69
3)
институционалдық тәуекел;
4)
адам факторы тәуекелі;
5)
қаржылық тәуекел;
6) мүліктік тәуекел;
7) келісім-шартты орындамау тәуекелі.
Аталып өткен тәуекел түрлері мен олардың көздерінің ауыл шаруашылығы
кәсіпорындары үшін маңыздылығы олардың өндірістік бағытына байланысты
әртүрлі болғанымен, сүт-ет бағытындағы шаруашылықтар тәуекелдің ең
маңызды көзі ретінде өнім бағасын көрсетеді, себебі мал шаруашылығы
өнімдері нарығында бағаның маусымдық құбылуы айқын байқалады.
Мал шаруашылығы өнімдерінің бағаларының тұрақсыздығы сала
өнімдеріне сұраныс пен ұсыныстың икемсіздігімен, өндіріс көлемі мен бағаның
маусымдық сипатымен байланысты. Сұраныс пен ұсыныстың салыстырмалы
түрдегі елеусіз өзгерісінің өзі бағаның күрт өзгеруіне алып келеді. Мал
шаруашылығы өнімдерін өндірушілер өндіріс циклының ұзақтығына
байланысты сұраныс пен ұсыныстың өзгерісіне, оның нәтижесінде туындайтын
баға құбылуына жылдам икемделе алмайды. Сонымен қатар, елімізде «өндіріс-
сату-өңдеу» үрдістерінің баға тізбегінде тауар өндіруші бағасы мен өңдеуші
кәсіпорындардың сатып алу бағасы, өнімді соңғы тұтынушы сатып алатын баға
арасында үлкен алшақтық байқалады. Мал шаруашылығының негізгі өнім
түрлерінің бөлшек саудадағы бағасы фермерлік бағадан орта есеппен алғанда
60%-ға жоғары болса, осындай алшақтық сүт өндірісінде 2 еседен астам.
Мұндай жағдай ең алдымен тауар қозғалысында сауда-делдалдық
құрылымдардың санының артықшылығымен, өнімді тасымалдау мен сақтауға
кететін шығындардың жоғары болуымен байланысты. Мұның барлығы соңғы
өнім бағасының жоғарылап, пайданың негізгі бөлігінің айналыс аясында қалып
коюына ықпал етеді, демек баға қалыптастыру жүйесі соңғы өнім бағасының
төмендеуіне ықпал етуге бағытталмаған. Сауда саласында бөлшек сауда
бағалары реттелмейді және олар бір сауда орнының өзінде елеулі ерекшеленеді.
Сонымен бірге, мал шаруашылығы өнімдерінің импорттық бағаларының
фермерлік бағадан төмен болуына орай, көтерме құрылымдар үшін импорттық
өніммен сауда жасаған тиімді. Осы жағдай Отандық мал шаруашылығы
өнімдерін өткізуде қиыншылықтар тудырып, нарықта импорттық өнімнің
үлесінің өсуіне өзіндік ықпалын тигізіп отыр.
Қазіргі күні елімізде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің табысын
қолдау мақсатында өсімдіктер мен малдарды қорғау шараларына, элиталы
тұқым шаруашылығы мен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға
мемлекеттік қолдау көрсетіледі, жанар-жағар май, тыңайтқыш алуға кеткен
шығындардың бір бөлігі мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі. Бірақ, қазіргі
уақытта ҚР Үкіметінің аграрлық өндірістің тәуекелділігін ескере отырып ауыл
шаруашылығы өндірісін кең көлемде бағалық қолдау саясаты жоқ.
Осындай жағдайда ауыл шаруашылығы нарығында тәуекелді басқарудың
мемлекеттің қатысуынсыз жүзеге асырылатын, тиімді және ауыл кәсіпкерлеріне
тәуекелді басқару үрдісін адекватты ұғынуға мүмкіндік беретін құралдарын