызмет,
информатика,
микроэлектроника,
телекоммуникация
салаларына
әртараптандырылып жатыр.
Шағын және орта кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен қатар қызмет етуі
дамыған елдер экономикасына тән белгі.
АҚШ шағын бизнес басқармасының жіктелуі бойынша шағын бизнес
субъектілеріне: жұмыскерлер саны 500-ге дейін болатын өндірістік және сауда
кәсіпорындары, ал басқа салалар үшін - жылдық табысы 2 миллион долларға
дейін болатын кәсіпорындар жатады.
АҚШ-та тіркелген кәсіпорындардың 97%-ына жуығы шағын кәсіпорындар.
Бұл шағын кәсіпорындар жалпы ұлттық өнімнің 53%-ына, көтерме сауданың
64%-ына, бөлшек сауданың 72%-ына, қызмет саласының 57%-ына ие болып
тұр.
Экономикалық өсу және кұлдырау кезінде, жаңа жұмыс орындарын ашу
мен қысқарту кезінде шағын кәсіпкерлік жұмыссыздық проблемасын
бәсеңдетеді. АҚШ-тық шағын бизнес даму мысалы
көрсеткендей, шағын бизнес
сыртқы ортаның өзгеруіне тез бейімделеді. АҚШ Сауда министрлігінің
мәліметтері бойынша шағын кәсіпкерліктің инновациялық сипаты елдің
экономикалық өсуіне 20-25%-ға дейін үлес қосады.
АҚШ-та шағын бизнес тұрақты түрде мемлекеттік дауға ие. Әр түрлі
мемлекеттік реттеулер мен қолдау шаралары құқықтық базаға негізделеді.
Солардың бірі «Шағын бизнес туралы» заң. АҚШ конгрессінде шағын бизнес
проблемаларымен екі комитет айналысады. Федералдық деңгейде шағын
бизнес әкімшілігі қызмет атқарады. Әкімшіліктің басты функциясы - шағын
бизнесті жан-жақты қолдау. Әрбір штатта әкімшіліктің аймақтық бөлімдері
жұмыс істейді. Аймақтық бөлімшелер шағын бизнес субъектілеріне нарық
туралы
ақпарат береді, оның мәселелерін шешуге көмектеседі.
АҚШ-та шағын бизнес қоғамда кәсіпкерлік, бәсекелестік атмосферасын
дамытуға үлкен үлес қосады. Мемлекет тарапынан болатын шектеулер